Мұнай және газды тасымалдау

Мұнайды және мұнай өнімдерін тасымалдау

Мұнай және мұнай өнімдерін қашық жерлерге жеткізу үшін теміржол, су көлігі, құбыр жолы және автокөлік қолданылады. Кейбір жағдайларда олар ұшақпен және тікұшақпен де тасылады.

Су көмегімен (теңізбен, өзенмен ішкі мұнайды және мұнай өнімдерін (бензнн, кероснн, дизел отынын, мазутты т.б.) өздігінен түсіретін (танкелер) және өздігінен жүрмейтін (лихтерлер, баржалар) типтегі кемелермен тасылады.

Автокөлік мұнай өнімдері ірі мұнай базаларынан ұсак мұнай базаларына, әрі карай тұтынушыларға жеткізіледі. Бұл ретте өнімдер автоцистернамен, сол сияқты ұсақ ыдыстармен тасылады.

Мұнай және мұнай өнімдерін құбырмен өте көп мөлшерде және кез-келген қашықтыққа тасымалдауға болады.

Теміржолмен тасымалдау

Мұнай және мұнай өнімдерін теміржол арқылы әрқашанда вагон - цистерналармен тасиды. Тек өнімнін аз ғана бөлігін (2 %-тей) ұсак ыдыстармен (бешкелер, контейнерлер, бидондар, баллондар) тасуға болады.

Таситын цистерналардың конструкциясына қарай олар стандартты және арнаулы қолданысты деп бөлінеді. Стандартты цистерналармен тұтқырлығы мен температурасы құю-қотару жұмыстарына тәуелсіз мұнай өнімдерін тасиды. Арнаулы қолданыс цистерналарымен тұтқырлығы жоғары мұнай өнімдері тасылады. Арнаулы қолданыстық цистерналар ішіндегі мұнай өнімдерінің сууын баяулату үшін оларды жылытқыш құбырғылармен жабдықтайды. Осының нәтижесінде аудару-қотару жұмыстары тез түсіреді. Ең көп тарағаны, көлемі 50 және 60 м1 төртбірлікті цистерналар. Балку температурасы баяу жүретін битумды тасымалдау кезінде бункерлік жарты вагон деп аталатын арнаулы теміржол вагоны қолданылады. Бұл ерекше вагонның рамасына төрт бункер (колемі 118 м3) орнатылған. Бункер толы болса, оның ауырлық орталығы тірек нүктелерінен биікте орналасады. Сондықтан бункер битум құятын алаңға оп-оңай аударылады, одан кейін бұрынғы вертикалдық қалпына келеді.

Контейнерлер деп жүк көтергіштігі 2,5 және 5 т. темір-жол платформасына орнатылған шағын цистерналарды айтады. Тиісті орнына келгеннен кейін, оларды крандармен жүк тасығыш машиналарға аударып тиейді. Цистерна- контейнерлермен көбінесе тұтқырлығы жоғары майлар мен жағар майлар тасылады. Сондыктан контейнерлер өнімдерді қыздыратын құбырғылармен жабдықталған.

Мұнай өнімдерін теміржол цистерналарына құю және одан қотару жұмыстары теміржол эстакаларының көмегімен жүреді.

Көпірлер вагон-цистерналардың деңгейінде орналасқан.

Теміржол эстакадалары өзінің атқаратын қызметіне қарай құятын, қотаратын және құйып қотаратын болып бөлінеді.

Эстакаданың негізгі элементтері — теміржолдың бір немесе екі жағынан ара қашықтығы 4-тен 12 км-ге дейін орнатылған құйғыш бағаналар (стояктар). Стояктар бір- бірімен цистерналарды толтырғанда, стояктарды іске қосып, не бөліп тастау үшін қолданылатын арматуралары бар коллекторлармен қосылған өнімдерді эстакада коллекторларына жіберу сораптары көмегімен өткізіледі.

Өнімдерді вагон-цистерналарға құю процесі цистерна-ларды дайындау, сораптарды іске қосу, тиісті арматураларды ашу, толып кетуін бақылау сияқты тізбектеліп келген операциялардың белгілі бір рет-ретімен жүруіне байланысты. Цистерналар толғаннан кейін тиекті арматура жабылады, құйылған өнімнің мөлшері өлшенеді, сынаққа алынады, люктер жабылып, пломбаланады.

Теміржол цистерналарынан өнімдерді резервуарларға аудару цистерналардың жоғарғы жағымен, насос көмегімен жүргізіледі немесе олар цистернаның төменгі жағымен өздігінен ағады.

Сумен тасымалдау

Мұнай мен мұнай құйғыш кемелермен — теңсіздік және өзендік танкерлермен, баржалармен (өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін) тасымалданады. Теңіз үстінде өздігінен жүретін мұнай кұйғыш кемелер танкелер деп аталады (оның жүк кәтергіштігі 50 т, одан да көп), өздігінен жүрмейтін кемелер — теңіз баржасы, не лихтерлер деп аталады.

