Стеудің мағыналық түрлері

Мағыналық түрлері Анықтамалары Мысалдар
Мезгіл(қашан,қашаннан) қимылдың жалпы мерзімін я дәлді мезгілін білдіреді бүгін, былтыр, ендігәрі, оқта-текте, ежелден, күні кешке, ала жаздай, т. б.
Мекен(қайда, қайдан) қимылдың орнын(мекенін), бағытын білдіреді ілгері, сонда, алға, алды-артынан, жол-жөнекей, әрмен, жолшыбай, т. б.
Мөлшер (қанша, қаншалық) түрлі қатынасты я жалпылап, я мөлшерлеп немесе қимырдың және сынның я теңдік, я кемдік дәрежесін білдіреді онша, сонша, анағұрлым, көптеген, бірталай, бірен-саран, осындайлық, ондаған, сондайлық, т. б.
Мақсат қимылдың мақсатын білдіреді әдейі, әдейілеп, жорта, қасақана ( .... бола)
Сын-бейне(қалай, қайтіп, қалайша, кімше, неше) қимылдың алуан түрлі сапасын, тәсілін, бейнесін білдіреді осылай, сөйтіп, тікелей, әрең, қолма-қол, бостан-босқа, лезде, қаннен қаперсіз, пәрменінше, бірден, т. б.
Себеп-салдар амалдың себебін я салдарын білдіреді жоққа, босқа, құр босқа, бекерге, амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан(сөйлей-сөйлей, көре-көре)
Күшейту (қалай, қандай) заттың сынын, қимылдың өзін немесе түрлі мөлшерін, көлемін я аса күшейтіп, я аса солғындатып көрсетеді ең, әбден, ылғи, сәл, тіпті, мейлінше, керемет, әнтек, нық, тым, өңкей, кілең, т. б.
Топтау (нешеден, қаншадан,нешеуден,қалай-қалай) амалдың және басқа қарым-қатынастың бірігу арқылы істелгенін немесе, керісінше, жекеленіп істелетіндігін білдіреді бір-бірлеп, рет-ретімен, бас-басына, он-оннан, екеулеп, қырық-елуден, үйді-үйіне, т. б.

Стеудің сөйлемдегі қызметі

1. Пысықтауыш.Дуана аяқ астынан үріккен жылқыша жалт беріп, лоқып, әнтек тұра қалды да, бұрылып Ақбілекке қарай жүрді.

2. Бастауыш.Еріншектің ертеңі бітпес.

3. Баяндауыш.Және де сол жылы тамыз айында Семейге барып, Колчак қазынасымен жақын болып, әскерге бірнеше ат беруге уағда қылып қайтты.

4. Анықтауыш.Іскендір дорба салмайды, ірімшік, құртыңды алмайды, оған қолма-қол ішетін тамақ берсең болғаны.

№23

Еліктеу сөздер

Еліктеу сөздер дегеніміз – тілімізде семантикалық ерекшелігі жағынан да, грамматикалық сыр-сипаты жағынанда, фонетика-морфологиялыққұрылымы жағынан да өзге сөз таптарынан оқшауланып тұратын, соған сәйкес, өз алдында дербес сөз табы ретінде қаралатын бір алуан сөздер.Еліктеуіш сөздер(құрамына қарай):

Дара Күрделі
Бір сөзден тұрады Шешесінің даусын естіп селк етті.     Дара еліктеу сөздердің я негізгі, я туынды формаларының не қайталануы, не қосарлануы арқылы жасалған түрлерін айтамыз. Енді Шұбарға қарап, қарқ-қарқ күледі

Тұлғасына қарай:

Негізгі Туынды
Түбір күйіндегі елітеу сөздер   Исаның өткір көзі ждарқ етіп Әзімбайға жалт қарады. Жұрнақтар арқылы жасалған еліктеу сөздер. 1) –ң,-ың,-ің,-аң,-ең: ырсың, қалтаң, тарсаң 2) -лаң,-лең,-алаң,-елең: иірелең,бұралаң, шұбалаң,оралаң

Семантикалық жағынан:

Еліктеуіш сөздер Бейнелеуіш сөздер
Табиғаттағы құбылыстар мен заттардың бір-бірімен соқтығысуларынан және жануарлардың дыбыстау мүшелерінен шығатын әр түрлі дыбыстарды есту қабілеті арқылы қабылданған түсініктер атаулары. М.: Ел қатарына келіп қалғанда жалғыз тергеуші арлы-берлі қарбаласып, аппаратын олай-бұлай сүйреп, әр-жерде шырт-шырт басып жатты. Табиғаттағы құбылыстар мен заттардың және жануарлардың сын-сипаттары мен әрекет-қимылдарын көру арқылы қабылданған түсіңіктер атаулары.   М.: Өзі жасатып қойған бір табақты алдарына алғызды да, қаужаң-қаужаң турап, қапыл-құпыл асай бастады.

