Конституциялық құрылыс негіздерінің жіктеуі

Классификациясы).

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес (1-бап), адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазынасы болып саналатын Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып саналады. Демократизм ең алдымен халық билігін қамтамасыз етуден; заң шығарушы, атқарушы және сот биліктеріне бөлінуден; идео­ло­гия­лық және саяси алуан-түрліліктен; жергілікті өзін-өзі басқа­ру­дан көрінеді.

Мемлекеттегі демократизмнің көрінісі сондай-ақ ұлттың және халықтың егемендігін бекіту болып саналады.

Ұлттық егемендік ұлттардың өз тағдырына өзі иелік ету, мемлекеттік, экономикалық және рухани салаларда өзін-өзі айқындау мүмкіндіктерінен көрінеді.

Саяси қатынастарда оның мемлекеттік билік пен мемлекеттік егемендіктің бастауы болып саналатын халықтың егемендігімен қосылуы болады. Сөйтіп, осы арқылы ұлттық қатынастардағы шиеленіс көздері алынып тасталады.

Халықтың егемендігін анықтай отырып, мемлекеттік би­лік­тің бастауы ретінде конституциямен және ұйымдық, құқық­тық формалардағы заңдармен белгіленген қоғамдық өмір­дің барлық салаларында жүзеге асыратын халықты танимыз.

Халықтың егемендігі мемлекеттің егемендігімен өзара байла­нысты; мемлекеттің егемендігі – бұл өзінің ішкі және сыртқы қызметтерін жүзеге асыру кезінде оның өзге мемлекеттер ықпа­лы­нан тәуелсіздігін және дербестігін сипаттайтын мемлекеттің қасиеті.

Мемлекеттік биліктің бір тұтастығының жоғары тұрушылығы мемлекеттің тәуелсіздігі, конституциясының, ұлттық заңдары­н­ың, өз азаматтығының, аумағының болуы мемлекет еге­мен­ді­гі­нің белгілері болып саналады.

Конституцияның 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып саналады.

Құқықтық мемлекет – бұл құқық, заң үстемдік ететін, адам­дардың құқықтары мен бостандықтарын танитын және оған кепілдік беретін жерде бәрінің заң және тәуелсіз сот алдындағы теңдігі қамтамасыз етілетін, ал билікті ұйымдастыру негізі бо­лып биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөліну қағидалары қаланған демократиялық мемлекет.

Әлеуметтік мемлекет – бұл қоғамға қызмет ету және әлеуметтік айырмашылықтарды жоюға ұмтылу, Конституцияны халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған нормаларында көрсетілген, жалпы азаматтық құндылықтарға бағдарлау басты міндеттері болып саналатын мемлекет.

Зайырлы мемлекет– дін, діни бірлестіктер мемлекетпен байланысты емес, қандай салада болсын оның саясатына ықпал ете алмайтын, мемлекеттік органдардың қызметіне, білім беру жүйесіне және т.б. араласуға құқығы жоқ мемлекет.

Мұндай мемлекетте ешқандай дін мемлекеттік немесе мін­дет­ті болып белгілене алмайды, мұндай мемлекеттің бірде-бір аза­ма­тын қандайда бір дінді уағыздауға мәжбүрлеуге болмайды.

Конституцияның 2-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мем­ле­кет болып саналады.

Біртұтас мемлекет – аумақтық құрылымында басқа мемле­кет­тік құрылымдарға ие емес мемлекет.

Қазақстан Республикасы оның аумағында ұлттық-мемле­кет­тік және автономиялы құрылымдарға жол бермейтін, әкімшілік-аумақтық бөліністерден тұратын біртұтас мемлекет болып сана­ла­ды.

Қазақстан РеспубликасындағыПрезиденттік басқару ныса­ны,біріншіден, Президент мемлекеттік биліктің бірде-бір тар­ма­ғы­на жатпайтынынан; екіншіден, Президентті халық сайлай­ты­ны­нан және Президентке тәуелді еместігінен; үшіншіден, Пре­зи­дент кең өкілеттіктермен бөлінгендігінен және Конституцияға сәйкес, олардың өз өкілеттіктерін тиімді жүзеге асыруына ықпал ете отырып, олардың өзара қатынастарында мемлекеттік билік­тің барлық тармағына сындарлы әсер ете алатындығынан көрі­не­ді.