Мұнай күйғыш, теңіз кемесінен (4-2-сурет) сырты темірмен қапталған металл каркастан тұрады. Кеменің корпусы ұзынынан және көлденеңінен келетін өткізбейтін қалқалармен бірнеше бөліктерге 4 (танктер деп аталатын) белінген. Бұл кеменің суға батып кетпеуін камтамасыз етеді, шайқалыс кезінде гидравликалық соғуды кемітеді, өрт қауіпсіздігін арттырады, пайдалану жағдайларын жақсартады. Танкілерге кіру 7 люктер арқылы іске асырылады.

Танктердегі жүк танкілері басқа бөлмелерден өткізбейтін екі қалкалармен 1 бөлініп тұрады. Кеменің бас жағына 2 құрғақ жүкті трюм орналаскан, ортасында 3 сорап бәлімі, артқы жағында 5 машина бөлімі. 6 жылу қазаны және тұрғын бөлмелер бар.

Сорап белімдері барлық танкілермен кұбырлар арқылы қосылған Әрбір танкте мұнай өнімдерін кұю-қотару жұмыстарын атқаратын тиегіш-түсіргіш кұбырлар бар олар палубадағы ортақ коллекторға жалғаскан.

Мұнай өнімдерін құю, қотару жүйесінде сорушы және арынды магистралдар бөлмайды. Қотару операциясы өнімдердің бір танктен екінші танкке ағуы аркылы орындалады, ал сорап бөлімдері көршілес танктен сорап көмегімен жағаға немесе басқа кемеге бағытталады. Құю процесінде өнім бір не бірнеше танктерге барады, одан әрі басқа танктерге өз бетімен бағытталады. Өнімдердің бір танктен екінші танкке өтуі танктердің бүйіріндегі тесіктер арқылы жүзеге асады.

Лихтерлер, жүккөтергіштігі 10 мың т және одан да артық, мұнай өнімдерін алыс қашықтарға тасымалдауға арналған және танкерлер жағаға жақындап келе алмайтын болғанда, құю-қотару қызметтерін атқаруға арналған.

Құю-қотару операциялары лихтерлерде, қалқитын сорап станцияларында орналасқан сораптар көмегімен жүреді.

Озен баржалары өздігімен жүре алмайтын бункер, не итергіш көмегімен жүретін жүк тасушы кемелер. Олардың жүк көтергіштігі 100 т-дан 12 мың т-ға дейін жетеді. Танкердегідей олардың іші бірнеше бөлімдерден тұрады, саны 50-ге жетеді. Бұлардың жүк жүйесі ауыспалы. Палубаның үстінде қызметшілер үшін салынған құрылыстар бар.

Мұнай құйылған кемелердің құю-түсіру кызметтерін гавандар мсн причалдар атқарады.

Гаван — порт акваториясының жүк операцияларын өткізетін бір бөлігі. Мұнай гаванінің су беті толқыннан сақталып тұруы керек, кемелердің тоқтай алатын және маневр жасай алатын белгілі терендікті керек ететін алаң болуы керек. Мұндай алаңды акватория деп атайды.

Гаван жасау үшін табиғи жайлар пайдаланылады (шығанақ, бөгет). Егер мұндай жайлар жоқ болса, онда жасанды түрде жасалады.

Кеменің токтайтын жерін және оның жағамен байланысын атқаратын ғимараттарды пристан деп атайды. Егер пристан мсағаға және су ішіне қарай әжептәуір еніп тұрса. оны пирс деп атайды. Пристанның немесе пирстің бірнеше причалдары болуы мүмкін.

Мұнай причалдарынан бастап жағадағы резервуарларға дейін құбырлар салынады. Өнімдерді резервуардан кемеге, сол сияқты кемелерден резервуарларға жағадағы сорап стансияларының көмегімен айдайды. Жаға құбырларын кеме құбырларымен жалғастыру, штангілер немесе шарнирлі элементтер арқылы жүргізіледі.

Өзен (кейде теңіз) пристандарында өнімді құю үшін калқып жүретін сорап станциялары кең колданылады, кемелер сорап станцияларының жанына келіп тоқтайды. Сорап станциясының сорушы құбырлары кеменің жүк жүйесімен, сұйық шығарғыш құбырлар, жаға құбырларымен жалғаскан. Одан кейін сораптар көмегімен өнімдер кемеден жаға резервуарларына айналады.

Қалқитын сорап станциясы дегеніміз, екі немесе одан да кеп сорабы бар кеме. Мұндай станциялар су бетінде жүргізілетін аралық түсіруде пайдаланылады. Теңіз мұнай причалдарының құрылысын салу қиын болса немесе экономикалық тиімсіз болса, онда танкердерден құю жұмыстары жағадан біршама алыста, жерасты құбырлары арқылы жасалады.