 

Жасалу жолдары:

1. еліктеу сөздер+ет етістігі

Қар пышағын қасқырдың тақ жүрегіне қорс еткізіп салып-салып қалды.

2. еліктеу сөз+ басқа етістіктер

Ол өткір көзімен Жұмабайға жалт қарады.

3. Сын есім, үстеу, шылау тіркеспейді.

Бір сәтте қаңқ-қаңқ дауыс алыстан естілді.

4. Зат есіммен тіркессе анықтауыш, етістікпен тіркессе сын-қимыл пысықтауыш, ал көмекші етістікпен тіркессе, оның құрамына кіріп,күрделі мүше құрайды.

№25+26

Оқшау сөздер+одағай

Оқшау сөздер – сөйлем құрамындағы басқа сөздермен грамм-қ байланысқа түспейтін сөздер мен сөздер тіркесі. Олар сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды, сөйлемдегі өзге мүшелерден оқшауланып тұрады.

Оқшау сөздер(мағынасы мен қызметі)

Қаратпа Қыстырма Одағай

Қаратпа сөздер – тыңдаушының сөйлемдегі ойға назарын аудару үшін айтылатын сөздер.

Қолдану аясы:

1. Жалқы есім: О, Жамбыл, бата дедің – бердім саған,

Бақытты, өмірлі боп жүрсін аман.

2. Еркелетіп айтылатын сөздер: - Ғайшажан, тұр, түс болды, шаршағансың ғой қалқам! – деді анасы.

3. Адамның жынысына, әлеуметтік жағдайына, жасына:

Кім сендерді, балалар, сүйе-тұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйе-тұғын.

4. Дерексіз зат есімдер: Жүрегім, ойбай соқпа енді.

5. Одағай сөздер:

Уа, Дариға, алтын бесік туған жер,

Қадіріңді көріп білмей, кешіре гөр.

Қыстырма сөздер – сөйлемдегі ойға қатысты сөйлеушінің түрлі көзқарасын білдіреді,

Мағынасына қарай:

1. Қуанышты, ренішті, аяушылықты білдіреді(өкінішке орай, бағымызғы қарай, абырой бергенде):

Бағымызғы қарай, қарт үйінде болып шықты.

2. Сенушілікті, мақұлдауды, мойындауды білдіреді(сөз жоқ, бәсе, рас, әрине, дұрысында, шынында):

Сізде, рас, жұмысым бар еді.

3. Шамамен ғана я сенер-сенбестікті білдіретін сөздер(сірә, мүмкін, тегі, кім біледі, байқаймын, бәлкім):

Сірә, дәл осы бұлақ бұл аймақтың нәрі болса керек.

4. Ойдың кімнен, қайдан екенін көрсетеді(меніңше, сіздіңше, оның пікірінше, оның айтуы бойынша):

Жоңғар Алатауының маңайында қазылған ор, қазақтардың айтуы бойынша, құландарды өлтіру үшін Жәңгір ханның жарлығы бойынша қазылған.

5. Бір ойдың алдыңғы оймен байланысын қорыту ретінде айтылады.(олай болса, демек, сөйтіп, сонымен, қысқасы, айтпақшы):

Бүгін, сонымен, он жеті арба тары, екі арба тары әкелінді.

6. Ой тәртібін білдіреді(біріншіден, екіншіден, бір жағынан, әуелі, ақырында):

Ақырында, Бесбайдың ойлаған сақтығы дұрыс болып шықты.

Одағай сөздер – сөйлемдегі ойға байланысты сөйлеушінің түрлі көңіл-күйін білдіретін сөздер.

Құрамына қарай:

Негізгі одағайлар: ау, па, ей, әй, е, уа, уау, уай, пай, оһо, беу т. б.

Ой, біро масқара болдым-ау, екі түн ұйықтамай-ақ қояйын.

