Актив және пассив сөздер

актив пассив
Полисемия Омоним Антоним Синоним Фразеология Эвфемизм Мақал Мәтел Неологизм Термин Көнерген Архаизм Историзм Профессионализм Варваризм Жаргон Кірме Дисфемизм Кәсіби сөздер Диалект сөздер

АКТИВ СӨЗДЕР деп жұртшылықтың бәріне бірдей түсінікті, күнделікті өмірде, сөйлеу-жазу тәжірибесінде көп қолданылатын сөздерді айтады.

Полисемия - гр. көп мағына – бір сөздің әр түрлі контексте әр түрлі мағына білдіруі.

М:

Ошақ 1. үстіне қазан қойып, тамақ пісіруге арналған үш аяқты қоршау темір

2. қазан асып, тамақ пісіретін қазылған орын, жер ошақ

3. ауыс. Үй-іші, бала-шаға

4. ауыс. бір нәрсенің шоғырланған, шоқталған жері.

Омоним – айтылуы мен жазылуы бірдей, бірақ мағыналары әр түрлі.

М: Сол І оңға қарама-қарсы жақ

ІІ анау, осы мағ-да жұмсалатын сілтеу есімдігі

ІІІ қурау

Синоним (гр. біркелкі атау, бір түрлі айту)– айтылуы мен жазылуы әр түрлі, бірақ мағыналары бір-біріне жақын сөздер.

Синонимдер бір-бірінен мағыналық реңі, стильдік мәні, өзге сөздермен қарыым-қатынасқа түсіп қолдану жағымен ерекшелінеді.

Ерекшелігі:

1. Сөз-ң дыбысталуы әр алуан

2. Сөз-р бір мағына төңірігінде болуы

3. Бір сөз табына ғана қатысты болуы шарт.

Құрметтеу, қадірлеу, сыйлау

Бет, келбет, ажар, түр

Антоним – мағыналары қарама-қарсы сөздер.

Жақсы-жаман

періште-шайтан

әділ-залым

Фразеологизм –екі немесе бірнеше сөздердің тіркесуі арқылы тұтас бір мағына білдіретін сөздер тобы.

Тұрақты сөз тіркесі
Идиомалық Фразалық
Құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға және басқа сөзбен алмастыруға болатын тіркес.: опық жеу - өкіну маңдайы ашық – бақытты ой бұзылу - айну Кілтті сөз болады, құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға, басқа сөзбен алмастыруға болатын тіркес.: темір жол, асқар тау, есі дұрыс, табан тіреу

 

ерекшелігі:

1. Құрамында кемінде екі сөз

2. Сөз-ң орнын ауыстыруға болмайды.

3. Тіркес құрамындағы сөз-ді басқа сөздермен өзгертуге келмейді

4. Тіркес құрамындағы сөздер жеке-жеке мағына бермей, барлығы тұтас мағынаға ие.

5. Сөйлемде бір бүтін тұлға ретінде жұмсалады.

Мұзға отырғызу – алдап кету

Сегіз қырлы, бір сырлы - өнерлі

Мақал-мәтелдер- қазақ тілінің байлығын, көркемдігін ашып көрсететін тілдегі сөздер тобының бірі.

Белгілері:

1) Қалыптасқан дайын сөйлемдер қалпында жұмсалады.

2) Белгілі бір тұжырым, түйінді береді.

3) Өсиет, ақыл мақсатында айтылып, жақсылыққа, еңбекке, ерлікке, адамгершілікке үндейді.

Мақал - өмір құбылысын жинақтай отырып, түйінді пікір айтатын ықшам сөз өрнегі. Мәтел – белгілі бір ойға, ұғымға ишара жасайтын, астарлап, жұмбақтап айту мәні басымдау болатын халық мұрасы.
Құрылымы жағынан 2-3 бөлімнен тұрады. Көбіне бір бөлімді болып келеді.
Ой неғұрлым ашық айтылады. Ой, мағына, ишара, тұспал түрінде беріледі.
Ақыл, өсиет түрінде келеді. Көбіне эмоциялық рең басым келеді.
Не ексең, соны орасың. Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. Ел құлағы – елу. Көппен көрген – ұлы той.

Эвфемизм(гр жақсы айтамын) – жағымсыз естілетін сөздерді сыпайы жеткізу: қосып айту, о дүниеге аттану, ақ саусақ, жарық дүние есігін ашу.

