Жеке еңбек шартын бұзу тәртібі

Жеке еңбек шартын бұзудың белгілі тәртібі болады. Шартты бұзу жөніндегі бастаманың қызметкерлерден. де, жұмыс берушіден де және жауапты тұлғалардан да (сот, әскери комиссариат, кәсіподақ, т.б.) шығуы мүмкін. Өз ұсынысымен бастама көтеріп, еңбек шартын бұл туралы екінші жақты жеке еңбек шартында келісілген мерзімде жазбаша ескертуі керек. Жалпы ереже бойынша бір жақтың (шартты бұзудың бастамашысы) екінші жақты ескерту мерзімі жеке еңбек шартын бұзған сәттен бір айдан кем болмауы қажет.[1]

 

10. Құқықтың қайнар көздер түсінігі және түрлері

Құқық – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдыққатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқық мазмұнының негізгі элементтері: - қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-қатынастарды реттеп, басқару; - қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.

Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу.

Вето құқығы - Мемлекет басшысының, қабылдаған заңға қол қоюдан немесе әрекетке ендіруден бас тaртатын субъективті құқығы.

Мемлекеттік меншік құқығы - Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік түрінде көрінеді.

Республикалық меншік мемлекеттік қазынадан және заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.

Жерді пайдалану құқығы - тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі және (немесе) өтеусіз негізде шектеусіз мерзімге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану) иелену және пайдалану құқығы.

Айрықша құқық - Автордың немесе сабақтас құқықтар иеленушінің туындыны, орындаушылықты, қойылымды, фонограмманы, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдарының хабарын заңмен белгіленген мерзім ішінде өз қалауы бойынша кез келген әдіспен пайдалану жөніндегі мүліктік құқығы.

Қолайлы қоршаган ортаға құқық - экологиялық құқық тобына жататын, адамның негізгі конституциялық құқықтарының біреуі. Бұл құқық ен жас «ұрпақ буынына» қатысты болып саналады. Ол басқа экологиялық құқықтармен: коршаған ортаның жағдайы туралы шынайы ақпарат алу құқығы және экологиялық құқық бұзушылықпен адамның денсаулығы және мүлкіне келтірілген залалды өтеу құқығымен бекітіліп, толықтырылады.

Өмір сүру құқығы - халықаралық құқық пен көптеген демократиялық елдердің конституциясыменқорғалатын адамның жеке негізгі құқықтарының бірі. Өмір сүру құқығының мазмұны көп қырлы және әр түрлі елдерде (елім жазасының түрліше режимдері сақталуы себепті) өзара айырмашылығы болады.

Жеке бастың құпиясын сақтау құқығы - Азаматтың жеке бас құпиясын, оның ішінде хат алысу, телефон арқылы сөйлесу, күнделіктер, естеліктер, жазбалар, ішкі жан сыры, бала асырап алу, туу құпиясын, дәрігерлік, адвокаттық құпияны, банктік салымдар құпиясын сақтауға құқығы.

Некеге тұрған азаматтардың құқықтары - Неке және отбасы, ана, әке, бала мемлекеттің қорғауында болады.

Некеге тұруы кезінде және отбасылық ұлттық тіл және діни белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудің кез келген нысандарына тыйым салу.

Азаматтардың азаматтық қорғаныс жөніндегі құқықтары мен міндеттері - Қазақстан Республикасының азаматтары, республика аумағында тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар: осы заманғы зақымдау құралдарын қолданудың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарынан өзінің өмірі мен денсаулығын қорғауға құқылы; азаматтық қорғаныс міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан жағдайда қаза тапқандардың отбасыларына Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес материалдық және өзге де төлемдер төленеді; сондай-ақ азаматтар: Азаматтық қорғаныс шараларын орындауға қатысуға, сондай-ақ азаматтық қорғаныс бойынша оқудан өтуге; «Баршаңыздың назарыңызға!» деген дабыл беру бойынша іс-қимыл жасаудың тәртібін, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын пайдаланудың ережесін, корғанудың негізгі әдістері мен зардап шеккендерге алғашкы медициналық көмек керсету тәсілдерін білуге және орындауға міндетті.

 

 

11. Азаматтық құқықтық қатынас субъектілері

Азаматтың құқықтық субъектілерге тоқтала кететін болсақ, оларды 3 деңгейге бөліп қарастыруымызға болады.

