Посткеңестік кеңістіктегі геосаяси жағдай және оның болашағы

Посткеңестік кеңістік ыдыраған КСРО орнында құрылған мемлекеттер жиынтығының кеңістігі болып табылады. Ол өзіне Ресей Федерациясы, Белорусь, Украина, Молдава, Латвия, Литва, Эстония, Грузия, Армения, Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан мемлкеттерінің геосаяси кеңістіктерін қосып алған.

Осымен байланысты, жаңа посткеңестік мемлекеттер өз ұлттық мүдделерін анықтауға, өздеріне одақтастарды, сауда – экономикалық әріптестерді және т.б. таңдауға мүмкіндік алған соң әлемдік саясаттың шын мәніндегі тең құқықтық акторларға айналғаны ешбір күмән тудырмайтын факт екенін айтуымыз керек. Бұрынғыға қарағанда олар үшін қазір экономика, саясат және қауіпсіздік саласында ынтымақтастықтың әлдеқайда кең перспективасы ашылды. Сондықтан олардың өз сыртқы байланыстарын жіктеуге ұмтылысы, Қытайдан, Оңтүстік Азиядан, ислам дүниесінен, Еуропа мен АҚШ- тан балама іздеуі таң қаларлық нарсе емес.

Посткеңестік кеңістік аумағында жаңа мемлекетаралық қатынастар жүйесін қалыптастыру посткеңестік кеңістік геосаясатының негізгі міндеттері болып табылады. Осыған орай посткеңестік кеңістіктің негізгі сипаттарын қарастыру қажет.

Ең алдымен КСРО орнына құрылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (бастапқыда Балтық республикалары оған кірмеді) саяси, экономикалық, әскери – саяси (мемлекет басшыларының кеңесі, премьер – министрліктер, қорғаныс министрліктері және т.б.) одақтық мемлекетаралық институттардың болуына қарамастан барынша формальді сипат алып отырғанын айтуымыз керек.

Осымен байланысты тұтас геосаяси кеңістік жоқ деуге болады, мұндай кеңістікке РФ және БР ( Беларусь пен Ресейдің одақтас мемлекеттері), сондай – ақ, белгілі дәрежеде Қазақстан, Армения, Тәжікстан және Қырғызстан аумақтарын жатқызуға болатынын атап айтқан жөн. Посткеңестік кеңістіктегі қалған мемлекеттер өзге саяси күштер орталықтарына: АҚШ – қа (Украина, Грузия, Түркіменстан), Еуропаға (Украина, Молдава), Түркияға (Әзірбайжан), исламдық Азия мемлекеттеріне (Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркіменстан), Қытайға бағыт – бағдар ұстауда.

Біртұтас геостратегиялық кеңістіктің де жоқ екенін айтуымыз жөн. Әскери- стратегиялық кеңістікті сақтап қалу мүмкін болмады. Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімді (ҰҚК), 1992 жылдың мамыр айында бастапқыда ТМД елдерінің бәрі дерлік қол қойған, одан кейінгі уақытта тек алты мемлекет – Ресей, Беларусь, Армения, Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстан пролонгациялады. Ал Грузия, Әзірбайжан және Өзбекстан ондағы өздерінің мұшеліктерін тоқтатып, геосаясаттарын басқа стратегиялық әріптестерге бұрды (НАТО – ға қатысушы мемлекеттерге, ГУӨӘМ). Сонымен қатар тұтас әуе қорғанысы кеңістігі де құрылмай қалды, бұл жалпы ТМД елдерінің қауіпсіздігін айтарлықтай төмендетті. Дегенмен ГУӨӘМ елдері өздерінің әскери – стратегиялық кеңістіктерін жасауға тырысуда. Украина мен Грузия НАТО – ға сұрануда. Өзбекстан мен Қырғызстанның аумағында АҚШ әскери базасы орналасқан.

Осымен байланысты ХХІ ғасыр басында Ресейдің ТМД кеңістігін ықпалдастыруға жасаған талпынысының үлкен қаржы – экононмикалық, бюджеттік салмаққа айналғанын айтуымыз керек. Мұны ТМД- ның көптеген елдерінің басқа мемлекеттерге – Еуроодаққа, АҚШ- қа, Түркияға, Қытайға бағыт – бағдар ұстауымен түсіндіруге болады. Бірінші кезекте бұл жағдай бай табиғи ресурстары бар Достастық елдеріне (Түркменстан, Өзбекстан, Украина, Қазақстан, Тәжікстан, Әзірбайжан) қатысты. Бұл елдер, Ресей сияқты, шикізат экспорты саясатын жүргізіп отырған, Ресейге бәсекелес болып отыр.

