Альбититтік кен орындар. Кен тасушы ерітінділердің сілтілі кезеңінің кен пайда болуы?

Пегматиттік пайдалы қазбалар кен орындарының пайда болу шарттары?

Пегматиттер деп тереңдік массивтер өатаюының соңғы сатысында қалыптасатын, минералдық құрамы, морфологиясы, құрылымы мен генезисі бойынша өзіндік сипатқа ие соңғы магмалық денелерді айтамыз. Олар интрузиялық таужыныстар мен постмагмалық кен желілері арасында өтпелі жағдайда болады. Пегматиттер кеңістікте интрузиялық таужыныстармен байланыста, өйткені олардың ішінде немесе тікелей солардың маңында орналасады. Пегматиттер мен түп нұсқа таужыныстардың құрамы бірдей болғанымен, олар бір-бірінен мынадай ерекшеліктерімен ажыратылады; пегматиттер денелердің өлшемі кішілеу болады, пішіні желі мен ұя тәрізді, ішкі құрылысы белдемденген, таужыныстардың құрылымы ірі және зор түйірлі, минералдық құрамы күрделі, құрамында ұшпа минералдаушы компоненттер, сирек және сирек жер элементтер болады, бұрынғы минералдық ассоциацияларды кейінгілердің алмастыру белгілері байқалады. Пегматиттерге кез келген құрамды интрузиялық таужыныстар да кездесетіні тән. Бірақ олардың арасында басым таралғаны және жетекші мәнге ие болатыны гранит пегматиттер, кейде сілтілі және ультранегізді пегматиттер кездеседі. Пегматиттердің өнеркәсіптік құндылығы өте жоғары болғанына қарамай, олардың генезисіне қатысты көптеген мәселелер әлі күнге дейін толық шешімін тапқан жоқ. Пегматиттердің минералдық құрамында силикаттар мен оксидтер басым кездеседі. Пегматит денелерінің негізгі пішіні қарапайым қабат тәрізді және күрделі желілер, ал кейде линза, ұя және құбыр тәрізді денелер де кездеседі. Денелердің өлшемдері ерекше әр түрлі: қалыңдығы 10-25 метрден 50-200 метрге дейін ауытқиды: еңістігі бойынша ұзындығы ондаған жүздеген метрге дейін, созылымы бойынша жүздеген метрден бірнеше километрге дейін.

Карбонатиттік пайдалы қазбалар кен орындарының пайда болу шарттары?

Карбонатит кенорындарын соңғымагмалық жарылымдардың айрықша типін құрайды. Зерттеушілердің көпшілігі оларды жеке топқа бөледі. Бірақ олардың ультранегізді шөгінді таужыныстардың күрделі интрузивтерімен кеңістікте және генетикалық байланыста болуы, пайдалы минералдық массалардың аталған интрузиялардың аяққы сатысында бөлінуі – бұл кенорындарды сипатталып отырған класқа жатқызуға мүмкіндік береді. Карбонатит кенорныдарын біршама сирек ижәне олардың құрамында соңғы кездері ғана қызығушылық туындаған өте айрықша пайдалы компоненттер жиынтығы бар. Қазіргі кезде карбонатит ультранегізді – сілтілі таужыныстардың 200-дей массиві анықталған. Олардың ішінде тек 20-сы ғана өндіріс нысаны бола алады. Мұндай массивтер Карелияда, Кола түбегінде, Шығыс Сібір, Приморьеде табылған, сондай ақ олар АҚШ, Канада, Гремания, Швеция,Норвегия, Финляндия, Гренландия, Австралия, Үндістан, Ауғанстан, Африканыың бірқатар аумақтарында белгілі. Интрузивтердің құрылысы концентрлі-белдемді болады. Олар шток, лопотит, сақиналық, жартылай сақиналық дайкалар жүйесі, жарықшақтық сызықша созылған массивтер, күрделі піщінді денелер боуы мүмкін. Қалыпты жағдайда массивтердің орталық бөліктері сілтілі таужыныстардан тұрып, олар ультранегізді таужыныстармен жіктеледі, ал ары қарай гнейс белдемі, содан кейін метасоматоздық таужыныстар белдемі орналасады. Карбонатит жатындары шток массивтің орталығына қарай еңіс орналасқан конустық дайкалар, қарама-қарсы еңіс жатқан радиал дайкалар жасайды. Кен денелердің өлшемі әр түрлі: штоктардың көлденең қимасы жүздеген метрден 10 км-ге дейін; дайкалардың созылымы бойынша ұзындығы жүздеген метрден 1-2 км-ге дейін. Карбонатиттердің 80-90% бөлігі карбонат минералдардан тұрады. Олардың құрамында сонымен қатар апатит, флогопит, титанмагнетит, сирек минералдар- бадделит,пирохлор, перовскит, монацит, сирек жер карбонаты кіреді. Карбонатиттер өте маңызды өнеркәсіптік мәнге ие. Олармен тантал, ниобий, сирекжерлердің негізгі ресурстары, титан, темір кені, флюорит, флогопит, апатит,т.б. едәуір қоры байланысты.