Автокөлікпен тасымалдау

Автокөлік мұнай өнімдерін тарату базасынан тікелей тұтынушыға жеткізу үшін қолданылады. Мұнай өнімдерін теміржолмен, немесе су жолымен жеткізудің мүмкіншілігі жок аудандарға автокөлік толық пайдаланылады.

Мұнай өнімдерін таситын автоцистерналар мынадай құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген: мұнай өнімін кұюға арналған келте кұбыр, тыныс клапаны, деңгейді көрсеткіш, отын құйғыш ысырма, ұштары бар екі шланг, механикалық жетегі бар сораптар. Кейбір автоцистерналардың көлемі 25 м3-ге жетеді. Цистернаның ішінде автомашина жүрісінен пайда болатын соқпа толіданның күшін кемітетін ұзынды-көлденеңді толқын кескіштер орнатылған.

Өрт қауіпсіздігін сактау үшін автоцистернада өрт сөндіргіштер және мұнай өнімдерін құйып-котарда пайда болатын статистикалык электрді жою үшін цистерна мен шлангіні жерлестіру кұралы орнатылған. Автокөлікгің тиімділігін арттыру үшін автотіркемелі цистерналар қолданылады.

Мұнай базасынан және құю станцияларынан алыс орнатылған автокөліктерді отынмен қамтамасыз ету үшін, сол сияқты ауылшаруашылық машиналары мен ұшақтарды қамтамасыз ету мақсатында үлестіргіш сораптары бар арнаулы автоцистерналар қолданылады. Мұндай автоцистерналар автоотынқұйғыштар деп аталады. Отынкұйғыш құралын жұмыска қосу, жүргізушінің кабинасынан басқарылады, ол жерде отынды қабылдау, үлестіру және айдау операцияларын орындау үшін, кажетті косу рычагі және вентил орнатылған. Бақылау өлшегіш аспаптар да бар. Автоотынқұйғыш цистернаның көлемі 4-16м\ Автотранспортпен контейнерлердегі және ұсақ ыдыстағы өнімдер де тасымалданады.

Көнтейнерлер — көлемі 2,5 және 4м3 бөлатын металдан немесе резина матадан жасалған ыдыстар (резина матадан жасалған кейбіреулерінің көлемі 20м3 жетеді). Бұлар мұнай өнімдерін айдаусыз-ақ тұрақты қоймаларға жеткізеді. Тиісті жеріне келгеннен соң крандардың көмегімен көнтейнерлер машиналар түсіріледі. Көнтейнерлі тасымалдаудың ерекшелігі — цистерналар автомашинаға бекітіліп койылмайды, олар тасымалдаушы ыдыстар болуымен катар, уақытша қойма кызметін де аткарады. Бұлай тасымалдау көлік магистралдарынан кашықта жатқан аудандар үшін өте қолайлы.

Ұсақ ыдыстардан көп тарағаны бөшкелер мен бидондар. Бөшкелер мұнай өнімдерін бірден тұтынушыға жеткізуде өте қолайлы. Теміржөл немесе су жолы катыспайтын алыстағы аудандарға мұнай өнімдерін тек қана осындай әдіспен жеткізуге тура келеді. Бөлшектердің негізгі екі түрі болады — сұйык отын (бензин, керосин т.б.) таситын көлемі 50-500 л. металдан жасалған және консистенттік жағар май таситын көлемі 50 л. фанерден (штампталған) жасалған бөшкелер.

Бидондардың да екі түрі болады: металдан жасалған және металфанерден жасалған. Көлемі 5-62 л. болатын бидондар бензин тасуға қолданылады, олар төртбұрышты, не цилиндр пішінді етіп, ақ қаңылтырдан жасалады. Металл-фанер бидондар, көлемі 16 л, консистенттік жағар майлар тасымалдауда қолданылады, олардың корпусы — фанер, ал түбі — штамгіталған металл. Іші бензинге, тұрақты материалмен қапталған түрі май құю үшін де қолданылады.

Сұйық мұнай битумын және жағар майларды тасуда металдан жасалған кендірлі барабандар немесе орайтын қағаздан жасалған қаптар қолданылады. Полиэтилен ыдыстары көптеп қолданыс тауып келеді.

Ақшық түсті мұнай өнімдері автоцистернаға, бөшкелерғе, бидондарға, басқа да ұсақ ыдыстарға құю үшін құйғыш қондырғы салынады. Майлар мен жағар майлар өлшеп оралған түрінде босатылады. Автоцистернаға мұнай құю автоқұйғышы бар қондырғылар — автоэстакадалар мен автоколонкалар арқылы іске асырылады. Бошке, бидон т.б. ыдыстарға құю арнаулы бөлмелерде, ал үлестіру құрал- жабдықтардың көмегімен құю орау бөлмелерінде орындалады.

Автотранспорттарға мұнай өнімдерін толтыру автоқұйғыш стансияларында (АҚС) өтеді, олар мұнай базасында, немесе автокөлік магистралының бойында орналасады.

