Мейірбикелік іс: миссиясы, атқаратын қызметтері, мақсаттары мен міндеттері

Мейрбикелік іс денсаулық сақтау жүйесінің құрамдық бөлігі болып саналады және денсаулықты күшейту, аурулардың алдын алу, ағзалық және психикалық, сондай-ақ жұмысқа жарамсыз тұлғаларға психоәлеуметтік көрсету қызметтерін қарастырады.

Мейірбике миссиясы нақтылы адамдарға, отбастарына және адамдар тобына олардың тұратын және жұмыс істейтін қоршаған ортасына байланысты ағзалы, ақыл-ойылық және әлеуметтің денсаулығын анықтап және соларға жеткен жағдайында көмек беру болып саналады. Мейрбике ісінің миссиясы аурулардың жоғары білікті және мамандандырылған медициналық көмек алу қажеттілігін өтеу болып саналады.

Бүкіләлемдік денсаулық стақтау ұйымының (БДҰ) Европа аймақтық бюро (ЕАБ) мейірбике ісі бойынша мейірбикенің төрт негізгі қызыметін бөледі:

- мейірбикелік күтім жүргізу (бұл алдын ала жүргізілетін шаралар, адамға немесе оның отбасына реабилитациямен, пси-хологиялық демеушілікпен мейірбикенің араласатын жұмыстары болуы мүмкн);

- емделушіні және мейірбикелік қызметкерлерді оқыту;

- емделушіні күтуші медициналық бригаданың құрамында мейірбике тәуелді және тәуелсіз орында болуы;

- зерттеу жұмыстары арқылы мейірбике машықтығын өсіру.

Меірбикелік істің негізгі мақсаттары:

· Жұртқа және емдеу-алдыналу мекемелердің әкімшілігіне кәзіргі кезде мейрбикелік істің маңыздылығын және артықшылығын түсіндіру.

· Мейірбіке мүмкіншіліктерін жұмылдыру, дамыту және тиімді пайдалану.

· Жоғары кәсіби мейірбикелерді және мейірбике ісінің менеджерлерін дайындау үшін оқытуды қамтамасыз ету және оларды оқытып тұру.

· Мейірбикелерде белгілі бір ойлау стилін қалыптастыру.

Мейірбикелік іс мынадай мәселелерді шешеді:

· Мейірбике көмегі аясында жаңа технологиялар ашып, оларды іске қосу.

· Мейірбикелер көмегі жөнінде кеңес беретін орындар ашу.

· Медициналық ақпараттың жоғары деңгейде болуын қамтамасыз ету.

· Санитарлы-ағарту және алдыналу жұмыстарын жүргізу.

· Мепйірбикелік көмектің сапасын жақсарту.

· Медициналық қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби машықтығын көтеру.

· Кадрлармен жұмыс істеуде басқарушылық тұжырым-дамаларды дамыту және кеңейту.

Қазіргі уақытта мейірбикелік істі дамытуға бөгет болып жүрген негізгі себептер:

- медициналық мейірбикенің кәсіби және әлеуметті құзырының төмендігі;

- оқыту деңгейінің төмен болып, кәсіптік көтерілу келешегінің болмауы;

- мейірбикелық қызметті ұйымдастыруда мәнді ғылыми қағидалар мен көзқарастың бағаланбауы;

- шетелдік тәжірибелерді менсінбеушілік.

Қазіргі кезде жоғары кәсіби мейірбике қызметкерлерінің шешуші маңызын білдіретін денсаулық сақтау қызметері жұмысында негізгі төрт бағыт бар:

· Халыққа профилактикалық алдын алу көмектерін жүргізу.

· Емдеу-диагностикалық көмек жүргізу.

· Созылмалы ауруларға, қарттарға және мүгедектерге көрсе-тетін реабилитациялық және медикалы-санитарлық көмек беру

· Хал үстіндегі ауруларға медикалы-әлеуметтік көмек беру.

Медициналық мекемелерде ауруларды емдеу жұмыстарын ұйымдастыруда және оны қамтамасыз етуде мейірбикеұйым-дастырушылар (бас мейірбике, оның көмекшілері) шеушу маңыз алады. Медициналық мейірбике-басқарушы бір мезгілде бірнеше маңызды рөлдер атқарады:

Басшы (жетекші) есебінде мейірбике алдағы болар ресурстарга сүйене отырып, мейірбике қызметінің стратегиясын анықтайды, емдеу-алдыналу мекемелерінде мейірбикелік жұмыстардың алдағы уақытта болатын жағдайларын қалыптастырады, осы мекемеде мейірбикелік көмектің тұжырымдамасын жасайды.

Басшы ретінде мейірбикелік жұмысты жоспарлайды және оның орындалуын қадағалап отырады, алдағы нақтылы жұмыстарды байқап отырады, мекеменің дұрыс жұмыс істеуіне және оны ұйымдастыруға жағдай жасайды, ішкі ресурстарды жұмылдарады.

Әкімгер ретінде медициналық мейірбике ағымдағы мейірбикелік істің мәселелерін шешеді, бүгінгі күннің мәселелелеріне көңіл бөледі, жұмыстың тиімді болуын қамтамасыз етеді, қызметкерлердің қолдағы бар барлық мүмкіншіліктерін пайдаланады.

