Кезеңдері (ҚР ДСМ № 127 бұйрығы 15.01.2015ж)

Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту - зарарсыздандыру, залалсыздандыру алдындағы тазарту және залалсыздандыру жолы арқылы жүзеге асырылады.

Зарарсыздандыру патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді жою үшін жүргізіледі. Жара беттеріне жанаспаған, терінің және шырышты қабықтың бетін бұзбаған, қан құюға қолданбаған және инъекциялық дәрілерді пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына сіңбеген медицинада тағайындалған бұйымдар тек ана зарарсыздандырылады. Кейіннен олар ағынды кұбыр суында жуылады және таза зарарсыздандырылған жабылатын ыдыстарда белгіге сәйкес сақталады.

Жара беттеріне жанасқан, медициналық манипуляция процесінде терінің және шырышты қабық бетін бұзған, қан құюда қолданылатын және инъекциялық препараттарды пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілген медицинада тағайындалған бұйымдар басында зарарсыздандырылады, сосын ағынды құбыр суы астында жуылады, содан кейін залалсызсыздандыру алдындағы тазартудан, залалсыздандырудан өткізіледі.

Залалсыздандыру алдында барлық бұйымдар ақуыз, май мен механикалық ластарды, сондай-а дәрі-дәрмектерді жою мақсатымен залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізіледі.

Залалсыздандыру - бұл әдіс залалсыздандырған материалдардағы патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің вегетативті және ұрықты түрлерін жоюды қамтамасыз етеді. Жара бетіне, қанмен немесе инъекциялық дәрілермен жанасатын барлық бұйымдарға, диагностикалық аппаратуралардың жекелеген түрлеріне, медицинаның құралдарға, пайдалану процесінде шырышты қабықпен жанасып және оның зақымдануын болдыратын бұйымдарға залалсыздандыру жүргізіледі.

Сонымен медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту 3 кезеңге бөлінеді:

1 кезең - зарарсыздандыру,

2 кезең - залалсыздандыру алдындағы тазарту,

3 кезең - залалсыздандыру.

I КЕЗЕҢ. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру

Мақсаты: жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Дайындаңыз: зарарсыздандыру ерітіндісін;

2-ыдысты (1-2 л көлемінде эмальді кастрюлді), бирка жән зарарсыздандыру ертіндісі;

құралдарды қаннан және басқа да биологиялық сұйықтықтардан жууға тағайындалған №1 -ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісімен;

медицинада тағайындалған заттарды зарарсыздандыруға арналған 2-ыдысты зарарсыздандыру ерітінедісімен;

бирканы (танбаны);

арнайы киімді (халат, маска, қолғап);

пайдаланылған медицинада тағайындалған заттар;

лотоктар

Іс-әрекет алгоритмі:

арнайы киімді киіңіз: халат, маска, қолғап;

2 ыдысқа зарарсыздандыру ерітіндісін даярлаңыз;

ыдыстар мен қақпақта белгіленген: заттың аты, күні, даярлау сағаты, мейірбикенің қолы;

1-ші ыдыста: оның пайдаланғаннан кейін медицинада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімеп толтырыңыз;

медицинада тағайындалған құралдардың каналынан 3 рет насос әдісімен зарарсыздандыру ерітіндісін өткізгіш;

2-ші ыдысқа: медицинада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітінідісімен толтырыңыз;

оларды бөлшектенген түрінде толығымен зарарсыздандыру ерітіндісіне 60 минутқа салыңыз;

ыдысты қақпақпен жабыңыз;

зарарсыздандыру уақыты туралы биркіге (таңбаға) белгі жасаңыз;

зарарсыздандыру уақыты өткен соң зарарсыздандыру ерітіндісінен медицинада тағайындалған құралдарды шығарыңыз:

№ 2-ыдыстағы медицинада тағайындалған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісінде 0,5 минут бойы жуыңыз;

медицинада тағайындалған құралдарды лотокқа (ыдысқа) салыңыз;

медицинада тағайындалған құралдарды жылы ағынды су астында 0,5 минут бойы жуыңыз;

қолғапты шешіңіз, оны қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып кептіріңіз;

медицинада тағайындалған құралдарды әрі қарай өңдеу үшін орталық залалсыздандыру бөліміне жіберіңіз;

II КЕЗЕҢ. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізу. Залалсыздандыру алдындағы тазарту орталық залалсыздандыру бөлімінде жүргізіледі.

Мақсаты: органикалық ақуыздың, майлық және механикалық ластануды, дәрілердің қалдығын алып тастау; медицинада тағайындалған құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу сапасына кешенді бақылауды жүргізу.

Дайындаңыз: халатты, дем пердесін, қолғапты, жуушы ерітіндісі бар ыдысты, сағатты, немесе дәке тампондарын, лотоктарды тазартылған суы бар ыдысты, медицина тағайындаған құралдарды, жұмысшы азопирам ерітіндісін, тамызғышты, мақта дәке, мақта тампондарын, жуушы затты «Лотос», «Айна», 27,5% су тегі асқын тотығын.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Халатты, дем пердесін, қолғапты киіңіз.