Атқаратын қызметіне және орналасқан жеріне қарай автоқұйғыш станциялар қалалық, жолдық, парктік, ауылдық, жылжымалы болып келеді. Қалалық АҚС қалалық магистрал бойында, ірі автобазалар маңында, аялдамаларда орналасады. Ауылдық АҚС аудан орталығында, ал жолдық АҚС — негізгі автомагистралдарда. Жылжымалы құю стансиялары автокөлік жолдарында, құрылыс аландарында, дала қостарында, туристік маршруттарда, қала шетінде уақытша орналасады. Катерлер мен моторлы қайықтар жылжымалы автокұю стансиялары, қалқыған стансияларынан құйылады.

Құбырмен тасымалдау

Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдауда көліктің ең тиімдісі құбыр көлігі болып табылады. Оның мынадай артықшылықтары бар:

өнімді жіберіп түрудың үздіксіздігі;

өнімді алыс жерлерге тасудағы өзіндік құнының төмендігі;

автоматизациялау үшін кең мүмкіндіктер;

тасымалдаудағы шығынның аздығы;

егер тиімді болса, құбырды ең қыска жолмен өткізумүмкіншілігі.

Өнімдерді едәуір қашықтыққа айдайтын кұбырларды магистралдық деп атайды. Айдайтын сұйық түріне байланысты әр түрлі аталады: мұнай құбыры — мұнай айдау үшін; мұнай өнімдері құбыры — сұйық өнімдер, мысалы, бензин, керосин, дизелдіке отын, отын, мазут айдау үшін.

Магистралдық құбыр мынадай бөліктерден тұрады:

I ) құбыр;2) бір немесе бірнеше сорап стансиясы;3) байланыс құбырлары.

Магистралдық құбырлар келесі көрсеткіштермен сипатталады: ұзындығы, диаметрі, өткізгіш қабілеттілігі, айдайтын стансиялар саны.

Ұзындығы 1000 км-ге жететін және одан асатын қазіргі магистралдық құбырлар дегеніміз — жеке көлік өнеркәсібі, олар аса куатты негізгі және аралық айдайтын стансиялары бар кешенмен жабдықталған, түрлі өндірістік және көмекші ғимараттары бар құйғыш станциялармен жабдықталған. Олардың

өткізгіш қабілеті жылына 50 млн. т. Мұндай құбырлардың шартты диаметрі 500, 700, 800, 1000, 1200, 1400 мм. болаттан жасалады.

Мұнай және мұнай өнімдерін алысқа жібергенде құбырда пайда болатын едәуір гидравликалык кедергіні жеңуге тура келеді. Сондықтан бір сорап стансиясы берілген қысымда айдаудың қалыпты режимін қамтамасыз ете алмаған жағдайда құбырдың бойына бірнеше сорап салынады.

Құбыр көлігі тиімділігімен қатар, табиғат жағдайларынан тәуелсіз болатындықтан, жыл бойы жұмыс істей береді бұл басқа көлік түрлеріне қарағанда өте пайдалы. Сол себепті магистралдық құбырлардың саны жылдан-жылға өсіп келеді. Сол себепті магистралдық құбырлардың ұзындығы жылдан- жылға өсіп келеді. (Қазақстан бойынша келесі тарауды қара).

Ең ірі құбыр жүйелеріне мынадай жүйелер жатады. Батыс Сібірден Уфа мен Самараға дейін, Рязань мен Москваға бұрылысы бар Альметьевск-Ярославль-Нижний-Кириши және Узень-Самара, Самара-Тихорецкая, Самара-Лисичанск т.б.

 

Айдау приципіне қарай іс жүзінде екі түрлі жүйе колданылады: подстансиялык және транзиттік.

Айдаудың подстансиялық жүйесі бойынша мұнай және мұнай өнімдерімен әуелі аралық стансиялардың резервін толтырады, содан кейін келесі стансияларға жіберіледі (4-3, а- сурет). Егер стансияда бірнеше резервуарлар бар болса, өнім айдау үзіліссіз жүріп тұрады; бір резервуарларға өнім келіп түсіп жатса, екіншісі құбырдан келіп жатады.

Айдаудың транзиттік жүйесі бойынша, бір сораптан екінші сорапқа өнім резервуар арқылы отеді.

Резервуар арқылы айдағанда алдыңғы сорап станциясынан, кейінгі сорап стансиясына газ бен су мұнайдан айырғыш резервуар арқылы өтеді (4-3, б-сурет)

Өнім бір сораптан екінші сорапқа айдалғанда, аралық резервуарларға соқпай, сорап стансиясынан келесі станцияға тікелей бағытталады (4-3, в-сурет). Бұл ең жетілген және тиімді жүйе. Себебі аралық резервуарда саңылаусыздандыру жақсы қамтамасыз етілгендіктен булану әсерінен пайда болатын шығындар болмайды.

