Ы. Алтынсарин өлеңдері мен әңгімелері, аудармалары, зерттеулері. (1841-1889). 2 страница

18. М.Жұмабаев поэма/ы,зерттелуі.М.Ж.поэмалар жазу саласында аса өнімді еңбек еткен.Оның «Қорқыт»(22ж)ғ «Ертегі»(22), «Оқжетпестің қиясында»(23), «Қойлыбайдың қобызы»(23) «Батыр Баян»(23), «Жүсіп хан»(24)тәрізді поэмалары бар.1)БАТЫР БАЯН.Ақынның жазуы бой-ша,бұл хикаяға Абылайхан тұсындағы 2ел арсындағы бейбітшілік,достық қарым-қатынас орнағанға дейінгі оқиға өзек б-н.Ашу үстінде қол бастаушы Баян батыр өзі қамқор болып жүрген кіші бауыры Ноян мен сұлу қалмақ қызын өлтіреді.Жазығы-олардың көңіл қосып,елден қашуы. «Батыр Баянда»ашу қысқан соқыр сезім мен махаббат атты мөлдір сезімнің арпалысын суреттей отырып,ақын оқырманды небір қиырға салдырған ойға Б.Баян кім?!Ардақ тұтар тұлға ма?Жоқ әлде інісін өлімге қиған қанішіер ме?Жо-жоқ!Б.Баян елі үшін Жаралған-ұлт ұланы.2)ҚОРҚЫТ. Поэмасы қазақ ауыз әд/дегі белгілі аңызыдқ кейіпкер-Қорқыт тур.туынды.Өлімнен қашып,ажалмен күрескен Қорқыт-Мағжан үшін мәңгілікке символ болар қаһармандық бейне,өлмес рух.Оны жырлау өмір үшін күресті жырлау.Тағды/ң тауқыметін көп тартқанымен ақын о дүниені аңсайдыдеген ой тумауы к/к,ол өмірін күреспен өткізіп, «Қорқыттай қобызыммен көрге кірсем»деген ұлы арман иесі.Мағжанның жан қобызы-оның поэзиясы,мәңгі жас,өміршең өлеңдері.Бұл поэмада автор ұсынған идея-мәңгілікке күрес идеясы.3)ЕРТЕГІ.поэмасы/ң бас қаһарманы-Кенесарының көкжал ұрпағы Сыздық.Бірақ бұл-Абылайдың арыстан заманы,Кененің қабылан заманы өтіп,ел азып,ер арыған заман.Ел рузын көтере алмай,көкжал Сыздық/ң түзде жортқан заманы.Мағжан поэманы неге «Ертегі» деп атады десек, онда үлкен мән бар.Айналасын өрт шалып,санасы түтінге тұмшаланған ақынды құтқарушы-қиял сәулесі.Ол ертегіден ем іздейді.Жапанда жалғыз жортқан Сыздық-еркіндік символы.Поэмада Кенесары/ң ұлы Сыздықтың елінің азаттығы жол-ғы күресте ертегі сияқты ерлік істері айт-ды. 4)Оқжетпес қиясында.Кенесарының қозғалысы тур.5)Жүсіп хан.поэма/да Иран елі/ң патшасы Аббас ханға балгер 10-шы күні тақта отыра берсең қаза боласың дейді.Хан таққа уақытша кімді отырғызарын білмей базардағы Жүсіпті отырғызады.Ол жалшыларды жақтайды.10-күні Жүсіпті сұмдар өлтіреді.Зерт/уі:Ыдырыс Мұстанбаев «Жұмабаев пн Тоқсанның тобы»атты мақала-да Мағжан-ң шығ-рын қолдайды; Әбдірахман Байділдин «Әдеби энциклопедияның 4томында Мағжанды әдеби емес,саяси тұрғыда бағалады.Т.Кәкішев «сайыс»кітабында Мағжан-Сәкен,М.-Сәбит деген бөлім/де сөз еткен.Д.Ысқақұлы М.Ж.туралы «Қазақ елі,1 ауыз сөзім саған»деген кітабында толық жазған.Мағ-ға «Алқа»ұйымын құрды,оның бағд/ын жасады д.абақтыға қамайды.А)Махаббат тақ-на арн.өлең-і: Сүй,жан сәулем;Төгілген шашы; Күміс нұры ай; Сүйгенім анық;Хор сипатты қарындас; Гүлсімге; Шолпы; Сен сұлу.Б)Саяси тақ-қа: Шын сорлы; Сорлы қазақ; Қазағым; Пайғамбар; Жаралды жан; Орал тауы; Күншығыс. «Алыстағы бауырларыма»өлеңі 1920-22ж/ры ұлт-азаттық Түркиядағы көтеріліске арналған.

