Іскерлік жоспарды қалыптастыру әдістемесі

 

Кез-келген ұйымда оның болашақты жоспарлау жауапкершілігі жоғарғы дәрежелі тұлғаға беріледі. Медицина мекемесінде бұны бас дәрігер атқарады. Ол басқа да нақты тапсырмаларды орындайтын жауапты тұлғалармен тығыз байланыста болуы тиіс.

Ұйым жоспарын өңдеу үрдісіне басқа қызметкерді тарту- бас дәрігер қызметінің аса маңызды бөлігі болып табылды. Жоспарлау — бұл медицина мекемесіндегі басқа қызметкерлердің өкілеттілігін қолдану мүмкіндігі. ЕПМ әрбір дәрежесіне басшылықты тарту, жоспарлауға қатысушылардың өзіндік қажеттіліктерін сезінеді, оларды медициналық мекемелерге жақындастырады. Жоспарлауға үздіксіз қатысып үлес қосқан топтар, тұлғалар қарапайым жұмыс тобы деп аталынады.

Жоспарлау тобында аурухананың барлық құрылымдық бөлімдері ұсынылуы тиіс, тіпті сырттан да медициналық мекеме қызметіне қатысты қызығушылығын ұсынатын тұлға болуы шарт. ЕПМ қызметін жоспарлаудың жұмысшы тобы өте көп болмауы керек, себебі, одна ол тиімсіз болып табылады. Көп жағдайда 12-15 адамды құрайды.

Жоспарлаудың топ құрамдарын таңдауда, олардың негізінен ұйымды басқару сұрақтарында маман болуы шарт. Мұндай топ құрамдарына әдетте, бас дәрігер және оның орынбасары, бас бухгалтер, экономист, бөлім меңгерушісі, кадр бөлімінің өкілі және қосымша қызмет, медициналық статистка бөлімі және т.б.кіреді.

ЕПМ болашағын жоспарлауды талдаудың әр түрлі кезеңдеріне емдеуші дәрігерлер қатысуы тиіс, сондай—ақ, медициналық ұйым қызметіне парықсыз тұлғалар: жергілікті өкімет органдарының қаржылық бөлімінің өкілі, территориялық денсаулық сақтауды басқару органдары, медициналық сақтандыру ұйымдары, жергілікті өндірістік және іскерлік орта жатады.

Іскерлік жоспармен әрбір медициналық мекеме қызметкер-лерінің келісуі керек па? Әрине, жоқ. Онда тек, жоспарлау үрдісіне үздіксіз қатысып, оны іске асырушылардың ғана келісімі керек. Бірінші кезекте бұл емдеуші дәрігер. Дәрігерлер үшін ең бастысы, олар ұдайы жоспарда өзгерістерден хабардар болуы керек, себебі, олар осы жоспардан қолдау табуы қажет. Осы мақсатқа жетудің бір құралы ретінде дәрігерлерді жоспарлаудың басқа тұрғыдан қараулары: мысалы, ЕПМ іскерлік жоспарының өзгеруіне қатысты жоспарлауға жұмысшы тобын толығымен қатыстыру немесе жеке шақырып қандай да бір ұсыныс алу. Неғұрлым, дәрігерлердің ұсынылған жоспарға келісімі көп болса, соғұрлым, оны іске асыру тиімді болмақ.

ЕПМ БОРЫШЫ МЕН ЖОСПАРЛАНУЫ. ЕПМ іскерлік жоспарлаудың негізгі мағынасы болып, медицина мекемесінің (борышына) негізігі мақсатына жету үшін ресурстарды қолданудағы басқарушылық шешімді жүзеге асыру болып табылады. Жоспарлау барысында ұтымды құрылым және медициналық мекемдегі функция үшін, нарыққа қымбат емес бағадағы жоғары сапалы «өнімді», медициналық қызмет «ұсынады».

Медицина мекемесіндегі іскерлік жоспар — бұл клиникалық басқару шешімдерін қабылдаудағы бүгінгі жағдайдың болуы, ЕПМ бір немес екі жылдан кейін қажет екенін көрсетеді.

ЕПМ борышын қабылдау негізінде медициналық мекемесінің аса қажетті қызметінің түрлері өңделеді. ЕПМ іскерлік жоспардың нақты ережелерін оның мақсаты мен тапсырмалары дәлелдейді. Олар өз алдына ресурстық мүмкіндіктері мен таңдау басымдылықтарын шыққан, өңдеуге қажетті ирархиялық ережелерді ұсынады.