Мұнай және мұнай өнімдерін транзистік айдаудың барлық түрінде де құбыр жергілікті автоматикаға қажетті құралдармен жабдықталған; көптеген құбырлар кашыктан баскарылады.

Магистралдық құбырлар теміржолдағы сияқты арнаулы техникалық қадағалауды қажет етеді. Барлық магистрал әрқайсысы әрбір стансияға бекітілген жеке учаскелерге бөлінген. Бұл учаскелер тағы да кіші учаскелерге бөлінеді, олардың әрқайсысына құбыр жұмысын бақылап отыратын жүйе қараушы бекітілген. Әрбір стансияда қызметші персоналдан басқа жөндеу және апат зардабын жою үшін қажетті мына секілді тетіктер болады құбыр төсейтін тракторлар, әкскаваторлар, булдозерлер, пісіргіш аспаптар т.б.


Негізгі айырғыш стансияны құбыр участкесінің бас жағына, мұнай кәсіпшілігінің немесе мұнай өндеу зауытының тұрған жеріне сыйады, ол құбырға жіберілетін өнімдерді қабылдап алу қызметін атқарады. Сұйық қысымын көтеру үшін қойылған аралық стансиялар құбырдың ұзын бойымен және де қысымның барлық стансияларда қысым бірқалыпты болуы үшін, оларды бір-бірінен бірдей ара қашықтықта орналастырады. Экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында аралык стансияларды адамдар қоныстанған жерлерге, теміржол және шоссеге, электр немесе су орындарына жақын орналастыруға тырысады, ал бас стансиялар мұнай өңдеу зауыттарының және мұнай дайындау қондырғысының алаңдарында, сол сияқты резервуар парктерінің жанына орнатылады.

Онеркәсіптік-технологиялық ғимараттардың құрамына, айдаушы сораптың өзінен басқа резервуар паркі, қырғыш пен бөлгішті іске қосатын қондырғылар, сақтық жүйесінен келетін сұйықты қабылдайтын ыдыстар енеді. Ақырғы немесе аралық стансияларда теміржолдық құюшы қондырғылар салынады.

Техникалық ғимараттардан баска сумен қамтамасыз ету, канализация, электрмен қаматамасыз ету сияқты көмекші кешендер және әкімшілік-шаруашылық құрылыстарда салынады.

Мұнай айдайтын сорап стансиялары сорап агрегаттарымен және көмекші құралдармен жабдыктгалады. Сонымен бірге мұнда су, отын сораптары, компрессорлар, ауамен қамтамасыз ететін қондырғылар, желдеткіштер, қоректендіруші ыдыстар, жылу алмастырғыштар бар.

Магистралдық мұнай құбырлары, орталықтан кескіш сораптары номиналдық өткізгіші мен арыны мына шектерде жасалып шығарылады: Өткізгіші 1250-ден 12000 м3/с, арын 260-тан 210 м, сораптың ПӘК-гі 0,84-тен 0,89-ға дейін жасалып шығарылады.

Есегттеулер мен жобалау тәжірибесі жоғары бір арынды сорапқа карағанда тізбектеліп косылған сораптардың жұмысы тиімдірек екенін көрсетті.

Орталықтан тепкіш сораптар магистралдық құбырлардың жұмысында “сораптан сорапқа" айдау жүйесінде таптырмайтынқұралдар.

Қазір орталықтан тепкіш сораптар конструкциясына мынадай талаптар қойылады. Олар барлық тораптарда саңылаусыздықты жұмыс істегенде сенімді болу керек, қашықтан іске қосуға қажетті құрылыстары болуы керек, апат бола қойған жағдайда автоматты түрде ыдыратып тастайтындай сақтандырғыш болуы керек, шартты түрде ГІӘК-ті жоғары болуы керек.

Магистралдық құбырлардың есебі. Құбырлардың есебі мына ретпен жүреді: өткізгіштік қабілеті және тұтқырлығына қарап құбырдың диаметрі мен сұйықтың ағу режимі (Рейнгольдс параметрі) анықталады, гидравликалық кедергінің коэффициенті осыған байланысты. Одан кейін арынның шығынын, негізгі құбырдың лупингтің (құбардың бұрылмасы) немесе қондырғының гидравликалық ылдиы есептелінеді. Грассаның тілмесіне қарап, аударыптиеу нүктесіне дейін есептік ұзындығын және белгілердің сәйкес айырмашылығын анықтайды. Осы берілгендер арқылы сорап стансияларының санын шығарады.

Магистралдық құбырдың өткізгіштік кабілетіне қабылданған есептік параметрлерді ең қолайлы пайдалану және тұрақталған режимді ұстау жағдайларында құбырлар арқылы бір жыл ішінде мұнай және мұнай өнімдерінің өткен ең жоғарғы мөлшері алынады.

