лттық экономика» пәні бойынша

Аралық бақылау

IІ – нұсқа

 

1. Елдердің экономикасы мен тыныс-тіршілігінің басқа салаларын əлемдік ауқымда қамтитын өзара байланыстар мен өзара тəуелділіктердің күшею процесі қалай аталады?

A) Гүлдену

B) Жаһандану

C) Өркендеу

D) Өрлеу

E) Шарықтау

 

2. Төменде атап көрсетілгендердің қайсысы экономика секторына жатады?

A) Білім беру орталықтары

B) Үй шаруашылықтары

C) Ауыр және жеңіл өнеркәсіп саласы

D) Тамақ өнеркәсібі

E) Құрылыс материалдары өнеркәсібі

 

3. Қаржылық делдалдықпен жəне онымен байланысты коммерциялық негіздегі қаржы қызметтерімен айналысатын резиденттер төменде атап көрсетілгендердің қайсысына жатады?

A) Үй шаруашылықтарына

B) Қаржылық емес корпорацияларға

C) Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдарға

D) Мемлекеттік басқару ұйымдарына

E) Қаржылық корпорацияларға

 

4. Өнеркәсіптің кешенді салаларына төменде атап көрсетілгендердің қайсысы жатады?

A) Мұнай және химия саласы

B) Автокөлік жасау саласы

C) Электр энергетикасы саласы

D) Ағаш және ағаш өңдеу саласы

E) Барлық жауап дұрыс

 

5. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді атап көрсетіңіз:

A) ЖҰӨ және Ұлттық табыс

B) ЖІӨ және Ұлттық табыс

C) Аралық өнім

D) ЖҰӨ және ЖІӨ

E) Таза ұлттық өнім

 

6. Қазақстан шаруашылығының негізгі ерекшелігін атап көрсетіңіз:

A) Әлеуметтік тұрақтылықты қалыптастыруға бағытталынуы

B) Ұлттық экономикада меншіктік қатынастарға негізгі назардың аударылуы

C) Мемлекет экономикасының дүниежүзілік нарыққа бағытталынуы

D) Мемлекет экономикасының тұрақтылығын сақтап қалуға бағытталынуы

E) Барлық жауап дұрыс

 

7. ҚР-ғы өндірістік саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру әдістерін атап көрсетіңіз:

A) Аймақ бойынша өндіріс күштерін тиімді бөлу

B) Инновациялық өндіріс пен аймақтық өндірістік кластерлерді дамыту

C) Отандық келешегі зор ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру

D) Әлемде дамып келе жатқан көліктік және өндірістік логистика механизмдерін жетілдіру

E) Барлық жауап дұрыс

 

8. Халықаралық сауда саласын дамытуға бағытталған қанша саясат түрі бар?

A) 2

B) 3

C) 4

D) 5

E) 6

 

9. Сыртқы сауда саясатының бағытын атап көрсетіңіз:

A) Халықаралық сауда саясаты

B) Индустриялды-инновациялық саясат

C) Инвестициялық саясат

D) Еркін сауда саясаты

E) Экономикалық саясат

 

10. Сыртқы сауда саясатының мақсатын атап көрсетіңіз:

A) Экспорт пен импорт бағаларының арақатынасын өзгерту

B) Елдi қажеттi ресурстармен қамтамасыз ету

C) Экспорт пен импорт көлемдерін өзгерту

D) Елдiң халықаралық еңбек бөлiнiсiне кіруінің дәрежесi мен әдісін өзгерту

E) Барлық жауап дұрыс

 

11. ҚР-ғы өндіріс орындарын жекешелендіру үрдісінің қанша әдісі бар?

A) 3

B) 4

C) 5

D) 6

E) 7

 

12. Мемлекеттің бекіткен тізіміне сәйкес өндіріс орындарын алдын ала акционерлеуді карастыру дегеніміз – бұл:

A) Жеке жобалар арқылы жекешелендіру

B) Шағын жекешелендіру

C) Жалпы жекешелендіру

D) Жартылай жекешелендіру

E) Кезеңдік жекешелендіру

 

13. Әлеуметтік тұрақтылыққа жету үшін азаматтар қандай іс-шаралар жүргізу керек?

