КӨК ТАМЫРҒА ИНЬЕКЦИЯНЫ ОРЫНДАУ

Мақсаты: емдік-дәрілік ерітіндіні қанға ағым екпінімен енгізу. Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы. Қарсы көрсетілімдері: дэрілік затқа аллергиялық реакцня, болжаған инъекция жаеайтын жердің терісінің және тері шелмайының закымдануы, тесетін көк тамырдың қабынуы (флебит).

Енгізілетін жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік, аяқтың сыртқы беткейлік, бастың (балаларға) беткейлік веналары.

Асқынулар: гематома (қан ісік), некроз (өлі еттену), флебит (көк тамырдың қабынуы), тромбофлебит (кок тамырдың тромбозы жэне қабынуы), дэрлік затты қате енгізу, дэрілік жэне ауалы эмболия (қан тамырдың эмболиямен тығындалуы), сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі), АҚТҚ, гепатит (бауырдың қабынуы), аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын 10-20 мл шприцті (иненің ұзындығы 4 мм), лотокті, салфеткаларды, мақта шариктерін, 70% этил спиртін, ампуладағы дэрілік ерітіндіні, резеңке қолғапты, клеенкалы валикті, резеңке бұрауды, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, шокқа қарсы арналған жиынтықты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Наукасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алып, дэрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті беріңіз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, спирттелген мақта шариктерімен ондеңіз, демперде мен қолғапты киіңіз.

3. Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қара).

4. Ампуланы ашар алдында, ондағы дэрілік ерітіндінің атын, дозасын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, сыртқы түрін караңыз (дәрігердің ем тағайындайтын парағымен тексеріңіз).

5. Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қара).

6. Дәрілік ерітіндіні сорып алуға арналған инені алып, контейнерге салыңыз.

7. Көк тамырға инъекция жасауға арналған инені кигізіп, инеден қалпақты алмай түрып ауасын шығарыңыз.

8. Шприцті бір рет қолданатын шприцтің орауының ішкі бетіне салыңыз.

9. Науқасты отырғызыңыз немесе кушеткаға жатқызыңыз.

Ю.Наукастың шынтақ астына клеенкалы валикті (жастықшаны)

орналастырыңыз (шынтақ буынында қолды максимальды жазу үшін).

П.Резеңке бүрауды иықтың ортаңғы (үштің бір) бөлігіне салфетканың

немесе ішкі киімінің үстінен байлаңыз.

12.Бүрауды былай байлаңыз: оның бос үштары жоғарыға бағытталған болады, ал ілгегі төмен, қаржілік артериясында тамыр соғуы өзгермеуі керек.

13.Науқастың жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын сұрап, сосын оның қысуын (қанды көк тамырға қарай айдау үшін).

14.Науқастың білегін қол ұшынан, шынтақ бүгілісіне қарай багыттап уқалаңыз, колдың үшымен сәл ғана шапалакпен шынтақ шүңқыры аймагын үрыңыз (көк тамырдың толуын күшейту үшін).

15.Көк тамырды зерттеңіз. Қолмен сипалап, ең көп толған кок тамырды табыңыз.

16.Шынтақтың бүгілген жерінің ішкі бетінің терісін спирттелген мақга шаригімен екі рет тазалаңыз (мақта шариктерін контейнерге тастаңыз), үшінші мақта шаригін сол қолдың IV жэне V саусақтар арасына салыңыз.

17.0ң колға шприцті алып: II саусақпен - иненің канюлясынан үстап V саусақ - шприңтің поршенінде, III, IV, I - саусақтармен цилиндрді үстаңыз.

18.Шприцте ауаның жоқтығын тексеріңіз.

19.Сол қолдың үлкен саусағымен шынтақтың бүгілген жері аймағының терісін біраз қозғалтып, шетіне қарай тартыңыз, көк тамырды бекітуге және қолдағы шприцтің қалпын ауыстырмай отыра, иненің қиығын жоғары қаратып, көк тамырға қатарластыра үстап, көк тамырды тесіңіз, сосын абайлап иненің үштен бір үзындығын көк тамырға енгізіңіз, «қуысқа» түскенін сезгенше.

20.Поршенді озіңізге қарай тартқанда шприцте қан көрінуі керек, иненің көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.

21.Сол қолмен бүраудың бір бос шетін тартып шешіңіз, науқастан жүдырықты ашуын сүраңыз.

22.Ине көк тамырда екеніне қайтадан козіңізді жеткізіңіз.

23.Шприцтің қалпын өзгертпей отыра, сол қолдың бірінші саусағымен поршенді басып, жаймен дәрілік ерітіндіні кок тамырға енгізіңіз. Шприцтің поршенін апармай.

24.3алалсыздандырылған, спирттелген мақта шаригін тесілген жерге басыңыз, инені шығарыңыз.

25.Тесілген жерді спирттелген мақта шаригімен 3-5 минуттай басып, науқастың шынтақ бүгілісінен қолын бүгуін сүраңыз.

26.Мақта шаригін контейнерге салыңыз.

27.Шприцті инесімен, қолғапты арнайы контейнерге салыңыз.

28.Қолыңызды жуып, қүрғатыңыз.