Азаматтығы жоқ азаматтар немесе басқа мемлекеттің азаматтары.

1. Бұларға жеке-жеке тоқталатын болсақ Қазақстан Республикасының азаматтарына он сегіз жасқа Қазақстан Республикасының жеке куәлігін алған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтар.

2. Азаматтығы жоқ азаматтар немесе азаматтық алмаған азаматтар.

3. Басқа мемлекеттің азаматтарына тоқталатын болсақ, Қазақстан Республикасының аумағында жеке кәсіппен айналысатын немесе мемлекетімізде жүрген шетел елшілерін айтамыз.

- аумағына қайтып оралуға;

- заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға;

- дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру;

- заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасалып, міндеттемелерге қатысу;

- өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға;

- материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады.

Азаматтардың тұрғылықты жері.

Азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады.

Он төрт жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жері олардың ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері болып танылады [15].

Азаматтардың есімі.

Азамат өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ қаласа, әкесінің атын қоса, өз атыменқұқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асырады.

аңдар бойынша азаматтардың жасырын түрде құқықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншек ат пайдаланатын реттері көзделуі мүмкін.

Азаматтың туған кезде берілген есімі, сондай-ақ есімін өзгерту азаматтық хал актілерін тіркеу туралы заңдарда белгіленген тәртіп бойынша тіркелуге тиіс.

Азамат өз есімін заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша өзгертуге құқылы. Есімін өзгерту оның бұрынғы есімін, жасырын немесе бүркеншік атпен алған құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға немесе өзгертуге негіз болмайды.

Азамат өзінің болышқорлары мен несие берушілеріне өз есімін өзгерткені туралы хабарлау үшін қажетті шаралар қолдануға міндетті және бұл адамдарда оның есімі өзгертілгендігі туралы мәліметтер болмауынан туған ықтимал зардаптарға тәуекел етеді.

Есімін өзгерткен азамат өзінің бұрынғы есіміне ресімделген құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілуін талап етуге құқылы.

Басқа бір адамның есімімен құқықтар мен міндеттер иеленуге жол берілмейді.

Азамат өз есімі оның келісімінсіз пайдаланылған жағдайда, оған тыйым салынуын талап етуге құқылы.

Азаматтың есімін заңсыз пайдалану нәтижесінде оған келтірілген зиян осы Кодекстің ережелеріне сәйкес өтелуге тиіс [16].

Азаматтың құқықтық субъектілерге тоқтала кететін болсақ, оларды 3 деңгейге бөліп қарастыруымызға болады.

Азаматтығы жоқ азаматтар немесе басқа мемлекеттің азаматтары.

1. Бұларға жеке-жеке тоқталатын болсақ Қазақстан Республикасының азаматтарына он сегіз жасқа Қазақстан Республикасының жеке куәлігін алған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтар.

2. Азаматтығы жоқ азаматтар немесе азаматтық алмаған азаматтар.

3. Басқа мемлекеттің азаматтарына тоқталатын болсақ, Қазақстан Республикасының аумағында жеке кәсіппен айналысатын немесе мемлекетімізде жүрген шетел елшілерін айтамыз.

- аумағына қайтып оралуға;

- заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға;

- дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру;

- заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасалып, міндеттемелерге қатысу;

- өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға;

- материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады.

Азаматтардың тұрғылықты жері.

Азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады.

Он төрт жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жері олардың ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері болып танылады [15].

Азаматтардың есімі.

Азамат өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ қаласа, әкесінің атын қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асырады.

аңдар бойынша азаматтардың жасырын түрде құқықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншек ат пайдаланатын реттері көзделуі мүмкін.

Азаматтың туған кезде берілген есімі, сондай-ақ есімін өзгерту азаматтық хал актілерін тіркеу туралы заңдарда белгіленген тәртіп бойынша тіркелуге тиіс.

Азамат өз есімін заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша өзгертуге құқылы. Есімін өзгерту оның бұрынғы есімін, жасырын немесе бүркеншік атпен алған құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға немесе өзгертуге негіз болмайды.

Азамат өзінің болышқорлары мен несие берушілеріне өз есімін өзгерткені туралы хабарлау үшін қажетті шаралар қолдануға міндетті және бұл адамдарда оның есімі өзгертілгендігі туралы мәліметтер болмауынан туған ықтимал зардаптарға тәуекел етеді.