ПАССИВ СӨЗДЕР деп күнделікті көп қолданылмай, жалпыға бірдей түсінікті бола бермейтін, кейбір мамандар арасында ғана, ғылыми-техника саласына тән, қажетті болған жағдайда ғана пайдаланылатын сөздерді айтады.

Неологизм(гр. жаңа сөздер) – жаңа ұғымдарды, жаңарған түсініктерді білдіреді.

Ерекшелігі:

1) Лексикалық н. – жаңа ұғыммен бірге, жаңа терминдер жатады.

2) Семантикалық – калька тәсілімен жаңарған ұғымдар.

Неологизм екі жолмен жасалады:

а) Бұрын-соңды тілде болып көрмеген жаңа сөздер: ракета, марс, теледщидар

б) Бұрынғы тілде бар атауларды жаңартып, жаңаша мән беріп түрлендіріп қолдану негізінде пайда болады: даңғыл, кеден, бекет

Термин(лат. шек,шегара) – ғылым, техника, өндіріс т. б. салаларындағы ұғымдар мен жеке сөздердің атаулары жатады. Стильдік бояу болмайды. Басқа тілден енген терминдер интертерминдер деп аталады.

Өзіне тән ерекшеліктері: жүйелілік, нақтылық, қысқалылық, бейнелілік пен стильдік рең алшақтығы.

Жасалу жолдары:

1. Қазақ т-дегі терминдер орыс, араб, Еуропа тіл-де қалыптасқан үлгісінде жұм-ды: квадрат, синоним, вектор, мәтін

2. Қазақ тілінен балама табу ар.: хаттама, нарық, ғарыш

3. Сөздердің бірігуі: төлқұжат, әнұран

Кәсіби сөздер – әр түрлі кәсіп, шаруашылыққа байланысты пайда болған, сол төңіректе ғана қолданылатын сөздер.

Басты ерекшелігі:

1) Диалектизмдерге қарағанда әдеби тіл аясында жиірек қолданылады.

2) Аумағы тұрақты, белгілі бір салада, өңірде қолданылады.

3) Тілдік балама кездеспейді, диалектерде кездесіп отырады.

Мал шар-ғы: айыр, аша, арба, жүген, ер-тоқым

Бақша шар-ғы: әңгелек, пісте, атыз, арық

Мақта шар-ғы: күнжара, шит егу, ілмек, айнагөз

Варваризм – тілге етене болып сіңбеген соншалықты зәрулігі жоқ бөтен тілдің сөздері.

Қолдану аясы:

1) Кейде бір халықтың шынайы өмірін, тұрмыс салтын суреттеп көрсетпек борлғанда, сол елдің ұлттық ерекшелігін бейнелеу үшін: неміс – фрау, кайзер

франц – мадам, мсье

2) Тыңдаушыға ерекше әсер етіп, күлдіру үшін халық ақындары да В-ді қолданады.:

Қалқатай, кари глаз екі көзің,

Никогда не забуду айтқан сөзің(АҚАН)

3) Өзге тілдердегі сөздерді сөзбе-сөз аударуға қиынға тиген жағдайда, В-дер сол қалпында өзгертілмей айтылады: виноват, визит, закон. Абай: һәм, ақирәт, алиф

4) В-дер кейде қоғамдағы жағымсыз типтерді мазақ ету үшін қолданылады.

Еннатайына кәлкаусар

Пошол дереу, күнәкар.

5) Ана тілін білуге мән бермей, оған жүрдім-бардым қарап, тіл шұбарлаушыларды келемеждеу үшін: Осы наметит еткен жұмыстардан реальный ешнәрсе шықпады.

 

Дисфемизм –какофемизм – тілде әдепті сөзді әдепсіз сөздермен ауыстырып айту. Өз кейіпкерінің мінез-құлқын, ой-өрісін нақтылы шынайы бейнесін жасау үшін қолданылады: боқтан да оңай, мылжың, бұт артар – мінгіш, боғымен жасты бала, өсекші т. б.

Табу(ағыл. қасиетті, тыйым салынған) – ескі әдет-ғұрыпқа, діни наным-сенімге бай-ты тура айтуға тыйым салынған сөздер немесе сөздердің балама айтылуы.