19.С.Сейфуллиннің өлеңдері, поэмалары. С.Сейфуллин шығармашылығының зерттелуі. 1894 ж. Ақмола обл. туған. 1938 ж.қ.б. Сәдуақас шын есімі. Тұңғыш «Өткен күндер» өл-р жинағы Қазандағы «Мақтубат кәримия» баспасынан бас-п шық. С. 20 жаста. Кітапқа енген өлеңд-ң әл-к-қоғамдық мазмұны, көрк-эстет-қ ерекшелігі, ақындық қуаты жас қаламгердің табиғи үздік талантын, фил-қ дүниетанымын анық көрсетіп берген. С. жинағындағы өл-р идеялық тұрғыдан алғанда ағартушылық, демократтық бағытта, сыншыл реализм әдісінің арнасында жазылғанд. көреміз. Қаз. өміріндегі халық тұрмысындағы маңызды әл-к тақырып-ды көтереді. Патша отаршылығы, қаз. ел-ң қараңғылықтан көзі ашылмағандығы, қаз. бай/ң надан мен топастығы, кедейлік, білімге үндеу «Мұра», «Түс», «Кім басшы-аға халыққа!», «Қаз сабағы», «Надан бай», «Жетімге», «Інішегіме» дег өл/де кезд. Оқу-білім қуып жастай қалаға кеткен жасөсп/ң елге деген сағынышы, ел тұрм/н, этногр/қ жайт/ы бейн. «Жайлауға көшу», «Жайлауда қымыз ішу», «Айт күні» өл/нен жақсы көрінеді. 1922 ж.Орынборда бас.шық. «Асау тұлпар» жинағы-қазақ поэз/да жаңа мұрат/р, жаңа игіліктер/ді жырлаған туынды б/ы. «Далада», «Жазғы түнде», «Көңіл», «Сәулем», «Өткен күн». 1917 ж.9 наур/да жаз/н «Асығып тез аттандық» өлеңі-ақын шығармаш-ғы жаңа күрт бетбұрыс-төңкерісті жырлаудың басы. Терең мазмұнды, асқақ идеялы «Тұлпарым», «Сағындым», «Қамаудан», «Адасқан/ға» т.б. өл/рі қаһарлы күндер/ң сұсты келбетін, өмірлік терең шындық/ды ашады, ауыр күрестерде шынығып шыққан революционер тұлға/ын жасайды. 1924 ж «Домбыра» жинағында ақын таланты бұрынғыдан терең аш/п, сан алуан тақырыптағы көрк. туынд/р береді. «Алтай» 25, «Жазғы далада» 23, «Лезде-ақ артта қалады» 23 өл/де асқақ пафос, жалынды рухпен қоса, кей тұста тәтті мұң төгіліп, тебіреністі сыр шертіледі. Тағы бір көңіл аудар-қ жаңалық «Аспанға ұш», «Самұрық», «Автомобиль» 23, «Жел қайықта», «Қызыл жұлдыз» 24, өл/де өсіп өрлеудің, дамудың бейнесі рет.самолет, авт/ді, күрестердің символы-қызыл жұлдызды жырлайды. 1926 ж Қызылордада бас ш. «Экспресс» жинағы.Әл/к лирика «Советстан» 25. Сәкен лирика/ң тұғыр кейіпк/ң бірі әр мамандықтағы жұмысш.б/ы. «Баспахана» 27, «Тізушілер»27, «Тоқу фаб/де» 29, «Сылауш/р жыры» 29.Поэма: «Аққудың айыр»25, «Қызыл ат»33-34, «Көкшетау», «Альбатрос» 32ж жаз.33ж бас ш. поэмасы кезеңнің көкейтесті тақырыбы-рев/я, соғ, Ленин тұлғасын сомдауға арн. актуальды, заман талабына үн қатқан, зәру талапқа ақындық жауап рет. туған шығ.Алғ.өл.жинағы 1914 ж. «Өткен күндер» Қазанда жарық көрді. Бұл жылд/ғы өлең-жыр/да ақын қарапайым еңбекш/р мен кедей/і аяусыз қанауға ұшыратқан қаз.байл. мен патша әкімд.сынға алады. С.поэз/ң жаңашыл мәні рев/я тақ/ын, өз дәу/ң өзекті проб/ын зор ынта, қуатпен, терең құштарлықпен тебірене жырлау сипатынан аңғ/ды.С.поэз/ң жаңашыл қасиет/ң бірі оның д/ж-лік ж/е орыс әд.клас/нен,замандас қаламгер/ден творч/қ тұрғыдан үйрене білуінде жатыр. Ол Мицкевич, Пушкин, Лерм/в мұра/н жетік меңг/н, өз тұрғыластарын да мұқият оқыған.Сәкен (Сәдуақас) Сефуллин 1894ж бұрынғы Ақмола обл,Нілді болысының 1- ауылында туған. Сәкен өзі: «Әкем Сейфолла саятшы, аң аулағыш, домбарашы, ақ жарқын, шешем әңгімеші еді», дейді.Ол Нлдегі орыс– қазақ мектебінде (1905-1908), приход мектебінде(1908-1910), Ақмоладағы қалалық училищеде(1910-1913) оқыған. Тұңғыш «Өткен күндер» өлеңдер жинағы 20 жасында Қазандағы «Матбұғат Кәримия » баспасында басылып шықты.Сәкен поэма жанрында да өндіре еңбек етті. Поэма – лиро эпикалық жанрдың бір түрі. Ол өлеңмен суреттейтін көлемді поэтикалық шығарма. Сәкен «Домбыра», « Советстан» (1924), «Экспресс»(1926), «Көкшетау» (1929), «Альботрос» (1933), «Қызыл ат» (1934). Солардың ішіндегі шоқтығы биік «Көкшетау» тарихи тақырыпқа жазылған өзінің эстетикалық, көркемдік, филослфиялық биік талғаммен, тарихи тақырып пен тұлғаларды жан – жақты қамтуымен ерекшеленген туынды. Поэма Көкше тарихынан алуан – алуан мифологиялық сюжеттерге поэтикалық тіл бітіруден басталады. Ақын жер – су, тау –тас аттары жөніндегі қазақ халқының ежелгі аңыздарын поэтикалық шығармаға арқау етеді. Ақын «Жеке батыр» атанған таудың аңызын 3 шумақ өлеңмен қысқа қайырады. Ақ қағазға қара қарындашпен сызып салғандай сурет: биік жоталы, таудай басына дулыға киген сақалы төсін жапқан, қыр мұрынды, жасы қырыққа таяу келген батыр шалқасынан келбеп жатыр. Поэманың ең негізгі бөлімі қазақ – қалмақ қырым қатынастырының бір оқиғасына арналған. Қазақ эпостарында, әдеби шығармаларда үнемі зорлық көрсетуші – қалмақтар болса, Сәкен поэмада – керісінше бейбіт жатқан қалмақ ауылдарын Абылай хан қолы шабады. Жұмбақ жырдың тиегін ағытқан қалмақ қалмақ қызының характерін беру үшін ақын оның көңіл – күйін көлбеңдеп, ширатылып, құлашын сермеген, бүктеліп, бауырын жазған жүйрікке, әңгімені әнмен ырғап, толғана шерткен сыңқылдаған аққуға теңейді. Қалмақ қызының басына тағы қауіп төнген тұста Әрекетке Адақ араласады. Қыз қойған шарттарды орындай бастайды. Алдымен авққу балапанын алып ұшқан бүркітті, одан кейін Оқжетпес басындағы жаулық байланған қаданы атып түсіреді. Адақ мергендігіне Абылайдың, қалың қолдың, қалмақ қызының қалай қарағандығын ақын сезім-күйлері арқылы даралап бейнелеп береді.