Мұнай және мұнай өнімдерінің магистралдық мұнай құбырымен немесе мұнай өнім құбырымен өткенін жыл бойы айдау бірқалыпты жүрді деп есептегенде, жылдық өткізгіштік қабілеті жылдык жұмыс күндерінің сан қатынасына тең болады. жөндеуге тоқталып, қалған күндерді еске ала отырғанда (жылында 350 күн немесе 8400с) жіберудің есептек сағаты мына формуламен анықталады:

0= 0/350 24 р

мұнда: О - құбырдың жылдық сұйық өткізу қабілеті, 350- бір жылдағы жұмыс күндер саны, р - мұнай және мұнай өнімдерінің тығыздығы, т/м\

Күбырдың диаметрін, құбырдың берілген өткізгіш қабілеті мен қабылданған ағу жылдамдығына (1,5 — 2,5 м/с) қарай отырып, мына формуламен анықтайды.

мұнда: құбырдың сұйық өткізу қабілеті, мУс; V — сұйықтың ағу жылдамдығы, м/с.

Құбырдың есептеліп шыққан диаметрін МЕСТ бойынша есептелген ең жақын келетін диаметрге дейін жақындатады. Құбыр қабырғасының қалындығы механикалық жолмен есептеледі.

Кейбір жағдайларда өнімдерді айдағанда істеп тұрған құбырдыц өткізу қабілетін жалдамдатуға тура келеді. Бұл үшін бірнеше әдістер белгілі: негізгі магистралмен қатарлас- тырылған косымша құбыр бөлігі (лупинг, қосымша), яғни құбыр диаметрі, үлкейтілген бөлігі төселеді; сопар стансиясының санын өсіру немесе аралас әдіс.

Өткізгіш қабілетін арттыру үшін қосымша сорап агрегаттарын салу, көбіне қолданыс таппайды, себебі, қосымша сораптың саны өскен сайын арынның шығыны өседі, нәтижесінде құбыр қысымы едәуір көтеріледі. Қосымша қондырғы қою әдістері де сирек қолданылады, себебі қосымшаны ойып қондыру үшін құбыр жұмысын толық тоқтатып қою керек.

Көптеген жағдайларда бір құбыр арқылы бірнеше түрлі мұнай өнімдерін тасымалдау қажет болады. Әрбір өнім түріне жеке құбыр жүргізбес үшін, тізбектеп айдайтын әдіс қолданылады. Бұл әдіс бойынша бір құбыр арқылы бір- бірімен араласып кетпейтіндей етіп әр түрлі өнімдерді кезектегі жібереді. Бұл жағдайда өзінін физика-химиялық сипаты жағынан бір-біріне жақын мұнай өнімдерін тасымалдауға тырысады. Бір құбырмен ашық түсті мұнай өнімдерін, мысалы бензин, керосин айдайды. Ал қоңырқай мұнай өнімдерімен, мысалы, мазут пен бензинді қатар айдауға болмайды. Араласып кетпес үшін тәжірибеде мынадай шаралар қолданылады:

4) айдаудың режимін өзгерту;

5) екі түрлі енім арасында түрлі бөлгіштерді қолдану.

Тебектеп айдауды неғүрлым жоғарғы жылдамдықпен

Өткізе отырып турболенттіктін жоғарғы дәрежесіне жетуге болады. пәтижесінде қоспа көлемі өте аз болады (диффузияның аздығынан). Қасиеттері жағынан жақын мұнай өнімдері ірі топтарға біріктіріледі. Бұлай еткенде, неғүрлым топ көлемі үлкен болса, қоспаның үлесі соғұрлым аз болады.

Мұнай және мұнай өнімдерін бөлгіштер қолданып тізбектеп айдау әдісі көбірек қолданылады. Бөлгіштердің сұйықтық және механикалық түрі болады. Сұйықтық бөлгіш дегеніміз — біртіндеп айдайтын мұнай өнімдерінің арасына жіберетін сұйықтығын. Мысалы: бензин мен дизел отынының арасына тығын ретінде керосин жібереді. Механикалық бөлгішке екі өнімнің шекарасына түрлі механикалық құралдар (поршендер, шарлар) жатады. Көп тарағаны тез тозбайтын шарлар, олардың кабырғасы қалың, ішкі қуысын су немесе антифризбен (қыста) толтырады. Кейде механикалық бөлгіштердің бірнешеуі колданылады.

Шарлардың бір тобын 3 камераға орнатады, онда 1 ысыр- ма және 2 дабыл қондырғысы бар (4-4-сурет) бөлгіш шарларды құбырға біртіндеп кіргізу үшін жіберу камерасында беліп тастау 4 механизмі орнатылған. Айналма сызықтар 5 қоспаның өтуін хабарлайтын дабыл 6 және бөлгіштердің өтуін хабарлайтын, құбырдың негізгі жүйесінде, дабыл 7 орнатылған. Сұйық жіберу камераларынан және бөлгіш қабылдауынан сораппен 8 резервуарға 9 айдалады.