Орталық Азия тарихи тұрақтылығы жағынан барлық Еуразия континентінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әлемнің маңызды геосаяси аймақтарының бірі болып табылады. ХХІ ғасырдың басында Ресей оның жаңа және қатаң ғылыми негіздерде геосаясатын қалыптастыруды талап ететін әлем құрылысының бұрынғы биполярлы моделінің құлауымен байланысты жағымсыз салдарларды жоюға ұмтылуда. Сыртқы саясатты жүзеге асыру барысында осы қадам шеңберінде әлемнің түрлі аймақтарының қазіргі геосаяси жағдайының дамуының тарихи ерекшеліктері мен Ресей мемлекетінің мақсаттарын ескеру қажет. Кей деңгейде бұл Ресейдің дәстүрлі ықпал ету саласы және көпжақты мүдделері бар Орталық Азия аймағына да қатысты [2.70; 7 б.].
Белгілі бір кезеңде маңыздылықтың басымдылығы мен иерархиясы әр түрлі жағдайлармен анықталған жағдай Орталық Азияны дәстүрлі түрде РФ-ның мүдделер зонасына кіргізеді. Геосаяси, экономикалық және әскери мүдделерінің жалпы жиынтығында ресейлік саясатының аймақтағы маңызды бағыттары ұзақ мерзімді сипаттағы келесі факторларға негізделеді:

- Орталық Азияның Еуразиялық континентінің ортасында орналасуы материктің айтарлықтай көп бөлігінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне оның әсер ету көзқарасы жағынан стратегиялық мағынаға ие.

- Бүкіл Еуразияның инфрақұрылымын бақылауға мүмкіндік береді.
Еуразиялық көліктік коридор тоғысында орналасуы мен кең көліктік коммуникациялық жүйесінің бар болуы. Орталық Азия мемлекеттерінің Иран арқылы — Парсы шығанағына, Ауғанстан мен Пәкістан арқылы — Үнді мұхитына, Қытай арқылы — Азия-Тынық мұхитына аймағына шығу жолы бар.

- Аймақта және Орталық Азия мемлекеттерінің әрбіреуіндегі жағдайдың даму бағыттылығы жалпы көбіне еуразиялық кеңістігінің ұлан-ғайыр кеңістігіндегі күштер балансының перспективасын анықтауы мүмкін.

- Орталық Азия Ресей үшін оңтүстік шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету контекстінде дәстүрлі «буфер» немесе қауіпсіздік белдеуі ретінде болып табылады.

- Ресей үшін аймақтың ерекше маңыздылығын мұнай факторы мен Ресейдің Каспийде ықпалын сақтау ниеттілігі анықтайды.

- Ресей үшін ядролық конфликтерді қоса алғанда таяу орналасқан аймақтарда толық ауқымды конфликтер пайда болған жағдайда сәйкесінше шараларды қабылдау үшін күш ресурстарын базалау зонасы ретінде аймақтың территориясы аса маңызды болып табылады.

- РФ үшін аймақтың негізгі көліктік-коммуникациялық жолдар мен құбырөткізгіштеріне бақылауды қамтамасыз ету үшін сыртқы саяси және экономикалық мағынаға ие болып табылады.

- Аймақ Ресей үшін орыс және орысша сөйлейтін тұрғылықты халқы үшін «жауапкершілік зонасы», орыс тілі мен мәдениетінің маңызды саяси ролін сақтау болып табылады.

Қорыта айтқанда, бүгінгі күндері посткеңестік кеңістіктің тек қана ішкі геосаяси құрылымы және сыртқы шекарасы өзгерумен қатар, бұл аймақтың жалпы әлемдегі ролі де өзгерді. Посткеңестік кеңістіктің қазіргі геосаяси міндеті осы аймақтағы елдердің ұлттық – мемлекеттік мүдделерін негіздеуден тұрады, оның мазмұнына әлеуметтік және мәдени тұтастық ретіндегі қоғамның биологиялық, саяси, экономикалық тіршілік қажеттіліктері қосылған.

Қорыта айтқанда, бүгінгі күндері посткеңестік кеңістіктің тек қана ішкі геосаяси құрылымы және сыртқы шекарасы өзгерумен қатар, бұл аймақтың жалпы әлемдегі ролі де өзгерді.