2. Жуушы ерітіндісін 20-25°С ысытыңыз, жуушы ерітіндісінің құрамы.

Жуушы ерітіндісінің құрамы

Компоненттердің аттары hpi пилим даярлауға арналған компоненттердің мөлшері Қолданылуы
жуушы зат (Айна, лотос) ауыз суы (см5) 5 грамм 1 литр қолмен тазартқанда қолданылады
сутегі асқын тотығы ерітіндісі 27.5% 17 мл механикаландырылған және қолмен тазартқанда
-жуушы зат (Айна, лотос) -ауыз суы (см5) 5 грамм 1 л nip

3. Медицинада тағайындалған құралдарды бөлшектеген түрінде жуушы ерітіндіге 15 минутқа салыңыз, ерітіндіні алдын-ала құралдардың қуысынан өткізіп, кақпағын жабыңыз.

4. Әрбір затты 0,5 минут бойы жуушы ерітіндіде еріткішпен (дәке тампонымен) тазартыңыз (құралдардың каналынан жуушы ерітіндіні өткізіңіз).

5. Медицинада тағайындалған құралдарды лотокқа салыңыз.

6. Құралдардың қуысынан, каналынан суды өткізе отырып, әрбір құралды 10 минут бойы ағынды судың астында жуыңыз.

7. Азопирам банкасымен залалсыздандыру алдындағы тазалықтың сапасына бақылауды жүргізіңіз.

8. Азопирам реактивінен жұмысшы ерітіндіні даярлаңыз (жұмысшы ерітіндіні пайдалану мерзімі даярланғаннан кейін 2 сағат).

9. Жұмысшы реактивті тамызғышпен медицинада тағайындалған құралдарға тамызыңыз (кориусына және қуысына, биологиялық сұйықтықпен жанасқан жерлеріне).

10. Медицинада тағайындалған құралдарды сырттан бақылай отыра мақтаның немесе сүрткіштің үстінен ұстаңыз.

11. Азопирам байқауының нәтижесін бағалаңыз.

Азопирам байқауының нәтижесі. Байкау оң болған жағдайда реактивтің түсі өзгереді:

реактивтің түсін

көк-күлгін түске егер де заттарда жасырын қан қалса
күрең-қоңыр түскс егер де заттарда хлоры бар қышқылдар, тот қалса
қызғылт түске егер де заттарда жуушы зат қалдығы қалса

Реакция оң болады, егер де боялу болса(1 минуттан кейін)

Боялу, кештетіп болатын болса, онда ол есептелмейді (1 минуттан көп);

Қанға реакция оң болса онда тазартылған барлық топ заттар қайтадан

өңдеуге жатады, жуушы ерітіндіге малынған кезеңінен бастап;

Синтетикалық жуушы заттарға, зарарсыздандыру заттарына реакция оң

болса, онда барлық топтағы тазартылған заттар қайтадан тазартылады, ағынды

суда шайқау кезеңінен бастап;

Байқау теріс (кері) болса, реактивтің түсі өзгермейді.

12. Қолданған байқауға арналған құралдарға шайқау мен залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізуді жүргізіңіз.

13. Медицинада тағайындалған құралдарды тазартылған суда 0,5 минут бойы жуыңыз.

14. Ыстық ауа шкафында t-85°C ылғалы толық кеткенге дейін медицинада тағайындалған құралдарды кептіріңіз.

IIIКЕЗЕҢ. Залалсыздандыру.

Мақсаты: науқастарға аурухана ішілік және кәсіптік қызметкерлерге жұқпа жұқтырудың алдын-алу, медицинада тағайындалған құралдарда барлық микроорганизмдерді және оның ұрықтарын жою. Бұйымдардың материалына байланысты, залалсыздандырудың әдісі мен тәртібі таңдалады.

1. Тордағы немесе ораудағы құрғақ бұйымдарды, тиеу нормасына сәйкес стерилизаторға орналастырыңыз.

2. Залалсыздандыруға химиялық бақылауды жүргізіңіз. Залалсыздандыру индикаторы не бу стерилизаторындағы нүктелерге конверт әдісімен, ауа стерилизаторында қабаттастырып 3 нүктеге орналастырыңыз.

3. Залалсыздандырудын әрбір түрін сәйкесті режимде ұстаңыз.

Автоклавта t-120°C, +2°С, 0,1 атм 15 минут; t-132°C, -2°С, 2 атм 20 минут

ыстық ауа шкафында t-160°C, 150 минут, t-180°C 60 минут

4. Залалсыздандыру тәртібін бақылаңыз. Термиялық залалсыздандыру біткеннен соң, оның индикаторын эталонына сәйкес тексеріңіз.

5. Залалсыздандырылған бұйымдарды залалды зонаға түсіріңіз.

6. Химиялық залалсыздандыруда медициналық бұйымдарды стерилиянттары бар ыдысқа орналастырып, қақпағын тығыз жабыңыз. Химиялық залалсыздандыру біткен соң бұйымдарды тазартылған сумен жуып, қолданады немесе асептикалык жағдайдан кейін сақтау мақсатымен орауға ораңыз.

7. Стерилизаторлардың жұмысын есептейтін журналды толтырыңыз.

 


 

Стандарт