Зерттелуі. Әлжаппар Әбішов«Сәкеннің аманаты» А:Өнер,1990ж 288бет. Тұрсынбек Кәкішов «Ескірмейді естелік». А: Жазушы, 1994ж-432бет. «Сәкен сүген арулар» А: Атамұра,1997ж-320бет. Е. Ысмайылов « Сәкен Сейфуллин » А-1961ж. С. Қирабаев С. Сейфуллин критико – биографический очерк. М 1973ж. М. Базарбаев Көрікті ойдан – көркем сөз. Зерттеулер мен меақалалар. А: Рауан,1994жС.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романы оған жаңаша көзқарас.«Тар жол, тайғақ кешу» романы. Жанрлық ерекшеліктері.Қазақ әдебиетіндегі ерекше туындылардың қатарында Сәкен Сейфулиннің «Тар жол тайғақ кешу» романы да аталады. Алғашқы тараулары 1922 жылдан бастап «Қызыл Қазақстан» журналында жарияланған бұл шығарма тұңғыш рет 1927 жылы жеке кітап болып басылды. 1936 жылы роман екінші рет баспаға әзірленгенде, автор оны елеулі өндеуден өткізген. Осы нұсқа бірнеше рет қайта басылды. Туынды орыс тілінде аударылды. Жазушы шығармаға арнап жазған «Беташар» деген алғы сөзде «Мақсұт 1916 жылдары болған тарихи қозғалыстың, ұлы өзгерістің Қазақстандағы өзім көрген, өзім білген, оқиғаларынан баспа жүзінде әйтеуір із қалдыру болды» дейді. Романның «Тар жол, тайғақ кешу» деген аты автордың идеяны ашуда образдық, символдық рөл атқарса, жеке тарауларға берілген аттарда саяси, көркемдік дәлдік бар. Шығарма Омбы семинариясын бітіріп, 1916 жылы Ақмола уезіне келіп, Бұғылы еліндегі ауылдық мектепке мұғалім болып тағайындалған жас Сәкен Сейфулиннің оқу басталғанға дейін жалпы Россияда өтіп жатқан санақ жұмысына қалай орналасқанын баяндаудан басталады.Туындыдағы барлық негізгі сюжетті ақынның өзі бастан кешкен, не өзі көзімен көрген, не өзі естіген оқиғалар жүйесі құрайтындықтан, шығарманың автобиографиялық, тіпті мемуаралық сипаты сезіліп тұрады. Мұнын үстіне Қазақстан өміріндегі аса маңызды әлеуметтік қоғамдық істер, күрделі тартыстар, дәлірек айтқанда, 1916 жылғы ұлт азаттық қозғаласы, төңкеріс жылдарының көрінісі, нақты дерекпен, объективті тұрғыда көрсетілгендіктен де бұл туындыда саяси роман қасиеттері мол. Әр түрлі партиялар программаларын, түрлі қоғам қайраткерлерінің дүние танымын, мақсаттарын, заман шындығын дәл беру үшін жазушы тарихи деректерді, газет материалдарын өзгеріссіз қалпында, цитата түрінде алып отырады. Ондай көркемдік тәсілдер шығармаға көсемсөз, журналистика элементтерін ендірген. Осындай жайттар «Тар жол, тайғақ кешуді» тарихи мемуаралықроман деуден гөрі, деректі саяси роман қатарына қосуға көбірек негіз береді.

С.Сейфуллиннің поэмалары. Оларды жаңаша пайымдау. Сәкен эпикалық поэмаларды дүниеге әкелді. Ол “Аққудың айырылуы”, “Лашын әңгімесі” поэмаларында өршіл романтикалық махаббатты дәріптейді. Ал, “Советстан” , “Альбатрос” поэмаларында өмір құбылыстарына таптық, социолистік идеология тұрғысынан үңіледі. “Қызыл ат” поэмасында қазақстандағы “Кіші Октябрьдің” авторы Голощекиннің қазақ халқын ашаршылыққа, басшылыққа ұшыратқан қанқұйлы, агрессиялық саясатын символдық образдар арқылы оның жауыздығын, шовинистік саясатын ишарамен жеткізеді. Поэмада “Қызыл ат” еңбекші шаруа. Дастанда жаны күйген ақын бейнесі оқырманды ауыр ойға жетелейді. “Көкшетау” (1922) поэмасы ақынның творчестволық ірі табысы. Шығарма оқиғасы өз ел аузындағы ауыз-әңгімелермен сабақтастырады. Автор Абылай хан образына таптық тұрғыдан қарап, оны жағымсыз бейне деңгейіне құлдырататыны социолистік реализмнің талабына лайықталғаны. Әйтсе де қалмақ қызы, оны құтқарушы. КӨКШЕТАУ» ПОЭМАСЫ Арқаның кербез сұлу Көкшетауы Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын. Жан-жақтан ертелі кеш бұлттар келіп, Жүреді біліп кетіп есен-сауын. Сексен көл Көкшетаудың саясында. Әрқайсы алтын кесе аясында, Ауасы дертке дауа, жұпар иісі― Көкірек қанша жұтса, тоясың ба? Ырғалған көкке бойлап қарағайы, Қасында көк желекті аппақ қайың. Жібектей желмен шарпып төңіректі Балқытып мыс қылады иіс майы. Әлеуметтік өмірде, Совет өкіметі үшін күрес жолында ұлтшылдыққа қарсы батыл күрескен.. олардың кертартпалық сыпаттарын үнемі ашып айтып, әшкерелеп отырған