Президенттік басқару нысаны елдегі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге қызмет етеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабының 2-тармағына сәйкес, егемендік Республиканың барлық аумағына таралады. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қолсұғыл­мау­ын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.

Мемлекеттің егемендігі, оның барлық жоғары органдары өз­де­­рінің құзырлары шеңберінде қажетті шараларды Республика­ның бүкіл аумағында жүзеге асыратындығын білдіреді.

Қазақстан Республикасының Конституциясында саяси тәртіп түсінігі жоқ, бірақ саяси тәртіпке қатысты қандай бір мәселе­лер­дің тәртібін реттейтін нормалар бар.

Сондай-ақ, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың және бұл про­цеске елдегі азаматтардың қатысу формалары мен әдіс­тері­нің жиынтығы ретінде «мемлекеттік тәртіп» термині қолданыла­ды.

 

22. Азаматтық құқықтық қатынас

Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бла алады. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға заттар, ақша, қызмет, шығармашылық интелектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады. Жеке мүлктік емес игіліктер мен құқықтарға жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті , абырой , игі атақ, іскерлік, бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.

Азаматтық құқықтық қатынастарың түрлері қатынастардың негізгі материалды игіліктердің болуы және болмауына байланысты қалыптасатындықтан азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері мүліктік, материалды игіліктер сипатында болатындықтан, олардың экономикалық мазмұны бар. Мүліктік емес қатынастарға адамның, азаматтың өмірі, денсаулығы,еркіндігі, бостандығы, қаупсіздігі, ар-ожданы, намысы, аты-жөні т.с.с. жеке басының мүліктік емес мүдделері жатады. Мүліктік, материалды игіліктер бір жеке және заңды тұлғалардан екіншілеріне көшуі, қайтарылуы мүмкін. Ал мүліктік емес құбылыстар мен мүдделер екінші біреуге берілмейді, көшпейді.

Азаматтық құқықтық қатынастардың тууы үшін бір жағдайлар болу керек. Осындай азаматтық құқықтық қатынастардың тууының әмбебап тәсілдеріне мәмілелер жатады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 147-бабында көрсетілгендей мәмілелер дегенімз азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер.

 

23. Құқық жүйесі

Құқық жүйесі — құқыктың ішкі құрылымы, барлық кұкык нормаларының бірлігімен, келісімділігімен, олардың салапарға қосымша салаға, құқықтық институттарға бөлінуіндегі қисынымен көрінеді.

Қоғамдағы құрылған құқық жүйесі осы елдіңтарихи дамуындағы заңдышық ерекшеліктерін көрсетеді. Ол көптеген қоғамдық қатынастардың ықпалымен және қажеттілікпен құрылады, қоғамның көпжақты мүдделерін және даму болашағын қамтиды.

Жүйе, философиялык түсінік ретіңде - бөліктерден (элементтерден) тұратын тұтас құбылыс, бір-бірімен қарым-қатынаста және әрекеттестік жағдайда болады. Біртұтастығына байланысты өзін құрайтындарынсыз болмайды, сол сияқты оны құрайтын жеке бөліктері де, жүйесінсіз өз еріктерімен жеке функцияларды орындай алмайды. Құкық жүйесі жалпы объективтік заңдылықтар негізінде құрылады және қызмет істейді. Ол өте күрделі және даму жағдайындағы әлеуметтік құбылыс, нормативтік нысанда қоғам өмірінің заңдылықтарын көрсетеді және бекітеді.

Құқық - жүйе ретінде мынадай белгілермен сипатталады: біріншіден, құқық - жиынтығы емес органикалық тұтас, құқықтық құбылыс. Құқық нормалары, объективтілігімен сипатталады. Ол адамдардың субъективтік пікіріне сай құрылмайды, себебі сол ортадағы бар жүйенің қоғамдық қатынастарымен қамтамасыз етіледі. Құқық бір жағынан, арнайы нысанда сол жүйенің қатынастарыи көрсетеді, екінші жағынан, оларға реттеушілік ықпалын тигізеді. Егер, құқық өзінің нормаларында қоғам өмірінің қажетін дұрыс көрсетпесе, қоғам дамуына кедергі болады.

Былайша айтқанда, заңдар немесе нормалар, қоғамдық өмірдің объективтік қажеттілігін білмесе, ол - өз мәнінде жүргізілмеген кұқықтың шығармашылық нәтижесі.