Есімін өзгерткен азамат өзінің бұрынғы есіміне ресімделген құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілуін талап етуге құқылы.

Басқа бір адамның есімімен құқықтар мен міндеттер иеленуге жол берілмейді.

Азамат өз есімі оның келісімінсіз пайдаланылған жағдайда, оған тыйым салынуын талап етуге құқылы.

Азаматтың есімін заңсыз пайдалану нәтижесінде оған келтірілген зиян осы Кодекстің ережелеріне сәйкес өтелуге тиіс

12. Әкімшілік жауапкершілік

Әкімшілік жауапкершілік — азаматтар мен лауазымды адамдардың өздерінің әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері үшін заңалдындағы жауапкершілігінің бір түрі. Кінәлі адамдар өзі құқық бұзған уақытта және территорияда қолданылатын заңдар негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республикасында 1984 жылы 24 наурызда қабылданған (1995 жылы 1 сәуірде бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізген) “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі” қолданылады. Осықұжат бойынша әкімшілік жауапкершілікке құқық бұзған сәтте 16 жасқа толған азаматтар ғана тартылады. Әскери қызметшілер мен әскери жиындарға шақырылатындар, ішкі істер органдарының қызметкерлері әкімшілік құқықты бұзған ретте тәртіптік жарғылар бойынша жазаланады. Қазақстан Республика Парламентінің депутаттарын — сәйкесті Парламент палатасының, жергілікті мәслихат депутаттарын — сәйкесті өкілетті органның келісімінсіз, ал Қазақстан Республикасының судьяларынҚазақстан Республика Президентінің келісімінсіз Әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды. Сондай-ақ республикадағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды, өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмайтын, есі дұрыс емес адамдарды т.б. Әкімшілік жауапкершілікке тартуға қатысты мәселелер қолданыстағы әкімшілік кодексте егжей-тегжейлі көзделген.

 

13. Құқықтық қатынас түсінігі

Құқықтық қатынастар – адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан, адамдардың және қоғамның мүдде-мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып кейбір қарым-қатынастарға шектеу қойылды.

Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моралдық, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыс – қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі.

Мысалы, отбасы қатынастарының көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады.

Сонымен, қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп, басқарып отырады.

Құқықтық қатынастар дегеніміз – мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас….

Адамдардың әрекеттілігіне бірнеше шектеулер қойылады:

– кәмелеттік жасқа толмаса адамдардың саяси құқығы болмауы, үйленуге (жанұя құруға), қылмыстық… жауапкершілікке тартуға, жұмысқа орналасуға, әскер қатарына шақыруға шектеулер бар. Оларды бұзуға тыйым салынған (шектеудің түрлері):

– адамдардың денсаулығының нашар болуы;

– туысқандық қандас болу;

– егерде азамат сотталған болса;

– діни нормаларға шектеу.

Құқықтық, нормалар қоғамдағы сан алуан қатынастарды реттеп-басқару үшін өмірге келіп, өзгеріп, ескіріп, жаңарып, дамып жатады. Ол нормалар адамдардың, бірлестіктердің, одақтардың, ұжымдардың, ұйымдардың іс-әрекеттеріне, жұмысына дұрыс ықпал жасап, қоғамдағы құқықтың жақсы іске асуына, орындалуына зор әсер етеді. Олардың барлығының жұмысын нормаларға сәйкес қоғамдық мүдде мақсатты орындауға, адамдардың бостандығын, теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекет. Құқықтық нормалар іс жүзіне асырылмаса, оның әлеуметтік маңызы болмайды.

Құқықтық нормалардың орындалуы адамдардың тек заңды іс-әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен (заңда тыйым салынған істерді жасамау) байланысты. Құқықтық нормаларды іске асыруда субъектілер екі топқа бөлінеді: мемлекет, оның органдары және халық, олардың ұйымдары. Құқықтың іске асуы нормативтік актілерді қабылдаудан, бекітуден басталады. Мемлекеттің жоғарғы органдары (парламент, президент) заң қабылдайды; үкімет, министрлік-ведомстволар, сот және жергілікті басқарушы мемлекеттік органдар заңға тәуелді нормалар қабылдайды. Осы мемлекеттік органдардың бәрі де құқықтық нормаларды іске асыруға, орындауға зор үлестерін қосады.