Сәкен әдебиетте де осы жат ағымға қарсы үн қатты. Халық аңыздарын зерттей отырып, ақын осы поэмасында Арқаның көрікті жері — Көкшетауды ел тарихымен, оның ізгілік жолындағы күрестерімен байланыстыра жырлады. Ұлтшыл қазақ ақыны Мағжан Жұмабаев шығармаларында, әсіресе, оның «Батыр Баян» поэмасында табиғат ылғи қара жамылған қасіретті күйінде көрінсе, Сәкен «Көкшетауда» табиғаттың ашық көркем күйін советтік жаңа адамдардың жарқын болашағымен байланысты суреттеді. «Көкшетау» поэмасының 1929 жылғы басылуына Сәкен «Он жетіге» деген беташар ұсынған. Бұл он жеті — еңбекші елдің ұлдары, советтік ақын-жазушылар, әншілер. Бұлардың ішінде Сәбит Мұқановтың, Елжас Бекеновтың, Мәжит Дәулетбаевтың, Ғабит Мүсіреповтың, Өтебай Тұрманжановтың, Сабыр Шәріповтың, Бейімбет Майлиннің, тағы басқалардың аттары аталады. Ақын поэмасын осыларға сыйға тарта отырып, советтік дәуірдегі творчество бостандығын, ақын жыры өз меншігі емес, халықтың ортақ меншігі екендігін баса айтады. Сондықтан да ол шығармасын қазақ ақын-жазушыларының біріне емес, бәріне ұсынады. Сондықтан «Кекшетау» біздің мәдени мұрамызға жаңа дәуір тудырған тамаша туындылардың бірі болып кірді. Поэманың орыс тіліне аударылып, кезінде орталык, баспасөз бетінде ұнамды бағалануы да осының бір дәлелі. «Аққудың айырылуы» поэмасында ақын аллегориялық тәсілмен көркем ой айта білген, мәңгілік махаббатты жырлаған.Бас аяғы жұп жұмыр ықшам, келісті туындының ширақ сюжеті, жымдасқан композициясында назар аудару керек. Алдымен Арқадағы құмы маржан, суы күміс, айнала көк кестелі, шайы шымылдық, жасыл құрақты айна көлдің суреті беріледі. Лирикалық кейіпкер анда санда демалысқа осында келер еді. Қызғыш, тауқұдырет, шағала, сұқсыр,қасқалдақ, үйрек секілді көлді мекендеген құстар сәнді болғанымен, бұл мекеннің толымды суретін бере алмайды. Аққудың келуімен көлде жаңаша, әсем тіршілік пайда болады. Қос аққудың махаббат мейрамы басталады. Ақын бұл құбылыстыкөз алдыңызға дәл келтірердей жанды, тірі, динамикалыкартина жасайды. Сұлулық, гармония, табиғаттың тамаша жаратылысы айдын көл, оның бетіндегі шашақты толқындар, суда қалқи жүзе жүріп, сүйіспеншілік ләззатымен балқыған қос аққу мұнын бәрі әсерлі, образды бейнеленеді. Қамыс арасында тығылып тұрып, сұршамерген бір аққуды атып алады. Сөйтіп қас қағымда табиғаттың ғажап жаратқан асылы сұлулық символын мерт қылады. Жалғыз қалған екінші аққудың қиналысын ақын кең толғап, ақыры оның өзін өзі биік көктен тастап жіберуін үлкен трагедиялық күшпен суреттейді. Бірінсіз бірі тірлік ете алмайтын аққу құстардың қасиетін ақын үлкен символдық идея, махаббат идеалы, сүйіспеншілік мұраты ретінде асқақтата бейнелейді.Сәкен Сейфуллин өз шығармашылығында азаматтық позицияны бірінші қатарға қойған, өнердің әлеуметтік, тәрбиелік мәнін аса қатты құнттаған, шығармалары арқылы қоғамға қолма қол ықпал жасауды ойлаған жазушы. Оның барлық жанрдағы туындыларының басты бір ерекшелігі өз заманының, уақыттың көкейкесті, актуальді мәселелерін көтеріп, соларға көркемдік идеялық саралау жасауында жатыр. Кезінде көп даудамай тудырған «Қызыл ат» поэмасында ақын өзі бұрыннан да әр» сәтімен қолданған, аллегориялық әдіспен Қазақстандағы коллективтендіру кезінде кеткен үлкен қателіктерді, солардың кесапатынан туған трагедиялық қиындықтарды, ащы шындықтарды жасырмай айтады. Ақын мен Қызыл аттың айтысына құрылған бұл туындыны қазақ поэзиясындағы ең уытты әлеуметтік сатира деуге болады. Саяси сауаттары төмен белсенділер әшкерлене сыналады, кей жерлерде аштық кеселінен адам шығындары болғанын патриот ақын жасырмай айтады. «Қызыл ат» поэмасында Сәкен Сейфуллин өмірдің трагедиялық қайшылықтарын ашық айтып, дәл бейнелеп, болашақ бағдарларды көрсетуге мүмкіндік беретін

 

20.Б.Майлин-проза жанрының шебері,зерт/уі.Бимғамбет Жармағамбетұлы м.1894ж.бұрынғы Торғай обл.Қостанай уезі,Дамбар болысындағы Ақтөбе д.жерде-қазіргі Қостанай обл,Таран ауд.Майлин ауыл-ды туған.2жасында әкесінен айырылып,Бей.1байдың қолында сауыншысы боп жүрген анасының қолында тәрб-ді.7-ге келгенде сол бай/ң қозысын бағып,кейін атының делбесін ұстады.Әжесі көне жыр-ды көп білетін.Һзі де аздап өлең шығаратын ақынжанды адам екен.Сонд. болар бей.ерте өнерге құмартып,өлеңге әуест-ді.Б.М.сауатын ауыл молдасынан ашады.Кейін бай тұратын Әбдірахман Сатыбалдин дейтін татар мұғ-нен дәріс алады.Кейін Әбд.Арғынбаев дегеннің медресесіне түсіп,2жыл оқиды.(«Шұға-ң блгісіндегі»бас кейіпкер-ң учитель ж/е Әбд.атануы бекер емес).кейін ол Уазифа мект,.Уфадағы медресе-Ғалияда оқиды. Жас/мен «Садақ»атты қолжазба журнал шығ-ды, «Садақ-ң» әрі ред/ры,әрі белсенді авторы б-ды.