Айтадан ашылған мән-жайлардың түсінігі мен түрлері және оның салдары бойынша тергеу органдарының қызметтерін баяндаңыз

Соттың заңды күшiне енген үкiмінiң, қаулысының, оның ішінде ЗАҢСЫЗ ЖОЛМЕН АЛЫНҒАН МҮЛІКТІ ҮКІМ ШЫҒАРЫЛҒАНҒА ДЕЙІН ТӘРКІЛЕУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ туралы шығарылған қаулысының күшi жойылуы және қылмыстық iс осындай мүлікті тәркілеу туралы өтінішхат бойынша iс жүргiзу жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта басталуы мүмкiн.
Іс жүргiзудi жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастаудың негiздерi мыналар болып табылады:
1) соттың заңды күшiне енген үкiмiнде белгіленген, заңсыз немесе негiзсiз үкiм не қаулы шығаруға әкеп соққан жәбiрленушiнің немесе куәнің айғақтарының, сарапшының қорытындысының көрiнеу жалғандығы, сол сияқты заттай дәлелдемелердің, тергеу және сот әрекеттерi хаттамаларының және өзге де құжаттардың жалғандығы немесе аударманың көрiнеу дұрыс жасалмауы;
2) соттың заңды күшiне енген үкiмiнде белгіленген, анықтаушының, тергеушiнiң немесе прокурордың заңсыз және негiзсiз үкiм, қаулы шығаруға әкеп соққан қылмыстық әрекеттерi;
3) соттың заңды күшiне енген үкiмiнде белгіленген, судьялардың осы iстi қарау кезiнде жасаған қылмыстық әрекеттерi;
4) тексеру немесе тергеп-тексеру арқылы белгіленген және прокурордың қорытындысында баяндалған, үкiм, ұйғарым шығару кезiнде сотқа беймәлiм болған, өздігінен немесе бұрын анықталған мән-жайлармен бiрге сотталушы адамның кінәсіздігі туралы немесе оның ауырлық дәрежесi жөнiнен өзi сотталғаннан гөрi өзге қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы не ақталған адамның немесе өзiне қатысты iс тоқтатылған адамның кінәлілігін айғақтайтын өзге де мән-жайлар;
5) сот актісін шығару кезінде сот қолданған заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің конституциялық емес деп тануы;

Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қаралуға жататын қылмыстық iстер бойынша сот шешiмдерi 1) айыптау үкiмi;2) ақтау үкiмi;3) iстi тоқтату туралы қаулы 4) мүлікті соттың үкіміне дейін тәркілеу туралы қаулы қайта қаралуы мүмкін. Айыптау үкiмiн немесе мүлікті сот үкімі шығарылғанға дейін тәркілеу туралы қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша, сотталған адамның, ақталған адамның пайдасына қайта қарау ешқандай мерзiмдермен шектелмейдi. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iс жүргiзудi қозғау туралы өтінішхат беру құқығы сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге немесе олардың заңды өкілдеріне, қорғаушыларға, сондай-ақ прокурорға тиесiлi. Өтінішхат үкімді, қаулыны шығарған сотқа беріледі. Азаматтардың, оның iшiнде осы iс бойынша процеске қатысушылардың арыздары, ұйымдардың лауазымды адамдарының хабарлары, сондай-ақ басқа қылмыстық iстердi тергеп-тексеру және қарау барысында алынған деректер жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iс жүргiзудi қозғауға себеп болады.

 