Заңдарды, заңға тәуелді нормаларды қабылдау, бекіту үлкен істің басталуы ғана. Бұл істің негізгі міндеті – сол қабылданған нормативтік актілерді іс жүзіне асыру, олардың мазмұнын шындыққа, ақиқатқа айналдыру. Өйткені бұл нормаларда қоғамның мүдде-мақсаты соған сәйкес мемлекеттің билік бұйрығы басым орын алады. Бұл процесс құқықтық нормаларды объективтік тұрғыдан іске асыру. Ал, қатынастағы субъектілердің құқығы мен міндеттерінің орындалуын – субъективтік тұрғыдан іске асыру деп түсіну керек.

Құқықтық нормаларды орындаудың нысандары әр түрлі болады.

Өйткені нысандардың өмірге келу себептері әртүрлі болады:

а) қоғамдағы қатынастардың мазмұны әртүрлі болуы;

б) нормативтік актілердің адамдарға әртүрлі әсер етуі;

в) норманың ерекше мазмұнының әсері;

г) құқықты іске асырудағы субъектілердің; құзыреті мен өкілеттігінің әр түрлі болуы;

д) субъектілердің құқықтық тәртібінің әр түрлі деңгейде болуы.

Құқықтық нормалардың негізгі мақсаты – қоғамдағы қатынастарды дұрыс, уақытында реттеп, басқарып іске асыру. Қоғамдағы барлық қарым-қатынастарға құқықтың ықпалы, әсері болуға тиіс, сол арқылы жақсы дәрежеде жалпы қоғамдық тәртіп, заңдылық қалыптасады. Егер құқықтық нормада бір іс-әрекетке тыйым салынса, ол норма іс жүзінде орындалса құқықтың мақсаты орындалды деуге болады. Егер құқықтық нормада бір іс-әрекетті жасауға нұсқау берілсе, ол орындалса құқық өз мақсатына жетті деуге болады.

 

14. Конституциялық-құқықтық нормалар және оның түрлері

Жалпы құқық теориясында құқық нормасы ретінде мемле­кет­тен туындайтын және сол арқылы қорғалатын, заң құқығына қатынасушылардың қатынасын білдіретін және оларға міндет­тер жүктейтін жалпыға міндетті және заңда айқындалған тәртіп ережесі түсіндіріледі. Дегенмен конституциялық-құқықтық нормалардың құқықтың басқа салаларындағы норма­лардан ерекшелігі мен айырмашылықтары қандай дегенге келсек бұған жауапты конституциялық құқықтармен реттелетін қоғам­дық қатынастардың өзгешеліктерінен табамыз.

Конституциялық-құқықтық нормалар:

1. мазмұнымен (реттеуге бағытталған қоғамдық қатынас­тар­дың аясымен);

2. неғұрлым көбірек заң күшіне ие болумен; Қазақстан Респу­бли­касы Конституциясының ережелеріне қайшы келетін норма­лар­дың күшін жоюымен;

3. сол арқылы білдірілген дерек көздеріменен (неғұрлым маң­ыз­ды нор­малар Қазақстан Республикасының Конститу­ция­сын­­да түзіл­ген);

4. нормалардың өзіне тән түрлерімен (норма-қағидалардың, норма-міндеттердің, ресми мәлімделген (декларативті) ереже­лер­дің болуы);

5. жүзеге асырудың айрықша механизмімен (қоғамдық қаты­нас­тардың түбегейлі, басты тұстарын ғана реттейді);

6. қатынастарды реттейтін(халық, мемлекет, ұлттар, жоғары мемлекеттік органдар) субъектілердің өзіндік сипатымен;

7. құрылымдардың ерекшеліктерімен (ғылыми болжам мен диспозицияға және жекелеген жағдайларда ғана – санкцияға ие);

8. нұсқаулардан тұратын құрылтайшылық сипатпен өзге­ше­ленеді.

Конституциялық-құқықтық нормалардың негізгі жіктеуі (клас­­си­фикациясы).

