Даму тарихы. Әлемдік қор

Билет №1

Атырау өңіріндегі Жайық пен Жем аралығында көлкіген мұнайкені бар екені ерте заманнан белігілі болған. Тіпті сол кездің өзінде-ақ жергілікті көшпенді қазақтар жер бетіне шығып жатқан қимайды /мұнайды/ сүзіп алып, түйенің немесе адамның теңге қотырын емдеуге қолданған. Бірақ қазақтар бүл үлкен қазынаның жер бетіне шығып жатқан шеті ғана екенін білген жоқ. ХVІІІғ. мен XIX ғасырдың алғашқы жартысында Жайық пен Жем өңірінде жер қойнауын зерттеушілердің пайда болғаны белгілі. И.Лепехин /1768/, П.И.Рычков /1772/, П.С. Паллас /1773/, С.Г.Гмелин /1785/, Г.Гельмерсен /1836/, тағы басқалары Атыраудың географиялық және топографиялық күрылымына, су қорлары мен кен байлықтарына қысқаша геологиялық сипаттама берді. Зерттеушілердің осы алғашқы деректерінің ғылым үшін пайдасы зор болды.

Атырау өңірін алғаш зерттеушілерінің бірі — Н.А.Севернов. Ол 1860 жылы "Горный" журналына қазіргі Доссор маңы туралы есебін жариялайды. Онда "Бұл жердің мұнайы су бетіне қалқып шығып жатады екен" — деп жазады. Біздің осы өлкемізде 1874 жылы инженер Д.В.Кирпичников келіп, бірнеше кен орындары жайлы пікір қалдырды. Мысалы, әлгі Доссор кені жайында мынадай тұжырым жасады: "Бұл жерде мол мұнайқоры бар екендігінде күмән жоқ. Бірақ тұщы суы тапшы, қатынас жолы қиын, тұрғын халқы, шабатын шөбі жоқ. Бұл байлықты пайдалану өте қиынға соғады". Ол тұста бұл аса мәнді болжамға ешкім назар аудара қоймайды. Бұдан кейін де Атырауға бірнеше этнограф ғалымдар мен экспедициялар келеді. [5]

1899 жылдың қараша айында Атырау облысы, Жылыой ауданына қарасты Қарашүңгіл алаңындағы №7 скважинадан мұнай фонтаны атқылап, тәулігіне 20 тоннадай өнім берді. Бұл бүгіндері дүние жүзіне мәлім болған Казақстан мұнайының алғашқы тамшылары еді.

Қарашүңгіл мұнай фонтаны туралы хабар Ресей және шетел кәсіпкерлерін дүр сілкіндіріп, Ембі-Каспий аймағыңда мұнайқорын іздестіру жұмыстарын кең көлемде жүргізуге мәжбүр етгі.

Осыдай күрт бетбүрыстың нәтижесінде атақты Нобельдің мұнайөндірістік үйымы өмірге келді. Осы ұйымға қарайтын жұмысшылар Доссор, Мақат, Ескене өңірін терең бұрғылауды қолға алды. Ең сәтті қазылғаны Доссордағы 3 скважина болды. 1911 жылы, сәуірдің 29-күні 225 метр тереңдіктен юра кабатынан мұнайфонтаны атқылады. Ол 20-25 метр биіктікке 30 сағат бойы атқылап түрды. 16,7 мың тонна мұнайшықты, тәулігіне 13360 тонна. [2|, [3], [5]

Бүл Қарашүңгілден кейінгі мол мұнай қорының ашылғандығын бүкіл әлемге паш етті. Қарашүңгіл және Доссор мұнай фонтанынан кейін Қазақстан мұнай өндірісі тарихы басталды. Мақат-Атыраудың үшінші мұнайлы перзенті. Ол 1915 жылы ашылды. Бірақ екі кеніш тағылық жағдайында пайдаланылды. Кен орындарының геологиялық кұрылымы, оны нендей тәсілмен өндірудің тиімділігі жайлы мәлімет жетіспеді. Тек фонтан атқызуға сеніп бұрғыланды. Бір қабаттың мұнайы түгел алынбастан екіншісін бұрғылауға ұмтылысты. Қабаттар мерзімінен бұрын жарамсыз болып, су алып, газданды. Оған мысал /1-кесте/ 1911 лсылы Доссорда 16,7 мың тонна мұнай өндірілсе, бар болғаны 3 жылдың ішінде ол 272,746 мың тоннаға жетті, яғни 17 есеге /1-кесте/. [4]

