Аржының экономикалық мазмұны мен атқаратын қызметтері

5.Қолма-қолсыз есеп айырысу нысандары - «Қазақстан Республикасы аумағында тәлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі» туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2000 жылға 25 сәуірде бекіткен № 179 қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есеп көрсеткішінен асатын теңге сомасынан жоғары мөлшерде есеп айырысулар тек қана қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс. Осы ережеге сәйкес, қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылатын төлем құжаттарының түрлеріне мыналар жатады: төлем тапсырмасы; төлем талабы-тапсырмасы; инкассалық үкім; чек; вексель.

Төлем тапсырмалық нысан—ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу кең көлемді төлемдерді жүзеге асыру үшін қолданылады: алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін, тауарлы емес операциялар (зейнетақы және сақтандыру қорына төлемдер, салықтық төлемдер, банкке комиссиондық жәнет.б. төлемдер) бойынша, жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауары және көрсетілген қызметтері үшін алдын ала төлеуге, аванстық төлемдер бойынша.

Аккредитивтік нысан немесе инкассалық өкім нысаны — заң актілерінде көзделген жағдайда ақшаны жөнелтушінің келісімінсіз, оның банктік шотынан ақшаны алу ушін пайдаланылатын төлем құжаты.

Чекті есеп айырысу нысаны барысында төлем құралы ретінде заңды және жеке тұлғалар пайдалана алады. Чек арқылы есеп айырысудың қолайлылығы мынада: егерде төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал жабдықтаушы төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағдайда; сатушы белгісіз болған жағдайда.

4. Ақша айналымын ұйымдастыру. Ақша айналымы дегеніміз – ақшаның бір заңды немесе жеке тұлғадан екіншісіне үздіксіз қозғалысы.

Ақша айналымының құрлысы бірнеше белгілермен сипатталады, оның ішінде ең маңыздысы осы айналымның қызмет көрсететін қарым-қатынастарының түрі. Осы белгі бойынша ақша айналымы 3-ке бөлінеді. 1Ақшаның есеп айырысудағы айналымы – бұл айналым тауар немесе қызметтерді пайдалану кезінде есеп айырысуға көмектеседі. 2Ақшаның несиелік айналымы – бұл айналым несие беру және оны қайтару процесіне қызмет көрсетеді. 3Ақшаның қаржылық айналымы – бұл айналым шаруашылықтың қаржылық қарым-қатынастарына қызмет көрсетеді. Ақша айналымы оған қатынасатын субъектілерге байланысты келесі түрлерге бөлінеді : 1 Банкаралық айналым. 2 Тек жеке тұлғалар арасындағы айналым. 3 Тек заңды тұлғалар арасындағы айналым. 4 Заңды тұлғалармен мен жеке тұлғалардың арасындағы айналым. 5 Банктер, заңды тұлғалар және жеке тұлғалар арасындағы айналым.

3.Ақша жүйесі – ақша жүйесі бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтарымен бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру нысаны. Алғашқы ақша жүйесі :XVI-XVII ғасырларда капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ, оның кейбір элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастаған. Үлкейтілген ауқымда ақша жүйесін 2-ге бөледі: Металл ақша жүйесі– бұл жүйеде толық құнды ақша айналыста жүреді және ол ақшаның барлық атқарымдарын атқарады. Әрбір мемлекетте жалпыға ортақ құн эквиваленті ретінде қабылданған металға байланысты металл ақша жүйесі 2-ге бөлінеді. Биметализм-бұл жүйеде жалпыға балама ретінде 2 металл негізделген алтын,күміс. Беиметализм жүйесі Батыс Еуропа мемлекеттерінде XVI-XVII ғасырларда пайда болған. Монометализм – ол жалпы эквивлент ретінде тек бір ғана металл қолданатын ақша жүйесі не алтын, не күміс.Күміс монометализм Ресейде 1843.. , Үндістанда 1852.. , Голландияда 1847.. , қалыптасты. Алтын монометализм Ұлыбританияда 1816ж. Несие және қағаз ақша жүйесі – 1929-1933жж., дүниежүзілік экономикалық дағдарыс нәтижесінде алтын монометаллизмнің барлық түрлері жойылып, оның орнына несие және қағаз ақшалар жүйесі келді.