Қасқыр- ұлыма; қазақ-ң жаңа түскен келіндері жіг-ң туған-туысқандарының атын атамай, өзінше ат қойған: мырза жігіт, ерке қыз, шырақ;

Жаргон(франц. бос сөз) – кәсіп, қоғамдағы жағдайы, мүдде, жас ерекшелігіне қарай бөлінген шағын әлеуметтік топтың қоғамның басқа мүшелермен оңашалану үшін бір немесе бірнеше табиғи тіл элементтерінен әдейі бұрмалап сөйлеуі, тілдің әлеум. бір тармағы. Жазуы болмайды, дамымайды, Диалектіден айырмашылығы – халықтың бәрі түсіне бермейді: сүйке – соқ, сүпен – сүйкімсіз, шикса - әдемі.

Кірме сөздер - өзге тілден енген сөздер. Тарихи жағдайға байланысты.

Ерекшелігі:

а) ІХ-Х ғ. араб. парсы: адам,ғылым, мұғалім, кітап

ә) ХІХғ. орыс тілі: жандарал, сот, бәтеңке, жәшік т. б.

Профессионализм – белгілі бір мамандыққа байланысты пайда болған және сол төңіректе ғана қолданылатын сөздер.М.: қазақ тілі: лексика, фонетика, дыбыс, фонема; математика: квадрат, бұрыш, синус т. б.

Көнерген сөздер(гр. көне) – қазіргі тілде белсенді қолданылмағанымен, тілдің сөздік қорында сақталған, сол тіл өкілдеріне түсінікті сөздер.

Көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерекшелігіне қарай:

а) Тарихи(историзм) – Белгілі бір дәуірдегі қоғамдық ұғымға бай-ты туып, қазір қолданудан шығып қалған сөздер: уез, барымта, би, болыс, жүз басы

ә) Архаизм - әр халықтың тұрмыс-тіршілігіне, дүние-танымына бай-ты әр дәуірде өзгеріп, әр түрлі басқаша сөздермен ауысып отыратын, яғни қазір басқаша аталатын ұғымның бұрынғы атауы: аэрофлот(әуежай), рыноктық(нарықтық), станция(бекет).

Диалект сөздер(гр. сөйленіс) - әдеби тілде қолданылмайтын, белгілі бір аймақта ғана тек ауызекі тілде қолданылатын сөздер. Екіге бөлінеді:

1) Жергілікті - өзіне тән дыбыстық, грамматикалық я ұлт тілінің құрамды бөлігі болып табылады. М.: Батыс Қ-н – қолдану-құлдану; біздің - бізің, шара қолдану – шара көру;

2) Әлеуметтік – қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік топтардың я арнайы кәсіппен шұғылданатын адамдардың қолданатын сөздері: кәсіби сөздер, термин сөздер.

№10

СӨЗДІКТЕР(лексикография)

Лексикография(гр. сөз туралы, сөзге қатысы, жазамын) – қолданбалы тіл білімінің өз алдына бөлек, жетекші саласы, сөздіктерді құрастырудың ғылымитәсәлә дегенді білдіреді. Л. ұл тілінің лек-қ байлығын жинастыру, оларды ретке келтіріп, жүйеге түсіру ісімен шұғылданатындықтан, ол жалпыхалықтық тілді байытады, әдеби нормасын қалыптастырады, тіл мәдениетін арттырады.

Сөздіктердің негізгі қызметтері:

1) атауыштық - бір нәрсені атайды.

2) есепке лаушылық – сөзднрді тіркейді.

3) информациялық – бір нәрсе туралы хабар береді.

4) нормативтік – дұрыс мағыналары мен дұрыс қолданыстарын көрсетеді.

5) коммуникативтік – қатынас құралы.

Өзінің міндеті мен қызметіне қарай:

1) Теориялық л. міндеттері: сөз-ң типтерін анықтап беру; олардың құрылымын айқындау; әр түрлі сөздіктердің мақсаттары мен міндеттерін көрсету

2) Тәжірибелік л. міндеттері: тілдің сөздік байлығын жию және ретке келтіру; оларды тілдік лингвистикалық тұрғыдан сипаттау және нормаға түсіру; тілді үйрету және оқыту; қоғамның тіл мәдениеттілігін арттыру; екі ел арасындағы қатынас жасауды жеңілдету; тілдің сөз байлығын ғылыми тұрғыдан зерттеу міндеттерін атқарады.

Лингвистикалық сөздіктерді жасалу мақсатына қарай жіктеу:

1) Сөздердің шығу тегі мен олардың семантикасыныңі дамуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер: этимологиялық және тарихи

Этимологиялық сөздіктер – белгілі бір тілдегі сөздердің шығу төркінін, олардың бастапқы мағыналары мен дыбысталу түрін айқындайды.