ХХғ30жыл-ң орта тұсында (1914-1915)Б.М.«Шұға-ң белгісін»жазып, қолжазба журн-да жария/да қ.прозасы жанр ретінде жаңа туып қалып-са бастаған еді.Хикаят оқиғасы дәстүрлі қалыпқа салынған.Кедейден шыққан Әбд.деген мұғ.жігітЕсімбек жеген бай-ң Шұға деген сұлу қызына ғашық б-ды.Жігітті қыз да сүйеді.Бұл байға ұнамайды.Олар жала жауып Әбд-ды айдатып жіб-ді.Шұға айықпас дертке шалдығады.Қызының халіне қиналған әкесі Әбд-ды алдыртады.Әбд.сүйгенімен жолығуға келсе,қайран ару бұл дүниемен қошт-н екен.Хатын оқып,көз жасы көл б-ды.Бұл оқиға жұртқа таныс оқиға.Дәстүрлі дейтініміз сондықтан.көркем прозадағы тұңғыш туындысының өзі бірден жоғарыдағыдай классикалық үлгіге айналған Б.М.өзіне туа біткен,таб.сыйлаған суреткерлік талант құдіретін сөз өнерінің осы саласында ғажайып күшпен танылады.Б.М.қалам қызметіне арн/н бас-аяғы 20шақты жыл ішінде 100-ге тарта новелла жазған ж/е 1қызық жері-өлең/нен поэма/ын ажыратпаған секілді,әңгіме/нен хикаят/ын бөлмеген.Мыс,«Ш.белгісін»автор әңгіме д.атаған.Тіпті бәрінен ұзақ «Қырманда» туындысының өзін «хикаят» демей,1933ж. «5-6 баспа табақтай әңг.бітіріп беремін,-д.жазды.Бұл әңг/де көшпенділермен бірге колхозға кірігіп кеткен қылмысты байл/ң ашылғанын,олардың қырманмен бірге тазарғанын көрсетпекпін».Сонымен Б.М-ң прозасы негізінен ауыл өміріне,оны түбірімен өзгертіп,қайта жасамақ боп өңін айналдырып бара жатқан беймаза мезгіл мінезін бейнелеуге арналған.Мұнда бас кейіпкер-кедей,басым тақырып-кедей тағдыры.«Бей.шығ/ғы дәуіріміздің күнделік жазбалары секілді» (М.Әу.)көрінетіні де, «Б/ң 1жылғы әңгіме/нің басын қосып жинақ жасаса,олар үлкен кезең/ң сырын да,сынын да сипаттайтын роман реуішті»(С.Мұқанов)болатын себебі де сондықтан.Б.М.қ.прозасына хан-қазына боп қосылған ең таңдаулы әңг-хикаят/ң қай-қайсысында болсын,шындықты оқырманға құр түсіндірмеген,түйсіндірген,өмір тур.жай сөйлемеген,сөзбен сурет салып бейнелеген.Мәселен,«80 сом»атты әңг/де бас кейіпкер/ң кедей екені айтылмайды,көрсетіледі.«Егеубай ертеңгі шайын ішіп тысқа шықты.Жапырайған қорасының құлап жатқан бұрышы көзіне шалынады.»Бұл-жанды сурет.үй басына 80сом салық салып,соны жинауға келеді.Егеубай/ң ақша жоқ дегенін ескермей,көк шолағын тартып әкетеді.осы жерде әңг.аяқталады да,автор айтар идея «саусақпен нұсқалмайды».

21.І.Жансүгіровтың лирикалары, поэмалары, сын – сықақ фелетондары.І.Жансүгіров 1922 жылы қарашада Верныйға келіп, «Тілші» газетіне қызметке орналасады. Артынша онда «Қосшылар жайынан» (8 желтоқсан) атты корреспонденциясын және «Осы мезгілде қалай қылсаң болысекең атанасың» (12 желтоқсан) деген сықақ өлеңін жариялады. Соңғысында: Астыңа бір жақсы атты мініп алып, Сымпыстау шолақ киім киіп алып, Халыққа кім екенді танытпаққа Мойынға бір қайысты іліп алып, Ауызға мүштек пенен шылым алып, Халықтың мал жағынан сырын алып,Қолыңа ат-айғырды жиып алып Ақсатып, арқа-басын сылып алып,—отырсаң, болысекең атанасың - деп кекетті.1923—25 жылдары ақын журналист ретінде айқын танылды. «Тілші» газетінде Ілияс, Матай, Ағын, Шолжық деп қол қойып, көптеген материал жариялады. Оларда алуан түрлі келелі мәселелер қозғады. Мысалы, «Жұмағали-Нұркей» шашау сөзінде (1.2.1923) жергілікті жердегі жастар жұмысының жайын білмейтін комсомол жетекшілерін сынады. Бұл түрлеріңмен съезге барғанда не айтасыңдар дегенде: «Анда барғаш ағызармыз тілдің майын» деп тоқмейілсіген Нұркейді «Жарайсың, шұлғаубайым!» деп мазақтады. «Бұзақылыққа дауа» (20.3.1923) мақаласында Жетісуды жайлаған кейбір дерттерді тепсіне баяндады. Ауыздықсыз кеткен жуан жұдырықтар мен елге тыныштық бермейтін ұры-қарылардың мұнда әбден тамыр жайғанын, үкімет адамдарын тұзағына түсіріп алып, ұрлығын, қорқаулығын еркін жүргізіп, еңбекші елдің қанын ішіп, сөлің сорып отырғанын, жалғыз шолағынан айрылғандардың арызы тыңдалмай, сот, әкімдердің тамаққа сатылып өкімет атына кір келтіріп жүргенін ашына айтты. Мысалы, оның бір ғана «Қосшы жиналысында» атты очеркінде «көзінен су аққан сары шал», «шикіл сары жалақ шал», «Беті тыртық қара шал», «тай тері бөркінің құлағын түріңкіреп көзі іріңдеген шұбар шал», «сары тонды, белін кендірмен буған тапалтақ адамдар» жүр. «Кәрі иттің көзіндей сығырайғансығырайған терезе», «судан шығарып тастаған салындыдай бұралып жатқан шарбақ», «сиыр жеген сағырдың қалғанындай жұлым-жұлым қағаздар», «Сұр шекпенді, қоңыр тықыр малақайлы «Союз писарі» оларды бұрқыратып жын ойнатқандай қылып аударыстырып отыр» деген теңеулер бар. Ел тұрмысынан хабарсыз, жоғарғы жаққа аузын ашып, «пәленшекең не айтар екен» дейтіндер халықты сорлатады дейді ел қамқоры. Газет жанрларынан Ілияс, әсіресе екі жанрды — фельетон мен очеркті ерекше сүйіп жазған, жиі пайдаланған. Мұны өзі де ашып айтқан, мақтаныш тұта айтқан. Бірде «Фельетонның жаңа түрін, үлгісін қазақ баспасөзіне кіргізуде біраз қызмет қылып келемін» десе, енді бірде «Очерк деген әдебиеттің бүгінгі бір керекті түрі.