Элементтері – 1)Елдің ақша біолігінің аты(теңге). 2)Эмиссия тетігі – бұл ақшаны айналымға шығару және оны айналымнан шығарып алу тәртібі. 3) Айналымға ақша жинағының құрлысы – бұл қолма-қол және қолма-қолсыз ақшаның өзара қатынастары. 4) Ақша айналымын реттеу – бұған айналымдағы ақша массасы реттейтін Орталық банктің ақша-несие (монетарлық) саясаты жатады. 5) Валюта бағамын белгілеу – бұл бір мемлекеттің ақшасының басқа мемлекеттің ақшаларымен өзара қатынасын анықтау. 6) Касса тәртібін ретке келтіру – бұл кассалық операцияларды жүргізу тәртібі. Қазақстанда 1992 жылы бекітілді.

10.Қаржының басқа экономикалық категориялармен қатынасы.Қаржы құндық процесіне қатыса отыра, баға, жалақы, кредит сияқты категориялармен өзара тығыз байланыста болады және өзара іс – қимыл жасайды. Алайда олардың қатысу өлшемі мен нысандары бірдей емес. Жеке экономикалық категориялардың ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларындағы қатысу дәрежесі әр түрлі. Баға – жұртқа мәлім, тауар құнының ақшалай көрінісі. Ол еңбек өнімінің натуралдық-заттық нысанынан ақша нысанына көшуін және сатып алу-сату актілерінің негізінде оның бір иеден басқасына қозғалысын ортақтыстыра отырып, құндық бөлінісінің бастапқы категориясы ретінде көрінеді. Қаржы еңбекақы төлеумен тығыз байланысты. Материалдық өндіріс саласында еңбекке ақы төлеу қоры «жалақы қоры» қаржының көмегімен өнімді өткізуден түскен түсім-ақшадан бөлінеді. Нарықтық экономика жағдайында бағалардың еңбек ақыға әсер етуі жиі орын алып отырады.Қаржының несиемен өзара байланысы. Қаржылық және несие қатынастарында да, ұзақ және қысқа мерзімді несиелеу мақсатында ақшалай қорлар(ссудалық капитал) қалыптасып, пайдаланылады. Қаржы және несие капиталдық салымдар мен айналым қорларының қалыптасуының негізгі көзі болып табылады. Қаржылар арқылы банктердің қаржылары қалыптасады ал несие арқылы қаржылық ресурстар қалыптасады. Олардың айырмашылығы мынада; қаржылар қоғамдық өнімді бөлістіріп, қайта бөлетін болса, ал несие қаржы бастаған бөлістіруді жалғастыра отырып, тек қайта бөлуге ғана қатынасады. Қаржыландыру бұл қайтарымсыз және жедел емес тәртіп бойынша қаражаттардың жұмсалуы болатын болса, ал несие- қайтарымдылық, жеделділік, төлемділік, берілген қарыз ақшалардың материалдық қамтамасыз етілуіне бағытталады.

11.Қаржы жүйесі - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шеңберінде өмір сүретін қаржы мекемелерінің жиынтығы; тар мағынада алғанда — мемлекеттің қаржы мекемелері жүйесі, яғни өзара байланысты салалар (кәсіпорын, сақтандыру қаржысы мен мемлекеттік қаржы) мен буындардың (қаржы мекемелерінің, салық жүйесінің құрылымдык бөлімшелері, т.б.) жиынтығы. Әрбір ірі салалардың ішінде буындар болады, оның үстіне қаржы қатынастары субъект қызметінін сипатына қарай топтастырылады.

Қазақстан Республикасынын қаржы жүйесі бюджет жүйесінен, бюджеттен тыс қорлардан, түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың қаржысынан, қаржы институттарынан (қаржы қызметін жүзеге асырушы, реттеуші ұйымдар, мекемелер, қаржы министрлігі, қазынашылық, ұлттық банк, салық инспекциясы, салық полициясы (қаржы полициясы), кор валюта биржалары, қаржы-несие мекемелері) және қаржы үдерістерінің барысына қажетті шарттар жасайтын қаржы құралдары тұрады. Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықты дамуы ұлттық экономика дамуының қажетті шарты болып табылады.