Гидротермалдық және гидротермалдық пневматолиттік пайдалы қазбалар кен орындарының пайда болуының физикалық – химиялық шарттары және сыйғыздырушы жыныстардың өзгерісі?

Гидротермалық кенорындар негізінен жер қыртысының жоғарғы бөлігінде айналымданатын және суыған магмалық денелердің туындылары болып табылатын, минералданған ыстық газдық-сулық ерітінділерден қалыптасады. Пайдалы қазбаларды жасайтын минералдық заттар көпшілік жағдайда сулық ерітінділерде тасымалданады. Олар физикалық химиялыұ құрамы бойынша жүзгін, коллоид, молекулалық ерітінділерге жатады. Жүзгіндермен суспензиялар – дисперсиялық фаза бөлшектерінің өлшемі0,1 мкм-ден асатын ерітінділер. Гидротермалық кен жаралуда олар елеулі рөл атқара өоймайды. Коллоид ерітінділер гидротермалдық үдерістерде үлкен рөл атқарады. Олардың коагуляциялануынан гель пайда болады да, ары қарай метаколлоид минералдық массаларға айналады. Шынайы немесе молекулалық ерітінділер гидротемалық кен жаралудың негізгі көзі болып табылады. Жорамал бойынша гидротермалық ерітінділер суының көзі магмалық, метаморфтық, ежелгі шөгінділер құрамында көмілген терең айналымды атмосфералық су болуы мүмкін. Магмалық балқымадан оның қатаюы және магмалық таужыныстар қалыптасуы үдерісінде бөлінеді. Эксперимент пен төгілген лаваларды зерттеу деректері бойынша магмадағы судың мөлшері 1-7 шамасында, бұл гидротермалық кенорындар дамуының масштабын түсіндіре алады. Гидротермалық ерітінділерден минералдық массалар түзілуге мыналар себеп болуы мүмкін: ерітіндідегі және ерітінді ығысқан кездегі заттардың алмасу реакциялары, ортаның қышқылдық-сілтілігінің өзгеруі, коллоидтардың коагуляциясы, сүзілу әсері, сорбция, табиғи электр өрістерінің ықпалы, ерітінділер температурасы, жүйе қысымының өзгеруі.

Альбититтік кен орындар. Кен тасушы ерітінділердің сілтілі кезеңінің кен пайда болуы?

Өнеркәсіптік нысан ретінде бұл кенорындар зерттеушілердің назарын жуықта ғана аударып, олардың жүйелі зерттеу жұмыстары соңғы жиырма жылда жанданды. Альбитит-метасоматоздық жолмен жаралған лейкократтық таужыныс. Оның құрамында ұсақ түйірлі негізді альбитит массасының аясында кварц, микролин, слюда, сілтілі амфиболдар немесе пироксендердің порфир бөлінімдері байқалады. Альбитиитік кен орындар шамалы немесе орташа тереңдіктердің қышқылды және сілтілі құрамды, жасы әр түрлі интрузиялық жиынтықтармен байланысты. Олар интрузив масситерінің апикал бөліктерінде, апофизалаоында, күмбез тәрізді дөңестерінде орналасып, айырылымды тектоникалық бұзылыс белдемдерінде бақыланады. Кенденудің апикал бөлікшелері ауқымында орналасуы, бұл жерде интрузив массивтерінің терең бөліктерінен шыққан кенжасаушы ерітінділердің ұзақ уақыт бойы жинауыш (коллектор) рөлін атқарған төмен қысымды белдемдер пайда болғандығымен түсіндіріледі. Кенорындардағы кен денелері штоквергпен минералданған уатылу белдемдері пішінді, олардың заттық құрамы күрделі. Кендену дамыған аудан бірнеше км2-ді қамтиды, тереңдігі жүздеген метрден 600м тереңдікке дейін таралады. Альбититтерде тантал, ниобий, торий, уран. Сирекжер, цирконий кенорындары орналасады. Олар Ресей, ҚХР, Үндістан, Намибия, Нигерия, Канада, Бразилия аумағында дамыған.