Жел шығаратын түтікті қою

Мақсаты: ішектегі желді (газды) шығару.

Қолдану көрсетілімдері: іш кебу, ішек атониясы, жібіту клизмасын қойғанда.

Қарсы көрсетілімдері: ішектен қан кеткенде, тік ішектің түсуінде, жуан ішек және аналь тесігі аймағының жедел қабыну немесе ойық жара үдерісінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, қанаған геморройда.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған жел шығаратын түтікті, лотокты, шпательді, қолғапты, вазелинді, кленканы, жаялықты, халатты, алжапқышты, судноны сумен, салфеткаларды, әжетхана қағазын, кермені, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ы

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

2. Науқасты кермемен қоршаңыз (егер де емшара палатада орындалса).

3. Науқастың қасына отырғыштың үстіне судноны қойыңыз (судно ішіне аз мөлшерде су құйыңыз). Науқастың бөксе астына кленканы салып, оның үстінен жаялықты төсеңіз.

4. Науқасты сол жақ қырына немесе шалқасынан жатқызыңыз, оның аяқтары тізесінен бүгілуі керек.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

6. Жел шығаратын түтіктің домалақ ұшына 20-30 см ұзындығына вазелинді жағыңыз.

7. Түтіктің ортасын бүгіп (бүктеп), оның бос ұшын оң қолдың 4 және 5 саусақтарымен қысып, ал домалақ ұшын жазатын қаламұштай ұстаңыз.

8. Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен жел шығаратын түтікті анус тесігіне енгізіңіз, оны тік ішекке қарай жылжытып ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

9. Науқасты шалқасына бұрыңыз немесе сол жағдайда қалдырыңыз.

10. Жел шығаратын түтіктің бос ұшын су құйған судноға немесе лотокқа салыңыз.

11. Жел шыққанда (Су көпіршіктің шығуы бойынша) көзіңізді жеткізіңіз, суы бар судноны немесе лотокты алыңыз, ал жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшын жаялыққа конверт түріндс ораңыз.

12. Науқастың хал-жағдайын әрбір 20-30 минут сайын бағалаңыз.

13. Науқастың үстін жауып, ішекте түтікті жел толық шыққанша 1 сағатқа қалдырыңыз.

14. Абайлап айналмалы қозғалыспен түтікті шығарып алып, анус тесігі айналасын салфеткамен немесе әжетхана қағазымен тазартып. вазелин майы жағылған салфетканы бөксе аралығына салыңыз.

15. Жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітінлісіне салыңыз.

16. Қолғапты шсшіңіз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

17. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту: егер де ішектен жел толық шықпаса, емшараны 2-3 сағаттан кейін

 


Стандарт

Майлы клизманы қою.

Мақсаты: Емдік. Ішек бұлшық еттерін босаңсыту, нәжісті сұйылту, түйілуді азайту және қалыпты ішектің жиырылып кеңеюін қалпына келтіру.

Қолдану көрсетілімдері:тазарту клизмасының әсері болмауы, спастикалық іш қату, ұзақ іш қату, жуан ішектің қабыну аурулары, операциядан Iкейінгі кезең, босанғаннан кейін.

Қарсы көрсетілімдері:асқазан немесе ішектен қан кету, тік ішектің қатерлі ісігінде, аналь тесігі аймағындағы сызат немесе тік ішектің түсуі, қансыраған геморрой.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған жел шығаратын түтікті, лотокты, Жане шприцін немесе алмұрт тәрізді баллоншаны, шпательді, қолғапты, салфеткаларды, кленканы, жаялықты, вазелин майын, 100-200 мл мөлшердегі майлы ерітіндіні, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқастың аты-жөнін анықтап, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Кушеткаға кленканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Науқасты кермемен қоршаңыз, немесе клизма жасайтын арнайы бөлмеге апарыңыз

3. Науқасты сол жақ қырына жатқызыңыз, оң аяғы тізе буынынан бүгіліп, ішіне қарай келтірілуі керек.

4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

5. «Су» моншасында t - 38°С дейін жылытылған 50-100 мл майлы ерпіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.

6. Жел шығаратын түтіктің саңылаусыз домалақ, бітеу ұшына 20-30 см ұзындықка вазелин майын жағыңыз.

7. Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолымен жел шығаратын түтікті абайлап айналмалы қозғалыспен аналь тесігіне тік ішекке қарай жылжытып енгізіп, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

8. Майлы ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алып, енгізер алдында оның ауасын шығарып, жел шығаратын түтіктің бос ұшына жалғастырып, ақырын тік ішекке енгізіңіз.

9. Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе қолмен қысыңыз.

10. Жел шығаратын түтіктен алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцін шығарып алыңыз.

11. Жане шприціне немесе алмұрт тәрізді баллоншаға ауа сорып алып, қайтадан оны жел шығаратын түтікке жалғастырып, түтікте қалған майлы ерітіндіні тік ішекке қарай үрлеп (итеріп) жіберіңіз.

12. Жел шығаратын түтікті шығарып алып және алмұрт тәрізді
баллоншаның ұштығын зарарсыздандыру еітіндісіне салыңыз.

13.Аналь тесік аймағының терісін салфеткамен сүртіңіз.

14. Науқасқа ыңғайлы жағдай жасап, терең демалуын сұраңыз. 10-12 сағат ішінде дене жағдайын өзгертуін сұраңыз.

15. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

Ескерту:

емшара жасар алдында науқас қуығын босатуы қажет; майлы клизманы емдік мақсатпен жасағанда алмұрт тәрізді баллоншаны қолданыңыз; науқас тізе-шынтақ қалпында болуы қажет; майлы клизманы түнде қою қажет.

 


Стандарт