15.Аудиторлық бақылау – бұл кәсіпкерлік қызмет түрлерінің бірі – тәуелсіз аудиторлық ұйым мен кәсіпорын, компания, банк, сақтық компания иесінің (меншіктенушінің) жасасқан келісімшарт (контракт) негізінде қаржылық-шаруашылық қызметінің жай-күйін тексеру. Оны біліктілік комиссиясы аттестаттаған «аудитор біліктілігінің берілуі» туралы куәлік алған жеке тұлга да, сондай-ақ акционерлік қоғамды, өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда, аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін кез келген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған коммерциялық аудиторлық ұйым да жүргізе алады. Аудиторлық бақылаудың (аудиттің) негізгі мақсаты – шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметінің жай-күйін тексеру, бухгалтерлік қаржылық есебінің дұрыстығын белгілеу, олардың ақпараттық жүйелерінің сенімділігін бағалау. Аудиторлық жұмыста талдамалық және сараптамалық болжам қызметіне үлкен мән беріледі, ол тапсырыс берушілерге өздерінің іскерлік саясатының тиімді стратегиясы мен тактикасын жасауға мүмкіндік береді.

14.Қаржылық бақылау жалпы қоғамдық өнімнің ақшалай қорлар бойынша және оның белгілі бір мақсаттарға сәйкес пайдаланылуын бақылауды айтамыз.

Қаржылық бақылау - бұл заңдылықты және атқарушы билік органдарының барлық деңгейінің және арнайы құрылған мекемелердің экономикалық субъектлердің қаржылық қызметіне бақылау жүргізуі.

Бақылаушылық функцияның нәтижесінде қаржылық ресурстарды қалыптастыру, бөлістіру және пайдалану бойынша кемшіліктер анықталады.

Осыған сәйкес қаржылық бақылаудың ерекшелігіне –оның ақша нысанында жүзеге асырылуы жатады. Осыған сәйкес тексеру нысанына- кәсіпорындағы пайда, кірістер, рентабельділік, өзіндік құн, айналыс шығындары жатады..

Бақылаушылық функцияның міндеттеріне келесілер жатады:

- ақшалай қорлардың қалыптасуы, бөлістірілуі мен пайдаланылуына негізделген арақатынастың сақталуы;

- мемлекет тарапынан өндіріс, айналыс және материалдық игіліктерді тұтыну үрдістеріне әсер ету мүмкіндіктерін қалыптастыру.

Қаржылық бақылау келесі міндеттерді атқарады:

1. Қаржылық міндеттемелердің орындалуын тексеру

2. Ақшалай қаржаттардың дұрыс пайдаланылуын тексеру

3. Қаржылық операциялардың және ақшалай қаражаттарды сақтаудың дұрыс жүзеге асырылуын тексеру

4. Өндірістің ішкі резервтерінің – еңбек өнімділігін, айналым қаржаттарының айналымдылығының жеделдігін, ақшалай және материалдық қаражаттарды тиімді пайдлану жолдарын анықтау.

5. Қаржылық тәртіптің бұзылуын ескерту мен жою.

Қаржылық бақылаудың негізгі қағидаларына келесілер жатады:

- реттілік, жаппай қамтушылық, әмбебаптығы;

- алдын ала ескертушілік сипаты;

- әрекеттілік, нақтылық, жариялылық;

- бақылауда алаламаушылық (бөлмеушілік) сипаты;

- бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі.

16.Қаржылық бақылау әдістері және оны ұйымдастыру.Қаржылық бақылау алуан түрлі әдістермен жүргізіледі. Нақты әдісті қолдану бірқатар факторларға байланысты. Мысалы: Шаруашылық орган қызметінің формасына, бақылау объектісі мен мақсаттарға және т.б.

Қаржылық бақылаудың төмендегідей әдістері қолданылады:

- ревизиялар;

- тексерулер;

- қаржылық жоспарлар жобасы;

- арыздар;

- қаржылық шаруашылық қызмет туралы есептерді қарастыру; 1.Ревизия – мемлекеттік, ведомстволық және сыртқы ведомстволық жүйедегі жетілдірілген қаржылық-шаруашылық операцияларындағы заңдылығын, сенімділігін, мақсатқа сәйкестігін және экономикалық тиімділігін анықауғы тиісті қаржылық бақылаудың құрамды бөлігі.

