Мұнайды өндірістік дайындау және жинау

Мұнайды кәсіпшілікте дайындау

Мұнай мен газдың араласып кетуінен пайда болатын бөлгіштігі қиын қоспаны мұнай эмулсиясы деп аталатынын жоғарыда айтып кеткенбіз. Мұнай эмульсиясының түзілуіне қолайлы жағдайлар бар, себебі мұнай жер қабытынан шығып, ең соңғы айырғыш қондырғыларға жеткенге дейін үдейі араласуда болады.

Кәсіпшілік тәжірибесінде, көбінесе, “су мұнай ішінде” эмульсиясы орын алады. Басқалардан бұл эмульсиялардың ерекше айырмашылығы — судың өте ұсақ тамшылары мұнай ішінде жүреді.

Мұнай эмульсиясының тұрақтылығы әдетте жоғары болады. Жай тұндырумен суды мұнайдан ажырату мұмкін емес, ол үшін эмульсияны арнаулы өңдеуден өткізу керек.

Өндеу алдындағы мұнайды дайындау екі операцияға бөлінеді: сусыздандыру (деэмульсация) және тұзсыздандыру. Сусыздандырғанда мұнайдағы су мөлшері 1-2%-ке тұзсызданады. Сусыздандырғанда мұнайдағы су мөлшері 1- 2%-ке, тұзсыздандырғанда 0,1%-ке жеткізіледі. Онымен қоса. бұл үрдісте тұздан да айыру үрдісі жүреді. Бұл үшін мұнайды тұщы су кабатынан өткізеді, сонда мұнай құрамындағы тұз суға еріп, онымен бірге кетеді.

Мұнай эмульсиясын бұзу үрдісін екі кезеңге бөлуге болады: біріншісі - ұсақ су тамшыларының тұтастануы, скіншісі — іріленген су тамшыларының тұнбаға түсуі. Бұл үрдістерді жылулық, химиялык және электрлік әдістермен іске асыруға болады.

Жылулық әдісімен тұндырғанда мұнайды 45-80°С кейін қыздырады. Әрі қарай тұндырған бірнеше сағат ішінде су мұнайдан бөлініп, резервуарларға барып жиналады да одан кейін канализация торабымен сыртқа шығарылады.

Мұнайды деэмульсаңиялауды жылулық әдіспен өткізгенде кыздырудан эмульсияның тұтқырлығы төмендеп, су тамшылары тұтасып, тұнбаға түсу принципіне негізделген. Эмульсияны айыру резервуарларда, жылуалмастырғыштарда немесе құбырлы пештерде өтеді.

Химиялық әдіс эмульсия құрамындағы мұнай мен суға хммиялық реагент-деэмулгаторлармен әсер етуге негізделген. Деэмульгатор ретінде түрлі ионогенсіз бет іс әрекетті заттар ( БАЗ) қолданылады, олар этилен тотығы (ОП-Ю, проксоналдар, дипроксамин, дисольван т.б.). Деэмульгатор шығыны аса үлкен емес (1т өнделген мұнайға 30-дан 100 г-ға дейін).

Деэмульгатор мұнайға қосылғанда екі фазада ерігіштігіне байланысты, ішкі фазаға еркін кіріп, эмульгатордың қабығын бұзады, су-мұнай шекарасындағы тартылу күшін әлсіретеді де, сөйтіп, эмульсияны ыдыратуына соғады.

Эмульсияны бұзудың электрлік әдісі — эмульсия ағынына батырылған электродтарға айнымалы және тұрақты токтың әсер етуінен пайда болған әрбір тамшының шетіндегі әртекті электр зарядтарының бір-біріне тартылып, мұнай кабығын бұза алатындығына негізделген. Электорлық деэмульсиялауда темір сауытқа, оның қабырғасына жанаспайтын етіп электрод енгізеді, онымен өтетін электр тоғының кернеуі бірнеше мың вольтқа жетеді. Жерге жалғаған және кернеу трансформаторымен қосылған сауыттың кабырғалары екінші электродтың қызметін атқарады.

Жоғары кернеулі түк жүріп тұрған электродтардың арасымен айдалған эмульсия бұзылады, босап шыкқан су тамшылары тұтасады, сөйтіп, су біртіндеп сауыт астына жиналады. Аталып кеткен деэмульгация әдістері жеке-жеке колданылмайды десе де болады. Әдетте. құрама әдістер


қолданылады, мысалы, жылулык әдіс химиялык әдіспен немесе техникалық әдіс электрлік әдіспен бірге колданылады.

3.105 — суретте мұнайды сусыздандыру. тұзсыздандыру және тұрақтандыру үрдісін өткізетін мұнайды комплекстік дайындау қондырғысының (МҚЦҚ) үлгісі келтірілген.

Үлгінің сол жағындағы қондырғыда 3 тұндырғышты қоса айдағанда, сусыздандыру жұмысы орындалады. Бұл қондырғыдағы шикі мұнай 1 желіс бойымен 1 сорап көмегі арқылы 2 жылуалмастырғышқа бағытталады, осы жерде 6 тұрақтылық колоннасынан желіс бойымен келіп тұрған тұрақты мұнаймен қыздырылады. Қызған мұнай 2 желіс бойымен 3 тұндырмаға жіберіледі, бұл арадан сусызданған мұнай 2 желіс бойымен келесі тұндырғышқа немесе 4 электродегидраторға барады. Сусызданған мұнай ағынына тұздарды шаю үшін тұщы су қосады, ол IX желіс бойымен жіберіледі.

