Мейірбикелік үдеріс: маңыздылығы және негізгі кезеңдері

 

Мейірбикелік үдеріс – бұл аурудың өмірін жақсартуға оның пайда болған мәселелерін жоспарлы және кезең-кезеңмен шешетін ғылыми-негізделген мейірбикелік күтімнің технологиясы.

«Үдеріс» оқиғаның жүру барысын білдіреді, яғни мейірбикенің көмек көрсету кезінде өз ретімен жүргізетін қимыл әрекеттері.

Мейірбикелік үдерістің мақсаттары:

· Аурудың жағдайына қарап оның қажетті «сапалы өмір» деңгейін қамтамасыз ету.

· Аурудың тауқыметінің алдын алу, барынша азайту.

· Аурудың бейімделіп кетуіне көмектесу.

Мейірбикелік үдерісті мейірбикені дайындау және практикалық қызмет жүйесіне енгізу мыналарды орындауға мүмкіндік береді:

· Мейірбике араласатын жұмыстарға жүйелік көзқарас жасауды.

· Әр аурудың жекеше ерекшеліктерін есепке алып отыруды.

· Мейірбикенің клиникалық ойлау қабілетін өсіруді, білікті-лігін көтеруді, тәуелсіз болуды, тапқырлықта белсенді болуды.

Мейірбикелік үдеріс медициналық мейірбике қызметінің тех-нологиясы ретінде бірнеше кезеңдерден тұрады (2 сурет).

1 кезең – мейірбикелік тексеру. Мейірбикелік тексеру орын алған қажеттіліктерді анықтауға және аурудың жағдайы туралы ақпарат жинауды, оның жеке басын анықтауды, тұрмыстық өмірін байқауды және алынған мәліметтерді мейірбикелік картаға түсіруді қарастырады (арудың мейірбикелік тарихы). Аурудың жағдайын байқап отыру – қарым-қатынасты және бақылауды жүргізуде икемділікті қажет ететін үздіксіз атқарылатын жүйелі үдеріс.

Байқап отырудың мақсаты – адамның мейірбикелік күтімге нақтылы қажетін анықтау. Мейірбикелік тексеру тәуелсіз жүргізіледі және ол дәрігерлік байқаумен шатыстырмау керек, әйткені олардың алдында әртүлі міндеттер тұр. Дәрігер тиісті ем қолдану үшін тексеріс жүргізіп, медициналық диагноз қояды, дене мүшелері мен ағза жұмыстарының бұзылу себептерін анықтайды. Ал медициналық мейірбикенің мақсаты – жекеше күтімнің уәждемелік негіздемесін жасау.

Мейрбикелік тексеру

 
 

 

 


5. Тиімділікті 2. Науқастың

бағалау, мәселесін

қарау, анықтау

жоспарды

өңдеу

 

4. Мақсатты 3. Мейірбикенің

еке асыру араласуын

(жоспардың орындалуы) жоспарлау

 

Сурет 2. Мейірбике үрдісінің кезеңдері

 
 

2-ші кезең – науқастың жағдайын анықтау (мейірбикелік анықталыным) Бұл кезеңде мейірбике науқастың жауап беруіне байланысты оның ауруын сүреттейді, сөйтіп оның клиникалық ойлау тұжырымдары қалыптасады. Мейірбикелік анықталынымның мақ-саты – денсаулыққа байланысты науқас пен оның жақындары өзгерістерге бейімделіп, оған жеке күтім жасауды қарастыру (3-ші сурет).

 

 

Сурет 3. Науқастың мәселесін анықтау (мейрбикелік диагностика).

 

3-ші кезең – мейірбикенің іске араласын жоспарлау және мақсаттарды анықтау. Бұл кезеңде мейірбике өз істерін негіздеп, науқасты мейірбикелік күтімге жатқызуды жоспарлайды (4 сурет).