Құқықтық жүйе - біртұтас және өзін құрайтын нормалар қарым қатынастығымен сипатталады. Олардың ретгеу күші, жалпылама алға қойған мақсаттарына жетуге арналған бір-бірімен келісушілігінде.

Құрамның әрбір бөлігі құқық жүйесінен алынбаса, жүйелік қызмет әрекетіиен және әлеуметтік маңыздылығынан айырылады. Екіншіден, кұкык жүйесі - көп салалы өзіне мазмұндары бірдей емес және көлемі жағынан да өзгеше, кұрамдық бөліктерін косып алады. Біртұтас құрылым болғандықтан, кұкык жүйесі құқық нормаларына, құқық институтына, әр түрлі салаларға және сапа бөліктеріне бөлінеді. Ондай бөліну, кұкык жүйесінің көрсететін және реттейтін коғамдық катынастардың жан-жақтығына байланысты.

Құқык нормалары - кейіптік қоғамдык катынастарды реттейді, соған сай, алғашкы құқық жүйесінің бөлігін құрайды, ал әр түрлі құқық нормаларынын жиынтығы оның басқа бөліктерін (элементтерін) кұрайды: кұқық институты, құқықтық сала бәліктері және құқық салалары, одан да қиын қоғамдық қатынастар құрамының бөліктерін реттейді.

24. Меншік құқығы және басқа да мүліктік құқықтар

Меншік - экономикалық санат ретінде. Меншіктің экономикалық саясатын ұғынудың негiзi тіптен ХIХ ғасырдағы ғылыми жұмыстарда кездеседi. Ондағы ой меншiк қоғамда, тек мемлекет ұйымдастырған қоғамда ғана болады дегенге тiреледi. Меншiк, бұл - зат та емес, мүлікте емес. “Бұл -белгiлi бiр экономикалық (нақты) қатынас”.

Меншік дегенiмiз тарихи қалыптасқан, белгiлi бiр қоғамдық қатынас, ол адамдар арасында затқа байланысты туындайды.

Меншiк қатынастарның өзгеруi - қоғамның негiзгi қозғаушы күшi және барлық әлеуметтiк сiлкiнiстердің себебi. Ал, меншiк қатынастарының өзгеруi қоғамды прогреске де, регреске де әкелуi мүмкiн. Өзгерiстердiң тиiмдiлiгiн анықтау қиын емес, ол үшiн тиiстi кезеңдердегi мемлекет пен азаматтың экономикалық және әлеуметтiк дамуының статистикалық мәлiметтерiн салыстырса жеткiлiктi.

«Меншік» термині әртүрлі мағынада пайдаланылады. Күнделікті өмірде меншік, көбіне, мүлікпен немесе құқықпен теңдестіріледі. Бірінші жағдайда «мынау менің (оның) меншігім (меншігі)» деуге болады. Екінші жағдайда - »меншік иемдендім (бердім)» дейді. Құқық түрғысынан алғанда мұның екеуі де дәл емес. Меншікті меншік қүқығынан айыру қажет. Меншік - экономикалық, ал меншік құқығы - заңдық санат. Біз келтірген бұл ұғымдарда меншіктің заңдық мәнін азаматтар меншікгің экономикалық санаты арқылы дұрыс білдірмейді. Сонымен қатар меншік нысанмен (мысалы, орындықпен, мәшинемен) теңестірілуге тиіс емес. «Мына зат маған меншік қүқығы бойынша тиесілі» немесе «Ол сатып алу-сату шарты бойынша пәтерге меншік құқығын иемденді». Экономикалық және құқықтық санаттарды шатастырмау керек. Сонымен бірге меншік құқығы меншіктің экономикалық қатынастарының сипаты әрі көрінісі екенін білу керек. Сондықтан да меншік құқығын зерттеу меншіктің экономикалық санатымен танысудан басталады.

Меншіктің экономикалық қатынастарына қарағанда меншіктің құқықтық қатынастары адамның еркі бойынша қалыптасады, оған қатысушылардың санасынан және ырқынан пайда болады. Адамдар бұл қатынастарға құқықтар мен міндеттердің иесі ретінде кіреді, ол құқықпен реттеледі және қорғалады. Меншіктің құқықтық қатьшастары меншікің экономикалық қатынастарнның мәнін сипаттағанмен, олар қондырманың кез келген құбылысы ретінде өзішне дербес болады.