Кей жағдайларда тұзсыздандыру дәрежесін жақсарту үшін бір тұндырғыш орнына, тізбектеліп қосылған бірнеше аспаптар қолданылады. Бұл жерде мұнай біржолата тұзсыздандырылады. Тұзсызданған су электродегидраттан кейін IV желі бойымен 5 жылу алмастырғыш арқылы 6 тұрақгандыру колоннасының қыздырылып пар өндіретін бөлігіне жетеді.

Жылуалмастырғыштағы 5 мұнай 6 колоннаның астынан V желіс арқылы келетін тұнған мұнайдың жылуымен 140- 160°С-қа дейін қыздырылады. Сусыздандыру және тұзсыздандыру үрдісі әдетте орташа температурада (50-60°С), кейде одан жоғарырақ температурада (80°С-қа дейін) отеді.

Мұнайды тұрақтандыру, яғни одан жеңіл фракцияларды (пропан-бутан, жартылай бензин) ажырату үрділері қысым мен жоғарғы температура жағдайларында арнаулы тұрақтандырғыш колонналарда өткізіледі. Жеңіл көмірсутектерден босатқаннан кейін, мұнай өндеуші зауыттарға шығынсыз тасымалдауға болады. Тұрақтандыру колоннасынан бөлініп шыққан жеңіл фракциялар сұйық түрғе айналғаннан кейін, ғазофракциялық қондырғыларға немесе газобензин зауыттарына әрі қарай өндеуге жіберіледі.

Фракциялардың мұнайдан бөлініп шығуын жеңілдететін тұрақтандыру колоннасының жоғарғы және төменгі жактарында табақ тәрізді құрылымдар орналаскдн. Қосарланған колоннаның төменгі жағының температурасы желіс арқылы 10 пештен келетін тұрақтанған мұнайдың температурасынан жоғары болып тұру керек (240° С дейін). Осының нәтижесінде жеңіл көмірсутектері қуатты түрде бөліне бастайды және өзімен қоса ауыр компоненттерді де ала шығуы мүмкін. Буланудан шықкан өнімдер тұрақтандыру колоннасының жоғарғы жағына келіп түседі, ол жерден желі бойымен 7 конденсатор-тоңазыткышқа келеді. Тоңазытқыш- конденсаторда булар 30°С-ға дейін суытылады, оның едәуір белігі сулау ыдысында 8 сұйытылады және жиналады. Сұйытылмаған жеңіл көмірсутектері желіс бойымен отындық газ ретінде 10 пештің оттықтарына жөнелтіледі. Сұйықталған жеңіл көмірсутектерінің бір бөлігі (кең фракция) 9 сораппен желіс арқылы 8 ыдыстың астынан сақтайтын резервуарға, ал екінші бөлігі суландыру мақсатымен тұрактандыру колоннасының жоғарғы жағына бағытталады.

МКДҚ қондырғышарынан басқа да қарапайымдырақ қондырғылар қолданылады: термохимиялық ТХК, және электротұзсыздандырушы ЭТ. Соңғы кездерде мұнай өндіруде тұрақты кұрал-жабдыктар негізінде құрылған мұнай дайындайтын құрастырмалы қондырғыштар көптеп колданыс тауып келеді, олардың негізгі жабдығы кыздырғыш - деэмулгаторлар. Қыздырғыш-деэмулгаторды қолданып, мұнай дайындау үлгісі 3.106 — суретте көрсетілген.

Скважина өнімі 0.4-0.6 МПа шамасындағы қысыммен газды мұнайдан айыратын 1 сатылы айырғышқа бағытталады. Бұдан кейін бұл газ тікелей тұтынушыға немесе газ дайындау кондырғысына жіберіледі.

 

2.Апаттар зардаптарын жою және оларды жинау техникасы мен технологиясы.

 

Практика көрсететіндей, көптеген апаттар:

- бұрғылау технологиясының бұзылуы;

- жерүсті қондырғыларының ақаулары;

- бұрғылау жұмысын жүргізетін жұмысшылар квалификациясының төмендігі;

- өндірістік процесті ұйымдастырудың қанағатсыздығы;

- өндірістік тәртіптің бұзылуы салдарынан болады.

 

Мұнай айлақтарында танкерге мұнайды тиеу және түсіру кезінде өнімнің ағып кетуі; балластық судың теңізге тасталуы, теңіз және суасты ұңғымаларындағы және мұнай құбырларындағы апаттар; өндірістік қалдықтардың теңізге тасталуы теңіздің мұнаймен ластануына және теңіз организмдерінің қырылуына әкеліп соғады.

Апаттар сонымен қатар суасты грифондардың салдарынан болады. Бұл грифондар флора мен фаунаға үлкен қауіп төндіреді. Мұнай теңіз түбінен көтеріле отырып, жоғары концентрациялы ластаушылары бар ерекше қауіпті зоналарды құрайды.

Ашық фонтандаудың алдын алу үшін тізбек басының, фонтандық арматураның, арматураның фланцеті және бұрандалы қосылыстарының және құбырлардың, саңылаусыздығын жүйелі түрде бақылап отыру керек.

Ал барлық ақауларды уақытылы түзету қажет.