Нұсқаулардан тұратын сипаты бойынша:

1. құқық жүктеуші нормалар – онда қаралған әрекеттерді жүзеге асыратын және олардың өкілеттік шеңберін анық­тай­тын субъектілер құқығын бекітетін нормалар. Бұл – аза­маттардың саяси, экономикалық, әлеуметтік құқық­та­ры туралы конституциялық нормалар. Мұндай нормалар­ға сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Пар­ламенттің, Үкіметтің, Конституциялық Кеңестің конс­ти­туциялық өкілеттігін айқындайтын нормалар жатады;

2. міндеттеуші нормалар - өзінің тәртібін, өзінің әрекетін атал­мыш нормалардың нұсқауларына жатқызатын су­бъек­тілердің міндеттерін бекітетін нормалар. Мұндай мін­дет­тер тек азаматтарға ғана емес, сонымен бірге Қазақ­с­тан Республикасы Парламенті Палаталарының Төрағаларына да­ жүктеледі;

3. тыйым салушы нормалар – онда қаралған белгілі бір әре­кет­терді жасауға тыйым салудан тұратын нормалар. Мұн­дай нормалар мемлекеттің конституциялық негіз­де­рін (бас­тауларын), заң ережелері мен құқық тәртібін қор­ғауға бағытталған.

Ондағы нұсқаулардың-айқындаушылық дәрежесі бойынша мынадайнормаларға бөлінеді:

4. императивті нормалар – белгілеген ережелерді субъекті­ле­рге қолдану еркіндігін қорғауға рұқсат етпейтін норма­лар;

5. Диспозитивті нормалар – нормада көрсетілген жағдаят­тар­ды ескеру арқылы субъектінің әрекет ету вариантын таңдау мүмкіндігін қарайтын нормалар.

Құқықтық реттеу механизмі бойынша нормалар:

6. материалдық нормалар - қоғамдық қатынастарды құ­қық­­тық реттеу бойынша әрекет етудің мазмұнын қарайтын нормалар;

7. процессуалдық нормалар – сол арқылы жүзеге асырыла­тын тәртіпті анықтайтын нормалар болып бөлінеді.

Бірыңғай және өзара байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін және салыстырмалы түрде дербес топты құрайтын кон­ституциялық құқық нормаларының жиынтығы консти­ту­ция­лық-құқықтық институт деп аталады. Мысалы: азаматтық инс­титуты, Президенттік институт, сайлау құқығы институты және т.б.

 

 

15. Конституция ұғымы және оның мәні

Конституция латын тіліннен (constitutio) – заң, тұрақтылық деген маңынаны білдіреді.

Қазақ елінің Конституцияларының тарихына көз жүгіртсек. Қазақ Совет социалистік республикасы совет мемлекеттердің одағында болғанда халық бірінші – Сталинің (05.12.1936ж) және Л.Брежневтің кезіндегі қабылдаған 25.10.1977ж Конституциялармен өмір сүрді. Аталған Конституцияларда көрсетілген әр бір ел өз еркімен одақтан шығыуға болады, өкінішке орай ол іске аспай қалды, себебі мемлекетте егемендік болған жоқ. Мемлекетің бір негізгі белгісі ол егемндік.

1990 жылы 25 қазаңда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Декларация қабылданды, ал 1991 жылы 16 желтоқсанда біз өз егемендімізді, тәуелсіздігімізді алдық. 28 қантарда 1993 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарағы кеңесінің тоғызыншы сессиясында дербес, тәуелсіз мемлекеттің тұнғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда бүгінгі азаматтарымыз өмір сұріп жатқан Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.

Конституция – мемлекетің, оның ішінде қоғамның тынысын, елдің қатынасын реттейді. Мемлекет, қоғам әрдайым заңсыс болған емеес. Сондықтан адам үшін маңызды заңның бірі Ата заңымыз Конституция. Көптеген елдер оқу орындарында Конституцияны басты пәнінің бірі етіп оқытады. Заң сыйламайтың, білмейтін маман ертең еліне қызмет ете алмайды, пайда келтірмейді.

Дегенмен де қазақ даласында мемлекеттілік болғанынан бастап, сол XIII-XV ғасырдан бері бізге белгілі, Алтын орда дәүіріндегі Шынғысханын «Ясасы», Қазақ хандығы тұсындағы «Қасым ханның қасқа жолы», одан кейін «Есім ханның ескі жолы», Тәуке хан тұсында «Жеті жарғы» пайда болды. Қасым ханның заңында «қанға қан» принцип болса, Тәукенің «Жеті жарғысында» «қанға құн» принципі қосылды.