Туынды одағайлар: мәссаған(мә саған),ойпірімай(ой, пірім-ай), жаракімалла(а рақым алла), масқарай(масқара-ай), әттегенай(әйт деген-ай) т. б.

Апырмай, ашық еді сенің көзің,

У жеген қасқырдай ғой айтқан сөзің.

Мағынасына қарай:

1. Көңіл-күй одағайлары: паһ-паһ, бәрекелді, қап, пішту, пай-пай

Япырмай, ауыр болды-ау күнді өткізу,

У жұтып, ойдан ұзын түнді өткізу.

2. Ишара одағайлары: жә, тәйт, міне, кәне, әні, мә, әйда, әй, тек т. б.

Тәйт, мұндай қыңырлығыңды маған көрсетуші болма!

3. Малға бағышталған: шөре-шөре, көс-көс. пұшайт-пұшайт

Пұшайт-пұшайт, момақаным! – деп Жәмила қозысына сүт берді.

4. Тұрмыс-салт одағайы: рахмет, сау болыңыз, оқасы жоқ.

- Қош! Қош! Қош!- деп олар Ақбілектің қолыг ұстап, асығып жерге түсті.

Одағайдың сөйлемдегі қызметі:

1 Субстантивтеніп сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.

Қоярға жанын жер таппай, арыстандай аһ ұрды.

2 Кейбір көмекші етістіктермен тіркесіп, сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.

- Пұшайт-пұшайт! Әй, Ораз, мына қойлар неге қораға қамалмаған, қатты жауын келе жатыр. Жауын астында қырылады ғой!? – деп әжесі айғай салды.

Көп мағынаға ие болатын: бәрекелді, пай-пай

Жағымды:

2 Бәрекелді, қызыңыз сандуғаштай сайрайды екен! – деп мадақтай бастады.

Жағымсыз:

3 Бәрекелді, Мағыш, бұл таңдауын дұрыс болды, жинаған бар малымыздан айырылатын болдық!

Одағай:

1. Бір мағыналы:алақай, шөре-шөре, т. б.

2. Екі мағыналы:пай-пай, түу

1. -Пай-пай! Бұл не деген биші қыз! немесе -Түу! Мынаның биі-ай!

2. -Пай-пай! Бұл не сұмдық! немесе -Түу! Кетші әрі!

 

№27

Синтаксис

Синтаксис– (гр. Sintaksis – біріктіру) – сөйлемдегі жеке сөздердің байланысын, сөз тіркесінің заңдылықтарын, сөйлем құрудың амал-тәсілдерін қарастыратын грамматиканың үлкен саласы. Термин ретінде екі мағынада жұмсалады: 1) сөйлеудің құрылысы жүйесі деген мағынада; 2) тіл ғылымының бір саласы атауы мағынасында.

 

Сөз тіркестері – сөздерді салаластыра және сабақтастыра байланыстырады.

Байланысу тәсілдері

 

 

Аналитикалық Синтетикалық

Шылаулар арқылы – телефон арқылы сөйлесу Қосымшалар арқылы

орын тәртібі арқылы – сұлу қыз жасын сүртті

интонация арқылы - мен - оқушы

 

Байланысу тәсілдері

Қабысу – сөз тіркесі құрамындағы, бағыныңқы сыңардың басыңқы сыңармен жалғаусыз, іргелес тұрып, орын тәртібі арқылы байланысуы

Зат есім – зат есім ағаш күрек

Сын есім – зат есім ауыр қайғы

Сан есім – зат есім екінші қатар

Есімдік – зат есім мына үй

Есімше – зат есім Көшкен бұлт

Матасу – сөз тіркесіне енген екі сөздің де біріне-бірі іліктес грамматикалық формалар арқылы байланысу амалы айтылады. І. с. + тәуелдік жалғ ІІІ жағы

Кедей үйі, қазақ тілі, Қарағанды зауыты

Меңгеру – қосымша тәсілі негізінде қалыптасқан синтаксистік байланыс. Атау мен шлік септіктен басқа септіктер қолданылады.

Дәптерге жазылды, көршіге әкелінді, сәтсіздікке ұшырады

Қиысу – сөйлемде синтаксистік тұлға ретінде ұйымдастыруға қатысатын грамматикалық амалдардың бірі.