Іс бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау туралы өтінішхаттарды бірінші сатыдағы соттың үкім, қаулы шығарған судьясы жеке-дара қарайды. Егер іс бойынша апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттар қаулы шығарған болса, сот шешімдерін қайта қарау 1) апелляциялық сатыда – егер істі апелляциялық саты жеке-дара қараған болса – жеке-дара, ал егер іс алқалы түрде қаралса – алқалы түрде 2) кассациялық сатыда алқалы түрде жүзеге асырылады. Сот отырысына арыз иесі, оның өкілі, қорғаушы, прокурор, процестің өзге де қатысушылары және сот отырысына шақырылған тұлғалар қатысады. Сот талқылауының уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген, көрсетілген тұлғалардың келмеуі өтінішхатты қарауға кедергі болмайды. Қажет болған кезде сот оларды, сондай-ақ өзге де тұлғаларды сот отырысына келуге міндеттеуге құқылы. Күзетпен ұсталып отырған сотталған адамның сот талқылауына қатысуы бейнебайланыс режимінде ғылыми-техникалық құралдар қолданыла отырып қамтамасыз етілуі мүмкін. Сот отырысында қарсылық білдірулер мен өтінішхаттар қаралғаннан кейін бірінші болып сот актісін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау негіздері туралы өтінішхатты баяндайтын арыз иесі не тиісті өтінішхатпен сотқа жүгінген кезде прокурор сөз сөйлейді, сот содан соң соттың отырысына келген басқа тұлғалардың сөздерін тыңдайды, арыз иесі, жүргізілген тексеру немесе тергеп-тексеру нәтижелері бойынша прокурор ұсынған материалдарды зерттейді. Егер арызда (өтінішхатта) немесе хабарда тексеруді және тергеп-тексеруді қажет ететін өзге мән-жайлар көрсетілген болса, сот оларды тексеруді немесе тергеп-тексеруді ұйымдастыру үшін прокурорға жібереді. Олардың нәтижелері бойынша прокурор сотқа тексеру материалдарын және өзінің сот актілерін қайта қарау үшін негіздердің бар екені немесе жоқ екені туралы қорытындысын жібереді. Сот талқылауы аяқталғаннан кейін сот кеңесу бөлмесінде қаулы шығарады.
3. Қылмыстық процессте қаралатын азаматтық талаптар және азаматтық талапты қою тәртібі.Қылмыстық процесте жеке және заңды тұлғалардың тікелей қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есi дұрыс емес адамның қоғамға қауiптi іс-әрекетiмен келтiрiлген мүлiктiк және моральдық зиянды өтеу туралы, сондай-ақ жәбірленушіні жерлеуге, емдеуге кеткен шығыстарды, оған сақтандыру өтемі, жәрдемақы немесе зейнетақы ретiнде төленген сомаларды, сондай-ақ өкiлдiк етуге жұмсалған шығыстарға қоса, анықтау, алдын ала тергеу iсiн жүргізуге және сотқа қатысуға байланысты шеккен шығыстарды өтеу туралы азаматтық талап қоюлары қаралады. Егер, осы көрсетілген тұлғалар қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында азаматтық талап қоймаса немесе оны қойғаннан кейін кері қайтарып алса немесе оны сот қараусыз қалдырса, олар оны азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қоюға құқылы. Талапкердің азаматтық талап қоюды кері қайтарып алу туралы немесе оны қараусыз қалдыру туралы арызын сот осы Кодекске және азаматтық іс жүргізу заңнамасының нормаларына сәйкес шешеді.
Азаматтық талапты қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есi дұрыс емес адамның қылмыстық жазаланатын іс-әрекетімен тікелей мүліктік немесе моральдық зиян келтірілген тұлға не оның өкiлi сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап сот тергеуі аяқталғанға дейін қоюы мүмкін. Салдарында адам қайтыс болған қылмыстар туралы істер бойынша азаматтық талапты қайтыс болған адамның осы Кодексте көзделген жәбірленуші құқықтарын жүзеге асыратын жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) қоя алады.
Азаматтық талап күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға немесе оның әрекеттері немесе есі дұрыс емес адамның әрекеттері үшін материалдық жауаптылықта болатын тұлғаларға қойылады.Азаматтық талап қойған тұлға – азаматтық талапкер деп, өзіне талап қойылған тұлға азаматтық жауапкер деп аталады. Көрсетілген тұлғалар қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында процестік құқықтарды пайдаланады және осы Кодексте азаматтық талапкер мен тиісінше азаматтық жауапкер үшін белгіленген процестік міндеттерді көтереді.
Талапкер қылмыстық істе азаматтық талап қойған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.Азаматтық талап қоюдың соттылығы ол берілген қылмыстық істің соттылығымен айқындалады және қылмыстық іспен бірге қаралады.Азаматтық талап қою азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралатын талап қоюларға қойылатын талаптарға сәйкес жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында қойылады.Күдікті адамның анықталмауы қылмыстық iсте азаматтық талап қоюға кедергі болмайды.Азаматтық талап қоюдың негіздерін және талап қою талабының мөлшерін нақтылау қажет болған кезде тұлға талап қоюды толықтыруға құқылы.Қылмыстық қудалаудан артықшылықтарының немесе иммунитетiнiң болуына байланысты күдікті деп танылуға жатпайтын адамға азаматтық талап азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қойылуы мүмкiн.

Қылмыстық iсте қойылған азаматтық талапты қарау кезiнде залалды өтеу негiздерi, шарттары, көлемi мен тәсілі азаматтық, еңбек және басқа да заңнама нормаларына сәйкес айқындалады.

Сот қылмыстық істегі азаматтық талап қоюды қарау қорытындылары бойынша:
1) азаматтық талап қоюды толық немесе iшiнара қанағаттандыру туралы;
2) азаматтық талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы;
3) азаматтық талапкердің азаматтық талап қоюды қанағаттандыру құқығын тану және оның мөлшерi туралы мәселенi азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен соттың қарауына беру туралы;
4) азаматтық талап қоюдан бас тартуды қабылдау және ол бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы;
5) азаматтық талап қою бойынша татуласу келісімін немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту және ол бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы;
6) азаматтық талап қоюды қараусыз қалдыру туралы шешімдердің бірін шығарады.