ОТТЕГІ ЖАСТЫҚШАСЫНАН ЫЛҒАЛДАТЫЛҒАН ОТТЕГІН БЕРУ

Мақсаты: ұлпалардағы оттегін жоғарлату.

Қолдану көрсетілімдері: әр түрлі тыныс алудың бұзылуы, тұншығу, газбен улану, окпе-ісігі, жедел жэне созылмалы тыныс алу жетіспеушілігі.

Дайындаңыз: оттегі жастықшасын, мундштукті, 4 қабаттан жиналған дэке салфеткасын, 70% спирт ерітіндісін, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты, суды, оттегі бар баллонды, қауігісіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

... £

1. Науқасқа емшара барысын түсіндірщіз.

2. Баллоннан оттегі жастықшасын оттегімен толтырыңыз.

Ол үшін:

- оттегі баллонының редукторымен оттегі жастықшасының резеңке түтігін жалғастырыңыз;

- жастықшаның түтігіндегі, сосын баллондағы вентильді ашыңыз;

- оттегі жастықшасын баллондағы оттегімен толтырыңыз. Әуелі баллондағы, сосын жастықшадағы вентильді жабыңыз. Баллонның редукторынан резеңке түтікті бөліңіз.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

4. Оттегі жастықшаның резеңке түтігіне мундштукті жалғастырыңыз.

5. Ылғалды дәке салфеткасымен мундштукті ораңыз.

6. Мундштукті науқастың ауызына жақындатып үстап, жастықшадағы вентильді ашыңыз (ауызға тығыз қоюға болмайды). Оны науқастың ауызынан 1-1,5 см қашықтықта үстаңыз.

7. Дем алу мундштук арқылы ауызбен, ал дем шығару мүрыннан жүргізілетінің науқасқа түсіндіріңіз.

8. Оттегін беру жылдамдылығын реттеңіз (1 минутта 4-5 л).

9. Оттегі азайған сайын жастықшаның қарама-қарсы шетін қайырып, оттегі толығымен бөлінбегенше басыңыз.

10.Науқастан жастықшаны алып, мундштукті бөліңіз.

11.Пайдаланған салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

12.Мундштукті зарарсыздандыру: оны 70% спирт ерітіндісімен немесе 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен екі рет арасына 15 минут салып сүртіңіз.

13.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: оттегі жастықшасын оттегімен толтырғанда қауіпсіздік техникасы сақталу қажет.

 

ДӘРІДӘРІМЕКТЕРДІ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІ

ТАБЛЕТКАНЫ, КАПСУЛАНЫ, ДРАЖЕНІ, ПИЛЮЛАНЫ

АБЫЛДАУ

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімі: дэрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: дәрігер тагайындаған таблеткаларды (түймедақтарды)

капеулаларды, дражені, пилюланы (дәрінің домалақ түрін) қайнатылған суы

бар стаканды немесе мензурканы.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік препаратты таңдап алыңыз.

2. Дэрілік препараттарды қолдану бойынша нүсқаумен таңысыңыз.

3. Дәрілік препараттың жарамдылығын тексеріңіз (дәрінің атын, мөлшерін (дозасын) сақталу мерзімін оқыңыз).

4. Науқасқа дэрі- дәрмектер туралы қажетті мәліметті беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

6. Капсуланы немесе таблетканы ораудан босатып алыңыз немесе оны қабынан (конвалютадан) қайшымен кесіп босатып алыңыз.

7. Науқастан ауызын ашуын сүраңыз.

8. Таблетканы, капсуланы, дражені немесе пилюланы науқастың тілінің түбіріне салыңыз.

9. Науқастан дэрілік препаратты аз мөлшердегі сумен ішуін сүраңыз.

 

Ескерту:

- қабығы бар таблетканы науқастын жүтынуы қиын болса, онда оны сумен ылғалдатуға болады;

- науқас таблетканы жүта алмай қиналса, онда мейірбике оларды үнтак гап беруі қажет;

- дражелер, капсулалар, пилюлалар өзгермеген түрде қолданылады.

 

 

ТҮНДЫРМАНЫ, ҚАЙНАТПАНЫ, МИКСТУРАНЫ (қоспалы сұйық дәріні) ҚОЛДАНУ

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша. Дайындаңыз: дәрі- дәрмектерді, бөлшек белгісін салған мензурканы немесе шайлы, десертті, асханалық касықтарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Емшараның мақсаты мен барысын науқасқа түсіндіріп, дэрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.

2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес дэрілік ертіндінің жарамдылыгын тексеріңіз (ерітіндінің атын, сақталу мерзімін оқыңыз, ерітіндінің сырткы түрін багалаңыз).

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

4. Дәрігердің тагайындаган дозасындагы дәрілік ерітіндіні мензуркага немесе қасыққа қүйыңыз:

- 1 шай қасықта - 5 мл

- 1 десерт қасыгында - 7,5- 10 мл

- 1 ас қасықта - 15 мл

5. Науқастың дэрілік ерітіндіні ішуін сүрап, сумен ішкізіңіз.

6. Қолданылган мензурканы немесе қасықты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.