Мұнай кенішіне әсер ету техникасы және технологиясы

 

Әсер етудің мақсаты және жолдары.

 

Мұнай кенішіне әсер ету мақсаты қабат қысымын ұстау және мұнай

бергіштікті жоғарылату үшін әр түрлі болуы мүмкін, және оларды қолданғанда кенорынды толығымен сарқылуға әкеліп соқтырады. Көбіне әсер етудің барлық жолдары мына кеі мақсатта жұмыс жасайды: олар, қабат қысымын ұстау және мұнай бергіштік коэффицентін максималды шекке дейін жоғалту. әсер ету жолдарын қолдану масштабтары мұнай кенішінде өте үлкен.

Қабаттан мұнайды өндірудің 85% -жуығы әсер ету жолдарымен іске асады.

Қабат қысымын ұстаудағы аса орын алатыны- қабатқа су айдау болып

табылады.

Қабатқа әсер ету жолдарының келесі түрлері бар

1.Қабат қысымын қабатқа су айдау арқылы ұстау. Олардың қатарына

кіретіндер: контур сыртымен су айдау; контур бойымен су айдау; контур ішімен су айдау.

 

Контур ішімен су айдау келесілерге бөлінеді:

- кенішті түзу немесе дөңгелек қатардағы ұңғыларға су айдау арқылы бөлу

- блокты су айдау;

- шоғырлы су айдау;

- таңдап су айдау;

- аудандап су айдау.

2.Қабат қысымын газ айдау арқылы ұстау

Ауа айдау

Құрғақ газ айдау

Майлы газ айдау

Жақын және критикалық параметрлердегі газды айдау

3.Жылу арқылы әсер ету

Қабатқа ыссы су айдау

Ыссы бу айдау

Қабатқа қозғалмалы жану фронтын айдау

Қабаттың түп зоналарын жылумен өңдеу

 

Бұдан да басқа әсер етудің арнайы жолдары бар. Олардың қатарына:

қабатқа әр түрлі қосылыстар айдау, карбонды сулар, көмірқышқыл газы,

мицелярлы қосылыс, газогенераторлы газдар т.с.с.

 

Айтылып отырылған әсер ету жолдарының көбінің негізгі мақсаттары –

қабат қысымын ұстау емес, ал оның мұнай бергіштік коэффицентін

жоғарылату.

Зерттеулер көрсетіп отырғандай, қабатқа қосылысты айдау көлемі 5-15%

болу керек.

Қабатқа газ айдау үшін қабат қысымынан жоағары қысымды ұстайтын

қуатты компессорлар қажет, олар энергияны көп алатындықтан, қаржы көп жұмаслатын болғандықтан және су айдаумен салыстырғанда тиімсіз.

Билет №4

Мұнайдың, газдың және судың орналасу шарттары

Мұнай және газ кедергінің арасында жиналып, өзіндік бір тұтқышқа түседі. Тұтқыш – уақыт өте келе судың, мұнайдың және газдың жағдайының тепе – теңдігін қамтамасыз ететін табиғи резервуардың бөлігі. Газдан төмен мұнай орналасады, ал су тұтқыштың төменгі бөлігіне орналасады. Мұнайдың және газдың қолайлы жағдайларда үлкен көлеммен жинала алатын тұтқыштың кез келген пішіні шоғыр деп атаймыз. Шоғырдың пішіні және өлшемі тұтқыштың пішіні мен өлшеміне сәйкес болады. Табиғи резервуардың 3 түріне мұнай және газ шоғырының 3 тобы сәйкес келеді: а) қабатты шоғыр (күмбезді және экрандалған); б) массивті шоғырлар; в) литологиялық шектелген шоғырлар. Негізгілері болып көбінесе мұнай – газды күмбезді шоғырлар және де массивті шоғырлар кездеседі.

Мұнай және газдың шығу тегі жер қыртысының ортасындағы бір аумақта орналасқан бір топтағы (мысалы, күмбезді, қабатты, массивті және т.б.) шоғырлардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Егер мұнай және газ қорының есебі оның өңделуіне жарамды болған жағдайда жекеленген шоғыр шыққын жері болып табылады.

 

Жер қыртысының қабаттары:

а) – антиклиналь және синклиналь; б) – лықсыма және ығыспа; в) қабаттардың орналасу элеметтері:

1 – қабатжабыны; 2 – қабаттабаны

 

2.