A) Әлеуметтік жауапкершілікті арттыру қажет

B) Меншікті иелену мен басқаруға кеңінен қатысуы тиіс

C) Кәсіпкерлікті дамыту керек

D) Еңбек нарығын жетілдіруге үлес қосу

E) Барлық жауап дұрыс

 

14. ҚР-да төменде атап көрсетілгендердің қайсысы кәсіпкерлік қызметінің субъектісі бола алады?

A) Еңбекке жарамсыз азаматтар

B) Кәмелеттік жасқа толмаған жастар

C) Тұтынушылар

D) Шетелдік мемлекет азаматтары

E) Барлық жауап дұрыс

 

15. Еңбек нарығының неше моделі бар?

A) 2

B) 3

C) 4

D) 5

E) 6

 

16. «Өмір бойы жалдану жүйесі» қандай еңбек нарығының ерекшелігі болып табылады?

A) Американдық

B) Батыс Еуропалық

C) Еуропалық

D) Шведтік

E) Жапондық

 

17. Американдык еңбек нарығы моделінің ерекшелігін атап көрсетіңіз:

A) Белсенділік пен жаппай жұмыспен қамтамасыз ету саясатын ұстануы

B) Инновациялық технологияларға бейімделінуі

C) «Өмір бойы жалдану жүйесін» дұрыс деп есептелінуі

D) Бәсекелестік саясатты ұстану мен пайда табуға ғана назар аударуы

E) Барлық жауап дұрыс

 

18. Кәсіпкерлік түрелерін атап көрсетіңіз:

A) Шаруашылык-өндірістік

B) Сауда-көтерме сату

C) Консультациялык қызметтер

D) Коммерциялық делдалдық

E) Барлық жауап дұрыс

 

19. Өндіріс саласындағы кәсіпорындарды басқару дегеніміз – бұл:

A) Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің есебін жүргізе білу

B) Кәсіпорынның еңбек қызметін ұйымдастыру

C)Ұйымның мақсатқа жетуі үшін өндіріс процесін жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау жолдарын іске асыру

D) Кәсіпорында маркетингтік қызметтер жүргізу

E) Өндірісті материалдық-техникалық жабдықтау

 

20. Шаруашылық есеп өзін-өзі қаржылындыру және өзін-өзі басқару негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың бірігуі – бұл:

A) Кооператив

B) Ассоциациялар

C) АҚ

D) ЖШС

E) Корпорациялар

 

21. Кәсіпорындар белгілері бойынша қандай түрлерге бөлінеді?

А) Кооперативтер, Концерндер, Холдингтер

В) Мемлекеттік, Ұжымдық, Жеке

C) Жаппай, Шағын, Дербес

D) Жаппай, Шағын, Мемлекеттік

E) Мемлекеттік, Жеке

 

22. Орта кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру төменде атап көрсетілгендердің қайсысына жатады?

A) Сауда саясатының бағыттары

B) Экономикалық саясаттың түріне

C) Жекешелендіру процесінің бағыттары

D) Экономиканың даму тенденциясына

E) Барлық жауап дұрыс

 

23. Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандарын атап көрсетіңіз:

A) Кооператив

B) Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктер

C) Акционерлік қоғам

D) Мемлекеттік кәсіпорындар

E) Барлық жауап дұрыс

 

24. Кəсіпкерлікті жүзеге асыру мүмкіндігін, нысандары мен тəсілдерін анықтайтын параметрлердің жиынтығы қалай аталады?

А) Кəсіпкерлікке әсер ететін факторлары

В) Әлеуметтік факторлар

C) Технологиялық факторлар

D) Мәдени факторлар

E) Экономикалық факторлар

 

25. Шағын және орта кәсіпкерлікті төменде атап көрсетілген қорлардың қайсысы қаржыландырады?

А) «Самұрық-Қазына» қоры

В) «Қазинвест» қоры

C) «Еуразиялық» қоры

D) «Ақорда» қоры

E) «ЕурАзЭҚ» қоры