Медициналық ұйымның іскерлік жоспары

 

Медициналық мекемеде клиникалы стратегиялық басқару дәрежесінде ЕПМ іскерлік жоспар (ІЖ) болуы керек, яғни, денсаулық сақтау ұйымындағы коллективті және жеке меншіктегі бизнес жоспардан принципті түрде ерекшелінген жоспар, ІЖ көмегімен клиникалы және экономикалық құрылымдағы емдік–диагностикалық үрдістегі денсаулық сақтауды қаржыландыру тұрақсыздығын реттеуге болады. Медицина мекемесіндегі іскерлік жоспар МГК негізделінеді. Медицина мекемесіндегі ІЖ қысқа мерзімді муниципальды келісімге негізделінген, ол тұрғындарды тегін медициналық көмекпен дәрігер және ЕПМ жергілікті өзіндік басқару органдарымен арасындағы қарым–қатынасты қамсыздарудың негізгі базасы болып табылады.

Тағы да айта кетер жәйт, пайдасыз муниципальды медициналық мекемедегі іскерлік жоспарды, жекеше ұйымды қаржылық дамытудағы медициналық, жоғарғы дәрежеде көрсетілген қызмет есебінен түскен пайданы анықтау үшін және қолдағы ресурстарды ұтымды пайдаланатын бизнес–жоспармен шатыстыруға болмайды.

Экономикасы дамыған мемлекеттерде, медициналық ұйымдар қызметіндегі бизнес –жоспардың бар болуының тәжірбиелік маңызы зор. Дәлелденіп өңделген бизнес –жоспар (БЖ), медициналық ұйымды дамытуға, нарықта медициналық қызметтің орналасқан жерін нығайтуға, болашаққа деген жоспарды құруға көмектеседі. БЖ медициналық ұйым қызметін мақсатына жету жолындағы (пайда табу) үлгісі, ол нарық экономикасының ұстанымына негізделінген, яғни:

· бәсекелестік күресіне қарсы тұру;

· маркетинг;

· коммерциялық тәуекел;

· рентабельділік (тауардың өзіндік құны мен пайда арасындағы қатынас);

· Тұтынушыларды медициналық қызметтің сапалы түрімен қамсыздандыру.

Соңғы пункт медициналық ұйымдардағы бизнес– жоспардың негізгісі, тіпті оның мәні рентабельділіктен, пайдадан да жоғары болып табылады.

Жапондық экономистердің айтуынша, ұйымның мақсаты пайда табу болса, ол бәрібір автокөлікпен алда келе жатқандай алайда, айнадан арт жағыңды қарап отырумен тең деген. Сөзсіз, пайда – маңызды мақсат, бірақта ол толығымен ұйымның ішкі мәселесі болып табылады. Ол ашық жүйе бола тұрсада, тек тұтынушыны қанағаттандыру үшін ғана өмір сүреді, (клиенттің қажеттілігі), яғни, ұйымның жалпы мақсаты оның өз ішінде емес, қоршаған ортасында. Медицина ұйымындағы сыртқы ортадағы негізгі элемент болып тұтынушыны айтады.

Ұйым мақсатына сәйкестендірілу үшін нені таңдау қажет, ол үшін оның басшылары екі сұраққа жауап беру керек.

1. Біздің клиентеріміз кім?

2. Біздің клиенттеріміздің қандай қажеттіліктерін қанағат-тандыра аламыз?

Жеке медициналық ұйымдардың мақсаты пайда табу емес, сапалы және арзан медициналық көмек көрсету болып табылады (нәтижесінде, жеке және пайда көруеді).

Бизнес–жоспар – бұл нақты құрылымдастырылған құжат, ол ұйым қызметінің барлық негізгі мазмұнын қарастырушы, мақсатқа жету жолында кездесетін мәселелерді талдаушы, осы мәселелерді шешу құралдарын анықтаушы. Бизнес–жоспар – бұл жалпы әлемде қабылданған инвестор серістесінің мүмкіншілік шамасын таныуға арналған.

Бизнес–жоспарға кіретіндер:

· жоспардың мақсаты;

· экономикалық және басқа да көрсеткіштерді нақты бағалау;

· нарықты талдау;

· клиент туралы ақпарат алу;

· бәсекелестік стратегиясын анықтау;

· ресурстарды талдау;

· технологияларды талдау және т.б.

Медицина ұйымындағы бизнес–жоспардың дайындалуы – бұл жеке ауруханаларға заңды түрде капитал тарту болып табылады деп айтсақ, артық айтылған емес.

Қазақстандық денсаулық сақтау мекемелері ұйымды–құқықтық түрі қаржылы– шаруашылық қызметін өзінше жүргізуге рұқсат етілмейді, сондықтан, ЕПМ іскерлік жоспарында коммерциялық қызмет пайдасын дамытуда өзіне тән іс шаралар болмайды.

