Терроризм жаңа ғаламдық үрдіс ретіндегі өзектілігін негіздеңіз

Қазіргі әлемнің жаңа бір өзектілігі, қатерлі қаупі ретінде қалыптасқан оқиға ретінде 2001 ж 11 қыркүйегінде Нью-Йорктегі Бүкіләлемдік сауда орталығының екі ғимаратын және Пентагонға жасалынған көлемі жағынан да, жойқындылығы және адам шығыны жағынан да теңдессіз болған, лаңкестік актіні келтіре аламыз. Бұл оқиға тек Америка алдында ғана емес, сонымен қатар, әлемдік қауымдастыққа да, бүгінгі күні де әлі шешімін таппай отырған, бірнеше сұрақтар тудырды. Бұл, өз кезегінде, халықаралық лаңкестіктің өзінің даму жолында жаңа сатыға көтерлігендігене дәлел болып отыр.

Лаңкестік кезең қазіргі әлемге ғылым, жаңа технология және үдеу жетегінде келді, өз тарапында, жаңа полицентрлік әлемдік тәртіптің контурлары мен конфигурацияларын қалыптастыруға айтарлықтай әсерін тигізуде. Шынында да, лаңкестер өздерінің мақсатына жету жолында қазіргі техногенді жаһандануды тиімді қолданудың, ұлы державалардың мол мүмкіндіктерге ие арнайы қызметтерінен айласын асырудың қабілеттілігін көрсетті. Олар жаңа қырып-жою технологиясы мен артта қалған, тіпті ол исламдық, протестанттық, зайырлы фундаментализм және фанатизммен байланыстыра алды.

Қазіргі лаңкестік пайда болу мен эволюцияның күрделі жолынан өтті. XIX ғ соңы мен XX ғ көп бөлігінде класстық лаңкестік үстемдік етті. Бұндай лаңкестіктің қалыптасуында Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін кең таралған солшыл лаңкестік ерекше орын алады. Олардың қатарына XX ғасырдың 60-70 жж әрекет жасаған ГФР-дегі «Фракция Красной армии», Италияда «Красные бригады», Францияда «Прямое действие» тобы, Латын Америкасындағы «Сендеро луминосо», «Монтанерос», т.б., бірақ кейін аталған топтар саяси аренадан біртіндеп орындарын жоғалтты.

ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында класстық лаңкестіктің орнына лаңкестіктің жаңа түрлері келе бастады: этникалық (солтүстік ирландық, басктық, курдттік, палестиналық), фундаменталды (әр түрлі тұрғыда), әлеуметтік-мәдени, жергілікті, халықаралық, т.б. Лаңкестікті саяси, революциялық, солшыл, оңшыл, сепаратистік, қылмысты және т.б. деп ажыратады.

Қазіргі лаңкестіктің бір көрінісі төлем талап ету мақсатында адамдарды ұрлау және кепілдікте ұстау болып табылады. Сонымен қатар, банктік кодтарды бұзуға бағытталған және компьютерлік жүйені істен шығару үшін вирустарды енгізуді қолданатын ақпаратты немесе хакерлік лаңкестік кеңінен таралуда. Ол кибертерроризмнің (лаңкестік) бір түрі, бұның міндетті түрде адамдық шығынға байланыстылығы жоқ.

Қазіргі әлемде исламдық фундаменталды негізделген әр түрлі лаңкестік топтар мен ұйымдар ең көп белсенділік, қайсарлық және басқыншылық танытуда. Бұл ұйымдар мен топтар арасында әр түрлі сұрақтар бойынша әртүрлілік орын алған және әлі де байқалып келеді. Олардың арасында ең көп беделділікке ие болған «Аль-Каида» ұйымы. Лаңкестіктің интернационалану және жаһандану үрдісі жүріп жатыр. Лаңкестік тарнсұлтты, әмбебап сипатқа ие болуда.

Исламдық және басқа фундаментализмді маргиналды құбылыс ретінде қарастыруға болмайды. Оның жақтаушыларын әлеуметтік статусы, түрлі білім деңгейі, түрлі мамандықтар иелері, түрлі жыныстар және жас шамалары, яғни, халықтың барлық топтары арасынан көруге болады. Көптеген зерттеушілер қазіргі исламдық лаңкестіктің түп тамырын кедей және сауатсыз талибтардан емес, керісінше Парсы шығанағының гүлденіп келе жатырған монархияларынан іздеу керек деген ойға келеді. Олар (лаңкестер) өзіне жақтастарын тек кедей қоныстанған, сауатсыз, білім деңгейң төмендердің арасынан емес, сонымен қатар университеттерде, мектептерде, мешіттерден де іздеп қана қоймай, өздерінің қатарларына тартады. Мысалы, Мысырдағы «Братья-мусульман» үшін өздерінің қатарларын толтырудың бірден бір көзі – Каирдың лас жерлері емес (трущобы), керісінше Каир университеті. Осыған байланысты саяси исламизмнің қайнар көздері араб университеттері екендігі жөнінде қызықты факт қалыптасады.

Қазіргі лаңкестік өзінің мақсаты, әдістері және жүзеге асыру құралдары бойынша батыстық әлеуметтік-мәдени, саяси-мәдени, демократиялық құндылықтар мен принциптердің басқыншы қысымына асимметриялық жауап деп нақтыласа болады. Мүмкін бұл ғылыми әдебиетте «кіші соғыс» деген атқа ие болған феноменнің түрі болуы да ықтимал. Мынадай парадокс: Батыс та, өз кезегінде, исламдық лаңкестікті жетілдіруге көп күш жұмсады. Мысалы, КГБ, ЦРУ, «Моссад», британдық және қытайлық барлау.

Батыс елдерінің көп бөлігінде, бүгінгі таңда да еш жасырынсыз, еріктілерді тарту, лаңкестік іскерлікке қаржы жинаумен айналысатын оңшыл лаңкестік ұйымдар әрекет етеді. Бұл ұйымдар, шын мәнінде, жаудың тылында әрекет ететін және барлық аймақтағы әлеуметтік-саяси жағдайды айқын түрде тұрақсыздандыратын трояндық ат рөлін атқарады.