Төңкеріс алдындағы мұнайшылар өмірі қиын болды. Міне, осындай жағдайда Қазан көтерілісіне дейін республикалық мұнай өнеркәсібі ғарыштап дами бастады. Оның нағыз қанат жаюы Кеңес өкіметі жылдарында болды десек, бұл бұрынғы тарихи топшылау емес, ақиқат, шындық /1-кесте/. [5] Кеңес өкіметі кешегі көшпелілердің өмірін танымастай өзгертіп, қазак жұмысшы табын шыңдады. Мұнайлы Ембі алғашқы кәсіпшіліктерінде жұмыс істеген М.Сартов, М.Жүмағалиев, П.Кочнев, Х.Төрәлиев, Б.Айтмағамбетов, С.Зорбаев, А.Ильясов және т.б. болды. Олар жаңа өкіметті орнатуға ат салысты. Сонау 1919 жылы В.И.Лениннің негізгі отын қоймасы жау қолында қалған кезде, Гурьевті, Жайық сағасын азат етуге болмас па екен деуі тегін емес. Қызыл Армия Доссор, Мақат кәсіпшіліктерін ақ гвардияшылардан азат етпей жатып, В.И.Ленин мұнайды тасымалдау мәселесін күн тәртібіне қойды. 1920 жылы 24 қаңтардағы Москвада болған кен жұмысшылары мен қызыл - армияшылар конференциясында В.И.Ленин "Енді бізде

Гурьев мұнайы бар" — деп мақтанышпен мәлімдеді, Гурьевті Атырау деп түсінсек, онда Атырау мұнайын өндіру сол кезде - ақ құралған "Жайық-Ембі" ауданының мұнайкәсіпшілік басқармасына табыс етілді. Бұл жаңа басқарма /трест/ 1920 жылы Отан қоймасына 1,5 миллион пүт мұнай қүйды. 1922 жылы қазанда басқарма "Эмбанефть" тресі деп аталып, қайта құрылды. Бұл трест 1924 жылға дейін Москвада болды, кейін Гурьевке қоныс аударды. Қазіргі Атыраудың көптеген мұнайшыларын тоғыстырып отырған "Эмбанефть" бірлестігі өмірге осы трест негізінде келген кәсіпорын.

Жас үкімет жаңа кен орындарын игеруге, бұрғылау, құрал-жабдықтарын тасымалдау, азық-түлік, құрылыс материалдарын жеткізу мақсатында жаңа тасжол және теміржол қатынастарын қажет етті. 1925 жылы үкіметтің арнаулы қаулысы бойынша Гурьев пен Доссор арасында 93 км тар табанды теміржол төселді.

1927 жылы іске қосылған бұл жолмен жылына 120 мың тонна жүк тасылды. Бүл тек мұнайлы Ембінің емес, бүкіл қазақ елінің дамуына үлкен әсер етті.

Мұнай өндіру үшін тек жұмысшылар ғана емес, білімді мамандар да қажет болды. Сондықтан 1930 жылы Гурьев мұнайтехникумы ашылды. Кейіннен бұл оку орыны политехникум деп аталды. Кезінде И.М.Губкин, С.М.Миронов т.б. академиктер Атырау өңірінің болашағын жоғары бағалап, бұл өңірді батыл барлау, жаңа кен көздерін ашып, халық игілігіне жарату мәселелерін ортаға қойды. Кен орындарын игеруді ғылыми түрғыдан бақылап отыру үшін "Эмбанефть" тресінің өзінен орталық ғылыми-зерттеу лабораториясы /1934/ кұрылды.

Осыған орай гравиметрия, электрокаротаж сияқты геофизикалық әдістер Атырау өңірінде тұңғыш рет игеріліп, тым жақсы нәтижелерге қол жетті. Енді мұнайлы Ембінің Доссор, Мақат сияқты көне кен орындарының қатарын жаңа кеніштер толықтыра бастайды.

Ескене /1934/, Байшонас /1935/, Қошағыл/1935/, Сағыз /1938/, Қүлсары /1939/, сияқты жаңа кен орындары іске қосылды /1-сурет/.

1959-1969 жылдар арасында Терістік Каспий ойпаттарында он шақты мұнай-газ кен орындары (Прорва, Ақтөбе, Қараарна, Терістік, Терең Өзек, Шығыс-Құлсары, Мартыши, Камышитовый, Танатар, т.б.) ашылды. Бұл кен орындарын төтенше барлау, өндірістік игеру жұмыстарын басқару жөнінде геолог Маташев Мәжиттің еңбегі аса зор деп айтуға болады. Осы маманның енгізуімен Құлсарыдағы XXI- XXII пермотриас горизонттарын жаңа әдіспен игеру арқасында көптеген қосымша мұнай өндірілді.