Функциялар. Тізімді құру

Функция енгізілген ұяшық мысалы ретінде: =А5+ sin (С7) формуласы келтіруге болады, мұндағы А5- ұяшық адрес , sin ()- функция аты, жақша ішінде оның аргументі тұрады, С7 аргумент (сан, мәтін және т.б), бұл сәтте С7 ұяшығында сан болуы тиіс.

Excel программасының кейбір функциялары:

-SQRT (x)- х санының оң мәнді квадрат түбірін анықтайды, мысалы, sqrt (25) = 5.

-SIN (x)- радианмен берілген х бұрышының синусын анықтайды. Мысалы: sin(0.883) =0.772646.

-MAX (т з м)- бер лген тізіміш інен ең үлкен (максимум) мәнді анықтайды, мысалы: MAX (55, 39, 50, 28, 67, 43)=67.

- SUM (т з м) - бер лген тізімнің (блоктың) сандарының қосындысын айтады. Мысалы: Sum (А1: ФЗОО) - Ф1:АЗОО блогының 300 ұяшығындағы сандардың қосындысын табады.

Функция аттары орыс тіліне аударғанда Excel нұсқаларында орысша беріліп, басқаша жазылуы мүмкін.

Жиі пайдаланылатын қосынды табу функциясы үшін аспаптар тақтасында аранйы батырма бар.

Функция атын формулаға кірістіру үшін Функцияның шеберін пайдалануға болады, ол Кірістіру Функция (Всавка Функция) командасымен немесе F бейнеленген батырма арқылы іске қосылады. Батырма басылғанда экранға функциялар бейнеленген сұхбат терезесі шығады. Соның ішінене керектісін таңдап алып Қадам (Шаг) батырмасын басу керек. Сонда Функция шеберінің екінші терезесі экранға шығады да, одан аргументті таңдап алуға болады.

Диаграммалар

Диаграмма - сандық шамалар мен олардың ара-қатынастарын геометриялық тəсілдермен шартты түрде бейнелеп көрсету.Excel программасындағы диаграмма термині сандық мәліметердің графиктік түрде бейнеленуінің барлық жағын қамтиды. Графиктік бейнелеу берілген мәліметтер қатары негізінде құрылады. Берілген мәліметтері бар жеке алынған жол немесе бағаннан тұратын ұяшықтар тобы мәліметер тобын құрайды. Бір диаграммада бірнеше мәліметтер қатарын бейнелеуге болады. Диаграмма деп жұмыс кітабының бір парағына енгізілген графиктік обьектіні айтады. Ол мәліметтер тұрған парақта немесе кез-келген басқа парақта орналасуы мүмкін. Диагамма өзі тұрғызылған мәліметтермен әрқашан тығыз байланыста болады. Егер мәліметтер жаңартылатын болса, диаграмма да автоматты түрде соған сәйкес өзгереді.

Диаграмманы тұрғызу үшін Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) қолданылады. Ол стандарты аспаптар панелінде орналасқан диаграмма шебері батырмасының көмегімен іске қосылады. Әдетте диаграмма тұрғызар алдында мәліметтер орналасқан аймақты ерекшелеп алады немесе бұл мәліметерді Диаграмма шеберінің барысында енізуге болады.Диаграмманың түрін таңдап алу. Диаграмма шеберінің алғашқы сатысында диаграмманың түрін таңдап алуымыз қажет. Стандарттықыстырмасындағы Түр(Вид) тізімінде диаграмманың қолда бар түрлері көрсетілген. Таңдап алынған түр үшін терезенің оң жағында мәліметтердің көрсетілуінің түрлі нұсқаулары көрсетілген. Сонын ішінен ең қолайысын таңдауымыз қажет. Стандарты емес қыстырмасында пішімделген, толығымен қалыптасқан диаграмма түрлері бейнеленген. Диаграмманың түрін таңдап алынғанна кейін Ары қарай ( Далее ) батырмасын басамыз.

Мәліметтерді таңдап алу. Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) жұмысының екінші сатысы диаграмма тұрғызылатын мәліметтердің таңдап алудан басталады. Егер мәліметтер ауқымы алдын- ала берілген болса, Диаграмма шебері терезесінің үстінгі жоғарғы бөлігінде орналасқан адын-ала қарап шығу аймағында тұрғызылатын диаграмманың жуық бейнесі пайда болады. Егер мәліметтер бірдей ауқымды тік төртбұрышты қамтитын болса, онда оны мәліметтер ауқымы (Диапазон данных) қыстырмасы бойынша таңдап алған қолайлы. Егер мәліметер бірегей топтан емес, жеке қатарладан тұрса, онда оны Қатар (Ряд) қыстырмасы бойынша енгізген дұрыс.

Диаграмманы безендіру. Диаграма шеберінің үшінші сатысы ( Ары қарай батырмасын шерту арқылы алынады ) диаграмманы безендіруден тұрады. Диаграмма шебері терезесінің қыстырмларына төмендегі параметрлер енгізіледі:

· диаграмманың аты, осьтерінің атаулары (Тақырыптары қыстырмасында);

· коордиаттық осьтердің кескінделуі мен белгіленуі (Осьтер қыстырмасында);

· координата осьтеріне параллель тор сызықтардың кескінделуі (Тор сызықтар қыстырмасында);

· тұрғызылған осьтердің сипаттамасы (Атаунама қыстырмасында);

· графиктің элементердің жеке мәліметтеріне сәйкес келетін атауларды бейнелеу ( Мәліметтер қолтаңбасы қыстырмасында );

· графикті тұрғызуда пайдалынылған мәліметтерді кесте түрінде көрсету ( Мәліметтер кестесі қыстырмасында);

Диаграмманы орналастыру. Ары қарай (Далее) батырмасын басу арқылы Диаграмма шеберінің соңғы сатысына көшеміз. Бұл терезеде диаграмманы жаңа параққа немесе бұрынғы жұмыс парақтарынң біреуіне орналастыратынымыз жайлы сәйкес өрістердің біреуіне жауап бреміз. Дайын (готово)батырмасын шертіп, өзіміз көрсеткен парақта орналасқан дайын диаграмманы аламыз.