Азақ ауыз әдебиетінің зерттелуі.М.Әуезов М.Ғабдуллин Қ.Жұмалиев еңбектері

Қазақ ауыз әдебиетінің зерттелуі. М.Әуезов, М.Ғабдуллин, Қ.Жұмалиев еңбектері

Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы.

Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ мағыналары бір емес.[1]

Қазақ халқының ауыз әдебиетін жинау жұмысы 18 ғ-дан басталады. Ресейден Қазақ даласына шыққан түрлі эскпедициялардың мақсаты фольклорлық және этногр. деректерді де жинау болатын. Алайда, фольклор үлгілерін жүйелі түрде жинау жұмысы 19 ғ-да жүзеге асты. В.В. Радлов, Г.Н. Потанин, Ш.Уәлиханов, А.Е. Алекторов, А.В. Васильев, сияқты ғалымдар ауыз әдебиеті жанрларын жіктей отырып, олардың текстол-сына да көңіл бөлді. Түптеп келгенде фольклорлық мұраны жинау және жарыққа шығару халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, наным-сенімін, дүниетанымын білудің негізгі дерек көзіне айналды. Ал 20 ғ-да фольклорды жинау мен жариялау жұмысы, мейлі ол идеологияның құралына айналса да, мемл. тарапынан қолдау тапты. 20 ғ-дың басындағы Ә.Диваев бастаған бірнеше экспедициялардан бастап, жер-жерден жинау жұмысы үздік-создық күні бүгінге дейін жалғасып келеді.

Фольклор үлгілерін жинау ісі оны жарыққа шығару жұмыстарымен қатар жүріп жатты. 19 — 20 ғ-дың басында Қазан, Уфа қ-ларында қазақтың батырлық жырлары, діни және ғашықтық дастандары көптеп жарық көрді. “Ер — Тарғын”, “Қыз Жібек”, “Алпамыс”, “Бозжігіт”, “Мұңлық — Зарлық”, “Шәкір — Шәкірат” т.б. жыр- дастандар дүркін-дүркін қайта басылып шықты. Ал, кеңестік дәуірде А.ә-тінің көптеген үлгілері белгілі бір түзетулер мен редакциялауларға ұшыраса да, көпшілікке жол тапты. Эпостар, дастандар, ертегілер, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, айтыстар, шешендік сөздер, жұмбақтар т.б. тізбелі болып та, жеке де жарыққа шығып келеді. Бұлардың ішінде, әсіресе, “Алпамыс”, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу”, “Қыз жібек”, “Қамбар батыр”, “Қобыланды батыр” эпостарының екі тілдегі ғыл. (қазақша және орысша) басылымының шығуы фольклор текстол-сындағы ірі жетістік болды. Бұған қоса А.ә-нің көптомдық басылымын (1997 жылға дейін 17 томы шықты) шығару қолға алынды. М.Әуезов, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, М.Дүйсенов, Н.Төреқұл, Р.Бердібаев, М.Мағауин, С. Қасқабасов т.б. ғалымдардың бірнеше іргелі еңбектері жарық көрді. А.ә-нің тарихы мен методологиясы жан-жақты зерттелді.

Мәлік Ғабдуллиннің "Қазақ халқының ауыз әдебиеті” атты оқулық-монографиясының ғылыми мәні ерекше зор. Ғалымның қазақ фольклоры саласында ұзақ жылдар бойы жүргізген зерттеу жұмыстары осында жинақталған. Оқулықта фольклордың және оның жанрларының анықтамасы, ерекшелігі, идеялық, көркемдік сипаты түсіндіріледі. Оқулық "Ауыз әдебиеті туралы түсінік” деген кіріспе тараумен басталады. Батыс, орыс фольклорында "мифтік теория”, "ауысып алу теориясы”, "тарихи мектеп” деген әр түрлі теориялар, ағымдар болған. Ғалым бұлар жайында да қысқаша түсінік береді.

Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен айырмашылығы, көп варианттылығы, тұрақты тіркестердің қайталанып отыратындығы және ақын, жыршы, әнші туралы жан-жақты талдау жасаған.

Оқулықтың бірінші тарауы "Тұрмыс-салтқа байланысты туған шығармалар” деп аталған. Олар:

Төрт түлік мал, еңбек кәсіп жайындағы.

Үйлену салтына байланысты.

Діни ұғымға байланысты.

Көңіл-күйін білдіретін өлеңдер.

