Орталық Азиядағы Ресей, АҚШ және Еуропалық Одақтың геосаяси мүдделерін сараптаңыз

Орталық Азия тарихи тұрақтылығы жағынан барлық Еуразия континентінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әлемнің маңызды геосаяси аймақтарының бірі болып табылады. ХХІ ғасырдың басында Ресей оның жаңа және қатаң ғылыми негіздерде геосаясатын қалыптастыруды талап ететін әлем құрылысының бұрынғы биполярлы моделінің құлауымен байланысты жағымсыз салдарларды жоюға ұмтылуда. Сыртқы саясатты жүзеге асыру барысында осы қадам шеңберінде әлемнің түрлі аймақтарының қазіргі геосаяси жағдайының дамуының тарихи ерекшеліктері мен Ресей мемлекетінің мақсаттарын ескеру қажет. Кей деңгейде бұл Ресейдің дәстүрлі ықпал ету саласы және көпжақты мүдделері бар Орталық Азия аймағына да қатысты.
Белгілі бір кезеңде маңыздылықтың басымдылығы мен иерархиясы әр түрлі жағдайлармен анықталған жағдай Орталық Азияны дәстүрлі түрде РФ-ның мүдделер зонасына кіргізеді. Геосаяси, экономикалық және әскери мүдделерінің жалпы жиынтығында ресейлік саясатының аймақтағы маңызды бағыттары ұзақ мерзімді сипаттағы келесі факторларға негізделеді:
— Орталық Азияның Еуразиялық континентінің ортасында орналасуы материктің айтарлықтай көп бөлігінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне оның әсер ету көзқарасы жағынан стратегиялық мағынаға ие.
— Бүкіл Еуразияның инфрақұрылымын бақылауға мүмкіндік береді.
— Еуразиялық көліктік коридор тоғысында орналасуы мен кең көліктік коммуникациялық жүйесінің бар болуы. Орталық Азия мемлекеттерінің Иран арқылы — Парсы шығанағына, Ауғанстан мен Пәкістан арқылы — Үнді мұхитына, Қытай арқылы — Азия-Тынық мұхитына аймағына шығу жолы бар.
— Аймақта және Орталық Азия мемлекеттерінің әрбіреуіндегі жағдайдың даму бағыттылығы жалпы көбіне еуразиялық кеңістігінің ұлан-ғайыр кеңістігіндегі күштер балансының перспективасын анықтауы мүмкін.
— Орталық Азия Ресей үшін оңтүстік шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету контекстінде дәстүрлі «буфер» немесе қауіпсіздік белдеуі ретінде болып табылады.
— Ресей үшін аймақтың ерекше маңыздылығын мұнай факторы мен Ресейдің Каспийде ықпалын сақтау ниеттілігі анықтайды.
— Ресей үшін ядролық конфликтерді қоса алғанда таяу орналасқан аймақтарда толық ауқымды конфликтер пайда болған жағдайда сәйкесінше шараларды қабылдау үшін күш ресурстарын базалау зонасы ретінде аймақтың территориясы аса маңызды болып табылады.
— РФ үшін аймақтың негізгі көліктік-коммуникациялық жолдар мен құбыр өткізгіштеріне бақылауды қамтамасыз ету үшін сыртқы саяси және экономикалық мағынаға ие болып табылады.
— Аймақ Ресей үшін орыс және орысша сөйлейтін тұрғылықты халқы үшін «жауапкершілік зонасы», орыс тілі мен мәдениетінің маңызды саяси ролін сақтау болып табылады.

Орталық Азия Ресейдің қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында оның ұлттық мүдделерін, саяси тұрақтылығын, зерттелмелі аймақтың мемлекеттерімен тиімді саяси, экономикалық, әскери, әлеуметтік-мәдени және этноконфессионалды қатынаста өте біркелкі емес аймақ болып табылады. Осыған байланысты, сонымен қатар, зерттеу жұмысының өзектілігі келесілермен шартталған: Біріншіден, осы аймақтағы АҚШ, ҚХР, Түркия, Иран, Пәкістан сияқты аймақтық державалардың экономикалық, саяси, идеологиялық және әскери мүдделердің қақтығысымен, екіншіден, аймақтық қауіпсіздіктің Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау мен бөлісу, Ауғанстандаығы жағдайдың реттелмеушілік, Иран айналасында әскери-саяси жағдайының шиеленіс мәселесімен өзара байланыстылығымен, үшіншіден, осы аймақта радикалды діни-экстремистік ұйымдар мен түрлі әскерилендірілген топтардың белсенді қызметкерлігімен, төртіншіден, әлі күнге дейін латенттік жағдайдағы, бірақ түрлі факторлардың ықпалымен қозып кетуі мүмкін ішкі сипаттағы мәселелердің бар болуымен. Бұл ең алдымен, аймақтағы жүріп жатқан саяси үрдістердің қарама-қайшылықтармен, этникалық және кланаралық аймақтық қарсы тұрушылықта қақтығыстық потенциалдардың бар болуымен байланысты.

