Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу

Мақсаты: диагностикалық

Қолдану көрсетілімдері: науқасты зерттеу.

Асқынулар: гематома, тромбофлебит, сепсис, вирустық гепатит, АҚТҚ. Қан алатын жерлері: шынтақ бүгілісінен, білектің, қолдың беткейлік веналары.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған 10-20 мл көлеміндегі бір рет қолданылатын шприцті, лотокты, мақта шариктерін, салфеткаларды, тері антисептигін, масканы, қолғапты, штативтегі пробиркаларды, су өтпейтін тығындарымен резеңке бұрауды, кленкалы жастықшаны, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Науқастан таңертең тамақ қабылдамағанын анықтаңыз.

2. Лабораторияға жолдама жазып, пробирканы нөмірлеңіз.

3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуына көмектесіңіз.

4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Оларды тері антисептигімен өңдеңіз (стандартты қараңыз).

5. Масканы, қолғапты, қорғаныш көзілдірікті, алжапқышты киіңіз.

6. Бір peт қолданылатын шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз).

7. Науқастың шынтақ астына кленкалы жастықшаны салыңыз.

8. Резеңке бұрауды қуықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе іш киімінің үстінен салыңыз.

9. Бұрауды былай байлаңыз: оның бос ұштары жоғары қарай бағытталған болады, ал ілгегі төмен.

10. Кәріжілік артериясындағы тамырын ұстаңыз (тамыр соғуы сақталу керек).

11. Көк тамырды зерттеңіз. Ең көп толған көк тамырды табыңыз.

12. Көк тамырды толтыру үшін науқастан жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын, сосын оны қысуын сұраңыз.

13. Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.

14. Тері антисептигіне суландырған екі мақта шариктерімен шынтақ бүгілісі аймағын, инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз, оларды контейнерге салыңыз. 3-ші мақта шаригңн сол қолдың 4 және 5 саусақтар арасында ұстаңыз.

15. Оң қолыңызға шприцті алыңыз: 2 саусақ - иненің канюлясында, ал 3,4 саусақтармен цилиндрді жоғарыдан орап алыңыз, 1 саусақты төмен ұстаңыз.

16. Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен көк тамырды бекітіңіз.

17. Инеден қалпағын алып, әдеттегідей көк тамырды тесіңіз (науқастың жұдырығы қысылған).

18. Поршенді өзініңізге қарай тартыңыз, ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.

19. Сол қолмен ақырын поршенді өзіңізге карай тарта отырып, 5-7 мл қанды шприцке сорып алыңыз.

20. Резеңке бұрауды шешіңіз, науқас жұдырығын ашуы қажет, жылдам қозғалыспен көк тамырдан инені шығарыңыз.

21. Тері антисептигіне суландырған мақта шаригін инъекция жасаған жерге 3-5 минутқа салыңыз, науқастан шынтақ буынынан қолды сәл бүгуін сұраңыз.

22. Шприцтен инені алып, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

23. Шприцтен қанды пробирканың қабырғасына жай қысусыз құйыңыз, оның шашырамауын қадағалаңыз.

24. Су өтпейтін тығынмен пробирканы жабыңыз.

25. Қаны бар пробирканы штативпен бірге контейнерге қойыңыз, оны
тығыз жабыңыз.

26. Науқасқа тұруға немесе жайлы қалып алуына көмектесіңіз.

27. Көк тамырды тескен жерден қан бөлінбегеніне көзіңізді жеткізіңіз.
Науқастан мақта шаригін алып. контейнерге салыңыз.

28. Контейнер мен жолдаманы биохимиялық лабораторияға жіберіңіз.

29. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған
контейнерге салыңыз.

30. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: көк тамырдан биохимиялық анализге қанды алу таңертең ашқарында 10 мл мөлшерінде жүргізіледі;

ЖҚТБ және RW қан алуды күннің әрбір уақытында 5 мл мөлшеріндс жүргізіледі;

қанды алуға арналған пробирка құрғақ болуы керек (әйтпесе эритроциттердің гемолизі болады). Химиялық таза, қатты қайыстырылған резеңке тығыны болады;

шприцсіз қанды алуға тыйым салынады - тек инемен (қан шашырау қауіпісіздігі бар).

жолдамасында пробирканын нөмерін, зерттеу мақсатын, науқастын аты-жөнін, жынысын, жасын, диагнозын, номірін көрсетіңіз;

вакутайнер (BD VACUTAINER) - қауіпсіз жүйесі бар қанды алу -медициналық қызметкерлерді максимальды қорғауды, алатын материалдың сапасын қамтамасыз етеді.

 


Стандарт