ТҰРЫНДЫНЫ, ЭКСТРАКТЫ (ШЫРСӨЛ) ҚОЛДАНУ

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

Даярлаңыз: дәрігердің тагайындауы бойынша дэрілерді, тамызгышты, мензурканы, қайнатылган суды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

2. Дәрі-дәрмектерді қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.

3. Дәрігердің тагайындауына сэйкес дэрілік ерітіндінің жарамдылыгын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін, мөлшерін оқыңыз, ерітіндінің сырткы түрін байқаңыз).

4. Гигиеналық деңгейде қолга тазартуды жүргізіңіз.

5. Мензуркага қажет мөлшерде тамшыны дэрілік ерітіндіні алыңыз.

6. Аз гана мөлшерде суды қосыңыз.

7. Даярланган ерітіндіні науқасқа ішкізіңіз.

8. Қолданылган мензурканы зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

 

НАУҚАСҚА ¥НТАҚТЫ ҚОЛДАНУ

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша. Дайындаңыз: дәрігер тағайындаган дэрілік үнтақты, қайнатылган суы бар стаканды немесе мензурканы.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дэрігердің ем тагайындайтын парагына сэйкес ұнтақ дәріні таңдап алыңыз.

2. Дэрілік препаратты қолдану бойынша нүсқау^ен таңысыңыз.

3. Дэрілік ұнтақтың жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын сақталу мерзімін, оқыңыз).

4. Науқасқа дәрілік ұнтақ туралы қажет мәліметті беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазатыңыз.

6. Дэрілік үнтақты ораған қағазды бүктеуінен жазып, оған ойық түр беріңіз.

7. Науқасты басын көтеріуін ауызын ашуын, тілін шығаруын сүраңыз.

8. Науқастан тілінің түбіріне абайлап үнтақты себіңіз.

9. Үнтақты ішуге суы бар стаканды беріңіз.

Ескерту: үнтақты алдын ала суға ерітіп, сосын науқасқа ішкізуге болады.

 

 

МҰРЫНҒА ДӘРІЛІК ТАМШЫ ТАМЫЗУ

Мақсаты: емдік

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тагайындауы бойынша.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокты, көз тамызғышын, мақта шариктерін, мақта турундаларын, дәрі-дәрмектерді (дәрігердің тағайындауы бойынша), қолғапты, вазелин майын, қауіпсіз л<оюға арналган контейнерді. қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес дэрінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлыгын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз, дэрілік ертіндінің сыртқы түрін бағалаңыз). Дэрілік ерітіндіні су моншасында 1-36-37°С дейін жылытыңыз.

3. Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз.

4. Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз, қолғапты киіңіз.

5. Мүрын жолдарын қараңыз, егерде бөлініс немесе қабыршақ болса, онда вазелин майына суландырған мақта турундасымен тазартыңыз.

6. Науқастың сәл басын артқа қарай шалқайтып, қырына қарай бүрып немесе тамшы тамызатын немесе екінші мүрын жолына қарама-қарсы жастықсыз арқасымен жатқызыңыз.

7. Оң қолга мақта шаригін алып. оны V саусақпен алақанға қысыңыз.

8. Пластикалык флакондағы мүрынға арналған залалсыздандырылған тамшыны қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкеріңіз (аударыңыз) жэне тамызғанда оның қабырғасын қысыңыз.

9. Оң қолға тамызғышты алып, мүрынның екі жағына есептей отырып, дэрілік ертіндіні сорып алыңыз.

10.Сол қолдың IV саусақтарын науқастың маңдайына қойып, ал үлкен саусақпен мүрынның үшын жоғары көтеріңіз.

П.Мүрын жолына 1-1,5 см тереңдікке тамызғышты енгізіңіз, оның қабырғасына тигізбеуге тырысыңыз.

12.Мүрынның шырышты қалқасына 4-5 тамшы дэрілік ертіндіні тамызыңыз.

13.Мүрынның қанатын сүйек қалқасына мақта шаригімен қысып, жеңіл қозгалмалы айналысты жасаңыз.

14. Дэрілік ертіндіні енгізген жағына қарай науқастың басын еңкейтіңіз.

15.1-2 минуттан кейін екінші мүрын жолында дэрілік ертіндіні сол реттілікпен тамызыңыз. Науқастан қал жағдайын сұраңыз.

16.Қолыңызды жуып кептіріңіз қолғапты шешіңіз.

17.Тамызгышты қайнатуға арналған ыдысқа, пайдаланған мақта шариктерін, мақта турундаларын, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерғе салыңыз.

Ескерту: майлы ертіндіні мұрынға тамызғанда науқас тамшының дэмін сезуі қажет жэне бірнеше минут жатуы қажет, тамшы жұтқыншақтың артқы қабырғасына түсуі керек (мұрын канатын сүйек қалқанына баспаңыз).

 

 

КӨЗГЕ ТАМШЫ ТАМЫЗУ

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокті, тамызғышты, дәке

тампондарын, дәрілік ерітіндіні (дәрігердің тағайындауы бойынша),

колғапты, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, қауіпсіз жоюға

арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес, дэрінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлық дәрежесін, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз, дәрінің сыртқы түрін бағалаңыз). «Су» моншасында 36-37 С температурасына дейін дәрілік ерітіндіні жылытыңыз.

3. Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз.

4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

5. Науқасты бетін жарыққа қаратып, басын аздап қана артқа қарай шалқайтып отырғызыңыз немесе шалкасынан көпшіксіз жатқызыңыз.

6. Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған көз тамшыларын қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкеріңіз жэне тамызғанда оның қабырғасын басыңыз.

7. Оң қолыңызбен тамызғышты ұстап, дэрілік ерітіндіні сорып алыңыз, екі көзге тамызатын ерітіндінің мөлшері есебінен.

8. Сол қолыңызға дэке тампонын ұстап, көздің төменгі қабағын төменге қарай тартыңыз жэне науқасқа жоғары қарауын сүраңыз.

9. Дәрілік ерітіндінің бір тамшысын көздің астыңғы қабына, кірпікке және қабаққа тамызғышты тигізбей, көздің ішкі бүрышына жақынырақ, тамызғышты көзден 1,5см қашықтықта үстап тамызыңыз.

10.Науқас көзін ақырын ғана жауып, көз алмасын айналдыруын сүраңыз (дэрілік ерітінді ақпауы тиіс) бірнеше секундтан кейін манипуляцияны қайталаңыз, екінші тамшыны осы көзге тамызыңыз.

11.Көздің ішкі бүрышында қалған тамшыны тампонмен сүртіңіз.

12.Екінші көзінде тамшыны сол реттілікпен тамызыңыз.

13.Тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа пайдаланған дәке тампондарын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

14.Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, қүрғатыңыз.

 

Ескерту:

- екі тамшыны бір көзге бір мезгілде тамызғанда әдетте 1 тамшы ағады;

- бір науқасқа тамызғыштың саны дэрілік ерітіндінің санымен байланысты: әрбір дэрі үшін жеке тамызғыштар болуы керек;

- егерде көзде іріңді бөліністер бөлінсе, әуелі козді жуыңыз, сосын дәрілік ерітіндіні тамызыңыз.