Азақстан Республикасында денсаулық сақтауды реформалаудың алғы шарттары

ҚР денсаулық сақтау жүйесін реформалудың маңызды қадамы болып 2010 жылдың 1-ші қаңтарынан іске асатын Бірегей ұлттық денсаулық сақтау жүйесі болмақ.

Бірегей ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жасап, оны іске асыру мына мәселелерді орындалуын көздейді:

- медицинлық қызмет көрсетуде бәсекелестік ортаны қалыптастыруды;

- емделушінің дәрігер мен емдеу мекемесін өз еркімен таудауын;

- көрсетілетін мединалық қөмектің ашық болуын;

- соңғы нәтижеге жүгінуді;

- мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтың ынтымақты жауапкершілігін кіргізуді.

Бұл негізгі қағадалар, сондай-ақ азаматардың сапалы да уақытылы медициналық көмек алуы 2009 ж. қыркүйек айында ҚР-ның Парламенті қабылдаған «Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңнамасында көрсетілген.

Еліміздің денсаулық сақтау саласындағы саясаты қажетті бюджеттің 60%-нен жоғары көлемге шейін жергілікті атқару орындары арқылы іске асады. Сонымен қатар денсаулық сақтау жүйесінде бюджетті ұтымды жоспарлау, қаржы ресурстарын біркелкі тарату, қаржыны тиімді қолдану саясаты жоқ. Жоғарыда айтылған мәселелер науқасты емдеуде аумағы кеңейтілген, мөлшері көбейтілген, қарқынсыз, экстенсивті әдістерді қолдануға және сыбайлас жемкорлық жағдайларын туғызуға мүмкіндік жасайды.

Денсаулық сақтау жүйесінде 2010 жылға шейін Кепілді ақысыз медициналық көмек көлемін (КАМКК-ГОБМП) көрсету аясында жұмыс істейтін медициналық мекемелерді қаржыландыру ҚР Үкіметінің 2006 жылдың 6 қазанында шыққан «Медициналық мекемлердің шығындарын денсаулық сақтаудағы бюджет қаржысы мен ақылы қымет көрсету және ақылы қызметтен түсетін қаржыларды пайдалау тәртібі арқылы мемлкекеттік денсаулық сақтау ұйымдары арқылы жасау» атты қаулысымен жүргізілетін.

Клиникалы-шығынды топтар (КШТ-КЗГ) және тарификатор бойынша бекітілген жүйе арқылы барлығы орташаланған бағамен есептелініп, емдеудің соңы мен сапаны бақылаушы сарапшылардың қорытындысын ескере бермейтін. Тариф негізгі қорларды жаңартуға кететін шығындарды есептемейтін. Мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің өз еркімен жұмыс істеу қабілеті төмен болғандықтан және білікті менеджерлердің болмауы осы салада бәсекелестікті дамытуға бөгет болатын. Медициналық қызметкерлердің еңбек ақысы өте төмен болып, олардың қызметтерінің сапасына кері әсер ететін.

КАМКК бойынша 2009 жылы мемлекет шығынының 60%-ы стационарлық көмек көрсетуге, 34%-ы алғашқы медициналы-санитарлық көмек беруге, 6%-ы басқа шаралаға қарастырылған болатын.

Жағдай ресурстардың аймақ бойынша бірдей бөлінбейтіндігімен қиындатылатын. Ел бойынша (14 облыс пен республиалық маңызы бар екі қала) денсаулық сақтау қызметі түрліше көзқараспен қамтылатын. Республиканың аумағында КАМКК аясында бір тұрғынға шаққанда қаражат мөлшері 2008 жылы 9 302 тенгеден 19 441 тенгеге шейін өзгеріп тұратын. Бір емделіп шыққандарға кететін орташа шығын 41,7 мың тенгеден 88,8 мың тенгеге құрайтын. Бұл дегеніңіз науқастары бірдей аурыларға медициналық көмек көрсету көлемі мен сапасына КАМКК бойынша қол жеткізу әр аймақта екі есеге ауытқып тұратын, ал бұл оның дұрыс еместігін көрсетеді, әйткені КАМКК алу конституциялық құқық бойынша біртұтас ел іші аймағында бірдей болуы тиіс.

Сөйтіп, қажетті құралдардың болмауы және КАМКК-ның жетілмеуі денсаулық сақтау саясатын жүзеге асыруда саланы басқару ісі тиімсіз жүргізілді.

Осының бәрі ішкі ресурстарды іске қосып, саланы қаржыландырып және ұйымдастырып бере алатын бірегей жүйе жасап, іргелі – ұлттың денсаулығын жақсартатын және бәріне бірдей қол жеткізе алатын медициналық, оның ішінде стационарлық көмек ала алатын мәселелерді шешуге итеріп отыр.

Бірегей ұлттық денсаулық сақтау жүйесін (БҰДЖ-ЕНСЗ) іске асыру барысында емделуге қажет ақыны орталықтандыру үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министртілігі жанынан Бірегей ақы төлеуші – Медициналық қызметті төлеу комитеті (МҚТК) құрылды. Енді аймақтарда медициналық қызмет көрсетуді төлеу осы комитеттің жергілікті департаменті арқылы жүргізіле бастады.

БҰДЖ-ні іске кіргізу елдің әр тұрғынына оның мекен-жайына қарамастан медициналық мекемені өз қалауынша таңдап алуына мүмкіндік береді, ал емдеуді төлеу оның нақтылы құнына байланысты белгілі бір тарифпен жүргізіледі. Бұл жаңадан кіргізілген іс республиканың барлық мекемелеріне бәсекесетік ортаны тудырады.

БҰДЖ дұрыс жұмыс істеу үшін автоматтандырылған ақпараттық жүйе болуы тиіс. Осы себепті Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі емделген және тәулік бойы емдеуді төлеу стационарларында автоматтандыруға негіз болып «АИС-Стационар», ал күндізгі стационарларда ол «АИС-Поликлиника»-ға тапсырды, ал осылардың бәрін жасаушы «Мединформ» компаниясы болатын.