Вокализмдер жүйесі(дауыстылар). - 11

№1

Фонетика(гр. дыбыстық) – дыбыс туралы ілім, тілдің дыбыс жүйесін зерттейтін тіл білімінің саласы.

Фонетика (з/м)

Сипаттамалы (синхрониялық) фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық жүйесін қарастырады: дыбыстарды сандық , сапалық , жақтан айқындау, олардың тіркесу, үндесу заңдылықтары, буын, екпін, орфоэпия мәселесі осы саланың объектісі болып табылады. Тарихи (диахрониялық) фонетика тілдің дыбыс жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырады. Дыбыстардың түрлері оладың дамуы, тарихи өзгерістер, буын, екпін мәселелері, үндестік заңдары әр дәуірдегі жазба ескерткіштер материалдары бойынша айқындалады. Салыстырмалы Туыс тілдердің фонетикасын салыстыра зерттеп, олардың ұқсастықтары мен айырым белгілерін айқындайды. Салғастырмалы Туыстығы жоқ, құрылымы әр басқа тілдердің дыбыстық жүйесін салыстырып зерттейді.

 

Дыбыс – тілдің бір жақты единицисы; сөз бен морфемаларды құрастыруға, оларды түсінуге, ажыратуға қызмет етеді.

Әріп – дыбысқа берілген шартты таңба.

Фонема ( гр. дыбыс) – сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір-бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға септігі бар тілдің ең кіші функциялық единицасы; аллафон – фонеманың әр түрлі мағынаға ұшырап өзгеруі.

№2

Аспекті(лат. көзқарас, түр сипат)

1. Анатомия-физиологиялық (немесе биологиялық)

Адамның тілі – ең алдымен биологиялық құбылыс, яғни – дыбыстау органдарының басқарып отырған орталық нерв жүйесінің қызметінің нәтижесі.

Сөйлеу аппараттары – негізгі физиолог. Қызметімен қатар тіл дыбыстарын жасауға қатысатын адамның дене мүшелері.

1) Тыныс алу мүшелері: өкпе, кеңірдек, көмей, мұрын қуысы;

2) Дыбыстарды жасауға тікелей қатысатын мүшелер.

Сөйлеу аппараттары - негшізгі физиолог-қ қызметімен қатар тіл дыбыстарын жасауға қатысатын адамның дене мүшелері.

Актив мүшелері: көмей, жұтқыншақ, тіл, кішкене тіл, ерін;

Пассив мүшелері: қызыл иек, таңдай, кеңсірік;

2. Акустикалық (физикалық) аспект

Тіл дыбыстары да табиғаттағы басқа дыбыстар сияқты физикалық құбылысқа жатады. Дыбыс атаулы бір-бірінен ырғағы, күші, әуені, созылыңқылығы жағынаен ерекшелінеді.

Дауысты дыбыстар бір-бірінен әуеніне қарай ажырайды.

3. Лингвистикалық (функционалды) аспект

Қарым-қатынас құралы тіл тек дыбыстар арқылы жүзеге асады. Мұны фонология деп те атайды. Лингвистикалық апект дыбыстарға фонема тұрғысынан, фонемалардың қызметі тұрғысынан қарайды.

№3

Үндестік заңы - морфемалардың бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустика-артикуляциялық жағынан бейімделіп, үйлесіп тұруын айтамыз.

Ассимиляция(дыбыс үндестігі) – (лат ұқсау) – морфемалардың жігінде көрші келген дауыссыздардың акустика-артикуляциялық жақтан біріне-бірінің ұқсауы, өзара тіл табысуы.

1. Прогрессивті ассимиляция – алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді ету, игеруі.

2. Регрессивті ассимиляция – прогрессивтіге қарама-қарсы, кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты өзіне тәуелді етуі.

3. Тоғыспалы ассимиляция – морфемалар арасындағы қатар келген дауыссыздардың алдыңғысының өзінен кейінгі дыбысқа акустикалық жақтан, ал кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа артикуляциялық жақтан ықпал етуінің нәтижесінде екеуінің де алмасуға ұшырауын айтамыз.