Лирикасы:1920-1930 І.Жансугіровтың» Ана тілі», «Қозғалар көңіл...», «Қазақ қазынасы», деген өлеңдер ҚР мемелекеттік архивіндегі ақын қорынан алынды (№37 папка 84,92,101,127,130 беттер.) «Қазақ қазынасы», «Жұлдыз» журналының 1965 жылғы 5-санында жариланған(103 бет)1930-1937 Ақынның 1930 жылдрда жазған махаббат лирикалары ҚР Мемлекеттік архивінде Ф.Ғабитова қорынан алынып,жіберіліп отыр.Бірақ бұладың көбі бұрын мерзімді баспасөз бетінде жарық көрген дүниелер.Мәселен:«Г-ға», «Ақсу аудандық» «Өмір нұры газетінде»(5 маусым,1965ж.) «Түс», «Алдымда сүреті нұр ойнаған», «Бақыттымын», «Сағыну», «Қара теңіз», «Жарияланбаған өлеңдерінен» деген айдаршамен «Лениншіл жас» (4 сәуір,1965ж.)газетінде жарияланған.Ақынның бір топ өлеңдері ( «Өмірді,сәулем,тәттісі-ай», «Лирикалық дәптерлер», «Осыным менің қай қылық»т.б.) «Жарияланбаған өлеңдерінен» деген айдаршамен «Лениншіл жас» (29 мамыр,1965 ж.)газетінде жарияланған.«Қаракөз»,тағы басқа бірнеше махаббат лирикасы Ақсу аудандық «Өмір нұры» газетінің 1965 жылғы 7 мамырдағы санында жарияланды.«Жастықтың жаптым кітабын», «Жаздағы жыл құсыма», «мен айландым көзінен», «неше жылдай көре алмай», «Қара бір көзің мөлдіреп», тәрізді бір топ махаббат лирикасы мен хаттары «Жұлдыз» жұрналының 1983жылғы 1- санында жарияланды.І.Жансүгіровтің лирикалары, олардың көркемдік ерекшелігі. ,,,,,,,,,,,,,,,,,, Ілияс Жансүгіров те Абайға ерте еліктеген ақын. Оның «Қалпымыз» дейтін өлеңі (1915-16ж.) - Абайдың «Сегіз аяғының» үлгісінде жазылған және мазмұнына түрі сәйкес, өз шеңберінде сәтті шыққан өлең. Ел өміріндегі жағымсыз мінездерді Ілияс та Абайша шенеп, Абайша сынайды. «Пайдасыз тақыл, Хайласыз ғафыл Өлуге орға секірер. Дабырлы жолды, Табылды болды, Одан артық не тілер? Ақыл, ой, талап, ар, намыс, Біздің елден жүр шалыс». Ілиястың Абай үлгісімен жазылған өлеңдеріне шолулар жасасақ, алғашқы кезінде үйренуді ол Абайға ұқсау, дәл сондай етіп жазу деп ұғынса, 1922-23 жылдарда жазған өлеңдерінен біз Абай өлең құрылысының үлгісінде жаза жүріп, өзінше өлең түрін жасауға ұмтыла бастағанын көреміз. Мысалы: «Жауын, жауын, Толастамас, сорғалар, Су болды ауыл, Мал-жаны қорғалап... - деген бір шумақты алсақ, 4 буынды жолдар мен 7 буынды жолдарды кезектестіріп, шалыс ұйқасқа негізделген өлең түрі келіп шыққан (бұл - 1922 жылы жазылған «Жауында» дейтін пейзаждық өлең). 923 жылы «Мезгіл суреті» өлеңінде 5 буын мен 7 буынды жолдарды кезектестіру арқылы жаңа шумақ жасалған. «Жерің анау Жасыл жолақ кілемдей. Желің мынау, Жігіт айтқан өлеңдей.Көлің анау, Той ғып жатқан ауылдай. Күнің мынау, Елжіреген енеңдей». Бұлар - шумаққа негізделген жаңалықтар. лдардағы бунақтардың орнын ауыстыру арқылы, оларды басқаша қиюластыру арқылы жаңаша интонация жасаушылық та кездеседі.Жаңа өмірмен, Жаңа елмен Түледі біздің дала, қыр. Күшті күймен, Тәтті әнмен Үдеді біздің жаңа жыр. Екі дауысты дыбыстың түйіскен жерлерінде бір буынға айналу (слияние звуков), сөз дауысты дыбысқа аяқталғанда (керексіз болса) оның айтылмайтындығын еске алсақ, бұл 8 буын мен 7 буынның белгілі тәртіппен келуіне негізделген. Бұлардан басқа да Ілиястың «Жазғы таң» (1922-23ж.), «Мавзолей» (1929ж.), «Қазақстан» (1929ж.), «Май жыры» (1937ж.) атты өлеңдері мен «Жастар» (1924ж.) тәрізді әнге арналған өлеңі бар. Олар туралы әзірше сөз қозғамағанда, жоғарғы «Жауында», «Мезгіл суреттері» - өз тұрғысында бір-ақ рет жазылған, қайталанбаған өлеңдер. Ақынның әдебиетке енгізген жаңа түрін сөз еткенде екі түрлі жайт есте болуы керек: бірінші, ол түрді өзі бірнеше рет қайталап жазумен қатар, басқалардың оны қабылдап, сол түрде жазылған өлеңдердің болуы десек, екінші - түр мазмұнының түрі болып, өзінің ерекше көңіл аударарлық көркемдігімен оқушылар жұртшылығын бірден мойындатуы

