ЗӘРДЕГІ ГЛЮКОЗАНЫ ҮЗЫНША-СОПАҚ ТЕСТІМЕН АНЫҚТАУ

Мақсаты: зәрдегі глюкозаны анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: қант диабеті.

Дайындаңыз: зәрді, ұзынша-соиақ тестіні реактивімен.

Іс -әрекег алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

2. Ораудан ұзынша-сопақ тестіні шығарып, тез ораудың қақпағын жабыңьгз.

3. Резеңке қолғапты киіңіз.

4. Жаңа бөлінген зәрді араластырып, оған ұзынша-сопақ тестіні салып, жылдам шығарыңыз.

5. ¥зынша-сопақ тестінің ұшын ыдыстың қырымен жүргізіп, зәрдің артығын кетіріңіз.

6. Тест-зонаның түсін ораудағы түрлі түсті шкаламен салыстырыңыз.

7. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту: иг

- қалыпты нәтижеде - реакңия кері, зэрде глюкоза деңгейі томен, оң болған нәтижеде - зәрде глюкоза анықталады (глюкозурия).

 

РОЗИН БАЙҚАУЫН ЖҮРГІЗУ (зәрдегі билирубинді анықтау - сапалы байқау)

Мақсаты: диагностикалық (зәрдегі өт пигменттерін анықтау).

Дайындаңыз: 1% спирттік йод ерітіндісін (1 г кристалды йодты, сыйымдылыгы 100 мл цилиндрде 20-30 мл 96% спирт ректификатпен немесе Люголь ерітіндісімен ерітіп дайындайды), таза кұрғақ, шыны түтікті, тамызгышты, зэрді жинауга арналган ыдысты, резеңке қолгапты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюга арналган ыдысты.

Іс-әрекег алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

2. Зәрді ыдысқа жинауга науқасты үйретіңіз.

3. Қолыңызды жуып, құргатыңыз. Қолгапты киіңіз.

4. 4-5 мл зерттейтін зэрді шыны түтікке қүйыңыз.

5. Шыны түтіктің қабыргасына абайлап 1% спирттік йод немесе Люголь ертіндісін тамызгышпен тамызыңыз.

6. Қараңыз: шыны түтікте ерітінділердің шек арасында жасыл сақина пайда болады (егерде билирубин болса).

7. Қолгапты шешіп, қолыңызды жуып, қүргатыңыз.

8. Қолданган тамызгышты, шыны түтікті, зәрді жинауга арналган ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісіне, ал қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

 

ЗӘРДІ БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ АЛУ

(әйелдерге)

Мақсаты: диагностикалық: аурудың қоздырғышын айқындау, дэрілік

сезімталдықты анықтау, эйелді өз бетінше зэрді жинауға үйрету.

Қолдану керсетілімдері: бүйрек аурулары.

Дайындаңыз: жылы қайнатылған суды, сабынды, қагаз сүлгіні, қағаз

салфеткаларын, қақпағы бар залалсыздандырылған ыдысты, лабораторияга

жолдаманы, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа алда түрған зерттеу (зэрді жинау) мақсаты мен ережесі туралы мәліметті беріңіз.

2. Қағаз сүлгіні төсеп, оның үстіне қағаз салфеткаларды салып, зэрді жинауға арналған қақпағы бар ыдысты қойыңыз.

3. Науқастан дәрет алу бөлмесіне кіруін, белден томен қарай шешінуін сүраңыз.

Науқастың іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолыңызды жылы сумен сабындап жуып, сүлгімен қүрғатыңыз^

2. Унитаздың арқа сүйемеліне мүмкіндігінше жақын отырып, аяқтарыңызды ажыратыңыз. Жыныс еріндерін емшара аяқталғанша саусақтарынызбен ажыратыңыз.

3. Қайнатылған сумен жәэне сабынмен жыныс мүшелерін мүқият жуып, сонан кейін салфетканы қолдана отырып, үлкен жыныс еріндерін жэне зәр шығаратын түтіктің тесігін қүрғатыңыз.

4. Салфеткаларды кауіпсіз жоюга арналған контейнерге салыңыз.

5. Зэр жинауға арналған ыдысты алыңыз. Ыдыстың жэне қақпақтың ішкі бетіне тигізбей қақпағын ашыңыз, қақпақтың ішкі бетін жоғары қаратып қағаз сүлгіге қойыңыз.

6. Зәрді жинауға арналған ыдысты зэр шығаратын түтіктің тесігінің жанына орналастырыныз.

7. Зэр ағымының «алғашқы бөлігін» унитазға жіберіңіз, сонан соң «1», «2» есебінде зэр шығаруды тоқтатыңыз.

8. Зэр агымының «ортаңғы бөлігінің» 3-5 мл-дей мөлшерін ыдысқа жинаңыз, зэр шығаруды унитазда бітіріңіз.

9. Ыдысты қақпақпен жабыңыз жэне қағаз сүлгісіне қойыңыз.

10. Қолыңызды сабындап жылы сумен жуып, сүлгімен қүргатыңыз.

11. Киініңіз.

12. Зэрі бар ыдысты мейірбикеге беріңіз.

Ескерту:

- бикстегі зэрді жолдамасымен 2 сағаттан кешіктірмей бактериологиялық лабораторияға жеткізіңіз;

- материалды жібергенге дейін тоназытқышта сақталуы қажет.

- зэрді микрофлораға зерттеу антибиотиктер, уросептиктер қабылданғанға дейін жэне жеделдету диурезінде қалыпты жағдайдағы су ішу тэртібінде тағайындалады;

- еғерде зэрді табиғи жолмен жинауға мүмкіндік болмаса, дәрігердің тағайындауы бойынша қуыққа катетерлеу жүргізіледі.