Бірінші топқа аңшылық жайындағы өлеңдер де қосылады. Наурыз жырлары да осы тақырыппен қарастырылады. Үйлену салтына байланысты туған өлеңдерді жар-жар, той бастар, сыңсу, жұбату, беташар деп атайды, ал діни ұғымдарға байланысты өлеңдер бәдік, арбау, жалбарыну, бақсы сарыны деп жіктейді.

Төртінші топқа жатқызылған қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау өлеңдері "Мұң-шер өлеңдері” деп аталады

Ұлы ғалым Мәлік Ғабдуллин мақал-мәтел, жұмбақтар жайында да үлкен ойлар айтқан. Бұлар фольклордың ұсақ жанры десек те, қамтитын тақырыбы, мәселесі жағынан ауқымды да жан-жақты туындылар. Автор мақал-мәтел, жұмбақтардың жиналу, жариялану , зерттелу тарихына айрықша тоқталған.

М.Әуезов, Ө.Тұрманжанов, т.б. еңбегін айрықша атайды. Мақал мен мәтелдің ұқсастығын, айырмашылығын айта келіп, бұларға ғылыми анықтама береді.

Ғалым ұстазымыз қазақ ертегілерін мазмұнына, тақырыбына қарай ішкі жанрларға жіктейді:

Қиял-ғажайып ертегілері.

Хайуанаттар жайындағы ертегілер.

Тұрмыс-салт ертегілері

Аңыз-әңгімелер.

М.Ғабдуллин Алдар көсе, Жиренше, Асан қайғы, Қожанасырдың тарихта қашан болғаны, нақты өмірбаяны белгісіз тұлғалар жөніндегі аңыздардың да өмірдің өзінен алынғанын, оқиғаларының нанымды екенін тілге тиек етеді.

Батырлар жыры бұл ғалымның бүкіл ғылыми қызметінде айрықша зерттеген қастерлі тақырыбы. " "Батырлар жыры” жинақтарының (үш томдық) жалпы редакциясын басқарды.

Сондай –ақ, М.Ғабдуллин айтыс өлеңдерін мазмұнына, тақырыбына қарай екі топқа бөледі : біріншісі – халықтың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрып салтына байланысты туған айтыстар. екіншісі – ақындар айтысы. Алғашқы топқа жататындар жар-жар, бәдік айтысы, "Қыз бен жігіт айтысы”, "Жұмбақ айтысы” және "Діни айтыс” .Айтысты зертеушілердің бәрі де, оның ішінде осы оқулық авторы да тұрмыс-салт айтыстарын ерте заманда пайда болған көне түрге жатқызады. Бұл кейіннен айтыстың күрделі түрлерінің, мысалы, ақындар айтысының туып, қалыптасуына себеп болды дегенді айтады. Соңғы ақындар айтысын сүре айтыс, түре айтыс деп екіге бөледі.

Жұмалиев 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап қазақ фольклорын, әдебиет тарихы мен теориясын зерттеумен шұғылданды.

• 1958 – 60 жылдары 2 томдық “Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері”

1-томына

• “Қобыланды батыр”

• “Алпамыс батыр”

• “Ер Тарғын”

• “Қамбар батыр”

• “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”

• “Қыз Жібек”

• “Айман – Шолпан” эпостары туралы зерттеулері енген.

2-томында 19 ғасырдағы қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармашылығы талданған.

• 2 томдық “Әдебиет тарихы” (1960). Екі томдық “Әдебиет тарихы” кітабында қазақ әдебиеті тарихына кең ғылыми шолу жасалып, 18 – 19 ғасырлардағы жыраулар, ақындар, жазушылар шығармашылығы жан-жақты зерттелген.

Мұхтар Әуезовтің ғалымдық жолы көпке белгілі. Ол жасынан-ақ жазушылық қызметпен бірге әдебиет туралы ой-пікірлерін жариялап, ескі жыр-өлеңдерді жинап, оларды зерттеу саласында да өнімді еңбек етті. Оның қаламынан қазақ халқының ауыз әдебиетіне арналған көптеген зерттеулер шықты. Ол ғылыми жұртышылық мойындаған фольклоршы болатын және өмірінің соңғы күндеріне шейін Ғылым Акедемиясының Әдебиет және өнер институтында ауыз әдебиеті бөлімін басқарды. Сонымен бірге Мұхтардың біздің ұлттық әдебиетіміздің тарихына, кеңес тұсындағы әдебиет дамуының өзекті мәселеріне арналған еңбектері де бірсыпыра.

