Келіссөзжүргізуге рұқсат берілді

Облыс басында әскери губернатор отырды.

Облыстық басқарма 3 бөлімнен тұрды – шаруашылық, сот және жарлықты іске асыру

Облыстар уездергебөлінді.

Ауылдарға енген шаңырақтар саны – 100-200.

Уез бастықтарын генерал-губернатор тағайындады.

Салықтан босатылған – Шыңғыс тұқымдары.

Отырықшы елді мекендерінде полициялық және басқару билігі ақсақалдар қолына берілген облыс – Сырдария.

Губернатор бекіткен Қазақстандағы отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны – билер мен қазылар соты; оларды бекітті әскери губернатор.

1867-68жж. реформа бойынша әкімшілік басқару –5-ке бөлінді.

Капиталистік құбылыстар ене бастады –ХІХғ.соңы.

 

ХІХғ.-ң 60-70 жылдарындағы қазақ халқының азаттық күресі

Қазақ даласы бойынша бәріне міндетті «Шаңырақ салығы» енгізілді: 1-3 сомға дейін.

Орал мен Торғай облысындағы көтеріліс (1867-68ж.): уақытша ережемен байланысты еді.

Көтеріліс басшылары – жеңілдіктерінен айырылған ру басшылары еді.

Ж. Фон Штемпель басқарған топқа көтерісшілер Жамансай көлі маңында шабуыл жасады.

1869ж. наурыз-маусым айларында шаруалар өз феодалдарына қарсы 41 шабуыл жасады.

Көтерілісшілер саны – 3мың.

Маңғыстаудағы көтерілісті басу үшін әскери құрама әкелінді – Кавказдан.

1870ж. Маңғыстау көтерілісшілерінің басшылары – Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы.

«Бұларды келістіріп жазалау керек» деген – әскери министр Милютин.

Адай елі 2жылдың ішінде160мың сом салық төлеуге тиіс еді.

1870ж. Маңғыстау көтерілісі кезінде қазақ шаруаларының рухын көтерген – Рукин отрядының талқандалуы.

Көлұлы басқарған 3000-ға жуық шаңырақ 1870ж. желтоқсан айында Хиуа хандығынаөтіп кетті.

Көтерілістің жеңілуінің бір себебі – рулық-патриархалдық құбылыстардың сақталып қалуы.

Маңғыстау көтерілісінің ерекшелігі – жалдамалы жұмысшылардың қатысуы.

Адайлықтар соғыс шығыны ретінде 90000 қой өткізуге міндеттенді.

1870ж. көтеріліс орталығы - Маңғыстау.

 

Азақстанда капиталистік қатынастардың дами бастауы

Қазақстанға қоныс аудару - ХІХғ-ң 60-жылдар ортасында басталды.

Шымкент, Әулиеата, Ташкент уездерінде 1884-1892ж. аралығында құрылған

қоныстар саны – 37.

1868ж. «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» уақытша ереже қабылдаған-Колпаковский.

1868-80жж қоныс аударушылардың көп келген аймағы – Жетісу.

Жан басына 30 десятина жер берілді.

Ауылдық пролетариаттың әлі қалыптасып үлгермеген тобына жататын –қазақ жатақтары.

Бөкей ордасында тұңғыш жәрмеңке 1832ж. ашылды.

ХІХғ.жәрмеңкенің басты дамыған өңірі – Ақмола облысы.

Қарқаралы уезіндегі жәрмеңке 1848ж. Қоянды деген жерде ашылды.

1883ж. жаңа ережеге сай шаруалар салықтан 3 жылға босатылды.

1893ж. 15 десятинажер бұрын қоныстанған шаруаларға берілді.

Мемлекеттік банктің бөлімшелері ашылған қалалар – Петропавл, Семей, Орал, Омбы, Верный.

ХІХғ. соңында халық көп қоныстанаған қалалар – Орал, Верный.

 

Азақстанның Шыңжаңмен өзара байланыстары

1851ж-ға дейін Ресейдің Цин империясымен сауда-экономикалық байланысы –Кияхта қаласы арқылы жүзеге асырылды.

Ресей1851ж. Қытай мен Құлжа келісіміне қол қойды.

1855ж. Шыңжаң мен Қазақстан сауда байланысын уақытша тоқтатақан – Шәуешектегі орыс көпестерінің сауда орындарын жергілікті тұрғындарының өртеуі.

1864ж. Қащғарияда құрылған – Жетішар мұсылман мемлекеті.

1881ж. Петербург келісіміне қол қойып, бұл келісім Ресей мен Қытайдың Қазақстан арқылы сауда байланыстарына кең жол ашты.

1882ж. Англияда су кемесін сатып алған Верный көпесі – Юлдашев.

Іле су жолы – 1883ж. Ашылды, соңғы нүктесі – Сүйдін бекінісі.

ХІХғ-ң екінші жартысындағы орыс-қытай қарым-қатынастарындағы белді оқиға – Іле су жолының ашылуы.

Жетісу өлкесіндегі ірі жәрмеңке – Қарқара.

Қазақ жері арқылы Ресейдің Шыңжаңмен тауар айналымының дамуы - Англия тарапынан бәсекелестікті өршітті.

1890ж. маусымда Шыңжаңмен сауда ұйымдастыру үшін: Түркістан округімен қатар Семей сауда округі құрылды.

1894ж. тамызда Сібір темір жолы іске қосылды.

1845ж. Торғай бекінісісалынды.

 

ХІХғ. аяғындағы Қазақстанның әлеуметтік-саяси дамуы

1886ж.маусымда «Түркістан өлкесін басқару және онда жер салық өзгерістерін енгізу» туралы ереже бекітілді.

1886жылғы ережеге сай Түркістан өлкесінде 3 облыс құрылды – Сырдария, Ферғана, Самарқан.