ФЛАКОННАН ДӘРІЛІК ЕРІТІНДІНІ СОРЫП АЛУ

Мақсаты: дэрілік ерітіндіні парентеральды жолмен енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприцті,

мақта шариктерін, қолгапты, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті,

флакондагы дәрілік ерітіндіні, еріткішті, 70% спиртті, лотокті, қауіпсіз жоюга

арналган контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, спирттелген мақта шариктерімен қолыңызды өңдеңіз. Қолгапты киіңіз.

2. Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қара).

3. Флакондагы дәрілік затты алып, атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз жэне сыртқы көрінісін анықтаңыз, дәрігердің ем тагайындайтын парагымен салыстырыңыз.

4. Зарасыздандыру ертіндісіндегі пинцетті алып, флакояның алюминий (күміс тэрізді) қақпагының ортангы бөлігін ашыңыз.

5. Спирттелген мақта шаригімен флаконның резеңке тыгынын сүртіңіз. Спиртті кептіріңіз.

6. Шприцті 90° бүрышта үстап отыра, флакон тыгынының ортасын инемен тесіп, флаконга инені 0,5-1,0 мл енгізіңіз.

7. Флаконнын түбін жогары қаратып көтеріңіз. Сол қолдың II жэне III саусақтары арасына флаконды, IV саусақ - канюляда, I және V саусақтары шприцтің цилиндірінде үстаңыз. Дәрілік ертіндіні қажет мөлшерде сорып алыңыз.

8. Шприцті сорып алган дэрі ертіндісімен флакон инесінен алып тастаңыз, инъекцияга арналган инені шприцке кигізіп, оны бекітіңіз.

9. Шприцті тік қалыпта алып, V саусақты - поршенде, II саусақты иненің канюлясында, I, III жэне IV саусақтарды - цилиндрде үстап отыра, иненің откізгіштігін тексеріп, ауаны шыгарып, шприцтің инесінен қорганыш қақпагын алмай 1 -2 тамшы ерітінді ине арқылы болінуі қажет.

Ю.Дайындалган шприцті жэне спирттелген мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз.

11 .Қолгапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріціз.

Ескерту: антибиотиктерді езгенде № 1,2,3,4,5 пунктерді қараңыз.

6. Антибиотикті 1 мл 100.000 ЕД есебінен ерткішті шприцке сорып алыңыз. (антибиотиктерді еріту ережесін қараңыз).

7. Сол қолга қүргақ антибиотикті флаконымен, ал оң қолга шприцгі ерткішпен алыңыз.

(V саусақ - поршенде, II - иненің канюлясында, I, III, IV саусактар - цилиндрде).

15.0ң колдың үлкен саусағымен поршенді басыңыз, II жэне III саусақтармен ңилиндрдің жиегін қамтып ұстаңыз, ауаны және аз дэріні ығыстырып шығарыңыз. Шприңте ауа жоқтығын тексеріп. Қорғаныш қалпағын инеден алмаймыз.

16.Шприцті дэрлік ерітіндісімен ораудың ішкі бетіне салыңыз.

17.Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

АНТИБИОТИКТЕРДІ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ЕРІТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Антибиотиктер кристалды ұнтақ түрінде арнайы флакондарда шығарылды. Оларды қолданар алдында 0,9% залалсыздандырылған изотоникалық натрий хлорид ерітіндісінде, екі рет тазартылған (дистелденген) суда немесе 0,5% және 0,25% новокаин ерітіндісінмен ерітеді.

Залалсыздандырылған шприцке антибиотиктің дозасына байланысты ерітіндіні сорып алады. Ол мыңдық бірлікке мөлшерленеді (ЕД). Пенициллин ерітіндісін жылытуға болмайды. Ерітінділерді даярлап болған соң тез қолданады.

Науқасқа тағайындалған антибиотик дозасын енгізу үшін, мейірбике антибиотигі бар флаконды алуы қажет, оған ерітіндінің қажетті дозасьш енгізіді, сосын ерітілген антибиотиктің тағайындалған дозасын шприцке сорып алып, науқасқа енғізеді. Антибиотикті қолдану нүсқауында осы антибиотикті еріту ережесі эдеттеғідей корсетіледі.

Антибиотиктің классикалық ерітіндісін қолданылады: Імл - 100.000 ЕД және Імл - 200.000 ЕД.

1. Флаконға енгізуге қажетті ерітіндінің мөлшерін анықтау үшін, флакондағы дозаны еріту дозасына бөлу қажет: цг-

- 500.000 ЕД : ЮО.ОООЕД = 5 мл (классикалық еріту кезінде);

- 500.000 ЕД : 200.000ЕД = 2,5 мл (1 мл - 200.000ЕД еріту кезінде).

2. Әрбір науқасқа мейірбике енгізуге қажет, ерітілген антибиотик молшерін анықтау үшін, тағайындалған дозаны ерітуге болуі қажет.

- 1 мл - 100.000 ЕД еріту кезінде

науқасқа 500.000 ЕД антбиотик енгізуге тағайындалған,

ол 500.000 ЕД : 100.000 ЕД = 5 мл сәйкес келеді;

- 1 мл 200.000 ЕД еріту кезінде

науқасқа 500.000 ЕД антбиотик енгізуге тағайындалған,

ол 500.000 ЕД : 200.000 ЕД = 2,5 мл сәйкес келеді.