І.Жансүгіров поэмалары, зерттелуі.Ілияс шығармашылығын зерттеушілердің кейбіреуі Ілиястың тұңғыш жинағы «Беташар»,1927 жылы басылып шықты деуі жаңсақ. Өйткені, алдымен «Беташар» өлеңдер жинағы емес. Ол тек жалғыз ғана «Беташар» деген ұзақ өлең. Ф.Ғабитова «Ақынның өмірбаяны» атты мақаласында: «Ілиястың бірінші туындысы 1927 жылы «Әйел теңдігі» журналының бесінші санына қосымша болып басылған «Беташар» дейтін 18 беттік кітапша болатын»,- дейді. Ілиястың 1928 жылы жазған өмірбаянындағы: «Беташар –кішкентай үгіт өлең, әйелдер бөлімі басты. Бұл - менің алғашқы шыққан кітабым»,-деген сөзін негізге алып, ілиястанушылар кітап деп есептеп жүр. Қазақ поэмаларының отызыншы жылдардағы ең жақсы үлгілері I. Жансүгіров қаламынан туды. «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмалары осы жанрдың үздік ескерткіштері болып қалды. Бұлардан басқа ақын «Рүстем қырғыны», «Кәнпеске», «Мәйек», «Дала», «Жаңа туған» атты көлемді шығармаларын жазды. Бірнеше поэмасы («Мақпал», «Көбік шашқан», «Исатай») аяқталмай қалған.Ең алғашқы поэмаларының бірі - «Рүстем қырғынында» (1926) ақын Жетісу жерінде болып өткен қанды, қайғылы оқиғаны, ел билеуші төрелердің қазақ руларын бір-біріне кектестіріп, айдап салып отырған озбыр тағылығын көрсетеді. «Кәнпеске», «Мәйек», «Жаңа туған»поэмалары заманалық тақырыпқа батыл барудың нәтижелері. Бұлардың бірінде («Кәнпеске») байлардың мал-мүлкін алып, еңбекшілер игілігіне айналдыру науқанының қызу кезеңі айтылса, екіншісінде («Мәйек») бытырап жүрген жеке меншік елдің коллектив болып бірігіп, «Мәйек» атты колхозға ұйысқаны, мемлекеттен ауыл шаруашылық машиналарын сатып алып, егін салғаны, бірлескен еңбекке үйрене бастағаны көрсетіледі.«Күй» поэмасында ақын қазақ халқының күй қазынасын жеткізген қобызшы шалд\ың бейнесін нақтылы елестетеді. Қобызшыдан бала кезінде естіген «Бозінген» күйінің тарихын баяндайды, әрбір күйдің тасасында ел есінен кетпес тағдыр, тартыс жататынын кең пайымдайды. Азат қоғамда ертедегі зарлы, мұңды күйлердің орнына жігерлі жаңа әуен, саз пайда болғанын, бұрын жекелеген орындаушылар тартқан өнердің өрісі кеңейіп, зор үнді оркестрге ұласқанын ақын шебер түйіндейді («Бұл өктем болат жігер, күрес күйі, қосылған мың-мың дауыс, мың-мың ауыз»).«Күй» поэмасында көтерілген әлеуметтік сарындар «Күйшіде» жаңа қырынан қуатты көркемдік шешімдер тапқан. «Күйші» тарихи оқиғалар негізіне құрылған. Мұнда екі мәселе - күй құдіретін суреттеу мен таптық, әлеуметтік теңсіздіктер зардабын көрсету қатарласа келеді. Кенесары ханның Жетісуға келген кезіндегі бір оқиға ескі өмірдегі ширыққан қайшылықтарды, таптық алалықтарды жарқырата ашуға жараған. Кенесарының Сарыүйсін руынан шыққан күйші жігітті қарындасы Қарашашқа тарту еткені, еріксіз күйшінің басындағы шырғалаң, қатерлі хал, оның алғашқыда қыздан дәмелі болып, соңынан шошынып, азат болуға ұмтылғаны қат-қабат суреттермен берілген. Поэманың үлкен жаңалықтарының бірі - қаһармандар психологиясын өмір ағысына, жағдайға тығыз бірлестіріп, тұтас бейнелер жасауында.I. Жансүгіров поэмаларының идеялық-көркемдік жағынан күрделісі -«Дала» поэмасы (1930). Қазақ республикасының құрылғанына он жыл толуына арналған бұл шығарма ақынның дәуір шындығын, жаңарулар сырын, қоғамдағы ұлы өзгерістерді толғаған туындыларының қорытындысы іспеттес. Сондай-ақ ақын мұнда халықтың өткен замандардағы бастан кешкендерін де тарихи оқиғалар желісінің ізімен шолады. Сөйтіп бұл поэма қазақ елінің бұрынғысы мен бүгінгісін салыстыра, кезең-кезеңімен көрсете келіп, халықтың нағыз бақытқа тек Ұлы Октябрь революңиясынан кейін ғана қолы жеткенін шежіре-толғау түрінде баяндайды.Ақынның эпикалық поэзия жанрындағы ең биік жетістігі - «Құлагер» поэмасы. Мазмұны терең, көркемдігі кемел, құрылысы шымыр бұл шығарма - I. Жансүгіров творчествосындағы зор белес қана емес, бүкіл қазақ әдебиетінің айтулы туындыларының бірі. «Күйші» мен «Құлагердің» озық орнын сөз ете келіп, М. Әуезов: «Бұл шығармалар біздегі поэзия мәдениеті Абайдан соңғы дәуірде революциялық тәрбие нәтижесінде биік сатыға шыққанын дәлелдейді», - деп жазды.I. Жансүгіровтің «Құлагері» ақынның жанына жақын тақырып - халықтың ән-күйін, дарынды өнерпаз адамдарының тағдырын жырлаудағы үздіксіз ізденістерінің жаңа асуы. Өмір шындығын көркем жинақтап, өткеннің оқиғалары ішінен әлеуметтік қайшылықтар мен теңсіздіктердің себебін ашып, кейіпкерлер мінезін шебер талдауы жағынан поэма әдебиетіміздің үздік табысы.I. Жансүгіров халықтың өнер мұрасынан бұрынғы өмірдің терең сырларын іздейді, еңбекші елдің еш уақытта жақсы болашақтан үмітін үзбегенін, ән-күйлерінде асыл арманын жырлағанын таниды. Сонымен қатар ол бүгінгі бақытты ұрпаққа тап теңсіздігі жайлаған заманның ауыр мұңдарын таныстырып, халық жасаған өнер мүлкінің асылдарын ел қажетіне жаратуды көздейді. Бұл өткендегі мәдени мұраға деген лениндік қағидалардан туатын дұрыс бағыт еді.«Құлагерде» туған ел мен жердің қадір-қасиеті, сұлулығы зор шабытпен жырланады. Қазақстанның аты аңызға айналған басқа да өңірлерін атап өтіп, ақын қазақ халқының ең көрікті жерлерінің бірі Көкшетауды шалқыта суреттейді. Үлкен отаншылдық жүректен шыққан бұл жыр жолдары қазақ өлеңінің меруерт тізбектері болып естіледі. «Құлагер» - таптық, әлеуметтік теңсіздік заманындағы дарынды адамдардың тағдырын таныстыратын шығарма. I Жансүгіров Ақан сері сүрген дәуірдің қат-қабат қайшылықтарын, сорақы сұмдықтарын кең жинақтап, әділ сипаттама береді. Т.