Субъектінің шаруашылық қызметіне және құжаттарында көрсетілуіне қатысты құбылыстар мен үдерістер ревизияның мәні болып табылады. Ревизияның ауқымы өкілетті органның нақты мақсатымен және оны өткізудің бағдарламасымен белгіленеді.

Тексеру – тексеріс кезіндегі шаруашылық және қаржылық операциялардың қажеттілігі мен тиімділігін және оны жүзеге асыру кезіндегі заңдылықты жауапты адамдардың істерінің негізділігі мен заңға сәкестігін анықтайтын құжаттық және нақтылық тексерудің міндетті бақылау істерінің жүйесі болып табылады. Талдау – нәтижелілігіне және тиімділігіне жалпы баға беру мақсатында құжаттарды егжей-тегжейлі зерттеу арқылы жүзеге асатын қаржылық бақылаудың бір түрі болып табылады.

Зерттеу – тексеру объектісінің шаруашылық қызметінің белгілі бір бағыттары мен сұрақтарын бақылау органдарының жанасуы. Бақылау процесі – тиісті принциптерді, түрлерді, бақылау әдістері мен техникасын пайдалана отырып, белгілі бақылауды жүзеге асыру арқылы ең тиімді әдістермен кепілді түрде жету жолындағы бақылау субъектісінің іс-қимылы болады.

13. Қаржылық механизмнің мазмұны мен құрылымы.Қаржылық саясат нақты шаруашылық өмірде қаржылық механизм арқылы іске асырылады. Қаржылық механизм - экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржылық қатынастарды ұйымдастыру нысандарының, қаржылық ресурстарын қалыптастырып пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын кіріктіреді. Айрықшалықты бөлгіштік категория ретінде қаржы әр түрлі мақсатты ақшалай қорларды жасау мен пайдалану арқылы жасалған өнімді бөлуге және қайта бөлуге қатысады. Сондықтан бұл үдерісте қолданылатын механизм - бұл ақшалай табыстар мен қорларды қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болатын қаржылық қатынастар көрінісінің түрлері, нысандары және әдістері. Тап осы ұғымдар - қатынастарды іске асырудың түрлері, нысандары және әдістері - экономикалық өмірде тетік, тиісті үдерістерді басқару механизмі ретінде болады.

Қаржылық механизмнің экономика мен әлеуметтік сфераға іс-әрекеті былайша жүзеге асырылады: 1.қаржылық механизмнің құрылымы мен оның әр түрлі бөліктерінің нақтылы міндеттерді шешуге және нақты нәтижеге жетуге нысаналығы арқылы; 2.мемлекетте және шаруашылық жүргізуші субъектілерде қалыптасатын және қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталатын қаржылық ресурстардың мөлшері арқылы.

Қаржылық механизмнің құрылымында мынадай функциялық буындарды бөледі.

1.қаржылық ресурстарды жұмылдыру;

2.қаржыландыру;

3.реттеу;

4.ынталандыру.

12.Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері және мақсаттары.Қаржы саясаты – бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайлары бойынша міндеттерді шешуге арналған мемлекеттің қаржыны пайдалану қызметі. Қаржы саясатты жүзеге асыру негізінде мемлекет әр түрлі процестерге әсер ете алады. Қаржылық стратегия – бұл ірі көлемдегі міндеттерді шешуге арналған ұзақмерзімді бағыт. Мысалы, Қазақстан - 2030 стратегиясындағы негізгі бағыттардың бірі ретінде Экономикалық өсуге жету екендігін білеміз.Сонымен қатар Бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ену қаржылық стратегия деп тануға болады. Тактика Президент жолдауы. Қандай болмасын саясат өзінің мақсаттары мен міндеттерінен, сондай-ақ құралдарынан тұрады.

Қаржы саясатының мақсаты – қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын жұмылдыру. Осыған байланысты қаржылық саясат кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар жасауға шақырады. Қаржы саясатының міндеттері: - Қаржы ресурстарын тиімді жинақтау және пайдалану; - Мемлекеттің экономикаға әсер етуі және реттеуі.