Меншік құқығы - негізгі заттық құқық. Заттық құқық құқықтың басқа да типтерімен тұрақты байланысты болады. Заттық құқық иесі, әдетте, міндеттемелік қатынастарға, оның ішінде өзінің меншік объектілерімен қатынасқа кіреді. Бұл жағдайда құқықтың екі түрі қатар жүреді, олар, негізінен, әртүрлі субъектілік байланыстармен анықталады. Мысалы, меншік иесі өзінің ғимаратын жалға берсе, онда оны жалдаушымен міндеттемелік қатынас байланыстырады. Ал, барлық қалған үшінші жаққа қатысты ол — тиісті қорғану тәсілі бар заттық құқық иесі. Сондықтан да әртүрлі құқықтарды немесе олардың бірлестігін аралас сипаттағы жаңа кешенді құқықпен араластыру жайында сөз болмауға тиіс. Біздің жағдайымызда әңгіме заттық және міндеттемелік құқықтардың араласып жатуында болып түр. Бірақ олар қанша тығыз және ауқымды араласқанмен, бұл жерде заттық құқықтан, міндеттемелік құқықтан сапа жағынан өзгеше, жаңа құқық туындамайды, туындауы да мүмкін емес.

Меншік құқығының міндеттемелік нышаңдарының бірі - оны заңмен белгілеу қажеттігі. Бұл нышан меншік құқығының АК-ның 188 бабында келтірілген «заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын» элементтер бойынша байқалады.

Меншік құқығы — неғұрлым толық құқық. Бұл меншік иесінен жоғары тек заң арқы мен оның қоғамдық міндеттерінің ғана болатындығынан туындайды. Меншік иесі иемдену, пайдалану және билік ету өкілеттігін тек өз қалауы бойынша жүзеге асырады. Сондықтан меншік құқығы ең «күшті» заттық құқық. Сонымен қатар, меншік иесі шарт бойынша өзінің меншіктік өкілеттігін өзі шектей алады. АК-ның 188-бабының 3-тармағы «өз қалауы бойынша» ерекеже жуықтау анықтама береді.

 

 

25. Әділ сот түсінігі және қағидалары

Сот билігі – мемлекеттік билік тармақтарының бірі. Заң шығарушы және атқарушы биліктен өзгешелігі – жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережесін (сот прецедентінен басқа) шығармайды, атқару-басқару қызметімен айналыспайды. Сот билігі қоғамда туындап отыратын нақты істер мен дауларды шешеді. Ондай істер мен даулар заңда бекітілген ерекше іс жүргізушілік тәртіпте қаралып, шешіледі. Қс жүргізу тәртібі қатаң сақталады, іс жүргізу нысаны бұзылған жағдайда істің мәні бойынша дұрыс шығарылған сот шешімі де бұзылып, іс қайта қарауға жіберіледі. Сот билігі деңгейі қанша биік болса да сот мекемесіне тиесілі емес, іс қарайтын сот алқасына тиесілі. Сондықтан сот туралы сөз болғанда сот алқасы меңзеледі. Алқа әр елде әр түрлі құрамда: кәсіби судьялардан (мысалы, азаматтық іс қаралғанда 3 не 5 судьядан), бір судьядан және бірнеше алқа мүшелерінен немесе бірнеше судьядан және бірнеше алқа мүшелерінен құрылады. Қс қарап, шешім шығарарда сот заң мен құқықтық санаға жүгінеді. Сот қызметі құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған, ол реттеушілік емес, қорғаушылық қызмет атқарады. Сот билігі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, конституциялық құрылысты, саяси және экономикалық жүйені, азаматтардың, мемлекеттің және қоғамдық ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Осы міндеттерге орай сот билігі заң шығарушы және атқару биліктерінде жоқ өкілеттіктермен қамтамасыз етілген. Сот шешім шығара отырып адамды бостандығынан айыра алады, тіпті өмірін қия алады, мүлкін тәркілейді, мемл. органның шығарған шешімін бұзады, ата-аналық құқықтан айыра алады. Сот билігінің қарама-қайшы екі жағы бар, бір жағынан бұл қуатты билік, екінші жағынан салыстырмалы түрде осал билік, өйткені ол заң шығарушы билік сияқты сайлаушылардың қолдауына сүйене алмайды, атқару билігі қолындағыдай қара күш механизмдері жоқ. Сот билігінің күші заңның мүлтіксіз орындалуында, құқыққа деген зор құрметте, қоғамның жоғары саяси және құқықтық мәдениетінде. Заң шығарушы билік саясатпен тығыз байланысты (парламентте көбіне саяси фракциялар басты рөл ойнайды), атқару билігі де саяси қысымға мойынсұнады, ал сот билігін жүзеге асыру барысында саяси және басқадай ешбір қысым болмау керек. Сот шешім шығарарда саяси мақсаттан ада болуға, заң мен құқықтық санадан басқаға бағынбайтын тәуелсіз болуға тиіс. Сот билігінің тәуелсіздігі жайында Қазан төңкерісіне дейін қазақ зиялыларының ішінде тұңғыш болып Барлыбек Сыртанов мәселе көтерген. Ол 1911 жылғы “Қазақ елінің уставы” атты еңбегінде: “Сот билігі өз еркімен іске асады. Судьялар дау шешкенде хүкметке, яғни адам баласына бағынбай, закон їәм сот ережелері негізімен хүкім шығарулары шарт. Судьяларға әсер жасағандарға сот хүкімі кесіледі” деп жазған. Дүниежүзідік тәжірбиеде сот билігі арнайы қағидалар арқылы жүзеге асырылады: сот пен заң алдында бәрінің тең болуы; сот ісін жүргізудегі жариялылық; сот процесінің жарыссөзбен жүргізілуі, тараптардың дәлелдерді еркін пайдалануы; кінәсіздік презумциясы, яғни айыптау үкімі заңды күшіне енбейінше сезікті адам кінәлі болып танылмайды; айыпталушының қорғаушы алу құқығын қамтамасыз ету. Қазақстанда сот биліг Конституция талаптарына сәйкес іске асырылады.

