Көк тамырға иньекияны орындау

 

Мақсаты: емдік-дәрілік ерітіндіні қанға ағыс екпінімен енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

Қарсы көрсетілімдері: дәрілік затқа аллергиялық реакция, болжаған инъекция жасайтын жердің терісінің және тері шел майының зақымдануы, тесетін көк тамырдың қабынуы (флебит).

Енгізілетін жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік, аяқтың сыртқы беткейлік, бастың (балаларға) беткейлік веналары.

Аскынулар: гематома (кан ісік), некроз (өлі еттену), флебнт (көк тамырдыц кабынуы), тромбофлебит (көк тамырдыц тромбозы және кабынуы), дәрілік затты қате енгізу, дәрілік және ауалы эмболия (қан тамырдың эмболиямен тығындалуы), сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі), АҚТҚ, гепатит (бауырдың қабынуы), аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған көлемі 10-20 мл бір рет қолданылатын шприцті (иненің ұзындығы 40 мм), лотокті, салфеткаларды, мақта шариктерін, тері антисептигін, ампуладағы дәрілік ерітіндіні, резеңке қолғапты, кленкалы валикті, резеңке бұрауды (венозды манжетаны), зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, шокқа қарсы арналған жиынтықты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқастың аты-жөнін анықтап, емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. Дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті беріңіз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, тері антисептигімен өңдеңіз, демперде мен қолғапты киіңіз.

3. Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қара).

4. Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қара).

5. Науқасты отырғызыңыз немесе кушеткаға жатқызыңыз.

6. Науқастың шынтақ астына кленкалы валикті (жастықшаны) орналастырыңыз (шынтақ буынында қолды максимальды жазу үшін).

7. Резеңке бұрауды (венозды манжетаны) иықтың ортаңғы бөлігіне салфетканың немесе ішкі киімінін үстінен байлаңыз.

8. Бұрауды былай байлаңыз: оның бос ұштары жоғары қарай бағытталған болады, ал ілгегі төмен, кәріжілік артериясында тамыр соғуы өзгермеуі керек.

9. Науқастың жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын, сосын оның қысуын (қанды көк тамырға қарай айдау үшін) сұраңыз.

10. Науқастың білегін қол ұшынан, шынтақ бүгілісіне қарай бағыттап уқалаңыз, қолдың ұшымен сәл ғана шапалақпен шынтақ шұңқыры аймағын ұрыңыз (көк тамырдың толуын күшейту үшін).

11. Көк тамырды зерттеңіз. Қолмен сипалап, ең көп толған көк тамырды табыңыз.

12. Қолғапты тері антисептигімен тазартыңыз.

13. Тері антисептигімен суландырған мақта шариктерімен екі рет тазартыңыз, үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақтар арасына салыңыз.

14. Оң қолға шприкті алып: II саусақпен - иненің канюлясын, V саусақпен - шприцтің поршенін. II, IV, I – саусақтармен цилиндрді ұстаңыз.

15. Шприцте ауаның жоқтығын тексеріңіз.

16. Сол қолдың үлкен саусағымен шынтақтын бүгілген аймағының терісін біраз қозғалтып, иіегіне қарай тартыңыз, көк тамырды бекітуге және қолдағы шприцтің қалпын ауыстырмай отыра, иненің қиығын жоғары қаратып ұстап, көк тамырға қатарластыра ұстап, көк тамырды тесіңіз. сосын абайлап иненің ұшын бір ұзындығын «қуысқа» түскенін сезгеніне көк тамырға енгізіңіз.

17. Поршенді өзіңізге қарай тартқанда шприцте қан көрінуі керек, иненің көк тамырға түскеніне көзіңізді жеткіңіз.

18. Сол қолмен бұраудың бір бос шетін тартып шешіңіз, науқастан жұдырықты ашуын сұраңыз.

19. Ине көк тамырда екеніне қайтадан көзіңізді жеткізіңіз.

20. Шприцтің қалпын өзгертпей отыра, сол қолдың бірінші саусағымен поршенді басып, шприцтің поршенін тірелгенге дейін жібермей, жайымен дәрілік ерітіндіні көк тамырға енгізіңіз.

21. Залалсыздандырылған, спирттелген 3-ші мақта шаригін тесілген жерге басып, инені шығарыңыз.

