Абатты гидравликалық жару

Механикалық әдіске қабатты сұйықпен жару әдісі жатады.

Қабатты сұйықпен жару мұнай қабаттарының біркелкісіз құрылымдарына және оларды қабатқа айдалатын сұйық қысымы әсерімен бөлуге негізделген.

Қабатты гидравликалық жарудыңтехнологиясы:

Гидравликалық жару әдісі келесі ұңғымаларда қолданылады:

- өнімділігі аз ұңғымаларда;

- қабат қысымы жоғары, өткізгіштігі төмен коллектордағы ұңғымаларда;

- түп аймағы ластанған ұңғымаларда;

- аз айдайтын айдау ұңғымаларда;

- жұтылу аралығын кеңейтуші айдау ұңғымаларда.

Гидравликалық жарудың мақсаты мен міндеттері:

Қабатты сұйықпен жару кезінде төмендегі тапсырмалар орындалуы керек:

а) Жарықшалар салу:жарықшалардың түзілуі қабат құрамына сәйкес келетін сұйықты қабаттың жұтылу жылдамдығына айдау арқылы жүзеге асады. Сұйықтың жылдамдығы тау жыныстарында ішкі кернеуі жоғарылағанша жүреді. Содан қабатта жарықшалар түзіледі.

б) Жарықшаларды ашық күйде сақтау:қабатта жарықшалар түзіле бастаған уақытта, сұйықтың құрамына жарықты айыратын материалдар (проппант – қарапайым құм) қосамыз, жарықшаға сұйықты тасымалдауға арналған. Сұйықпен жару процесінен кейін қысым азайып проппант жарықшаларды ашық күйде сақтап қалып, қабатта сұйықтың өткізгіштігін жақсартады.

в) Жару сұйығын тазарту: ұңғымада өндіру процессін бастамас бұрын, ұңғымалардағы жару сұйығын тазалауымыз қажет. Оны жоюдың қиындығы, қолданылатын сұйықтың сипаттамасына, қабат қысымына және сұйықты жару бойынша қабаттың салыстырмалы өткізгіштігіне байланысты болады. Жару сұйығын жоюдың маңыздылығы, салыстырмалы өткізгіштікті төмендету кезінде, ол сұйықтың ағу жолында кедергі жасауы мүмкін.

г) Қабаттың өнімділігін жоғарылату:процесті жобалауды бастамас бұрын оның экономикалық тиімділігіне толық талдау жүргізу керек.

Гидрожаруды техникалық жарамсыз ұңғымаларда және сулы нұсқа немесе газ шапкасына жақын орналасқан ұңғымаларында қолданбаған дұрыс. Жұмысты бастар алдында ұңғыма түбін жуып, тазалап алады. Басқа жағдайларда қабаттағы сұйықтың сүзілу қасиетін жақсарту мақсатында ұңғымада тұзқышқылды өңдеу және қосымша перфорациялау операциялары жүргізіледі. Бұл шаралар жару қысымын төмендетіп, оның тиімділігін жоғарылатады. Аса тиімді нәтижені гидроқұмағынды перфорациясы береді.

Тазалудан кейін, игеру кезінде қысымды жоғалтудан сақтау үшін ұңғымаға СКҚ-лар түсіріледі. Шегендеу құбырларын берілген жоғарғы қысымдардан сақтау үшін кейде пакерлер орнатылады. Жоғары қысымды гидрожару кезінде пакерге астынан өте көп күштер әсер етеді. Пакердің ығысып кетпеуі үшін тізбекте пакерден сәл жоғарырақ гидравликалық якорлар орнатылады.

Құбыр, пакер, якорь түсіріліп болғаннан соң ұңғыма сағасында тізбек басы орнатылып, оған айдау үшін сорапты агрегат жалғанады.

Алғашқыда жару сұйығын сорапты агрегат арқылы айдайды. Айдау барысында қысым жайлап жоғарылай береді. Түп аймағында қысым арнайы бір шамаға ие болған сәтінде қабат жарылып, ойықтар пайда болады. Жарылу моменті манометрлердегі қысым көрсеткіштерінің күрт құлауынан анықталады. Жару қысымы әсерінен кейбір ұңғымалардың сағасында айдау сұйығы біршама өседі. Қабатты сұйықпен жарудан кейін құм тасушы сұйығын айдау басталады.

Аса тиімді нәтиже жоғары жылдамдықпен айдағанда болады. Содан кейін қабатқа сұйықты игеру сұйығымен айдайды. Оның қысымы да, жылдамдығы да ең жоғарғы мәнде болады. Игеру сұйығы мұнай ұңғымасында мұнай, ал айдау ұңғымасында су болып табылады. Игеру процесінен кейін сағаны жауып, ұңғыманы тоқтатады. Осыдан кейін ұңғыманы жауып, топырақтардан тазалап оны меңгеруге кіріседі.

Қабатты гидравликалық жару, осы облыста жүргізілген эксперименталды зерттеулері, кен орынды игеру және пайдалануда әртүрлі технологиялық және оның кең теориялық жүйелерін тапты.

Мұнай қабатының геомеханикалық және пайдалану сипаттамасына байланысты, немесе бөлек өнімді қабаттар үшін, одан басқа өнімді қабаттың рентабельді технологиялық жүйесіне байланысты қабатты гидравликалық жару әдісінің бір түрі таңдалады. Қабатты гидравликалық жару түрлері бағытымен және оның санымен анықталады. Бағыты – ол ойықтардың көлденең немесе тік болуы, ал ойық саны өте көп.

Бұдан басқа гидрожарудың келесі түрлері бар: магниймен гидравликалық жару, құмағынды перфорация мен біріктірілген гидравликалық жару, қышқылды пайдаланып ойыққа құм айдамай көп сатылы жару.

Бұл технологиялық процестерді Оңтүстік Торғай ойпатында орналасқан Арысқұм, Құмкөл және т.б. кеніштерінде «ТРАЙКАН УЭЛ СЕРВИС КАЗАХСТАН ЛИМИТЕД» компаниясы жүзеге асырған. Әрқайсысының қуаты 1500ат күшіне тең болатын жоғары арында сораптар трейлерге бекітілген. Қуаты 2000 ат күшіне тең сорап резервте сақталып отырады (сурет 20.1).

Қабатты сұйықпен жару қондырғысының араластырғышы 50 баррельге (шамамен 8 тонна) есептелген. Проппанттарды сақтау ыдыстары жылжымалы жетекке орнықтырылған. Бұл кезде үлкен көлемдегі проппантты түсіріп алу оңайлайды. Оның көлемі 60 тонна. Көлемі 80 м3 болатын резервуарлар қозғалмалы және бір жерден екінші жерге көшуі тез, әрі оңай. Қабатты сұйықпен жаруда қажетті су көлемін қамтамасыз ету үшін үшін 3 резервуар қолданылады.

Қабатты сұйықпен жару процесін бақылайтын орталық қозғалмалы прицепке орнатылған.

 

Билет №8