Мейірбикелік күтімнің жоспары – бұл күтім мақсатын орндау үшін жасайтын мейірбикенің арнаулы істерінің толық тізімдері. Араласудың мақсаты – аурудың табылған жағдайлық әр мәселелері бойынша нақтылы оң қорытындылар.

 

 
 

Сурет 4. Мейірбикелік араласуды жоспарлау мен мақсатын анықтау

 

Араласудың мақсатына жататындар мынадай талаптарға жауап бері тиіс:

- нақтылылыққа;

- шындыққа, қол жету мүмкінділігіне;

- орындалу мерзімі болуына;

- мейірбикелік (дәрәгерлік емес) біліктілік терминдеріне қа-лыптасуына;

- ауруға және оның отбасына түсінікті түрде түйіндеме жасалуы;

Әр мақсатқа оны орындау жөнінде жоспар жасалуы тиіс. Күтім жоспары ішінде сәйкестендірілген және аурудың жағдайы түйін-демеленген (бар және болар), күтім мақсаты (қысқамерзімді және ұзақмерзімді) көрсетілген, жоспарланған іс әрекеттер көрсетілген, күтімді орындау туралы мәліметтер мен өткізілген жұмыстардың бағалануы бар мейірбикелік үдерістің картасы толтырылады.

4 кезең – мейірбикелік араласудың жоспарын орындау. Бұл кезеңнің мақсаты медициналық мейірбикенің іс әрекеттері көрсетілген жоспар бойынша сәйкес жүретіндігін анықтау, сондай-ақ оларды құжаттандыру. Мейірбике жоспарланған жұмыстарды өз бетінше орындайды немесе дәрігермен, кіші медициналық қызметкерлермен, аурудың және оның туыстарының өзімен, басқа мейірбикемен өзара түрлі деңгейде байланыса отырып жасайды, бір-ақ жасалған шараларды үйлестіру және сапалы болуын өз мойнына алады.

Мейірбикелік араласудың санаттары 3 түрде болуы мүмкін: тәуелді, тәуелсіз және біріне-бірі тәуелді болып.

Тәуелді – дәрігердің тағайындауымен орындалатындар, бір-ақ мейірбикенің өз білімі, білгірлігі және икемділігі қолданылады.

Тәуелсіз – мейірбикенің біліктілігі арқасында, өз бетімен, дәрігердің нұсқауынсыз орындалады. Мейірбикенің тәуелсіз әрекет-тері ауру жағдайының маңыздылық дәрежесіне (басымды немесе екінші дәрежелі) байланысты.

Біріне-бірі тәуелді – мейірбике жоспарланған істерді медицина саласындағы басқа қызметкерлермен бірге (дәрігерлермен, меди-циналық мейірбикелермен, төменгі медициналық қызыметкер-лермен) орындайды.

Шұғыл жағдайда көмек беру кезінде мейірбике өз бетімен (тәуелсіз) мынадай кездерде алгоритімді іс шаралар жүргізе алады:

- дәрігердің жақын арада болмауы;

- шұғыл жағдайдың тез қауіпті өзгеруі;

- аурудың өліп кету қауіпі тууы.

5 кезең – мейірбикенің аралау жоспарының қорытындысын бағалау және түзетулер енгізу. Бұл кезеңнің негізгі міндеті, мейір-бике күтімін жүргізу жоспарының сапалылығын өлшеу және анықтау және қажет болған жағдайда осы жоспарға өзгертілер енгізу (5 сурет).

Бағалану – қойылған мақсаттың орындалу дәрежесін анықтау үшін жүргізіледі. Мейірбикелік араласуларды бағалап және күтім сапалылығын бағалау жұмысын жүргізу үшін үш құрамдық элементті немесе критерийді: құрылымды, үдерісті, қорытындыны ескеру қажет.

Сурет 5. Нәтижелерді бағалау және мейірбикенің қатысуымен жоспарға түзету енгізу

Құрылым – ішіне қарапайым қолайлы жағдай жасауды, мекеменің ұйымдастырылуы, түрлі ресурстар (адамдық және басқалары) кіретін ауру күтудің алғы шарттары бағаланы.