Прогрессивті Регрессивті Тоғыспалы
қб-қп: ақ бала кб-кп: көк бақа пб-пп: топ басы сб-сп: тас бауыр тб-тп: итбалық шб-шп: кеш болды д-т: үш дәптер тс-тц: айтса тш-тч: төрт шелек тж-тч: шет жер шс-шш: шешсе зс-сс: сөзсіз зт-ст: жезтаңдай зп-сп: жүз парақ жт-шт: лаж тап жш-шш: тәж шеті нб-мб: он бес нм-мм: он мың нп-мп: он парақ нғ-ңғ: тоқсанға нг-ңг: он гүл кқ-ққ: тек қана зж-жж: көз жетті зш-шш: жүз шелек сш-шш: бес шелек шс-сс: үш сағат нқ-ңғ: қайран қалды нк-ңг: аман келді сж-шш: бес жыл жс-шш: лажсыз шз-сс: үш зауыт

 

№4

Буын үндестігі(сингармонизм) – (гр бірге, байланыс, үндесу) – сөз ішінде дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып үндесуі.

Сингармонизм

Тіл үндестігі Ерін үндестігі
Дауыстылардың тілдің қызметіне орай бір сөз көлемінде не бірыңғай жіңішке болып ыңғайласып, үйлесіп келуін айтамыз. алып+кел - әкел бұл+күн – бүгін Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің жағынан ыңғайласып, үйлесіп келуін айтамыз. жұмысшы – жұмұсшы құлын- құлұн

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:

-бан: мейірбан

-гер: қаламгер

-дар: хабардар

-еке: атеке

-жан: ағажан

-кент: Жаркент

-кар: күнәкар

-қор: жемқор

-көй, гөй: ақылгөй
-қой: сәнқой

-кеш: түйекеш

-күнем: маскүнем

-мар: тілмар

-маш: тілмаш

-нікі: баланікі

-мен: баламен

-паз: өнерпаз

-стан: Өзбекстан

-тал: сезімтал

-уар: тілуар

-хана: кітапхана

№5

Буын– фонациялық ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке дыбыс, не дыбыстар тобы.

Тән сипаттар:

1. Буынның мағынасы болмайды.

2. Буында міндетті түрде дауысты дыбыс болады және саны бірден аспау керек.

3. Қазақ тілінде сөздер не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болады.

4. ҚӨазақ тілінде буын екі дауыссыздан болмайды.

5. Қазақ тілінде тек алғашқы буын дауыстыдан басталуы мүмкін, ал қалғандары дауыссыздан басталады.

Буынның түрлері(дауысты мен дауыссыздардың орналасуына бай-ты)

1) Бірыңғай ашық буын(жеке дауыстыдан тұрады немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталады): ә-же

2) Бірыңғай бітеу буын(дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталады): бал-дыр

3) Бірыңғай тұйық буын(дауыстыдан басталы, дауыссызға аяқталады): ант

4) Аралас буын: ит-тер-ге

Дыбыстық құрамы(сөзді буынға бөлген кезде бастапқы буынның санына байланысты)

1 дыбысты: о-қы

2 дыбысты: қа-ла

3 дыбысты: көз

4 дыбысты: қарт

5 дыбысты: пункт

6 дыбысты: спектр

Буын құрамы(сөздің ішідегі буындар саны)

1 буынды: ай, ат

2 буынды: а-на

3 буынды: мұ-ға-лім

4 буынды: рес-пуб-ли-ка

5 буынды: у-ни-вер-си-тет

Бунақ- өзіндік екпін, ырғақпен айтылатын сөздер тобы.

Қансонарда // бүркітші // шығады аңға// 3

Тастан түлкі // табылар // аңдығанға// 3

Жақсы ат пен // тату жолдас // бір ғанибет// 3

Ыңғайлы // ықшам киім // аңшы адамға// 3

Екпін – сөз ішінде бір буынның күшті айтылуы. Қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буынына түседі.

Тасымал– қағаз бетінің бір жолына сыймаған сөз буынын екінші жолға бөліп, көшіріп жазу әдісі, ережесі.

