НАУҚАСТЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ҰЛТАБАРҒА СҮНГІЛЕУДІ ЖҮРГІЗУ

Мақсаты: диагностикалық: 12-елі ішектің және өт қалта ішіндегі өтті зертханалық зерттеуге алу, қысқартылатын сипатын зерттеу жэне өт қалтасы кызметінің шогырландырып сақталуын жэне қысқыш (айналшық, сфинктер) жагдайын багалау; емдік - өт қабының моторлы қызметі томендегенде өтті сорып алу (өт қабының қабынуы әлсіздігінде, холестатикалық гепатитінде), дэрі- дәрмектерді енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: от қалтасының, бауыр, өт шыгару жолдарьшың аурулары.

Қарсы көрсетілімдері: ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің күйігі және аурулары, өңеш тамырының кеңеюі, порталды гипертензия қатерлі ісіктің қаңсырауы, асқазан жэне 12-елі ішек ойық жарасы, өкпе - жүрек жетіспеушілігінде, жедел холеңистит жэне панкреатит, бронхиалды астма жэне т.б.

Дайындаңыз: залалсыздандырылган: үлтабар сүңгісін, Жане шприңін, 20 мл шприңті, лотокті, штативті белгіленген пробиркаларымен, қысқышты, сүлгіні, салфеткаларды, қолгаптарды, жылытқышты, жүмсақ көпшікті, аласа орындықты, өт қабыгының қоздыргыштарын - 33% магний сульфат ерітіндісі 30-50 мл немесе 10% натрий хлорид ерітіндісі немесе 40% глюкоза ерітіндісі 40-50 мл немесе өсімдік майы 20-25 мл 40-60°С жылытылған, 8-10 тамшы 0,1% атропин ерітіндісін,, қауіпсіз жоюга арналган контейнерді.

Іс-әрекет алгори гмі:

1. Зерттеу таңертен ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіңіз.

2. Науқасқа емшара тэртібі туралы түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

3. Зерттеу алдында 18 сағаттан кешіктірмей кеште науқасқа жеңіл тамақ беріңіз.

4. Науқасқа үйыктар алдында 2 таблетка спазмолитиктер немесе балы бар шайды беріңіз, оң жак қабырға асты аймағына жылытқышты қойыңыз.

5. Емшара алдында науқастан алмалы-салмалы протезді тістерін шешуін сүраңыз (егерде болса).

6. Науқасты орындыққа дүрыс жэне ынғайлы, яғни арқасы орындыктын аркасына тығыз болуын, науқастын басын сәл алдына қарай енкейтіп отырғызыңыз.

7. Науқастың кеудесіне сүлгіні жабыңыз.

8. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.

9. Залалсыздандырылған үлтабар сүңгісін шамшуырмен (пинңетпен) алып, сүңгі оливасының канюлясына орнықтылау сапасын тексеріңіз (түрақты).

Ю.Науқас жүтатын сүңгінің ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейін - бірінші белгі жэне науқастың ашылған бір алақанындай арақашықтықты қосыңыз - екінші белгі). П.Оң қолға сүңгіні олива жағынан 10-15 см қашықтықта қалам үштай алып үстаңыз, ал сол қолмен оның бос шетін үстаңыз.

12.Науқастан аузын ашуын сүрап, ылғалдатылган оливаны тілдің түбіріне салып, науқасты мүрынмен терең дем алуын сүраңыз, жүту қозғалысын бір мезгілде жасап сүңгіні бірінші белгіге дейін енгізіңіз (егерде науқас жөтелсе, онда жылдам сүңгіні шығарып алыңыз). Сүңгінің бос шетін кыскышпен қысыңыз.

13.Асқазан ішіндегі сүйықтықты шприцпен сорып алу арқылы, асқазандағы сүңгінің қалпын тексеріңіз.

14.Науқас 10-20 минут бойы бөлмеде ақырын асықпай жүріп, сүңгіні екінші белгіге дейін ақырындап жүтуын сүраңыз.

15.Науқастың басына жастық қоймай оң жақ қырына жатқызып оң қолын арқасына қойып, оған тізесінен аягын бүгуін сүраңыз, жамбастың астына жүмсақ жастықты салыңыз, осындай жату калпында оливаның асқазан қақпашыгынан өтуін жеңілдетеді, оң жақ қабырга астына жылы жылытқышты салыңыз.

16.Наукастың бас жагында кушетканың қасындагы аласа орындықка штативті пробиркалар қойыңыз.

17.Қысқышты босатып, сүнгінің бос шетін пробиркаға салыңыз.

18. Асқазаннан сөл бөлінеді (асқазан ішіндегі лайлы ашық кышқылды қосындысы бар сөл), сосын 30-60 минуттан кейін пробиркаға ашық-сары сүйықтық, сілтілі қосындысы жиналады (үлтабардағы өт «А» үлесі). Сүңгінің үшына қыскышты салыңыз.

19.Науқасты арқасына жатқызып, қысқышты алыңыз жэне Жане шприңімен 30-50 мл жылы магний сульфат ерітіндісін (немесе басқа да өт қабығының қоздырғыштары) сүңгі арқылы енгізіп, сүңгінің бос шетін 10-15 минутқа кысып қойыңыз.

20.Науқасты оң жақ қырына жатқызып, қысқышты босатып алып, сүңгінің бос шетін пробиркаға салыңыз, бүган қою, қоңыр - зэйтүн түсті сүйықтык өт қабығынан түседі (өт қабығындагы өт «В» үлесі).

21.Келесі пробиркаларға сүңгіні салыңыз, мөлдір алтын-сары түсті сүйыктык пайда болғанда (бауыр өті «С» үлесі) алынады. Сүңгі арқылы 300 мл жылы газсыз минеральды суды енгізіңіз.

22. Салфеткамен сүңгіні шыгарып алып, зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

23.Қолгапты шешіп, қолыңызды жуып. қүрғатыңыз.

24.Қолданылған қолғапты, салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

25.Әрбір үлестерді бір пробиркада белгілеп, жолдаманы толтырып, зертханага жіберіңіз.

26. Науқасты палатага апарып, тамақтандырыңыз.

Ескерту:

- емшара барысында шығарылган сілекейді салфеткаға түкіру қажет;

- зерттеуге дейін 2-3 күн бүрын, іш кептіретін тағамдарды алып тастау үсынылады (қырыққабат, картоп, сүт, майлы жэне қуырылған тағамдар);

- асқазандағы сүңгінің қалпын шприңпен сорып алу арқылы тексереді. Шприңке лайланган сүйықтық қышқыл қосынды түседі. Егерде шприңке сүйықтык түспесе, онда сүнгінің асқазанда оралып қалғаның айтады. Сүңгіні аз ғаиа тартыңқырап жэне оны науқасқа қайта жүтынуын үсыңыңыз;

- асқазандағы сүнгі оливасының қалпын шприң арқылы ауаны сүнгіге еңгізіп тексереді жэне сүнгі оливасы асказанда болса, онда науқас ауаның түсуін сезінеді, ерекше «күрылдаган» дыбыс естіледі;

- бактериологиялық зерттеуге өт, залалсыздандырылған үш пробиркаға АВС үлестерімен алынады;

- егерде үлтабарды сүңгілеу лямблия қүртын табу мақсатында жүргізілсе, онда түнде жылтқыш қойылмайды;

- зертханаға үлестер жылы күйінде апарылады, ол үшін стакандагы жылы суга пробирканы салып қояды.