Марат жетіп келді, ол мұғалім, күн көтерілді

Жанасу – бағыныңқы сөздің басыңқы сөзбен ешбір жалғаулықсыз,талғаусыз орын тәртібі және шылаулар арқылы байланысуы.

Үйге қарай бет алды, бүгін жиналды, жылдам жүрді

Атынас

Бастауыштық немесе баяндауыштық – предикаттық – бәйге басталды

Анықтауыштық – атрибуттық – қызыл ерін

Пысықтауыш - адвербиалды - әзер қозғалды

Толықтауыш – объектілік - санамызға жетті

Сөз тіркесі(басыңқы сыңарына байл.)

 

Етістікті Есімдікті

Пойызға асықты Қызыл жеміс

 

Синтаксистік қатынасты білдіру үшін толық мағыналы екі (н/е одан да көп) сөздің сабақтаса, салаласа байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз.

Сөз тіркесте екі сөздің бірі екіншісіне грамматикалық формасы, қызметі жағынан бағынған қатынаста тұрады.

Бағыныңқы сыңар- тірек сөздің мағынасын нақтылап, даралық сипат беретін сөз.

Басыңқы сыңар- сөз тіркесін жасауға тірек болатын сөз.

№28

Тұрлаулы мүше- ________________________________________________________

Бастауыш - сөйлем арқылы айтылған ойдың кім, не туралы екенін білдіреді, ол – субъектіні білдіретін мүше.

Бастауыш (құрамына қарай):

Дара Күрделі
Бір сөзден ғана тұратын бастауыш Біз алғашқыда өзіміз сенбедік. Кемінде екі сөзден тұратын

Күрделі бастауыштың жасалу жолдары:

1. Күрделі сын есім, сан есім,есімшелер

Кеншілер сарайы адамға лық толды.

2. Зат есім, жіктеу есімдіктері мен өз есімдігі матаса бірігуі

Оның өзі, ұрлықшы өзі.

3. Зат есім мен көмекші есімдер матаса бірігіп күрделі бастауыш

Қораның іші сабындыққа толып кетіпті.

4. Зат есім есімдік және жинақтау сан есімдер немесе зат есім мен деген сөзінің тіркесуі арқылы күрделі бастауыш

Зұлымбай деген қаніпезер өз қамын ғана ойлайтын зұлым екен.

5. Күрделі мекеме атаулары

Қазақстан Республикасы жер көлемі бойынша тоғызыншы орынға ие.

Жасалу жолдары:

Зат есім:Адамдар арасындағы қанағат, тойымсыздық нысапқа байланысты.

Есімдік: Ол әділдікті, уәдесіне адалдықты,шыншылдықты құрметтейді.

Сын есім: ақылды ісіне сенеді.

Сан есім: үшеуі сыртқа сөйлесу үшін шықты.

Есімше: Ізденген жетер мұратқа.

Тұйық етістік: адам болу – ең қиын мамандық.

 

Баяндауыш – грамматикалық формасы жағынан бастауышқа бағынышты мүше.

Баяндауыш(құрамына қарай)

Дара Күрделі
Олар өте шалғай жерден келіпті. Кемінде екі сөзден тұратын

Баяндауыштың жасалуы:

1. Дара және күрделі сөздердің баяндауыш ретінде жұмсалуы.

Көптен күткен көктем де келді

2. Тиянақты баяндауыш қызметіндегі сөздің үстіне көмекші сөздер үстеліп синтаксис аясында жасалатын күрделі баяндауыштық формалар.

Шығыс горнизонын атқылады дейсің?

3. толық мағыналы сөздердің қайталанып тіркесуі немесе дара сөздердің меңгеріле тіркесуі арқылы жасалады.

Бүгінгі жиналыста ішінде ұстаған ойын айтуын айтты.

Жасалу жолдары:

Зат есім: Ырыс алды – ынтымақ.

Сын есім: Үйлену – оңай, үй болу – қиын.

Етістік: әбіш биыл да жазғы демалысқа елге қайтқан.

Сан есім: Менің көзіме түскені – екеуі.

Есімдік: Менің айтатыным – осы.

Көптен айтқан ауылым – міне.

 

№29

Пысықтауыш – етістіктен болған сөйлем мүшесіне қатысып, іс-қимылдың түрлі сапасын, мезгілін, мекенін білдіреді.

Құрамына қарай:

Дара пысықтауыш Күрделі пысықтауыш
Бұл қапырықта қайда жөнелмекші? Түс ауа бергенде балықшылар да келген болатын.