1) Жазып келе жатқанда жолға сыймаған сөз буын жігіне қарай тасымалданады. ор-на-лас-ты-ру

2) й,у дыбыстары бар сөйлемді тасымалдағанда олар келесі буынға кетеді. құ-йын

3) у,и бар сөздерді тасымалдағанда, келесі буын дауыстыдан басталады. бу-ын

4) Егер сөзде 3 дауыссыз қатар келсе, онда 2 дауыссыз бірінші буынға кетеді, ал 1 дауыссыз екінші буынға кетеді. құ-мырс-қа

5) Бас әріптен қысқарған сөзді тасымалдауға болмайды. БҰҰ

6) Кісі атының қысқартылып алынған әрпін фамилиядан бөлуге болмайды.

№6

Дыбыстық құбылыстар– сөздің құрамында болатын әр алуан дыбыстық өзгерістер. Олар айтуды жеңілдетеді.

1. Протеза(гр алдына тұру) – сөздің алдынан басы артық дыбыстың қосылуы.

ы: лаж, лай

і: леп, рәсім

ұ: рұқсат, ру

ү: рөл, Рүстем

о,е: ораза(руза), орамал(румал)

Екі-үш дауыссыздан басталатын орыс сөздері: станция, шприц, спектр

2. Эпентаза(гр қыстырылу) – сөз ішінде дауыссыздардың арасына дауыстының қыстырылуы. Мысалы: кереует(кровать), кінәз(князь), бөрене(бревно), сіріңке(спички)

3. Эпитеза - протезаға қарама-қарсы, дыбыстың сөздің соңынан қосылуы. Мысалы: қаса батыр(қас батыр), тапа тал түсте(тап тал түсте), тақтай(тақта)

4. Элизия ( лат. elisio-ығыстыру) – бунақтағы сөздердің арасында қатар келген екі дауыстының алдыңғысының түсіп қалуы.

а) Контакті элизия: мынадам, алешкі, жақсөлең

ә) Контаксіз элизия: халқы, орны, мұрны, ерні

№7

Дыбыстардың жіктелуі. (Мырзабеков бойынша)

Дыбыс (акустика-артикуляция жағынан)

Дауыссыз Дауысты

 

Дауыстылар мен дауыссыздар.

1. Дауыстылар дауыстан жасалады да, салдырдың қатысы елеусіз болады, дауыссыздар, керісінше, салдырдан жасалады, ал тонның болуы да, болмауы да мүмкін.

2. Дауыстарды айтқанда ауа кедекргісіз, қарқынсыз шығады да, дыбыстау мүшелердің барлығы дерлік қатысады. Ал дауыссыздарды айтқанда, ауа кедергіге ұшырайды, қарқынды шығады да, бірер ғана дыбыстау мүшелері қатысады.

3. Дауыстылар буын құрайды, дауыссыздар құрамайды.

4. Екпін дауыстыға түседі, дауыссыздарда мұндай қасиет болмайды.

5. Дауыстыларды созып айтуға болады. Ән дауыстылардың осы қасиетіне негізделеді.

6. Дауыстылардың ықпалы күшті болады.

Вокализмдер жүйесі(дауыстылар). - 11

(дыбыстау мүшелерінің қызметіне қарай)

1.Тілдің қатысына қарай:

а) Гуттураль(жуан дауысты дыбысты айтқанда тіл сәл артқа тартылады): а, о, ұ, ы, у (5);

ә) Палаталь(жіңішке дыбысты айтқанда, тіл сәл ілгері жылжиды): ә, ө, ү, і, у, и(6);

2. Еріннің қатысына қарай:

а) Лабиаль(ерін дөңгеленеді, сүйірленеді): о, ө, ұ, ү, у (5);

ә) Езулік(ерін екі жаққа қарай тартылып, езу жиырылады): а, ә, ы, і, е, и (6);

3. Жақтың қатыссына қарай:

а) Ашық (астыңғы жақ барынша төмен түседі): а, ә (2);

ә) Қысаң (біріне-бірі жуықтай түседі): ы, і, ұ, ү, и, у (6);

б) Жартылай ашық (осы екеуінің ортасында айтылады): о, ө, е (3);