Табиғи газды тасымалдау

Магистралдык газ құбырынан, газды өндірген жерінен газ таратушы стансияларға (ГРС), қалаларға және өнеркәсіп орындарына тасымалдайтын құбырлар тартылады. Біздің елімізде газ құбырлары торабы кең тарауда. Газ құбыр- ларының негізгі жүйесі: Тюмень облысының солтүстігі — Орал мен Өрталық аудандары, Өрта Азия — Центр, Оренбургтан — Болгария, Венгрия, ГДР, Польша, Румыния, Чехословакияға грансконтиненталдік құбырлар.

Қазіргі кезде магистралдық газ құбырларын 7,5 МПа кысымда газ өткізу қабілеті 15-25 млд/жыл диаметрі 1200 және 1400 мм. болып келетін етіп салады.

Магистралдық газ құбырлары мұнай құбырларына көп жағынан үқсас, құбырлары, айдайтын стансиялары және гелефон байланысы сияқты негізгі элементтері.

Дегенмен газдың меншікті көлемі жағынан бірдей не айдау кезіндегі қысымның әсері, бұл колемнің өзгеріп түруы сиякты газ құбырының ерекшеліктері болады. Бұл ерекшелікке айдайтын газдын салмағы мұнай өнімімен бірдей Гюлғанда, газ құбырыньің диаметрі. мұпай күбырына карағанда үлкенірек болады. Екіпші бір ерекшелігі күбырдың бұкіл тартылу жолында диаметрі бірдеи болыгі келгенмен, соңғы станциялар арасындағы құбырдын қысымын әжептәуір жоғары дәрежеде үстап отырудың қажеттілігі туады. Мысалы, мұнай құбырынын сорагі станциясындағы бастапқы қысымы 5 МПа болып, аяғында нөлге дейін түссе, онда газ құбырының соңындағы кысым оптималдік гіараметрге сай келетін 2 МПа дәрежесінде үсталып отырады.

Магистралдық газ құбырынын тағы бір ерекшелігше құбыр ішінде гидраттық тығындардың гіайда болып қалмауына карсы және газдың өрт кауіпінін жоғарылығына кдрсы шаралар қолдану жатады.


 

Магистралдық газ құбырының құрамында мынадай басты кешендер газ жинайтын және газ жеткізетін жүйелері бар басты ғимараттар; компрессорлық цех пен газды тазалау, кептіру қондырғылары; ысырмалы, қондырғысы бар магистралдық газ құбырының өзі, табиғи және жасанды құрылыстар арқылы жүретін өтпелер, катодтық корғау стансиялары, дренаж қондырғылары; өз керектеріне жұмсалатын газдың жұмысын оңайлататын бақылау бөлгіш пункті (ББП) бар компрессорлық стансиялар, сол сияқты қосымша жәрдемші құрылыстар (жанар, жағар май қоймалары, майларды қалпына келтіру қондырғылары жөндеупайдалану блогі); газ таратқыш станциялар (ГТС); компрессорлық стансиялары бар жерасты газ қоймалары.

Газ өндірісінен газ жинауыш торап арқылы бас құрылыстарға жетеді, ол арадан кептіріп, тазартылғаннан кейін, магистралдық газ құбырына бағытталады. Газ құбыры бойында оның кейбір бөлімдерін керегінде істеп, бөліп тастап отыру үшін ысырмалы құрылымдар және үрлеу свечалары орнатылған. Бөлгіш крандарды әрбір 20-25 км-ден кейін орналастырады. Және де жағадағы су кедергілерімен компрессор стансияларының маңына орналастыралы. Жөндеу жұмыстары кезінде құбырдың бөліп тастаған жерлерін босату үшін, үрлегіш свечалар кранның жанына жақын қойылады. Газ құбыры трассасының өн бойына құбырларды тоттанудан сақтайтын қондырғылар (катодтық, протекторлық) және жүйе жөндеушілерінің үйлері орналастырылады, бұлар бір-бірімен, жақын арадағы компрессор стансияларымен және апатты жөндеу пунктерімен телефон байланысы арқылы жалғасады. Құбырдың соңында немесе оның бұрмаларында газ тарату станциялары (ГТС) орнатылады, олар газды қалалардың торабына немесе өнеркәсіп орындарына жібереді.

Магистралдық газ құбырының негізгі бөлімі - компрессорлық станциялар. Бұлардың атқаратын қызметі компресиялау жолымен газдың станциядан шығар жерінде кысымын көбейту арқылы газ құбырының газ өткізу қабілетін арттырады.

Атқаратын қызметіне және орналасуына карай газ құбырында бас және аралық компрессорлық стансиялар болады. Бас компрессорлық стансиялар (БКС) құбырдың бастапқы пунктінде орнатылады. Аралық компрессорлық стансиялар (АКС) газ құбыры трассасында аракашықтықтары 100-200 км-дей етіп орнатылады. Стансиялардың арақашыктықтары есептеу арқылы анықталады. Бас және аралық компрессорлық стансиялардың газды алысқа тасымалдау үшін колданылатын қондырғылар есептемегенде негізгі технологиялық үлгісі бірдей.