Мағыналық түрлері:

1) Мезгіл пысықтауыш - мезгіл мағыналы үстеулер.

1. Зат есім + жатыс пен барыс септік

Биылғы тойда екеуі тағы да кездесті.

2. Заттанған сын есім + жатыс

Қыс қатайып аштыққа ұшыраған суықта жұмысшы батальоны қырыла бастады.

3 Есімшелер + жатыс

Патша тақтан құлағанда ел билеушілері Уақытша билікті қолға алды.

2) Мекен пысықтауыш – іс-әрекеттің орнын, бет алысын, шығу мекенін білдіреді.

1. Мекен үстеулері

Сөніп бара жатқан шамның білтесін жоғары көтеріп қойды.

2. Зат есім+ барыс,жатыс, көмектес

Еламан поездан түсе салысымен үйіне бет алды.

3. Зат есім,есімдік,есімше+ көмекші есім, септеуліктер

Үй алдында бір топ адам жиналып қалыпты.

3) Сын-қимыл – етіс-к арқылы айтылған істің, әрекеттің сынын, сапасын, тәсілін білдіреді.

1. Сын-бейне , күшейту, топтау мағыналы үстеулер

Тәңірберген мен досы Жолжелкен станциясысына зорға жетті.

2. Еліктеуіш сөздер

Ол өзі дайындатқан бір табақ етін өзі апыл-ғұпыл жей бастады.

3. ып,іп,п,а,е,й тұлғалы көсемше

Осы үй өзі аасын шеттетіп жүргенін сезген балалар күн санап реніш пен ызасын іштеріне жиып, дықтанып өсіп келеді.

4) Мақсат - айт-ған істің мақсатын білдіреді.

1. Мақсат үстеулер

Бұл сөзін жүрегіне бату үшін әдейі айтқан болатын.

2. –ғалы,-гелі көсемше

Сенің кішкентайыңды көргелі келіп тұрмын.

3. Бұйрық рай + деп

Бөгет құрайын деп ауылдастарын жинай бастады.

5) Себеп пысықтауыш – себебін білдіреді.

1. Өткен шақ әсімше+дықтан, діктен

Ол көпке дейін қуанғандықтан жылайтын күні жетті.

2. Ө. ш. есімше+ шығыс

От алған дәрідей лап берген қуаныш енді қазір үміті алданғаннан қайтып, көңілін қорқыныш сезіміне босатып берді.

3. Дерексіз зат есім + шығыс септігі

Осы қыңырлығынан сөз еститін болдық.

Жасалу жолдары:

Зат есім: Енді көп зарықтырмай, қыр үстіне бір адамды отырғызып кетті.

Үстеу: Бүгін де күз аспаны күңгірт, айнымалы ала бұлт болатын.

Еліктеу: Билер тобы жым-жырт отырып кап еді.

Есімше: Түс ауғанда ол жетіп келді.

Көсемше: Шешесі баласының жүзіне мейірлене қарады.

№30

Толықтауыш.

Етістіктен, есімнен болған мүшемен байланысты, істің, сапаның, заттың объектісін білдіретін сөйлем мүшесін толықтауыш дейміз. Атау мен іліктен басқа септіктердің сұрағына жауап береді.

Толықтауыш (құрамына қарай)
Дара Күрделі
Бір сөзден ғана тұратын толықтауыш   Жіңішке жолмен қос ат келе жатыр. Кемінде екі сөзден тұратын толықтауыш Жасалу жолы: 1. Күрделі сөзден Олар аттардың қара торысын таңдап алды. 2. Тұрақты сөз тіркесінен Қорыққанда Отанын сататын су жүректерден қорқу керек.
Толықтауыш(мағынасына қарай)
Тура Жанама
Табыс септік тұлғадағы Суды шым тоқтатар, Сөзді шын тоқтатар. Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері тұлғасындағы Оның ұзақта келе жатқандарға көзі жетті.  

Жанама толықтауыш деп іс-қимылға түрлі объект ретінде қатысатын затты білдіріп, сөйлемде ілік, табыс, атаудан басқа септік жалғау формасында жұмсалатын сөйлем мүшелерін айтамыз.

1) Барыс септігі: Оның ұзақта келе жатқандарға көзі түсті.

2) Жатыс септік: Кітабында қазақ елінің тарихы көркем баяндалған.