 

4.1.4 Медициалық ұйымның іскерлік жоспарының мазмұны

 

Медициналық ұйымның іскерлік жоспары мынадай бөлімдерден тұрады:

1. Кіріспе бөлімі (іскерлік жоспардың қысқаша мазмүны).

2. Медициналық мекеменің қысқаша тарихы.

3. Қызмет көрсету ауданы.

4. Медициналық қызмет сипаттамалары.

5. ЕАМ-нің ұйымдастыру қрылымдары.

6. Материалды-техникалы негіздер.

7. Еңбек ресурстары.

8. Ақпаратпен қамсыздануы.

9. Клиникалық басқару жүйесі.

10.Маркетингтік жоспар.

11.Клиникалы-экономикалық талдау.

12.Қаржылық жоспар.

13.Қосымшалар.

1. Кіріспе бөлімі. Қысқаша мазмұндама ретінде медициналық мекеменің шешуші жоспарлары, стратегиялық жоспарлаудың мәнісі келтіріледі. Көлемі 2 беттен аспау керек.

2. ЕАМ-нің тариихы. Жоспардың бұл бөлігі болжаусыз да нақтылы ұсыныссыз сипаттаудан тұрады. Бұнда ЕАМ-нің мүмкін-діктерін анықтау үшін оның тарихы көрсетіледі. Бұрынғы мамандар жасап кеткен медициналық көмек көрсету дәстірлері, әдетте медицина ортасында, өміршең болады.

3. Қызмет көрсету ауданы. Жоспардың бұл бөлімде медици-налық қызмет қабылдайтын тұтынушының (қарапайымлы науқастың) толық мәліметтері келтіріледі, ЕАМ-ның осы нарықтағы кейбір медициналық қызмет мүмкіншіліктері мен жергілікті тұрғындар туралы ақпараттар көрсетіледі. Қызмет көрсететін ауданның талдамасы мына мәліметтерді көрсетуі мүмкін:

- ауданның демографиялық көрсеткіштері;

- тұрғындардың аумақ көлемі;

- экологиялық жағдай туралы;

- аудандағы кәсіпорындар туралы мәліметтер;

- тұрғындардың денсаулық жағдайы;

- медициналық қызмет нарығының көлемі;

- осы нарықтағы медициналық қызмет көрсетудегі кемшіліктер;

- ЕАМ-нің мүмкіндіктері;

- тұрғындардың төлеу мүмкіндіктері;

- жергілікті іскер орта туралы ақпараттар, т.с.с. мәліметтер.

4. Медициналық қызмет сипаттамалары. Бұл бөлімде тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызмет туралы толық мәлімет көрсетіледі. Қызмет түрлерінің ерекшелігі мен тартым-дылығын сипаттаған дұрыс.

5. ЕАМ-нің ұйымдастыру құрылымдары. Ұймыдастырушылық құрылымдарға қарағанда тұрғындардың медициналық көмекке зәрулігін ескерген жөн, сондай-ақ қолдағы бар ресурстардың мүмкіншілігін байқау қажет. Медициналық көмек көрсету мүмкіндіктерін берілген қаржылық қаражаттардың тепе-теңдігін ескеру керек. Ресурстарды үнемдеу шараларын да негізгі принциптарге қою қажет.

6. Материалды-техникалы негіздер. Бұл арада медициналық мекеменің өндірістік көлем мен медициналық жабдықтарға қажеттілігін анықтап алған дұрыс.ЕАМ-нің негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштерін сараптапалған жөн (қорлармен жарақатуын, негізгі қорладың жылдық өсімідерін, олардың жаңару және тозу дәрежесін, т.с.с. мәліметтер).

7. Еңбек ресурстары. ЕАМ-нің басшылары кадр саясатын медициналық қызметкерлердің қажетті де тиісті білікті деңгейдегі ұзын санын стратегиялық жоспралаудан бастағаны жөн. Еңбек ресустарын жоспарлауда мыналар қөрсетіледі:

- қолдағы бар кадрлардың сараптамасы;

- ойдағы қажеттті көлемде қызметкерлердің болуы және оларды кәсіби дайындықтан өткізу сапасы;

- кадрларды орналастыру жоспары;

- медициналық қызметкерлердің біліктілігін көтеру жолдары;

- медициналық қызметкерлердің еңбек ақы төлеу ерекшеліктері.