Іскерлік жоспар медицина мекемесіндегі, ЕПМ алдында тұрған мақсаттар мен тапсырмаларды қайтаруды, оның стратегиялық бағыттарын (тактика, саясат, рәсім және тәртіп) және нақты стратегиялық ресурстарды пайдалану қажеттіліктерін тойтарады. Барлық шешімдер ІЖ, ЕПМ баяндалған, медицина мекемесіндегі принциптеріне тиісті саясат пен нормативті құжаттарға сай құрастырылуы керек. Жоспар қызметінің сапасын нысана ретінде қолданып, медицина мекемесіндегі бас дәрігер мекеменің қозғалысы мен дұрыс бағыттарын анықтауы тиіс.

Медицина мекемесіндегі іскерлік жоспар – бұл реттелінген мақсатқа жетудегі өзіндік жол картасы сияқты, медицина мекемесін дамытуға үлес қосатын стратегиялық бағыт, сондай–ақ, қажетті ресурстар тізімі болмақ:

Медицина мекемесіндегі стратегиялық шешімдерді қабылдау үшін қажетті ақпараттарды көп көлемде талдап және жинау керек, оның ішінде негізгілері болып:

· «біздің клиентеріміз кім?» – өмір сапасы, тұрғындардың өмір сүру жағдайы, оның денсаулығы;

· тұрғындар қажеттілігін қанағаттандыруда қандай нақты медициналық қызметті қолданады;

· қолда бар ресурстарды бағалау;

· «біз клиентердің қандай қажеттіліктерін қанағаттандыра аламыз?» – біздің мүмкіншілігіміз;

· қосымша ресурстарға қажеттіліктер.

Іскерлік жоспар медицина мекемесінде мақсатқа жету жолдарын, оның нақты жүзеге асуын және орындалуына жауапты кім болатынын көрсетеді. Медициналық мекемдегі ІЖ міндетті:

· медицина мекемсі қызметіндегі нақты мәселелерге бағытталу;

· қажетті қосымша ресурстар және нақты еленіп бағаланғаннан кейін өңдеу;

· орындаушы алдына нақты тапсырма беру;

· салыстырмалы бағалау үшін критерилерді анықтау;

· уақытша шеңберді анықтау;

· пациент қажеттілігін қанағаттандыру бағдары;

· ЕПМ соңғы жоспарлы нәтижесін анықтау.

ІЖ көптеген ережелері ЕПМ барлығы үшін бейімделінген. Төменде мысал ретінде көрсетілген сұрақтар тізімі, көптеген медициналық мекемелерінің жоспарында қайталануы мүмкін.

1. ЕПМ МАТЕРИАЛЬДЫ– ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ

· оның қазіргі эксплуатациялы– техникалық дәрежедегі талаптарына сай болу үшін, қандай медициналық құралдармен жабдықтап, жөндеу жұмыстарын жасау керек?

· нақты іс шаралар, қолда бар қаржы құралдары негізінде белгіленген уақытында іске аса алады ма?

· қолда бар құралдар заманауи ма, оның қызмет көрсету дәрежесі жеткілікті ме?

2. ЕПМ ҚЫЗМЕТІ

· тұрғындардың медициналық қызметті тұтынуы қаншалықты?

· біздегі медицциналық қызметтің өзіндік құны төмен бола алама? Болмаса неге?

· біздің жабдықтаушыларымыз кімдер?

· біздің жоспарымызды іске асыру үшін қолда бар ресурстар жеткілікті ме? Жоқ болса, онда қосымша қандай ресуртар қажет?

· қолда бар медициналық персонал берілген тапсырманы орындауда салыстыруға келеді ме? Келмесе, неге? Немесе.

- тек мамандандырылған қосымша медициналық персонал ғана көмектесе алады ма?

- қажетті мамандықты меңгерген медициналық кадрларды тартуға болады ма?

3. МАРКЕТИНГ

· ЕПМ қызметіне қандай демографиялық көрсеткіштердің әсері бар?

· тұрғындардың төлемқабілеттілік дәрежесі қандай?

· медициналық мекемеге тұрғындардың және қоршаған ортаның, жергілікті үкімет органдарының қатысы қандай?

· нарықтағы медициналық қызметтегі бәсекелестіктер өздерінің ережелерімен қанағаттандырылған ба?

· бәсекелес қандай ықтималдық шараларды қолданады?

· бәсекелес неден қалмауы тиіс?

· бәсекелес тарапынан тиімді шамасын өлшеуге не арандатуы мүмкін?

· медицина қызметі сапасын не жақсартуы мүмкін?

4. КЛИНКАЛЫҚ БАСҚАРУ САПАСЫ

· Медицина мекемсінің басшысы қажетті ақпараттан хабардар ма?

· Шаралардың нәтижесін марапаттау жүйесі бар ма?

· Басқарушы кадрларда сабақтастық бар ма?