3) Шығыс септігі: Абай аттан қалай түскенін бімей де қалды.

4) Көмектес септігі: Шәкеннің үнін ақырын үнмен қосады.

Жасалу жолдары:

Зат есім: Қорқақ көлеңкесінен қорқады.

Есімдік: Бұл сөз оған қатты әсерін тигізді.

Сын есім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Сан есім: Бестен үшті алса, екі қалады.

Есімше: Оның айтар-айтпасын білмеді.

Тұйық етістік: Үйге баруға қолы тимей жүр.

Анықтауыш – сөйлемде зат есім, есімдік немесе зат есім орнына жүрген есімше сөздермен байланысып, олардың түрлі сынын, сапасын білдіретін сөйлем мүшесі.

Сұрақтары: Қай? Кімнің? Ненің? Неше? Қанша? Қашанғы? т.б.

Анықтауыш(құрамына қарай)

Дара Күрделі
бір ғана сөзден тұратын анықтауыш Ұлыған қасқырды көріп, зәре құтымыз қалмады.   кемінде екі сөзден тұратын аывқтауыш 1)Тұрақты тіркес:Олардың қыл өтпестей татулығы елге үлгі-өнеге болып отыр. 2)Күрделі сөз:Қалың-қара жібек кемзалында қымбат күміс түймелер тігілген.

Жасалу жолдары:

Зат есім: Келесі күні Оспанның үлкен үйінде бар туысқандардың жиыны болды.

Сын есім: Зерделі қыздың зерек ойы қядағы жұмбақты іліп әкетті.

Сан есім: Екі күн өтті, үшінші күн кешке Өтегелдің отауында Мағыш пен Әбіш екеуін ұшырастырмақ болды.

Есімдік: Өзге жастар да бұл жайды үлкен түйін санап жүр екен.

Есімше: Айтқан сөзің дұрыс болса, жүз бас беремін.

№32

Жай сөйлем (айтылу сазына қарай):

1) Хабарлы

2) Сұраулы

3) Бұйрықты

4) Лепті

Хабарлы– информацияны баяндау үшін жұмсалатын конструкциялар.

1. Баяндауышы ашық рай формалы етістік

2. Өзіне тән баяндау сарынды интонация болады.

Ертеңіне ол ақсақалмен ұзақ әңгімелемті.

Бұйрықты – сөйлеушінің біреуді іске қосу, жұмсау үшін айтқан пікірін білдіреді.

Баяндауышының формасы:

1. ІІ жақ жекеше бұйрық рай

2. І жаққа – айын, ейін, айық, ейік

ІІІ жаққа – келсін, айтсын

3. Шартты рай тұлғалы етістік(ашсана, сөйлесене)

4. ІІ жақ бұйрық форма – деген соң – ІІ жақ бұйрық форма

5. Уші формалы есімше – болма

Шық деген соң шық деп, таяғына жармасты.

Маған мұндай қыңырлығынды көрсетуші болма!

Жүр, тез аяғыңды бас!

Маған ішкі сезіміңізді ашсана.

Жарыс туын жоғары ұстайық.

Лепті – сөйлеушінің эмоциясын қоса білдіретін сөйлем .

1. Да, де жалғаулықтары арқылы біріккен күрделі баяндауыш

2. Етістік – дейсің, есім сөз – деймін

3. Шартты рай тұлғалы етістік

Мына тәрбиелік мәтінді оқы да тоқы!

Құртамын дейсің, жауды деймін.

Қарт адамдарға неде болса көмек көрсетсек.

Сұраулы – бір нәрсе туралы хабар алу үшін қойылған сұрақты білдіреді.

1. Ашық сұрақты білдіреді – іздеуші мүше белгісіз, оның орнына сұраулы есімдіктер қолданылады.

2. Альтернативтік сұрақта іздеуге із, жоба болып, альтернатив сапа, іс аталады, ол сапа, іс атаулы сөздер арқылы көрінеді де, олардың сұраулық мағынада айтылып тұрғанын сұраулық демеулік шылаулар білдіреді.

3. Риторикалық – жауапты қажет етпейді, көбінесе поэзияда кездеседі.

4. Түрткі сұрақты білдіретін – тыңдаушыны іске қосу, жұмсау үшін пайдаланылады.

Қанша рет бір сөзді қайталай беріге болады?

Мынау егіс күздік пе, жаздық па?

Содан бері бірталай жылдар өтпеді ме?