Тарихи – сөздердің шығуын, дамуын және оның бірнеше дәуірін қамтып сипаттайтын сөздіктер.

2) Қазіргі тілдердегі сөздердің мағыналарын түсіндіріп, олардың қолданылуы жайлы мәлімет беретін сөздіктер.

Түсіндірмелі - әдеби тілдің жалпылама және жиі қолд-тын сөздерді қамтып, олардың мағыналарын талдап түсіндіруді, әдеби тілдің лек-қ, семан-қ, нормаларын көрсетуді мақсат етеді. М: Түнек - көзге түртсе көрінбейтін қараңғылық.

Аударма сөздіктер – екі түрі бар: біріншісі, белгілі бір шет тілдегі сөздерді ана тіліне аударып береді, екіншісі, керісінше, ана тіліндегі сөздерді шет теілге аударып береді.

Терминологиялық сөздіктер – ғылым мен техниканың сан алуан салаларына қатысты терминдерді қамтып, олардың білд-тін ұғымдарын түсіндіріп беруді мақсат етеді.

Диалектологиялық сөздіктер - әдеби тілдің лексикасынан тыс жатқан, бірақ ұлттық тілдің жергілікті тармақтары болып табылатын диалектілер мен говорларға тән сөздер мен сөз тіркестерін қамтиды.

Фразеологиялық сөздіктер- белгілі бір тілдегі әр түрлі фразеологиялық оралымдарды қамтиды, олардың мағыналарын түсіндіреді.

Синоним сөздігндгіндеі –ситнонимдік қатардың құрамындағы мәндес сөздердің мағ-қ ерекшеліктері мен қолдану ерек-і түсіндіріледі.

3) Сөздердің дыбыстық құрылысы мен олардың жазылуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер: фонетикалық, орфографиялық

Орфографиялық сөздіктер(емле сөздіктер) – тілдегі сөздердің нормасын көрсететін сөздік.

4) Заттар мен құбылыстардың ұғымдарын айқындап, түсіндіретін сөздер: энцеклопедиалық, иллюстративтік

Энцеклопедиялық сөздіктер – анықтама құрал ретінде ғылыми жүйемен жасалатын күрделі сөздіктердің бірі.

Салыстырмалы сөздіктер – туыстас тілдердегі ортақ түбірлес сөздер беріледі, ондай сөзд-ң әр түлі туыстас тілдердегі ұқсас жақтары да, айырым жақтары да көрсетілген.

Шет тілдер сөздігі – шығу төркіні басқа тілдік сөздер мен терминдерге қысқаша түсінік беруді мақсат етеді.

№11

СӨЗЖАСАМ

Сөжасам – жаңа сөздердің жасалуы, қазіргі кезде бір жағынан, фонетика, грамматика сияқты тілдік деңгейдің өзіне тән ерекше белгілері мен қасиеттері бар бөлек тіл білімінің саласы

Сөз тұлғасы

 

Түбір Қосымша Негізгі Туынды Жұрнақ Жалғау

Жіктік Сөз түрлендіруші Сөз тудырушы Тәуелдік Септік Көптік

Сөз тұлғасы – сөздің әр түрлі тұлғалық көрсеткіштері арқылы грамм-қ мағынасын білдіретін морф-ң түрі

Түбір – сөздерді әрі қарай бөлшектеуге келмейтін, негізгі лексикалық мағынасын білдіретін бөлшек.

Негізгі түбір – төл түбір: үй, кітап, жүр, сан

Туынды түбір –жұрнақ қосу арқылы негізгі түбірден өрбіген түбір: үйшік, сызғыш,

Қосымша – сөздің түбіріне қосылып, оған қосымша мағына үстейтін бөлшек.

Жұрнақ - өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертіп, лексико-грамматикалық мағына үстейді.

Өзі жалғанаған түбірдің түпкі лек-қ мағынасын өзгертіп, жаңа мағына жасайтын жұрнақ сөз тудырушы жұрнақ деп аталады: илеуіш, білімді, көрме

Жалғанған сөздің мағ-н өзгерте алмайтын, тек оған қосымша мағына үстейтін жұрнақ сөзтүрлендіруші деп аталады: көріп, тиме, үлкенірек

Жалғау – сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі бір грамматикалық мағына үстейтін морф-қ формалар.