Соңғы он жылдықтағы халықаралық оқиғалар (2001 жылдың 11-қыркүйегіндегі жарылыс, АҚШ-тың басшылығымен НАТО-ның коалициялық күштерінің Ауғанстанға кіруі, «Мызғымас еркіндік» операциясының жүргізілуі) геосаяси ерекшеліктерге ие Орталық Азия аймақтарына, әсіресе, аймақтардың геостратегиялық орналасуына назарды жоғарылатты. Сонымен қатар, осы елдердің бай табиғи ресурстары халықаралық акторларға қызығушылықтар тудырды. Сондай-ақ, әлемдік және аймақтық державалар үшін Орталық Азия елдерінің мәнінің тек экономикалық және саяси қайта құрулар саласымен ғана шектеліп қоймайтындығын көрсету қажет. Орталық Азия елдеріндегі жағдай қазіргі әлемнің қауіп-қатерлеріне қарсы әсер ете отырып, халықаралық қауіпсіздікке де ықпал етуі мүмкін. Аймақ кез-келген уақытта тек Орталық Азия ғана емес, сонымен қатар оның шекарасынан тыс елдердің де қауіпсіздігіне кері әсерін тигізетін тұрақсыз ошақтардың ортасында орналасқан.
Орталық Азияда жүргізіліп жатқан АҚШ-тың саясаты көптеген факторлармен сипатталатын ерекше мәнге ие. Қазіргі таңда Орталық Азиядағы жағдай тұрақты емес. Ауғанстан мен Пакистан арасындағы қарым-қатынас, Иранға қатысты АҚШ-тың саясаты қиындап кетті. Орталық Азия елдерінде, әсіресе Қырғызстан мен Тәжікстанда ішкі саяси мәселелер туындады: лаңкестіктің өсуі, діни экстремизмнің пайда болуы және нашақор сауда-саттығы. 2014 жылы Ауғанстаннан коалициялық әскерлерді шығару еуразиялық контингенттің ұлттық және аймақтық қауіпсіздігіне белгілі өзгерістерді тудыруы мүмкін. Сарапшылардың пікірлері бойынша, аймақта АҚШ-тың осы уақытқа дейін орнығып алуына байланысты оның жақын арада толықтай кетуіне сенімсіздік тудырады.
Осының салдарынан әлемдегі басты державаның шынайы мақсаты мен мотивтері туралы жүйелі түсінікті қалыптастыру мақсатында Орталық Азиядағы АҚШ саясатының трансформациясының негізгі кезеңдерін зерттеуге мән беріледі. Орталық Азияда АҚШ-тың өз стратегиясын жүргізуі басқа ірі елдерде қызығушылықтарды тудырады. Әсіресе, АҚШ күннен-күнге өсіп келе жатқан Қытайдың экономикалық қуаты мен Ресейдің аймақтардағы тұрақты геосаяси ықпалымен соқтығысып отыр.
Ауғанстан, Орталық және Оңтүстік Азия арқылы сауда-саттық бағытты дамытуға негізделген АҚШ-пен ұсынылған «Жаңа Жібек жолы» және «Үлкен Орталық Азия» жобалары Ауғанстаннан коалициялық әскелердің шығуына байланысты жан-жақты және теңдестірілген баға беруді талап етеді.
Сонымен, жоғарыда келтірілген факторлар АҚШ-тың орталықазиялық стратегиясының және мемлекеттердің Вашингтонға қатысты саясатының қалыптасуындағы өзара іс-әрекеттерінен көрініс табады. Көрсетілген процестерді олардың даму динамикасы аспектісінде қарастыру (трансформациялық және эволюциялық сипатта да) осы зерттеудің өзектілігі болып табылады.

Еуроодақтың Орталық Азияға қатысты ұстанымдарын кеш білдіре бастады. Және оған бірнеше себептер бар. Біріншіден, Ауғанстандағы қақтығыс пен ЕО-ның тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауы; екіншіден, 2005 – 2006 жылдардан бастап Еуроодақтың энергия ресурстарын диверсификациялау күш жігері байқалды. ЕО-ның Орталық Азияға қатысты саясатындағы негізгі мәселелер – энергетика, тұрақтылық және қауіпсіздік. ЕО-қа Орталық Азиямен ұзақ уақыттық ынтымақтастық тән емес. ЕО-тың Орталық Азиядағы мүддесін екіге бөліп қарастырса болады:

a) Энергетика

b) Аймақтағы тұрақтылықты сақтау.