Сыдықов «Жетісу дүлдүлдерінің дүбірі» Ілияс негізгі жанрлардың бәрі не де қалам тербеді: өлең, поэмалар, сын –сықақ әңгімелер, фельетон, пьесалар, роман, публистикалық мақалалар, ара –тұра әдеби сын жазуға білек түре кірісіп кетті.М.Қаратаев: «Әнші» - Ілияс поэзиясында кейін үлкен арнаға айналатын құдіретті сарынның бастамасы дерлік өлең. Бұл сарын әуелде тастан шыққан бұлақ тәрізді сылдырап басталса, бара –бара ол «Күй» мен «Күйші» поэмасына құйды да, өзені тәрізді сарқырап ақты, ақырында «Құлагер» поэмасының аңғарына құлап, кемерімен тең келген жылдам дариядай ұлы арнада терең тұңғиығы теңселе шалқыды. Ілияс поэмаларының сюжеттік конвасын күрделендіріп, қайсар ақыл, қажымас қайрат, жасымас жігер, табанының топырағын тұмар етіп тағар, көзіңе оттай басылып,көкірегіне шырақ маздатар, қылыштың жүзіндей қылшылдап тұрған көргендік пен көрегенділіктің, өнер иесі қонған әулиеліктің, абыздықтың символы, асылдардың көзі, қаракөктің өзі кейіпкерлер галереясын жасап кетті. Десе де әділет үшін айтқан жоқ, І.Ж. таудан құлаған тасқындай сарыны нені жазса да жеріне жеткізе жазатын,теңіздің жарға соққандай асау толқындарын заманның қырық құбылған саясаты, идеологиясы асау бермес белдей көлденен жатып ап, айтарын басқа, - көзге соға айтуға жібермей,темір ноқта кигізіп тежеп, сарқылдаған сары аязымен буып, аждаһадай дігірлеп,Арыстанды – Қарабастың азынаған аузында ұстап, өз дегенін жырлауға көндірегенін атақты поэмаларынан да аңғаруға түспейді. Оны біз ақынның «Күйші» поэмасына жаңаша дүниетанымымен үңіле отырғанбыз. Т.Сыдықов (Жетісу дүлдүлдерінің дүбірі ): «Құлагер» поэмасында да автор әлеуметтік психология жағына көбірек кетіп қалған. Ілияс кедейге, ақынға, палуанға, жүйрік атаулыға шынжыр балақ, шұбар төстіктің озбырлығы мен қиянатын, қолы мен қатты қастығын азу білей жеткізбек талабы оны ұлттық салт –сана, мінез –құлқымыз бен тілімізге кереғар оғаштыққа, жол айрығына бұла тартпаған. Ойлы оқырман Ақан серінің жел жетпес жүйрігі –Құлагерді өз атынан оздырмас үшін мерт қылуға дейін шімірікпей барған қара жүрек, қатыгез, тоңмойын, өзім деп өзеуреген Батырашты сатира сойылымен қалай соқса да пейілді. Ал, ата –бабасынан бақ қонып, қыдыр дарыған Нұрмағанбеттің ешкімге алты аласықбес берері жоқ, өз ажалымен өлген әкесі Сағынай шалды ақынның Қаудырап аппақ қудай сақал, шашы. / Қалтырап жынданғандай қолы, басы, / Сағынай саптыаяқты сиіп өлді/ Тоқпақтай тоқсан төртке келіп жасы. Поэмадағы ақын трагедиясы,тіпті «Құлагер» трагедиясына да паң Нұрмағанбет, керек десеңіз, Батыраш та кінәлі еместей қабылданды. Бізше, шығасыға –иесі басшы. Қымызға тойып, қымызға мастанған Батыраш – екеңе,бұл атыраптың бас бәйгесін Көктұйғыны ғана алуға тиіс, бұл өңірде онымен бақ таластырар жүйрік тумағанды. Батыраш байдың ісіп –кебінуі содан. Ақан сері өзіне өзі сенімді болса, алжыған, мақтаншақ,өркөңіл, жуан кеуде, аусар, ішмерез шалдың асып –тасқанына мән бермей, әліптің артын бағып, Құлагерін кермеде ашық шашық қалдырмай, «көзінің құрты бар» көптің назарынан тыс, жасырып ұстауы керек еді. Ақанның түбіне жеткен – басынан сөз асырмайтын « ащы тіл, асау мінез қылығы», «қырық кісімен қырық пышақ болып жүретін» қыңырлығы. Тіл мен көзден сақтанбайтын өркөкіректігі, елі тым еркелетіп, кеудесінің шамадан тыс «ісіңкілігенінен», «байыптылық, парасаттылық» мінезділіктің» жетіспеуі. Сері өзінен жасы үлкен, дәулеті де даңқы Алтайдың мысын басқан,төңірегі шашпауын көтерген жандайшаптары «жігіттерінен жер қайысқан» «дап –дайын тұр өлдім деуге» дейтін кеудесі.Ілияс Ақанның тентек, өр тұқым, теріс азу, Батыраштың шиқанын қандырумен ондырмай тілгізіп, анасынан туғалы естімеген сөзін естіп, атылмаған оқты атқызып, тірідей өлтіреді, намысын таптыртады. Ақан –екеннің тежеу көрмеген «улы тілі» Батыраш шалдың етінен өтіп, сүйегіне жетеді. Ең ақыры, ақын мен Батыраш шалдың тәжікелесуіне куәгер болған халық та жағын ұстап: «Батыраш Батырашқа жібереді –ау» деп, тым –тырыс үндемеді тындаған топ. Поэманың күллі рухы, ащы сатира, улы ирония, кекті күлкі осы топтық идеяға бекем бағынған. Егер ақын жүрегінде замана оты лаулап, өз дәуірінің үні болуға тым беріліңкіреп кетпесе, халықтық мүддені таптық идеяның қанжығасына байлап жібермесе, арынды жырдың алқымы іспес дүлділі бір күнгі даңқ атағына байлана қалмай, мәңгілік ғұмырдың сырлы бесігін тербетер ме?