Септік жалғау – сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып, олардың арасындағы алуан түрлі синтаксистік қатынастарды көрсетіп, өзі жалғанған сөзге әр түрлі заттық ұғымға байланысты грамм-қ мағына үстейтін қосымша: далаға, саған, көшемен

Көптік жалғау – жалғанған сөзіне көптік мағына үстейтін жалғау: адамдар, оқушылар,инелер

Тәуелдік жалғау – иеленуші үш жақтың біріне белгілі бір заттың меншікті екенін білдіретін грамм-қ категория: мектебің, баласы, халқы

Жіктік жалғау – іс-әрекеттің кімге қатысты екенін білдіретін грамматикалық категория: мұғаліммін, оқушысың, еңбекқормыз

 

Сөз құрамы

Дара Күрделі

 

негізгі біріккен тіркескен қысқ-ған қос сөз

туынды

 

Сөз құрамы – сөз құрамындағы морфемалардың реттік жүйесі.

Дара сөз – құрамында бір ғана негізгі түбірі бар сөз: бала, халық, балалық

Негізгі сөз – ешбір жалғаулықсыз төл түбірден құралған сөз.

Туынды сөз – жұрнақтар арқылы негізгі түбірден жасалған сөз.

Күрделі сөз – кемінде екі я одан да көп дара сөздерден құралған сөз: үлкен-кіші, белбеу, ыдыс-аяқ, қара ала

Тіркескен сөз

 

Еркін тіркес Тұрақты тіркес

 

Есімді етістікті

Тіркескен сөз – кемінде екі түбірдің тіркесіп, бір мағынаға ие болуы.

Еркін тіркес – құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға болатын тіркес: қара ала, келе жатыр.

Есімді – құрамындағы сөздер есім сөздерден тұратын тіркес: сұр ала, отыз екі

Етістікті – құрамындағы сөздер етістіктен құралған тіркес: бара жатыр, келіп отыр.

Тұрақты сөз тіркесі – құрамындағы сөздерді басқа сөздермен алмастыруға немесе орнын ауыстыруға болмайтын тіркес.

Біріккен сөздер– кемінде екі түбірдің бірігіп, бір мағынаға ие болуы;

Біріккен сөздер
компоненттерінің өзара байланысына қарай
Біріккен – компоненттері мағына және форма жағынан елеулі өзгеріске ұшырамай-ақ, өз ара бірігіп, жинақталған бір тұтас лексика-семантикалық мағына білд-тін күрделі сөз: түйеқұс, қолқанат, итбалық, балмұздақ, мұзжарғыш Кіріккен - компоненттердің я біреуі, я екеуі де бірдей әуелгі өз мағыналарынан айырылып, тұтасымен тұрып басқа бір жалпы мағына білдіретін және, сонымен бірге, сол ком-і фонетикалық жағынан әр қилы өзгерістерге ұшырап, бір-бірімен белгілі дәрежеде әрі үндесіп, әрі ықшамдасып құралған күрделі сөзді айтамыз: қарлығаш, белбеу, әкел, әпер  

 

 

Қос сөз – сөздердің қосарланып немесе қайталанып жасалатын сөздер.

 