Соңғы кездері жұмыстың психологиялық жақтарына да көңіл бөледі. Мейірбикелік іс аясында пайда бола бастығын психологиялық ахуалға жетекші-мейірбике психолог ретінде де аралысып жүр.

Жетекші-мейірбикеге тиісті шешімдер қабылдау үшін тиісті білгірлік қажет: алдында тұрған мәселелерді анықтау, қажетті ақпаратты жинап, оны талдау, баламалы шешімдерді айыра алу, қабылданған шешімдерге бақылау жүргізу, берілетін медициналық көмекті қадағалап отыру.

Орта буынғы медициналық қызметкерлер тікелей медициналық қызметтерді атқарады. Оларға ең алдымен мейірбикелік әрекеттер мен ісшаралар жатады: дәріні бұлшықетке, тері астына енгізу, көк тамырдан қан алу, аутогемотерапия (өз қанымен емдеу) жасау, компресстер қою, тік ішектен зертеу материалдарын алу, сүлік салу, асқазанды шайу (зон арқылы), шек-қарынды жуу, микриклизмге дайындау, тазартатын клизма қою, жел ішекке қысымен су жіберу,жел шығаратын құбырша қою, ұлтабарға зонд қою, зонд арқылы немесе дара әдіспен асқазан шырынын алу, зонд арқылы тамақтандыру, кілегейді электр сорғышпен сорып алу, кеуде ішіндегі суды, жыланкздерді тазарту, алдын алатын егулерді жүргізу (тұмауға, қызылшаға, полиомелитке, кене энциффалитіне және басқаларға қарсы).

Әрине, орта медициналық қазметкерлердің атқаратын қызметтері олардың мамандануына байланысты екенін атап кету керек.

Жалпы практикадағы мамандар (отбасылық), мысалы мынадай қызметтер атқара алады: босанар алдында немесе босанудан кейін кезеңдерде жүкті әйелге үй жағдайында мейірбикелік емдеу жүгізулер, жаңа туған нәрестеге (тұңғыш және кейінгі) үй жағдайында мейірбикелік емдеу жүргізу, ерте жастаға сәбиге үй жағдайында мейірбикелік емдеу жүргізу, медициналық мейірбикенің ауру сәбилердің үйіне жиі барып қарау.

Стоматологиялық ісшараларға алмалы-салмалы форфордан, хром-бальт қоспасынан бюгелді протездер жасау, алынбайтын хром-бальт болатынан протездер жасау және басқалар қызметтері жатады.

Функционалды диагностика бойынша электрокардиологиялық зерделеуді, содай-ақ жалпыклиникалық зертқаналық ісшараларды, мысалы, гематологиялық мақсатта саусақтан қан алуды қарастырады.

Дегенмен орта буын медициналық қызметкерлердің түрлы үзіп сипаулар (массаж) істеріне тоқтала кетен дұры. Өз еркімен медициналық сақтандыру бағдарламасында бетті, бастың шашы бар жерін, қолды (бір- және екіжақтық), көкіректі, омыртқаларды, мойын түсы мен басты, сондай-ақ нүктелеп сипалауды, жалпы массажды, амбулатория-поликлиника мен стационар немесе басқа жағдайларда орындалатын емшектегі және мектепке дейінгі балаларға жасалатын емдік-физологиялық кешені мен басқа масаждар көрсетілген.

Орта медициналық қызметкерлер сонымен қатар сервис­тік қызметтер жасайды: тәулік бойы немесе түнгі жекеше медициналық мейірбике күзеті, ауруды емдеу-алдыналу мекемесіне көлікпен апару, үйде қызмет көрсету және де басқа да тұтынушы қажет ететін жұмыс түрлері.

Нарық зерттеулеріне сараптама жүргізгенде алдымен орта медициналық қызметкерлерінің қолынан келетін қайсыбір қызметтердің сұраныс түрлеріне қарау керек. Бұндайда жұрттың сұраныстарына анкета толтыру көмектеседі.

Медициналық қызмет тіпті жаңаша болмаса жетілдірілген түрде болуы мүмкін. Мысалы, бұрынғы қолданып жүргеннен басқа массаждың жаңа түрін ұсынуға болады. Немесе, мысалы, неврология бөлімінде ауыр науқастың төсегінде жекеше мейірбикелік күзет қойуға болады. Ұсынылған қызметпен қоса оған ілеспе тауарларды: ауру күтіміне керек түрлі заттарды, арнайы кремдерді, майларды, төсеніштерді ұсынуға болады.

Осылардың сыртында мейірбике біліктілік мәселелеріе кәсіби білгірлік пен икемділік, адами қамқорлық, өз мойнана алған шешімдер мен істеріне жауапкершілікпен қарау, ылғи да өзін жетілдіріп тұру қасиеттері кіреді. Аурулар мейірбикелік көмектің сапалы жаңа түрлеріне зәру болып келеді, ал бұл мейірбикеліқ үрдісті іске асыру кезінде ғана пайда болмақ.