Медициналық қызметкерлердің еңбек ақы төлеу мен оларға сыйақы беру мәселелері өзекті сұрақтардың біріне жатады.

8. ЕАМ-нің ақпаратпен қамсыздануы. Қазіргі жағдайда клиникалық басқару жұйесінің тиімді жұмыс істеуі емдеу-диагностикалық үрдіс барысын ақпаратпен қамсыздандыруға байланысты. Жаңа ақпараттық жүйелерді (басқарудың есеп-қисабы) жасамай, сондай-ақ ақпараттық-сараптама орталығы (АСО) негізінде бірегей ақпараттық кеңістікті ұйымдастырмай, сапалы медициналық көмек беруде экономикалық әдістермен жұмыс істеу шын мәнінде мүмкін емес.

9. Клиникалық басқару жүйесі. Тиісті көлемде, немесе қажет емес медициналық көмек алған науқастардың клиникалық практикаға қанағаттанбауы орынды болмақ. Емдеуші дәрігердің шаралары көбіне шығынды болып, ЕАМ-нің басшыларының назарына ол түсе бермейді. Тиімді клиникалық басқару үшін мыналар болуы тиіс:

- денсаулық сақтауды стандарттау (ресурстар, технологиялар және соңғы қорытындылар стандарттары болуы тиіс);

- клиникалық аудит;

- клиникалы-медициналық көмек берудің тиімді бақылауы;

- емдеу-диагностикалық шаралады ақпараттандырылуы.

10. Маркетингтік жоспар. Медициналық мекеменің жоспа-рындағы бұл бөлімнің негізгі баптары болып мыналар кіреді:

- медициналық қызметтің бағасын жасау;

- сұранысты анықтау;

- медициналық қызметтің өндірушіден (жасаушыдан) тұтынушыға дейін жылжыту жүйесі;

- медициналық қызметтің нарығын білу;

- нарықтық өсудің стратегиясы.

«Маркетинг» ағылшынның «market» (нарық) деген сөзден шыққан және нарық саласында жұмыс жасады білдіреді. Денсаулық саласына сай Американ медицина ассоциациясы маркетинг туралы анықтамасында былай дейді: денсаулық сақтауда өндірілетін қызметті басқаруда экономикалық жоспарлаудың кешенді түрі, емдеу-алдын алу ісінде бағалық саясат жүргізу, сол қызметті тұтынушыға жылжыту және оны өткізу.

Маркетинг арқылы ЕАМ-нің бас бәрігерлер мынадай маңызды мәліметтер ала алады:

- науқастар қандай медициналық қызмет алғанды жөн көреді;

- қанша төлей алады;

- қандай медициналық қызметтерге жоғары сұраныс бар;

- бәсекелестер медициналық қызмет көрсетуде жоғары көлемдге қалай жетіп жүр, т.с.с.

Денсаулық сақтауда науқастың қанағаттануы мынаған байланысты:

- емдеудің төлейтін қаржының көлеміне;

- медициналық көмекке қол жету мүмкіндігін;

- ЕАМ-нің жабдықталу деңгейіне;

- мәдениетті түрде көмек көрсетуге;

- медициналық қызметкерлердің біліктіліне.

Маркетингті басқару жолдары төрт негізгі кезеңнен тұрады:

- нарықтық мүмкіндіктерді талдау (маркетингті ортаны талдау);

- мақсатқа лайық нарықты таңдау (нарықты сегменттеу);

- маркетингті кешен жасау;

- маркетингті іс-шараларды күнделікті жұмысқа кіргізу.

Осы сияқты шараларды қарастыра отырып, тиісті қызмет немесе жұмыстық топ мекеменің коммерциялық бағыттағы бизнес-жоспарын жасайды. Тиісті материалдар дайын болғаннан кейін мекеменің бас дәрігері ақылы қызмет көрсету мәселелерін ұжымда талқылап, оны бекітеді, сөйтіп мекеме бойынша ақылы қызмет жөнінде бұйрық шығарылады.

4.2 ТАҚЫРЫП

МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫН БАСҚАРУ