Практиканы бағалау критерийлері

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК

 

Кәсіби практика бойынша

Дістемелік нұсқаулар

 

Мамандық: 5В130200 – «Стоматология»

Пән: Дәрігер-стоматологтың ассистенті

Кафедра: Балалар стоматологиясы және бет-жақ хирургия

Курс - 4

Семестр - 8

 

 

Құрастырушы:

м.ғ.к.,доцент __________ Таганиязова А.А.

Ақтөбе, 2015

 

Кафедра отырысында талқыланды және бекітілді

№1 хаттама, 28.08. 2015ж.

Кафедра жетекшісі, м.ғ.д., профессор ______________Жаналина Б.С.


1.Кіріспе:«Дәрігер – стоматолог - хирургтың ассистенті» өндірістік тәжірибесі 051302 – «Стоматология» мамандығы бойынша «Хирургиялық стоматология пропедевтикасы» пәнінің мазмұнының міндетті минимумы мен студенттердің дайындық деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптарды іске асыруға арналған және оқытудың жұмыс бағдарламасын әзірлеу үшін негіз болып табылады.

«Дәрігер – стоматолог – хирургтың ассистенті» өндірістік тәжірибесі 2 апталық тәжірибе 8 семестрде хирургия бөлімшесінде амбулатория және стационар жағдайында өткізіледі.

2. Практиканың мақсаты:Медициналық құжаттарды рәсімдеу.

3. Практканың міндеттері:Тұлғалармен қарым – қатынас жасау және пациенттерге кеңес беру машықтарын жетілдіру.

4. Практиканы өткеннен кейінгі соңғы нәтижелер:

Машық пен іскерлік, бағалау критерийлері Баллмен берілген баға
  Медициналық құжаттарды рәсімдеу 4,0
Бөлімшеде науқасты алғашқы тексеруді ықтимал диагнозды негіздей отырып түсінікті етіп жазады. 0,5
Өзі бақылайтын науқастардың жағдайының динамикасын, зерттеулердің ,тексерулердің, консультацияның нәтижелерін, емдеу схемасын өзгертудің негіздемесін күнделікке жазады. 0,5
МКБ – 10 бойынша клиникалық диагноздың негіздемесін жазады. 0,5
Шығару эпикризін нақты ұсынымдармен ресімдейді. 0,5
Стационарлық науқастың стат. Картасын ресімдейді. 0,5
Стоматологиялық кабинетті күту бойынша журналды толтыра алады: зарарсыздандыру, дәрілік препараттардың жазбасы, науқастардың келуін тіркеу журналдары. 0,5
Тіс формуласы мен дәрігердің ұсынымдары бойынша стоматологиялық статустың мәліметтерін жазып амбулаториялық картаның паспорттық бөлігін толтыра алады. 0,5
Дәрігердің тағайындауы бойынша дәрілік препараттардың рецептісін жазып береді, рентгенкабинетке, физиотерапиялық каьинетке, мамандардан консультация алуға жолдама бере алады. 0,5

5. Практиканы өткізудің саясаты – пәнді оқу барысында оқушыға қойылатын талаптар. Пәннің саясаты силлабуста айтылған және де келесі бөлімдерді көрсетуі тиіс:

Оқу процесінің ұйымдастырылуы:

- кафедра оқу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады;

- оқу процесін жүргізудің түрлерін жетілдіреді;

- оқу кестесін оқу бөлімімен және офис тіркеушімен бірге келістіреді;

- студенттерді оқу-әдістемелік құжаттардың барлық түрлерімен қамтамасыз етеді;

- клиникалық базамен тығыз байланыста жұмыс жасайды және тәжірибелік сабақтарды тақырыпқа сай науқаспен қамтамасыз етеді;

- қызметкерлер мен студентердің ғылими зерттеу жұмысын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасайды;

- қосымша білім қызметі үшін жағдайлар жасайды.

Оқу процесін ақпаратты қамтамасыз ету

- кафедрада және кітапханада силлабустар, анықтама-жүргізушілер, тәжірибелік сабақтар үшін әдістемелік нұсқаулар, СӨЖ студенттерге электронды алып жүруде берілген;

- сабақтар, кеңес алу кестелері және т.б. кафедраның шешімі бойынша кафедраның ақпаратты қабырғасында ілінген;

- оқушыларға уақытында рейтинг бағалары туралы ақпарат беру.

Оқушыларға талаптар:

- тәжірибелік сабақтарға және дәрістерге міндетті түрде қатысуылары тиіс;

- киім формасы: ақ халат, бас киім, маска, ауыстыратын аяқ-киім, стационарда хирургиялық костюм;

- еңбек тәртібін сақтау;

- жіберіп алған сабақтар мен лекцияларды мідетті түрде қай та орындау;

- студенттер аралық конференцияларға қатысқандары үшін кафедра шешімі бойынша + 4 балл аралық рейтингке қосымша бонустар ретінде қосылады.

6. Практиканың мазмұны:Тәжірибе кезінде тәжірибелік әрекеттің (қызметтің) түрлері: дәрігер – стоматологтың ассистенті ретінде жұмыс істеу; бөлімшедегі кезекшілік;емдік – профилактикалық ұйымның қабылдау бөлмесінде жұмыс істеу.

· Бағдарламаның мазмұны:

Практика клиникалық база ретінде бекітілген стоматологиялық емханада, стационарда өткізіледі. Студент тәжірибеден өту барысында емдеу мекемесінің ішкі еңбек тәртібінің барлық ережелерін орындайды және тәжірибе жетекшісі мен хирургиялық бөлімшенің меңгерушісіне тікелей бағынады.

· Тәжірибе бойынша құжаттар: күнделік, студенттің есебі.

· Тәжірибелік машақтарды баллмен бағалау.

· Тәжірибені бағалау критериі:

Тәжірибе жетекшісінің ағымдық бақылауы:студенттің тәжірибеге қатысуы мен бөлімшеде жұмыс орнындағы тәжірибелік ісін қадағалау; студенттердің тәжірибелік машықтарды меңгеруін бақылау; студенттердің күнделігін тексеру.

Қорытынды бақылау – дифференцияланған сынақ. Қорытынды бақылауға рұқсаттама алу үшін болуы тиіс құжаттар:тәжірибе жетекшісі немесе бөлімше меңгерушісі күнделікті қолдары қойылған студенттің тәжірибе күнделігі; тәжірибе жетекшісі мен хирургия бөлімшесінің меңгерушісі қол қойған студенттің мінездемесі; тәжірибеге қатысу журналы.

Өндірістік тәжірибе қорытындысы бойынша дифференцияланған сынақстуденттердің тәжірибелік машықтарын (іскерліктерін) «ұпайлық - әріптік жүйе бойынша бағалау кестесіне» сәйкес бағалау нәтижелерімен жүзеге

Практиканы бағалау критерийлері.