22. Тесілген жерді тері антисептигімен суландырған мақта шаригімен 3-5 минуттай басып, науқастан қан толық тоқтағанға дейін шынтақ бүгілісінен қолын бүгуін сұраңыз.

23. Мақта шаригін контейнерге салыңыз.

24. Шприцті инесімен, иненің қиығын тигізбей, қолғапты арнайы контейнерге салыңыз.

25. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту: арнайы венозды манжетканы қолданғанда ондағы клапанды таре еткізіп ілгешегін жабады және венозды қанағым тоқтағанға дейін оның бос шетін тартады.

 

 

Бағдарлама № 4 арнайы пәндердің Бекітемін

ЦК отырысында қаралды Астана қ. медициналық колледж

Цикл төрайымы ______Ковалева Г.А директоры_______ А.Н. Саржанова

№ хаттама « » 2014ж « » 2014ж

 

Стандарт

Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып енгізу үшін бір рет қолданылатын жүйені құрастыру.

Мақсаты: көк тамырға тамшылатып құю, көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу (тәулігіне бірнеше литрге дейін, қанды, қан препараттарын және қан ауыстырғыш ерітінділерді құю).

Қолдану көрсетілімдері: айналымда жүрген қан көлемін қайта қалпына келтіру, парентеральді тамақтандыру, улануды жою.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған сұйықтықты, тамшылатып енгізуге арналған бір рет қолданылатын жүйені, флакондағы дәрілік ерітіндіні, флаконның этикеткасына науқастың аты-жөні, палатасының номері жазбаларын, мақта шариктерін, қолғапты, дем пердесін, қайшыларды, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцент, тамшылатуға арналған штативті (тіректі), тері антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, жабысқыш пластырьды.

Іс-әрекет алгоритмі

1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, тері антисептигімен қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

2. Дәрілік ерітіндіні тамшылатып енгізу үшін бір рет қолданылатын жүйені даярлаңыз (сақталу мерзімін және ораудың саңылаусыздығын тексеріңіз).

3. Дәрілік ерітіндісі бар флаконды даярлаңыз (дәрілік ерітіндінің атын, мөлшерін, сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз. Этикеткасына науқастың аты-жөнін, палатаны көрсетіңіз.

4. Флаконның металды қалпағының ортаңғы болігін пинцетпен алыңыз.

5. Тері антисептигіне суландырған мақта шариктерімен флаконның резеңке тығынын 2 рет тазартыңыз.

6.Бір рет қолданылатын жүйенің пакетін қайшының көмегімен ашыңыз, ораудан жүйені шығарыңыз.

7. Жүйенің бұрандалы қысқышын жабыңыз.

8. Жүйенің қысқа шетіндегі инені алып, қалпағын шешіп, оны флаконның резеңке тығынына тірелгеншс енгізіңіз. Тамызғыштағы ауа кіргізгішті ашыңыз (егер де ауа кіргізгіші болса, оны флаконның тығынына тірелгенше енгізіңіз), оның бос шетін флаконға бекітіңіз.

9. Флаконды түбінен төңкеріп жоғары қаратып, сол қолмен жүйенің бос шеті ұстап, штативке бекітіңіз.

10. Тамызғышты ақырын қысып, жарты көлеміне дейін дәрілік ерітіндімен толтырыңыз.

11. Бұрандалы қысқышты ашып, жүйеден ауаны толық шығарғанша және инъекция жасайтын инемен тамшы көрінгенше жүйенің ұзын түтігін ертіндімен ақырын толтырыңыз.

12. Бұрандалы қысқышты жауып, инъекция жасайтын инеге қалпақты
кигізіңіз.

13. Жүйенің ұзын түтігінде ауа көпіршігінің жоқтығын тексеріңіз.

14. Тері антисептигімен суландырған мақта шариктерін,
салфеткаларды, ұзындығы 4-5 см сопақ жіңішке (1см) 2 жабысқыш пластырьді
салыңыз.

Ескерту: Кейбір системаларда ауа кіруге арналған тесік тұп-тура тамызғыштың үстінде болады. Бұл жағдайда тек тесікті жабатын бітеуішті ашады.

Бағдарлама № 4 арнайы пәндердің Бекітемін

ЦК отырысында қаралды Астана қ. медициналық колледж

Цикл төрайымы ______Ковалева Г.А директоры_______ А.Н. Саржанова

№ хаттама « » 2014ж « » 2014ж

Стандарт