Үдерім – күтудің жағдайы бағаланады, медициналық мейір-бикенің парасаттылығы және оның ауруға, оның туыстарына және басқа мадиналық қызметкерлерге деген көзқарасы анықталады, яғни мейірбикенің жауапкершілікпен атқаратын істері өлшенеді.

Қорытынды – күтімнің қаншалықты әсер бергенін анықтайтын аурудың соңғы жағдайы бағаланады. Ауру қаншалықты көзделген мақсатқа жеткенін білу үшін, соңғы қорытындажағдай күтілген нәтижемен салыстырылады.

Бағаланатын жағдайларды анықтаудың бір жолы, ол аудит өткізу. Мейірбикелік аудит мейірбике күтімінің қаншалықты сапалы жүргенін бақылайды. Оның ішіне медициналық құжаттарда медициналық мейірбикенің жазған мәліметтері тексеріледі. Оның мәндеттері:

- медициналық мейірбикенің жұмысын күнделікті жағдайда өлшеп білу;

- мейірбике жұмысының қаншалықты білікті орындалғанынбағалау;

- қажет болған жағдайда жұмысты жақсарту.

Мәліметтер жинаудың екі әдісі бар – ағындағы және ретроспективалық (өткен кезеңдік). Біріншісі күтім жүріп жатқан уақытта жүргізілсе, екіншісі – мейірбике жұмысы атқарылғаннан кейін қаралады.

Ағындағы бағалауларды күтім жүрген уақытында тікелей бақылау негізінде, ауру мен оның туыстарымен сұхбаттасқанда кезде, медициналық мейірбикенің біліктілігін өлшеген уақытта, мейірбикенің күнделікті жазуларын тексеру барысында жүргізеді.

Ретроспективалық бағалану аурумен сұхбат өткізуді ұймдастырғаннан кейін, аурумен сауалнама өткізгеннен соң, кейін, қызметкерлермен конференция өткізген соң, күтім жоспары орындалғаннан кейін мйірбике құжаттарындағы жазуларға аудит өткізу арқылы іске асады.

Медициналық мейірбикенің біліктілігі оның ойлану және жағдайды сұрыптау арқылы әдейі және алдын ала жоспарлау жұмыстарын жасай алатындығын арқылы анықтайды. Білікті мейірбике басымды жұмыстарды анықтап, оларды басқара біледі.

Мейірбикелік аудиттің басты қызметі стандартпен және орындау алгоритмдерімен салыстыра отырып, мейірбикелік күтімнің кепілді сапалылықты болун қамтамасыз ету.

Мейірбикелік үдерістің бұл кезеңі өте қыйын кезең болып саналады, өйткені ол медициналық мейірбикеден сарапты ойлау қабілетін қажет етеді.

Мейірбикелік күтімді бағалаудың екі үлгісі болуы мүмкін:

- егер мақсат орындалса – медмейірбике мейірбикелің араласты дұрыс анықтаған және бұны мейірбикелық құжатта дәлелді етіп кіргізуі керек;

- егер жоспарланған мерзім ішінде мақсат орындалмаса – сәтсіздік себептерін анықтап, тиісті түзетулер енгізіп және 1-ші кезеңнен бастап мейірбикелік араласудың жаңа жопарын жасауы керек.

 

Өзіндік тексеру сұрақтары:

1. Мейірбикелік істің шығу тарихы және дамуы туралы айтыңыз.

2. Мейірбикелік істің миссясын, мақсатын және міндеттерін келтіріңіз.

3. Мейірбикелік үдерістің барлық кезеңдеріне ретімен сипаттама беріңіз.

4. Қазіргі уақытта мейірбикелік іске кедергі болып отырған негізгі себептерін айтыңыз.

 

 

ТАҚЫРЫП