1. Қазақстан Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конститутциясына және осы Конститутциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды.

2. Жергілікті соттарға мыналар жатады:

1) облыстық және оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот-Қазақстан Республикасы Әскерлерінің Әскери соты және басқалар );

2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық , ауданаралық , мамандандырылған сот-гарнизонның әскери соты және басқалар ):

3.Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін.

4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен өзінің атауы бейнеленген мөрі болады.

Сот жүйесінің бірлігі

Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бірлігі:

1) Конститутцияда , осы Конститутциялық заңда, іс жүргізу және өзге де заңдарда белгіленген, барлық соттар мен судьялар үшін ортақ және бірыңғай сот төрелігі мен принциптерімен;

2) сот билігін барлық соттар үшін сот ісін жүргізудің заңдарға белгіленген бірыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен;

3) Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты қолданумен;

4) заңдарда судьялардың бірыңғай мәртебесін баянды етумен;

5) заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындаудың міндеттілігімен;

6) барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебінен қаржыландырумен қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасындағы соттар қызметінің тәртібін және судьялардың мәртебесін белгілейтін заңдар

Қазақстан Республикасындағы сот құрылысы мен судьялар мәртебесі , сондай-ақ сот төрелігін іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Конститутциясымен , осы Конститутциялық заңмен жне басқа да заң актілерімен белгіленеді.

 

26. Азаматтылық түсінігі

Азаматтылық - әлеуметтік-саяси ғылымда отанға деген сүйіспеншілікпен, патриотизммен, жетілген саяси санамен сипатталатын субектілердің нақтылы моральдық-өнегелік, психологиялық, әлеуметтік-саяси сапаларының жиынтығы; адамның мінез-құлқы мен санасында өз Отанының және қоғамның шынайы гүлденуіне ықпалы бар жоғары моральдық сапалардың болуы. "Азаматтылық" ұғымының мәні әртүрлі:

өзін азамат ретінде сезіне білу және іс-әрекетке бара білу мүмкіндігі;

саяси қауымдастықтың ісіне белсенді әрі саналы түрде қатысу;

адамдар қауымдастығының толыққанды, еркін қатысуының жоғарғы ізгілігі;

саяси қауымдастық мүдделеріне қызмет ету, осы мүдделер жолында жанын құрбандыққа шалу.

 

27. Жанұя заңдылығына сәйкес неке түсінігі