29.ҚР Ұлттық Қоры.ҚР Ұлттық қор – ҚР ұлттық банктегі ҚР үкіметінің шотындағы қаржылық активтің жиынтығынан тұратын қор болып табылады. Оның негізгі мақсаты ретінде – мемлекет экономикасының шикізат секторына тәуелділігін төмендету, болашақ ұрпақтарға қаржыны жинақтау, мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық дамуын қамтамасыз ету болып табылады. Сәйкесінше, ҚР Ұлттық қор 2 қызметті атқарады. Олар: жинақтық және тұрақтандыру қызметтері. Қордың қаражаттры еркін конверсияланатын шетел валюталары, алтын құймалары ретінде сипат алады. Сонымен қатар, қор қаражаттары басқа елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарына, мәртебесі, рейтингісі жоғары муниципалды, корпаративті бағалы қағаздарға жұмсалады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сақталуын;

Ұлттық қордың жеткілікті өтімділік деңгейін ұстап тұруды;

тәуекел деңгейі қалыпты болған кезде ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қор табыстылығының жоғары деңгейін;

ұзақ мерзімді перспективада инвестициялық табыстар алуды қамтамасыз ету мақсатында материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдарға орналастырылады.

21. Мемлекеттік кірістер сыныптамасы. Мемлекеттік кірістер – бұл мемлекеттің басқару органдарын және мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы ресурстарын құруға байланысты жүргізілетін қаржы қатынастарының жиынтығы.

Мемлекет кірістерінің сыныптамасы– Мемлекеттің кірістерін сыныптау олардың экономикалық мағынасын, құрамы мен мақсатты бағыттылығын, қалыптасу кағидаттарын, яғни мемлекет кірістерінің бүкіл жүйесін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Меншік нысандарын ұйымдық-құқықтық ресімдеуге қарай мемлекеттің кірістері мыналардан тұрады:

1) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың табыстарынан;

2) жеке кәсіпкерлік сектордың салық түсімдерінен;

3) қоғамдық, кооперативтік және үжымдық кәсіпорындардың салық түсімдерінен;

4) халық тың салық төлемдерінен;

Жасалу сфераларына карай мемлекеттің кірістері:

1) материалдық өндіріс сферасында қалыптасатын кірістер;

2) өндірістік емес сферада жасалатын кірістер болып жіктеледі.

Қаржылық мазмұны бойынша мемлекеттің кірістері:

1) салықтық;

2) салықтық емес (мемлекет иелігінен алудан және жекешелендіруден түсетін табыстар және т.б.) болып бөлінеді.

22. Мемлекеттік шығыстар сыныптамасы.Мемлекеттік шығыстар – бұл мемлекеттің жұмыс істеумен байланысты ақша шығындары. Экономикалық санат ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.

Инвестиция түсінігі және түрлері.

38.Бағалы қағаздар нарығы. Бағалы қағаз – бұл капиталдың ерекше формасы. Ол жеке ресурстарға мүліктік құқықты куәландыратын құжат. Мұнда жеке ресурстарға меншік, жер, тауар, ақша және т.б. танылады.Бағалы қағаздар нарығы қаржы нарығының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Бағалы қағаздар нарығының дамуы мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған механизмнің бірі. Бағалы қағаздардың түсініктемесі

Іс жүзінде акция, облигация және басқада бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды таратуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады және сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің (сатып алушылардың) алдында белгілі бір жағдайда борышты (міндетті) болып табылады.

Эмитенттің кім болғанына байланысты бағалы қағаздар төмендегідей үш түрге бөлінеді:

мемлекеттік;

муниципалды;

корпоративтік.

Мемлекеттік бағалы қағаздар – бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақсатан Республикасының заң актілеріне мемлекеттік сыртқы және ішкі қарыздарын қайтару мақсатында шығарылған. Сонымен қатар бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады.

34.Сақтандырудың экономикалық маңызы. Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмрінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауәп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық – заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.

Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногын қалыптастыру.