· Басқарушы кадрлардың мамандық біліктіліктері және дайындық жүйесі тиімді ме?

· Соңғы уақытта жетекші мамандарда бар ма ? Болса онда неге?

· Емдік-диагностикалық үрдісін қандай ақпараттармен қамсыздандырады?

· Жаңа ақпараттар жүйесін қолдануда немес ескіні жаңартудың қажеттілігі бар ма? Осы жаңашылдықты енгізуді персонал меңгере алады ма?

· ЕПМ қайта жаңарту және ресурсты сақтандыру медициналық көмек қызметін көтеру үшін не береді?

5. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

· Қандай көлемдегі қаржылық құралдар медицина мекемесі қызметін қамсыздандыруға қажет?

· ЕПМ шығындарының үлесі қаншалықты негізсіз?

· ЕПМ қызметін еңбекақының жаңа түрі жақсарта алады ма?

· Қаржыландырудың қосымша қандай көздері бар?

· Ұлттық қаржыландыру көздерін қолдану қаншалықты тиімді?

· Қандай шығындар көлемінде медициналық қызмет дағдарысқа ұшырайды.

Медициналық мекеменің сыртқы ортадағы тұрақсыздық жағдайы, егер ЕПМ басшысы мекеменің қандай бағытта дамып бара жатқанын нақты ұғынса ғана, нәтиженің оңды болуына көз жеткізеді. ЕПМ ІЖ медицина мекемесінің басшысына болашақтағы шығындарды және осыған сәйкес ресурстарды басқарудың жолын көрсетеді. Шығынды ұтымды пайдалану, қосымша кірістерді алу, қолданыстағы ресурстарды басқару тиімділігі және көптеген баламалы, пара-парлық клиникалық басқару шешімдерін қабылдау медициналық мекемелердің өміршеңдік циклын сақтап қана қоймай, оның болашақта дамуына да үлесін қоспақ.

Жоспарлаудың мақсаты. Жалпы ұйым әртүлі мақсатқа жету үшін жоспар құрастырады. Кейбіреулері, ол үшін ұйымның «болашақ дамуын» таңдап, кейіннен «болашақ дамудың» ұйым үшін іске асуына тырысады да, ұйымның болашақ ережелерін бақылауға талпынады. Жоспарлауда бұл «шабуылдың баы» деп аталынады.

Басқа біреулері, ұйым айналасындағы қызметке қарсы тұруды анықтайды. Бұл қызметтің нәтижесінде дәл уақытында қандай да бір шара қолданбаса, ұйым апатты жағдайға ұшырауы мүмкін. Мұндай жоспарлау «қорғаныш» деп есептелінеді, кейде, ол нақты бір жағдайларда қажетті болып табылады.

Жалпы жоспарлаудың мақсаты болып:

· Ұйымның үйлесімді болашақ дамуын таңдау;

· Ұйым айналасындағы жағымсыз қызметтерге қарсы тұру;

· Ұйымның даму бағыттарын көрсету;

· Көптеген баламалы басым мақсаттардан негізгіні таңдап алу;

· Ресурсты таңдауда негізгі анықтаманы беру.

Жоспарлау жұмысын басқару құралы ретінде. Жоспарлау –бұл жоспарланған нәтиже үшін ұтымды қисынды үрдіс болвп табылады. Соңғы нәтиже, алдын ала ойластырылған бағалау рәсімімен және ақпараттардан алынған талдаулармен жоспарланады.

Ойлаған нәтижеге жету, нәтиже аралығында алынған өзара қарама – қарсы және жоспарлық көрсеткіштер ретінде, бастапқы жоспарды қайта қарап, өзгерістер енгізуді немесе жаңа жоспар құруды көздейді.

Сол уақыт аралығында, жоспарды өндіруші «жоспарлау уақытындағы көкжиек» деп аталынады. Жоспарлаудың көкжиегін бірде жақын, бірде алыс деп айтуға да болады. Болашақтың қаншалықты алыста екенін, медициналық мекеме қызметі жоспарлайды. Жоспарлау кезінде ұйым үшін «айрықша» көкжиек мәнді емес. Әдетте, көптеген ұйымдар өзінің болашағын шамамен 3жылға дейін жоспарлайды.

Жоспарландырудың көкжиек уақытына қарамастан, ұйымның іскерлік жоспары ағымдағы және келесі жылға жоспарлануы керек. Осндай медициналық мекемнің жылдық жоспар «ЕПМ жылдық іскерлік жоспары» деп те аталынады. Оны жыл сайын, жылдық қаржыландыру мен стратегиялық жоспарландыру кезеңінде қолдану үшін, ЕПМ басқарушысы құрастырады. Жылдық іскерлік жоспар, сол жылдағы медициналық мекемелердің қандай да мақсатқа жетуі үшін, бұған қандай ресурстар қажет екенін және қандай да мақсаттар мен бағалаудың соңғы нәтижесіне жету үшін анықталынады.