қазақ әдебиеті барлық жұрттың әдебиеті сияқты, екіге бөлінеді: біріншісі ауызша әдебиет, ел ақындығы. Екіншісі – жазба әдебиеті. Ел ақындығы не ауызша әдебиет: елдің жазу өнерін білмей жүрген кезінде шыққан сөздер. Жазу өнері болмаған соң, ол елде ғылым, мәдениет те тумаған болады. Ондай елдің өнер, білімі бір ауыздан екінші ауызға көшіп, сонымен сақталады. Жалпы білім деген нәрсесі, алдыңғының артқыға тастап келе жатқан мұрасы сияқты, ауызша әңгімелерінен құралады. Сол ретпен ескіліктен қалған сөзді, өнер иесі болған арнаулы жалғыз адам ғана біліп қоймайтын, жалпақ ел болып үйреніп, түгелімен есінде сақтайды.

Ол кездің өнерін жалпақ ел түгел ұғынатын болғандықтан, екінші, кейінгі ұрпақтың түгелімен аталатын білімі, тәрбиесі де сондайлық көпке бірдей болып айтылатын жалпы әңгімелерден жасалғандықтан, бүкіл бір елдің жалпы дүниеге көзқарасы да, өткен өмірді түсінуі де бір-ақ түрде болады. Кейінгі буын өмірді түгелімен алдыңғыша түсініп, соларша тәрбиеленеді. Сондықтан ауызша әдебиеттің ішінде елдің белгілі ұғымын білдіретін, жалпы дүниеге көзқарасын сездіріп, өткенді қалай түсінуін көрсететін сөздің барлығы да бір-ақ адамға тиісті өнер емес, ол – көптің, жалпақ елдің сыбағасына тиетін өнер туындысы.

Рас, бүгінгі салт өлең мен батырлар өлеңдері болса, оның барлығын жалпақ ел болып отырып шығарған сөздер емес, оның жеке шығарушылары бар. Бірақ бұл шығарушы ақындар сол сөздердің ішінде жалғыз өзінің көзқарасын, жалғыз өзінің ған ұғымын айтпайды, олардың өлең, жыр ішінде айтатыны – түгелімен жалпақ елдің ұғымы мен жалпақ елдің көзқарасы. Айтатыны – көптің қарадай айтып жүрген сөзі. Сондықтан өлең қылушылар ауызша әдебиеттің құр ғана жақсы айтушысы, құр ғана әңгімешісі болдаы.

Ел ақындығын жасаушылар солар деп сануға болмайды. Сондықтан:

1.Ауызша әдебиеттің шығарушысы жалпақ ел дейміз. Ауызша әдебиет жұрнақтарының арнаулы шығарушысы жоқ.

2.Ауызша әдебиеттің барлық жұрнақтары күйге өлшеніп, арнаулы әнмен айтылады. Сол себепті оның сыртқы түрінде жазбадан айырмасы бар. Ол желпініп айтылады. 3.Ауызша әдебиетте бір жаққа қарай беттеген арнаулы бағыт болмайды. Оны елдің дін нанымы, елдің белгілі салты, әдеті туғызады.

Жас ұрпаққа білім берудің Әуезов дәстүрлерін одан әрі дамытудағы қызметін өз алдына қойғанда, кафедраның қазірігі қазақ әдебиеті мен әдебиет тарихы саласында өзі ашып-тұрақтындырған үш түрлі ғылыми мектебін айрықша атап айтқан жөн.

Олардың бірі – қазақ әдебиеті тарихының көне және орта ғасырдағы тарихы. Екінші мектеп бойынша әдебиет теориясын түбегейлі мәселелері кең зерттеліп, терең талданып, жоғары мектепке арналған оқулық жазуды және онымен ширек ғасыр бойы ұстаздар мен шәкірттер ғана емес, ғалымдар мен жазушылар, жалпы әдебиет сүйгіш қалың жұрт сусындап келеді.

Үшінші сала - әдеби сын. Бұл проблеманы басында профессор Т.Кәкішев бір өзі жеке- дара алып зерттеп, талай архивтердің қоңыржай қоймаларын ақтарып-төңкеріп, одан тапқан құжаттар мен жазбаларды жан-жақты пайдалана келе, қазақ әдеби сынының оқулығын(«Сын сапары») жазып шықты. Бұл - құнды кітап. Сондықтан да бүгінде туған әдебиетіміздің тірі процесін толғап-талдайтын сыншылар мен зерттеушілердің қай-қайсысы да бұл кітапты айналып өтпейді, әдеби сын тарихының алғашқы соқпағына соқпай кетпейді.