Бас компрессорлық стансияларда бұл дайындық толығымен жүреді, яғни шанды ұстау, сусыздандыру, күкірттен тазарту, механикалык қоспалардан және сұйық бөлшектерден тазарту. Аралық компрессордан және сұйық бөлшектерден тазарту. Аралық компрессорлық стансияларда газды тасымалдауға дайындау, оны механикалық коспалардан, судан тазалаумен шектеледі.

Әр түрлі талаптарға сәйкес пайдаланылатын негізгі газ агрегаттар: поршенді газомотор компрессоры және газотурбиндік, не электрлік жетектері бар ортадан тепкіш айдағыштар.

Поршендік газомотокомпрессорлар бір агрегатта күш бөлігін және компрессорды біріктіреді. Бірақ, олардың куаттылығының шамасы (3700 квт дейін) және газ өткізу кабілеті 4 млн.м3/тәуел. болғандықтан, оларды өткізгіш қабілеті онша үлкен емес құбырларда қолданылады.

Газ айдайтын агрегаттар өртадан тепкіш айдағыштары мен газотурбиндік жетегі бар жоғарғы өнімді агрегаттарға жатады. Сондықтан оларды өте куатты газ құбырларында пайдаланады. Газотурбиндік агрегаттар аса қуаттылығымен қоса майды аз жұмсайды, сумен салқындататын куатты қондырғысыз-ак істей береді, сонымен катар, олар газопоршенді агрегаттарға қарағанда діріл вибрациясы аз болады және ауаның температурасы төмен болғанда, өзінің қуаттылығын арттыра алады және қашықтан басқаруға икемді.

Бірақ бұл агрегаттардың пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) газопоршендік агрегаттарға қарағанда кем болады.


Газотурбиндік агрегаттар куаттылығы 4000-1000 квт, 13-тен 34 млн.мУтәуелке дейін етіп жасалып шығарылады.

Ортадан тепкіш айдағышы мен электрэжекторы бар газ айдаушы агрегаттардың құны төмен, өте жинақы болғандықтан, үлкен құрылыс алаңын қажет етпейді, өрт қауіпсіздігін автоматты түрде басқаруға ыңғайлы. Бұл агрегаттардың кемшілігі айдауыш жүктемесінің ауытқуға бейімделгіштігі. Бұдан газотурбиндік агрегаттар сияқты. сыртқы ауа температурасы төмендегенде өзінің куаттылығын арттыра алмайды. Бұл агрегаттардың куаттылығы 4-4,5 мын квт, газ өткізу қабілеті 13 млн.м' тәулік етіп жасап шығарады.

 

2.

Сағасы суастында орналасқан ең алғашқы рет 1943 ж Эрн өзенінде

(АҚШ) 11,5 м тереңдікте бұрғыланған. Осы кезден бастан осы әдіспен

әртүрлі теңіз кен орындарында: Мексикалық ағысы, АҚШ-тың Тұнық

мұхит жағасында, Онтүстік- Шығыс Азия жетегінде , Солтүстік теңізде

жұықтап 300 ұңғы бұрғыланған. 1976-1980 жж. аралығында сағасы

суастында орналастқан ұңғылар саны 217-ден 283-ке дейін барды. 1980

жылдың басында тағы 66 ұңғыны бұрғылау жоспарланған.

Теңіз кен орындарында ұңғы сағасы су астында орналасқан кезінде

игеру өте күрделі болғанмен, бірқатар жетістіктерге ие болады.

Осы әдістің негізгі жетістігі, ол-мұнай кен орнын пайдалануға

кезекпен жіберу мүмкіндігі. Әдетте ол тәжірибеде алғашқы мұнайды алуды

жылдамдатады.Бұрғылау кемесінен бірнеше ұңғыларды бұрғылап, олардың

саға үстіне сәйкес суасты арматураларын қондырып, пайдалануға еңгізу,

қымбат стационарлы платформаларды орнату және одан көлбеу бағытталған

ұңғыларды бұрғылап, тек содан кейін кен орынды пайдалануға жіберуге

қарағанда жылдам орындалады.Қүрделі қаражат, қаржы салыстырмалы түрде аз болғандықта, осы әдіс

мұнай қоры көп емес кен орындарын игеру үшін қолдануға болады, өйткені

стационарлы қымбат платформаларды пайдалану тиімсіз болады.

Сағасы су астында орналасқан жүйелердің тағы бір жетістігі, ол-

тупте орналасқан қондырғының сыртқы климаттық жағдайлардан

сақталатыны. Су үсті стационарлы платформалар үлкен қауіп төндіреді, ал

осы кезде су астында қондырғыны орналастырудың бұндай қауіптігі жоқ,

және өрт қауіптігі де болмайды.