Стандарт: Естен танған кезде жедел көмек көрсетіңіз

Мақсаты: тездетіп есін келтіру, гипоксияны, қан қысымын қалпына келтіру.

Көрсеткіші : кенеттен есі тұманданып басы айналу,құлағы шулау,лоқсу, есінеу,терісі кенеттен бозару,аяқ қолы мұздау,беті терлеу, көз қарашығы кеңею,тамыр соғысы бос,АҚҚ төмен,естен танады;

Қарама-қарсы көрметкіші: жоқ;

Асқынуы: тырысулар;

Қажетті заттар: тонометр, фонендоскоп, залалсыздандырылған : бір реттік шприцтар, этил спирті 700, резинкалы жгут, дез.ертіндегі пинцет,қолғап, лоток, КБУ, дәрілік заттар: нашатр спирті, кордиамин 25%-2 мл немесе кофеин 20% -2 мл ертіндісі.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқастың бас жағын төмендетіп, аяқ жағын көтеру.

2. Таза ауа беру, қысып тұрған киімін шешу.

3. Бетіне суық су шашу немесе шапалақтау.

4. Нашатыр спиртін иіскету.

5. Кордиамин 25%-2 мл немесе кофеин 20%-2 мл т/а, б/е енгізу.

6. Қан қысымын және пульсті өлшеу.

7. Пациент жағдайын бағалау.

8. Естен танудың себептері жөнінде кеңес беру.

Ескерту:

- Қайталап естен танған кезде ауруханаға жатқызу.

 

 

Стандарт: Гипертоникалық кризде жедел көмек көрсету.

Мақсаты:артериальды қан қысымын 2 сағат ішінде 15-20% төмендету;

Мүмкін болатын асқынулар:ОКС, сол жақ қарыншаның жедел жеткіліксіздігі(жүрек демікпесі, өкпе ісігі),ми-кан айналымның жедел бұзылуы.

Қажетті заттар:тонометр, фонендоскоп, ерітінділерді көктамырға енгізу үшін қолданылатын штатив, пинцет, залалсыздандырылған мақта шариктері, этиль спирті 700, лейкопластырь, қолғаптар, бір реттік қолданылатын залалсыздандарылған шприцтер 5 мл,

10 мл, 20 мл, дәрілік заттар: анаприлин таб., таб. нифедипин (коринфар, кордафен, адалат), каптоприл таб.,ерітінділер: лазикс (фуросемид) 1%-2-4мл, клофелин 0,01%- 1мл, изотоникалық натрий хлорид ерітіндісі, дроперидол 0, 25%-1-2мл, магний сульфаты 25% – 10мл,-клофелин0,01%- 1мл, эуфиллин 2,4%- 20 мл к/т; диазепам 10-20мг, пентамин 5%-1мл,

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Физикалық және психикалық тыныштық беру, бас жағын көтеріп жатқызу..

2. Таза ауамен қамтамасыз етіңіз;

Криздің нейро- вегетативтік түріндегі дәрігердің тағайындауы:

1. Физикалық және психикалық тыныштық беру, бас жағын көтеріп жатқызу..

2. Қан қысымын өлшеу.

3. Нифедипин (коринфар, кордафен, адалат)10мг тіл астына беріңіз

4. Лазикс (фуросемид) 1%-2-4мл к/т;

5. Клофелин немесе (клонидин) 0,01%- 1мл к/т баяу 5 минут сайын 20мл натрий хлоридтің изотоникалық ертіндісінде;

6. Тыныштандыратын дәрілер беру:экстракт валерианки 2-3 таб немесе корвалол 25-30 тамшы.

Криздің сулы-тұзды түрінде (криздің екінші түрі, норадреналдік):

1. Лазикс (фуросемид) 1%-2-4мл к/т бір реттік;

2.Клофелин0,01%- 1мл к/т баяу 5 минут сайын 20мл изотоникалық натрий хлорид ертіндісінде;

3.Эуфиллин 2,4%- 20 мл к/т;

Криздің тырысу түрінде:

1.Диазепам 10-20мг к/т баяу 0,9%-10мл натрий хлорид ертіндісінде тырысу жойылғанша;

2.Магния сульфат 25% -10мл к/т өте баяу!

3.Гипотензивті және диуретиктерді АҚҚ артериялық қан қысымын қадағалай отырып енгізіңіз!

Ескерту:

1.Криз кезінде артериялық қан қысымын 20% дан төмен түсірмеу ұсынылады,

емдеу мекемесіне тасымалдау.

2. Әрбір 15 мин сайын АҚҚ және ТАЖ бақылау.

3. 20-30 мин ішінде көмектеспеген жағдайда, сол жақ қарыншаның жедел жеткіліксіздігі(жүрек демікпесі, өкпе ісігі),ми-кан айналымның жедел бұзылуы кездессе көп салалы ауруханаға жатқызу.

 

Стандарт: Стенокардия ұстамасы кезінде жедел көмек көрсету.

Мақсаты:ауырсыну ұстамасын басу

Қажетті заттар:тонометр, фонендоскоп,, дәрілік заттар: нитроглицерин таб. 0,0005,

нифидепин таб.10 мг, аспирин 325-500 мг, ,қыша қағаздары.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты физикалық және психикалық тыныштандыру.

2. Науқасты отырғызу немесе жатқызу, таза ауа беру.

3. Тіл астына нитроглицерин және валидол беру. Егер ауырсыну басылмаса нитроглицеринді әрбір 5 мин сайын қайталап беру.(2-3 рет) немесе изокет-спрей 1-2 доза тіл астына.

4. Нитроглицерин болмаған жағдайда, АҚҚ бақалай отырып, тіл астына нифедипин беру.

5. Аспирин таблеткасын шайнап жұту (0,25 немесе 0,35)

6. Жүрек тұсына қыша қағазын қою немесе ыстық суды аздап ішкізу.

7. Науқас жағдайын үнемі бақылау, АҚҚ және пульсті өлщеу.

8. Ауырсыну синдромы пайда болған жағдайда өз уақытында көмек көрсету жөнінде науқаспен сұхпат жүргізу.

 

Ескерту:

Нитроглицеринді 3 реттен артық қолданбау керек.