«Әдебиет тарихы» жазылғаннан кейінгі көптеген жылдар ішінде, ең алдымен М.Әуезовтің өзінің эстетикалық көзқарастары сан алуан өзгерістерге түсті, дамыды, кемелденді, екінші жағынан, жалпы қазақ әдебиеттану ғылымы тереңдеді, жаңа концепциялар, бағыттар пайда болды, толып жатқан зерттеулер, монографиялар, диссертациялар жазылды. Бұл саладағы табыстарды, жемістерді мүлде мансұқ ету барып тұрған солақайлық болар еді. Сөйтсе де, идеологиядағы солақайлық, тұрпайы догматизм кесірінен әдебиет тарихын теріс түсіндірген, ірі тұлғалардың өзін қаралап көрсеткен, тіпті мүлде ауызға алмай қойған кездердің кесірі әлі де жойылып біткен жоқ.

Ал, «Әдебиет тарихында» мезгілінде объективті ғылыми тұрғыдан айтылған терең тұжырымдар қатарында қазақ елінің отарлануы, өз тәуелсіздігінен айырылуы, осыдан туған кесепаттардың әдебиеттегі көріністері туралы байлам - пайымдауларды жатқызу керек.

Әдебиет тарихын дәуірлеу мәселелеріне келгенде, автордың исламға дейінгі және исламнан кейінгі әдебиет деп ұзақ тарихты екі орасан үлкен кезеңге бөліп қарауында ғылыми негіз жатыр.

Қазақ әдебиетінің тарихы, бағыты жағынан айтылған осы сияқты азын – аулақ мағлұматқа қарап, барлық жазба әдебиеттің салмағын өлшегенде, қазіргі қалпын бағалағанда, айтатын сөз: біздің әдебиет әілі жас, әлі бойы өсіп жетілген жоқ. Өткен күніне қарап, келешегі зор десек, біздің әдебиет келесі күнде шығатын талай тұрғылырының біреуіне ғана жаңа – жаңа тырмысып келеді. Бұл күнге шейін біз саяз жүзіп жүрміз. Қазақ әдебиеті өмірінің бетіндегі қаймағын жалап жүр. Бұрынғы әдебиеттің ішіне тазша бала менен жалшы сақау қатын да кірген болса, бүгінгі әдебиетке қалпақ киген, оқығаннан бастап, қой жайып жүрген қойшыға шейін кіруге тиіс. Әдебиет сол күнде ғана өмір айнасы, өмір тезі болуға мүмкіін.

Дарияның тасқынындай,

Қайнар бұлақтың мөлдір суындай.

Әуезов деп танылған

Жаушының жоқтығын – ай.

Бүкіл әлем білген оны,

Біледі де осы күні.

Әлемдік тұлға деп атауға

Ешкім қарсы болмас енді, - деп

заманымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ХХ ғасырдағы биік шыңы – ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұланғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Әуезов кәдімгі қазақтың «сегіз қырлы, бір сырлы» дейтін кісілікті Кісісі, Ұлы тұлғасы. Ол – ұстаз ғана емес, жазушы әрі ғалым және осы үш қырының үшеуін де айта қалғандай айқындап, айшықтап алған, үш мамандығының үшеуін де жете меңгерген, үшеуінде де иненің жасуындай осалдық танытпаған, үшеуінде де алып, күшті. Ал осы үш түрлі қасиетінің де сарқып құяр сағасы біреу, ол - әдебиет. Әдебиет – ардың ісі. Қазақ әдебиеті – қазақ атаулының ғасырлар бойғы тағдыры мен талайының, тұрмысы мен тіршілігінің көркем шежіресі ғана емес, халықтық қасиеті, ұлттық паспорты, адамдық һәм азаматтық келбеті – мүсіні мен мінезі, автопортреті. Әлемдік мәдениетке қазақ халқы қандай көркемдік игіліктер қосты дегенде, ауызға алынар есімнің бірі - Әуезов. Ол - әлемдік құбылыс. Әукзов ғасырлар бойы жиналып келген қазақ топырағындағы асыл құнарлардың жарқырап қайта көрінуінің үлгісі.