ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА БАСҚАРУШЫЛЫҚ ШЕШІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ

Клиникадағы басқарушылық шешімдердің ерекшеліктері

 

Маңызды деген басқарушылық шешідерің барлығында дерлік компромисс (ымырашылық) болады және қай баламада да кемшілік кездеседі. Идеялардың туу барысы оның соңғы бағаланғанша шешім қабылдаудың сапасы арта беретінін менеджмент теориясы дәлелдеген. Бұл барлық балама үлгілерді анықтап болған соң ғана олардың әр біреуін бағалап шығуға болады деген сөз.

Жиналған үлгілердің барлығын сапалы сараптау үшін жасалған идеялардың болжаған соңғы нәтижелерінің оң немесе теріс боларын салыстыру үшін қабылдау жолдары болуы тиіс. Егер де идеялардың қайсы бірі белгіленген бір немесе бірнеше эталонды (стандартты) шешімдерді қанағаттандыра алмайтын болса, онда оларды соңғы шешім деп қарауға болмайды.

Қабылданатын бір шешімді бағалау кезінде басшы болатын жағдайды алдын ала болжап алады. Болжауға келмейтін факторлар ішкі және сыртқы ортада өте көп болады, сондықтан керемет деген идеяларды іске асыру қиын болмақ. Сондықтан баламаларды бағалау кезінде маңызды сәт болып шешімдерді қабылдау кезінде оның нәтижелі болар мүмкіншілігін анықтаған дұрыс.

Басқарушылық шешімдердің құндылығы нәтиже қорыты-ндысынан соң белгілі болады, ал ол үшін қабылданған шешім іске асуы керек. Қабылданған шешімнің сапалы болуы және оның іске асуы, орындаушының оған мүдделі болған жағдайда кездесетіндігін айта теру керек. Қабылданған шешімді, қаншама ол жақсы болғанымен, оны бір ауыздан бірдей мақұлдау сирек кездеседі және ол өз бетінше бола бермейді.

Тиімді басқаруды мәні оның көзқарасының дұрыстығын өз бағыныштыларына, тіклелей бастығына, әріптестеріне, қаржылық құрамдар өкілдеріне, инвесторларға түсіндіре алуында, осы идеяның мекемеге де, олардың әр қайсысына да ең көп пайда әкелетінені сендіре білуінде жатыр. Ақылды басшы ескі, «келісіп шешкен қарапайым ақыл, көбісі қолдамаған керемет ақылдадан әлде қайда артық» деген сөзді ыстанады. Көптелен басшыларға шешім қабылдаған шақта «бастық әрқашан да дұрыс істейді» деген көзқарас бүгінгі өркениетті заманда қате екенін есерте кеткен дұрыс болмақ.

Қабылданған шешімдердің ісек асуының тиімді болып шығуы ақырғы нәтижеге мүдделлі жандардың соны қабылдау үрдісіне қатысып, оның дұрыс екендігіне шын сенген де ғана болатыны түсіну керек. Шешімді дұрыс деп мойындаудың ең бір жақсы жолы – соны орындауға тиісті адамдарға тапсыру.

Денсаулық сақтау саласында жүріп жатқан реформалардың тиімді болмау себебінің бірі, ол клиникалық басқарушылық шешімдер үрдісіне емдеуші дәрігердің қатыспауы.

Көптеген бас дәрігерлердің клиникалық менеджменттің элементі болып сагаталтын клиниқалқ басқарушылық шешімдер қабылдау үрдісін түсінбеуі, денсаулық сақтау жүйесіне көп зиян әкелеп жүр. Мұндай клиникалық менеджменттің элементтері бірсыпыра көп, ал олардың әр қайсысын білмеушілік клиниқалқ басқару жүйесіне одан сайын көп проблемалар туғызады.

Қазіргі кезде медициналық мекемелердің көптеген бас дәрігерлері клиникалық басқару үрдісіне тікелей емдеуші дәрігерлерді басқарушылық шешімдерді қабылдауға және оны орындауға қосып, медициналық қызметкерлерді стратегиялық жоспарлау және емдеу-диагностикалық үдеріс барысына, экономикалық және моралдық уәждемелік жұмыстың жақсы жетістіктерге жетуіне пайдаланып, клиникалық басқару тетіктерін тиімді қолданудың орнына, әлі де қатаң әкімшілік басқару жолын қолдананды.

«Медициналық көмек берідің сапасын тексеріп жатырмыз» деген сылтаумен көрсетілетін бұл қатаңдық, медициналық қызметкерлеріге жазаның қатаңдайытынан басқа пайда бермейді.

Басқарушылық шешім қабылдауда ең маңызды болатыны жоспарланған нәтижеге сай келетін істің қорытындысын бақылап тұратын жүйе түрінде кездесетін кері байланыс.

Кері байланыс дегеніміз, ол ақпарат жеткізушінің өзі берген мәліметінің дұрыс пайдаланғанын білдіретін жағдай. Емдеу-диагностикалық үдеріс деңгейінде кері байланыстың болмауы, қлиникалық басқару барысында ақпарат пайдалану нашарлығының ең басты себебі болмақ.