Конституция бүгінгі күн мен болашаққа арналып жазылада, қабылданады. Конституциясыз мемлекет тіршілік жүргізе алмайды, Ата заңсыз мемлекет болмайды, Конституция – тірек заңымыз. Ал осы заңның негізінде басқа заңдар қабылданып, тармақталып жатады. Мемлекеттің болашағы, тағдыры қабылданған Конституция қағидаларына байланысты. Осы ебептен Ата заңды – Конституцияны құрметтеу қажет.

Жақында 30 тамызда біз өз еліміздін Конституциясының 15 жылдығын атап өттік. Соған арналған конференцияда Ел басымыз Н.А.Назарбаев Конституцияны дамыту тұралы шаралап айты. Конституцияның басты идеясы – адамның құқығын сыйлау. Барлық заңдар Конституцияға сай болу қажет. Заң біздің күнделікті жүріс тұрысымызды бір қалыпқа келтіріп отырады. Біздің біреуден жәбір көрмеуімізді және біреуге жамандық жасаумызды қадағалмайды.

Конституция – азаматтарымыздың отаншылық сезімін күшейтеді. Оқу орындарында, басқа да мекемелерде Конституция күнінің маңыздылығы туралы үнімі түсіндіріліп отыру керек. Қазақстан халқын біріктіретін, құқықты орындататын ол Ата заңымыз – Конституция.

Кәзіргі таңда қоғамда Конституциялық мәдениет қалыптасып келеді. Адам болғасын заң бұзушылықтар болып тұрады, бірақ оны заңмен реттейтін институтар, органдар бар. Солардың жұмысын жетілідіру қажет. Соның бір жетістігі, жуырда Елбасымыз қабылдаған құқықтың реформа.

16. Әкімшілік құқық бұзушылық және оның құрамы

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 28 бабына сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық –бұл мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, белгіленген басқару тәртібіне қол сұғатын, құқыққа қайшы, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздігі, сол үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған (мультимедиялық-презентация).

Әкімшілік құқық бұзушылық ерікті мінез –құлық актісі – іс-қимыл болып табылады және мінез – құлықтың екі аспектісінен тұрады: әрекет немесе әрекетсіздік. Әрекет-бұл міндеттерді, заңды талаптарды белсенді о орындамау, сонымен қатар тиым салушылықты бұзу (мысалы, егінді улау немесе ауыл шаруашылық дақылдарын жою, көкнәр немесе сораны заңсыз егу және өсіру). Әрекетсіздік -бұл міндеттемелерді бәсең орындамау, мысалы, мемлекеттік статистикалық байқауды жүргізуден бас тарту, өндіріс қалдықтарын көму бойынша және ағынды суларды төгудің талаптарын орындамау. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау әкімшілік жауаптылықтың, тұлғаға әкімшілік жаза қолданудың фактілік негізі болып табылады(нормативті негізі – құқық нормасы, соған сәйкес әкімшілік жауаптылық белгіленеді және қолданылады).

Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі белгілері:

1) қоғамдық қауіптілік - бұл іс - әрекеттің қоғамның, мемлекеттің, азамататрдың мүдделеріне зиян келтіруі, мысалы, ұсақ бұзақылық, мас күйінде көлік құралдарын басқару

2) құқыққа қайшылық – құқық нормасын бұзатын іс-әрекеттерді жасауы

3) кінәлілік– бұл ерікті, саналы іс - әрекет. Кінә тұлғаның істеген ісіне және оның салдарына психикалық қатысын білдіреді. Іс-әрекетті құқық бұзушылық деп деп тану үшін оның ерік-жігерлік және саналы көрініс екендігін анықтау қажет, яғни саналы ойлайтын адамның психикалық қызметінің нәтижесі екендігін анықтау қажет.

4) жазаланушылық– бұл іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады, егерде оны істегені үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған болса.

5) жаппай өріс алуы (массовость) -бұл егерде қандайда болмасын іс-әрекетті істеудің таралуы, жаппай өріс алуы қоғамдық қатынастарға қауіп төндірсе, заң шығарушы осы қатынастарға қорғалатын мәртебе беруге мәжбүр, заңнамалық түрде мінез-құлық ережесін бекітуге және оны бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеуге мәжбүр болады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы -бұл әкімшілік жауапкершілікке тартатындай жеткілікті белгілердің (элементтердің) жиынтығы.

 

17. Мемлекеттік басқару түсінігі және мәні