Жасалу жолына қарай
Қайталама Қосарлама
Бір сөздің я қосымшалы, я қосымшасыз түрінің екі рет қайталануы арқылы, я сол сөздің не бір дыбысының немесе бір буынының өзгеріп қайталануы арқылы жасалады. Лексикалық мағынасы басқа-басқа екі түрлі сөзден құралатын қос сөз.
Фонетикалық және морф сипатына: 1. Қосымшасыз – түбірдің екі рет қайталануы: терең-терең, биік-биік 2. Қосымшалы – түбірге қосымшаның жалғануы А) екі комп. бірдей қосымша: тырнап-тырнап, оқи-оқи, үшеуден-үшеуден Ә) екі комп. әр түрлі қосымша: ұнамды-ұнамсыз, бірімен-бірі, көріп-көрмей Б) екі комп. біреуіне ғана қосымша: орын-орынды, бес-бестен, қолма-қол 3. Бір сыңары дыбысы өзгеріп құралатын қос сөз А) егер сөздің бірінші дыбысы д/сыз болса, қайталанғанда м(тас-мас, қол-мол, тіс-міс), с(кемпір-семпір, мәре-сәре) немесе п(шай-пай, нан-пан) дыбыстарына ауысады. Ә) егер сөздің бірінші дыбысы д/ты болса, қайталанғанда, сол дыбыстың алдына м дыбысы қосылады: ат-мат, өте-мөте, іс-міс Б) бірінші түбірде ашық д/ты дыбыс болса, қайталанғанда ол еріндік қысаң д/ты дыбысқа ауысады: шаңқ-шұңқ, жапыр-жұпыр, сатыр-сұтыр 4. Бір сыңары ықшамдалып айтылады: ап-ащы, әп-әдемі А) қайталанатын негіздің бірінші буыны ашық болса, алғашқы ашық буынына қатаң п дыбысы қосылып, үстеме буын я бітеу, я тұйық буынға айналады: тап-таза, үп-үлкен Ә) егер қайталанатын негіздің бірінші буыны бітеу болса, сол алғашқы буынның соңғы д/сызы түсіп қалады да, оның орнына қатаң п дыбысы жалғанып, үстеме буын я тұйық, я бітеу буынға айналады: кеп-кең, дөп-дөңгелек   Комп – нің морф-қ құрылымына және сөз таптарына қатынасына қарай бөлінеді: 1) Екі комп. де мағыналы: А) Антонимдес - ақ-қара, төмен-жоғары Ә) синонимдес- тәлім-тәрбие, ашу-ыза Б) Ұштас- ыдыс-аяқ, ішек-қарын, аяқ-қол 2) Екі комп. де мағынасыз: Ығы-жығы, оқта-текте, ым-жым 3) бір комп. ғана мағынасыз: бала-шаға, көрші-қолаң, азын-аулақ  

Қысқарған сөздер – күрделі атау сөздердің бір алуандарының әрі қысқарып, әрі біріктіріліп жұмсалуы.

Жасалу жолы:

1. Күрделі атау сөздердің құрамындағы әрбір сөздің тек басқы дыбыстарынан қысқарып бірігеді: АҚШ, ҚР

2. Сөздердәің құрамындағы бірінші сөздің басқы буынынан және соңғы сөздердің басқы дыбыстарынан қысқарып бірігеді: ҚазҰПУ, ҚАЗМҰУ

3. Күр. атау сөздердің құрамындағы әрбір сөздің басқы буындарынан қысқарып бірігеді: кеңшар, ұжымшар, физмат

4. Күрд. атау сөздердің құрамындағы бірінші сөздің басқы буынынан және соңғы сөздің түбір күйінде айтылуынан құралады: медколледж, медпункт, медбике

№13

Зат есімдер

Зат есім деп заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін, кім? не? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын айтамыз.

 

Зат есімдер(мағынасына қарай)

 

 

заттың жай- заттың атауына заттың сұра-

күйіне байл. байланысты ғына байл.

 

деректі дерексіз жалпы жалқы адамзат ғаламзат

 

топо- антро-

нимика понимика

 

 

Деректі зат есімдердеп көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат есімдерді айтамыз. Мысалы, қалам, үстел, т. б.

Дерексіз зат есімдердеп көзбен көріп, қолмен ұстауға болмайтын зат есімдерді айтамыз. Мысалы, ақыл, адамгершілік, сезім, талап, т. б.

Жалпы зат есімдердеп тілдегі әр алуан деректі және дерексз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдерді айтамыз. Мысалы, ағаш, тау, сана, т.б.

Жалқы есімдердеп жеке я дара заттарға берілген атауларды білдіретін зат есімдерді айтамыз.

Кісі аттары антропонимикағажатады. Мысалы, Самал, Жансұлу, т.б.

Географиялық атаулар топонимикағажатады. Мысалы, Көкшетау, Зайсан...

Адамзат есімдерікім? деген сұраққа жауап береді(адам, қыз, әже). Ғаламзат есімдеріне? деген сұраққа жауап береді(қарындаш, кітап).

 

Зат есімдер(құрылымы жағынан)

 

жалаң күрделі

 

түбір туынды

 

 

Жалаң зат есімдердеп бір ғана сөзден тұратын зат есімдерді айтамыз. Мысалы, аспан, адам, тау, т. б.

Түбір зат есімдердеп қазіргі кезде тиісті морфемаларға бөлшектенбейтін, тек бір ғана түбір морфема ретінде қабылданатын заттық атауларды айтамыз. Мысалы, қала, ой, кітап, т. б.

Туынды зат есімдердеп қазіргі кезде түбір морфемаға және қосымша морфемаға бөлшектенетін, түбір сөзден жұрнақ арқылы жасалған заттық атауларды айтамыз.