Үй құрғыр азынап кетті ғой, тағы бірдеңе тауып жағасың

№33

Жай сөйлем(мағыналық түрлері)

1) Жақты

2) Жақсыз

3) Толымды

4) Толымсыз

5) Атаулы

6) Жалаң

7) Жайылма

Жақты – баяндауышының формасынан грамматикалық бастауышының бар екендігін білдіреді.

Бұл тарихи қозғалыстан қазақ даласы да шет қалған жоқ.

Жақсыз – оппозициялық қатынаста тұрған сөйлем.

Жасалу жолдары:

1. Барыс септіктегі тұйық рай етістік + болады(болмайды).

Бұл аймақтың жалғыз бір көзі болып отырған бастауды бітеуге болмайды.

2. Барыс септігі тұйық рай + тура келеді.

Маған жаман, қайғылы хабарды туысқандарына жеткізуге тура келді.

3. Болымсыз шартты рай + болмайды.

Арнайы даярланған отряд жіберілмесе болмайды.

4. Тұйық рай + керек.

Оның бұл жиналысқа не де болса баруы керек.

5. –пақ тұлғалы есімше + керек

Одан рұқсат алу үшін, жағдайдың бәрін түсіндірмек керек.

6. –ар, -ер есімше + -ма, -ме + еді.

Шынайы махаббатың қиындыққа кез болса, артынан еріп барар ма еді.

7. –са,-се шарты рай + болар еді.

Мараттан бүгінгі үшін кешірім сұраса болар еді.

8. –ар,-ер(ма+с,па+с)+ болар.

Біздің ауылдың қиын қыстау жағдайын айтар болар.

9. Болымсыз есімше + барыс жалғау түрінде жасалады.

Аты әлемге әйгілі ақынымыз туралы неге сөз айтпасқа?

10. Шартты рай етістіктен жасалған баяндауыш та жақсыз сөйлем

Патша үкіметінің қол астындағы қазақ еліне көмек көрсетсек.

11. Өткен шақ көсемше + болмайды.

Ауылда болған оқиғаларды бірінен соң бірі біліп болмайды.

12. Ауыспалы осы шақ тұлғадағы етістіктен болған баян-тар мақал-мәтел ретіндегі сөйлемге қатысып, жақсыз сөйлем құрайды.

Сөйлей-сөйлей шешен боласың,

Көре-көре көсем боласың.

Толымды – белгілі бір ой мен құрылымға қажетті сөйлем мүшелері бар сөйлем.

Патша үкіметінің отаршыл саясатына қарамастан, қазақ халқының өзіндік мәдениет үлгілері көптеген салаларда тамаша нәтижелерге жетті.

Толымсыз - ойға қатысты керекті сөйлем мүшесі жоқ.

Басты ерекшелігі – түсіп қалған немесе қажет болған сөзді немесе бірнеше сөзді орнына қойғанда, толымды сөйлемге айналады.Толымсыз сөйлем болмайды:

1. Осы шақта тұрған сөйлемдер

2. Дайын толымды мақал-мәтелдер

1 Балам, қайдан келдің?

2 Алыстан.

Толымды түрі:

2 Балам,(сен) қайдан келдің?

3 (Мен) алыстан (келдім).

Атаулы – құрамында бастауыш, баяндауыш болып өзара қатынасқа түскен мүшелері жоқ. Құрамында тек атау ретінде қолданылған тірек сөз ьолады.

Жұмсалуына қарай:

1. Бейнелеуіш мағыналы: Түн. Дала тастай қараңғы.

2. Эмоциялы: Күлуін! Жылауын!

3. Сөгіс, тілек: Қаңғыған неме? Өркенің өссін!

Жалаң сөйлем – тұрлаулы мүшеден ғана құралған жай сөйлемнің түрі.

Нұржан жағасын ұстады. Той-думан болып тұрады.

Жайылма – бастауыш не баяндауышты не түгелдей сөйлемді түсіндіру үшін құрамына тұрлаусыз мүшенің біреуі не бірнешеуі енгізілген жай сөйлемнің түрі.

Екі қолын артқа ұстап еңкейген кәрі кемпірлер де келді.

№35

Бірыңғай мүше

Бірыңғай мүше деп грамматикалық қызметі жағынан, грам. формасы жағынан, грам. байланысы жағынан ыңғайлас келген мүшелерді айтамыз.