 

30. Несиенің негізі және қызметтері. Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматгар да пайдаланады.Несиенің пайда болуын өнімдерді ендіру аясынан емес олардың айырбас аясынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шыныменде, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.Құнның қозғалысы - бұл несие қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған деген негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ, бұл жерде ақша мен несиенің әртүрлі ұғымды білдіріп, әртүрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие — бұл ақшалай қажаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң кайтарылуын баяндаса, ал қаржы - сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе олар қайтарымысыз сипатқа ие. Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы. Несиенің қызметтері. Несиенің экономикадағы орыны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады: қайта бөлу;

айналыс шығындарын үнемдеу;

айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;

капиталдың шоғырлануын жеделдету;

ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.

Несиенің қайта бөлу қызметі, кез келген елдің ұлттық экономикасының толыққанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінін, көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің, қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарыктық механизм негізінде жүзеге асырылады.

Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражатгардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.

Ал, келесі қызметі, яғни несиенің айналыстагы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметтің іске асу үдерісінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несйелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенін, бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығы мен қатар, айналыстағы ақша массасына жене телем айналымына да ықпал етеді.

Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндетгерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.

Несиенің ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми-техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенің кемегінсіз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының (бюджеттік қаржыландыруда отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседі.

Сондай-ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктін, несиелері есебінен қаржыландырылады.

31. Несиенің түрлері мен жіктелімі. Коммерциялық несие — бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді

Коммерциялық несие — бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы нысаны. Несиенің бұндай нысанының басты мақсаты — тауарлардың өту үдерісін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.

Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай калуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда, айналыс құралы ретінде, қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексель қолданылады.

Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылғы төмендегідей:

қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметгі сатумен айналысатын кез келген занды тұлға бола алады;

коммерциялық несие тек қана тауар нысанында беріледі;

қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;

коммерциялық несиенің орташа құны сол кезендегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;

қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңи түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады.

Банктік несие — бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларга ақшалай турде берілетін несиені білдіреді.

Банктік несие — бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардын, нысаны болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген занды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты — бұл пайыз түрінде табыс алу.

Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.

 

Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

Қарыз алушылар категорияларына қарай:

1. Қаржылық институттарга берілетін несиелер:макқатты қорларға;

банктерге;

қаржы-несиелік мекемелеріне.

2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:өнеркәсіп салаларына;

ауыл шаруашылығына;

саудаға;

дайындау ұйымдарына;

жабдықтау-сату ұйымдарына;

кооперативтерге;

жеке кәсіпкерлерге.

3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.

Мерзіміне қарай:

қысқа мерзімді (1 жылға дейін);

орта мерзімді (1 жылдан 3 —5 жылға дейін);

ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).

Тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай:

негізгі қорларға жұмсалатын;

айналым қаражатына жұмсалатын.

Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:

1. Қамтамасыз етілген:кепіл-хатпен;

кепілдемемен;

кепілдікпен.

2. Сақтандырылған.3. Қамтамасыз етілмеген:сенім (бланктік)несиесі.

Қайтарылу дәрежесіне қарай:

1. Стандартты несие — қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;

2. Кумәнді несиелер — қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді.

3. Үмітсіз несиелер — қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі еткен ссудалар шотына жазылған несиелер.

Валютамен берілуіне қарай:

ұлттық валютамен;

шетел валютасында.

Берілу шартына қарай:

Тұтыну несиесі — бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.

17. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы- бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материялық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Елдегі ақша қатынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқында, жасалатын қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты- халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін иалғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізі, бастапқы бөлігі болып табылады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржы жүйесінің сферасы ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер жасалады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасы шеңберінде материал , еңбек және қаржы ресурстарын көпшілік бөлігі шоғырландырады, бұл қоғам ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етеді.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының болуы, жалпы мемлекеттің қаржысы сияқты, тауар-ақша қатынастарының иөмір сүруімен және экономикалық заңдардың іс-әрекетімен байланысты.

42. Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы ке келешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік. Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады. Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне , дамуына жұмсалатын салымдар болып табылады. Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады. Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:

а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық;

Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады. Ұлттық инвестор дегеніміз- Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы. Инвестиция дегеніміз – табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады , яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді: - жеке инвесторлар (жеке адамдар). - инстиуттандырылған инвесторлар (банктер , инвестициялық қорлар , зейнетақы қорлары , тағы басқалары).