Теңіз геологиясы. Жер планетасының әлемдік мұхит суымен көмкерілген бөлігінің құрылым, құрылысы және геологиялык тарихы жайлы ілімнің саласы.[

Теңіз Геоморфологиясы, теңіз түбінің геоморфологиясы – мұхит пен теңіз түбінің құрылысын және дамуын зерттейтін ғылым. Теңіз геологиясы ғылымымен тығыз байланысты. Теңіз геоморфологиясында үш негізгі бағыт айқындалады:
1) жер қыртысының құрылымды геологиясы және Жердің геотектоникалық дамуын (морфоқұрылым) зерттеуге байланысты түп бедерінің ірі элементтерімен айналысу;
2) жер бедерін қалыптастырушы сыртқы күштерді (эрозия,мору, үгілу, абразия, денудаттану, т.б.) зерттеу;
3) мұнай және шашыранды кендерді іздеуге, су асты коммуникациялық құрылыстарын жобалауға, балық кәсіпшілігіне байланысты қалыптасқан қолданбалы Теңізгеоморфологиясы.

 

Геоморфологиялық шарттар жағалау құрылысымен, түптің топографиясы мен топырағымен, жағаны бұрғылау нүктесінің алыстаумен анықталады.

Түптің топырағы кішкентай аудандарда да біртекті емес болып келеді.

Барлық теңіздердің шельфтерінде түптері аз еңкіштігімен сипатталады. Жағалаудан 300-150м арақашықтықта изобаттар 5м – де болады, ал 20 – 60 км арақашықтықта 200м – де болады.

 

5. Шельфте мұнай газ кен орындарын игеруде техникалық жағынан өте күрделі және қымбат бағаланатын үрдістер, толық бір – бірімен байланысты кешенді этаптардан тұрады.

Барлау жұмыстары. Мұнай газ жиналатын геологиялық құрылымдардың орнын анықтау мақсатында жүргізілетін барлау жұмыстары үш фазада орындалады:

1) Алдын – ала геологиялық информацияны алу мақсатында регионалды зерттеулер.

2) Геологиялық құрылымды жалпы зерттеу, мұнай – газдылығының келешегін бағалау және геолого-геофизикалық әдістермен іздеу бұрғылауға аудандарды даярлау;

3) Өндірістік категориялар бойынша қорды есептеу арқылы игеруге кенішті (кен орынды) дайындау.

Бірінші фазаға графиметриялық және магнитті барлау әдістері, сонымен қатар спутниктерден жер бетін суретке түсіру, инфрақызыл техника құралдары арқылы өлшеу жұмыстары жатады.

Екінші фазада іздеу және бөлшектеп геолого – геофизикалық жұмыстарды орындау жүргізіледі. Үшінші фаза аяқтау болып, кен орынды ашуға әкеледі (терең барлау бұрғылары). Осы кезде кен орынды қоршау, ұңғыларды сынау және мұнай газ қорларын есептеу жүргізіледі.

Жүзбелі бұрғылау құрылғыларды оларды ұңғы үстінде орнатуы тәсілі бойынша екі негізгі кластарға бөлінеді:

1. бұрғылау кезінде теңіз түбіне тірелетін (жүзбелі БҚ өздігінен көтерілетін (ӨКБҚ) және батпалы түрлері);

2. бұрғылау және меңгеру кезінде жүзбелі күйде болатын (жартылай батпалы бұрғылау қондырғылары (ЖББҚ) және бұрғылау кемелері (БК))

Өздігінен көтерілетін жүбелі бұрғылау қондырғылары теңіз мұнай газ кен орындарында барлау кезінде тереңдігі 30-120 м акваторияларда қолданылады

Бұрғылау қондырғылары және олардың түрлері әртүрлі елдердегі теңіздер мен құрлықтағы бұрғылау жағдайларына байланысты жақсарыла түсуде. Қазіргі уақытта келесідей бұрғылау қондырғылары қолданылады:

—Құрлықтағы бұрғылау қондырғылары;

—теңіз платформасындағы бұрғылау қондырғылары;

—бұрғылау баржалары;

—қосымша кемелер;

—жартылай батпалы бұрғылау қондырғылары;

—өздігінен көтерілетін бұрғылау қондырғылары;

—бұрғылау кемелері.