Тамырдың соғуын өлшеу

Дені сау адамдардың тамырлары 1 – минутта 60-80 рет соғады. Жаңа туған нәрестелердің тамырлары 1 –минутта 120-140 рет соғады . Адамдар тез жүгірсе, онда тамырдың соғысы жиі болады. Дене қызуы көтеріледі. Пульс жүректің соғуымен бірдей болуы керек. Сондықтан пульстің сипатын анықтай отырып, жүректің жұмысына баға беруге болады.

Тамырдың соғуы жиі болса, оны Тахикардия дейді. Сирек соқса, Брадикардия дейді. Егер де пульс бірінен соң бірі соқса, мұны ырғақты пульс дейді, ал пульс қатарынан бірнеше рет дұрыс соғып, одан кейін кідіріп барып қайта соқса, онда аритмия дейді. Тамырдың қатты соғуы жүректің жұмысына байланысты. Пульсті білек, сан, күре тамырдан анықтауға болады. Ол үшін мейіркеш науқастың білезік буынын бірінші бармақпен білектің сыртқы жағынан ұстайды, ал екінші, төртінші саусақтарымен білектің артерисын басады, 1 минут уақытта санайды.

 

1. Хабарлы сөйлем. 2. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз. № 1 Б диетасы 3. Лексикалық тақырып: Науқасты емдеу. Науқастың жалпы күтімі.

Бұл диетаны мына ауруларға пайдаланады

1. Асқазан және ұлтабар жарасынан екінші он күндігінен бастап беріледі.

2. асқазан жедел және созылмалы болып қабынғанда және оның қышқылынын аз немесе көбіне қарамай осы диетаны береді.

Бұл № 1 б диетада тамақты буға немесе суға қайнатып барып береді.

Қабылдайтын тағамдардың түрлері: ақ бидай ұнынан жасалынған сухариды 100 граммға дейін қабылдауға болады,сүт қаймақ, жана ашылмаған ірімшік, сары май, тазартылған олив немесе күнбағыс майы, 2-3 шала пісірілген жұмыртқа немесе омлет,сүттен жасалынған сорпа, манный немесе күріш ботқасы,майсыз ет.

Абылдауға болмайтын тағамдар: макарон, айран, шикі жұмыртқа, қуырылған тағамдар, семіз еттер, балық, санырауқұлақтар, арақ – шарап ішімдіктер, балықтан көкөкністен жасалынған консервілер, қамырдан жасалынған тамақтар, жемістер алма, алмұрт, т.б. кофе, какао және шоколад. Тағамнын энергетикалық кұндылығы: белок № 100г, май 100г, углевод – 300г. Жалпы калориясы 2600 ккал болуы керек.Тамақты қабылдау тәртібі: науқас тамақты тәулігіне 6 рет қабылдау керек. Тамақтың ыстығы 55-60 С аспауы тиіс, ал салқындығы 12-15 С төмен болмағаны дұрыс.

-----------------------------------------------------------------------------

1. Сұраулы сөйлем.2. Мәтіннің мазмұның айтып бер. Опиторхоз 3. Лексикалық тақырып: диолог травматологияда .

Описторхоз

Описторхоз – бауырдың, ұйқы безінің, сөл шығару жолдарының паразитарлық ауруы. Аурудың қоздырғышы – описторхис. Описторхозбен мысық, ит, су тышқаны, түлкі, доңыз сияқты жанурлар да ауырады.

Бірінші белгілері:

кейде лоқсу, тамақтанғаннан кейін бауыр маңайында ауырсыну немесе ауыз қуысында ащы дәм қалуы бірден – бір белгі болуы мүмкін. Бауыр, асқазан, ұйқы безі немесе ішек – қарын жағынан қандай - да бір өзгеріс сезілсе, бірден дәрігер көмегіне жүгіну керек.

Сақтану шаралары:ауру көбіне аз тұздалған, шикі, шала пісірілген балықты жегеннен жұғады. Описторхоз жұқпауы үшін балықты су қайнағаннан бастап 20 минуттай пісіру керек.

Описторхозбен науқастанған адамдар мен жануарлар ас қорыту жүйесі арқылы сыртқа паразит жұмыртқасын көптеп шығарады, сондықтан су жағасында, не су ағыны маңайында дәретхана салуға мүлде болмайды.

Сондықтан су қоймаларын ластанудан қорғайық !

----------------------------------------------

1. Бұйрықты сөйлем. 2. Мәтіннің мазмұның айтып бер. Бронхиалдық астма 3. Лексикалық тақырып: Кеуденің және кеуде қуысының аурулары.

Бронхиалдық астма

Бронхиалдық астма – негізіне ауатамырдың шырышты қабығының аллергиялық қабынуына жата-тын, үнемі сақталатын ауру. Өз алдына, ауырлығы түрлі деңгейдегі ауатамырдың спазмдарын арандатып, демалу жолдарының (респираторлық трактың) аллергендер мен қабындырушы заттарға сезім – талдығын жоғарылататын ауру.

Қауіптілік факторлары

Ішкі факторлар:

тұқым қуалаушылық тақаулығы иммунды жауаптың бұзылуы.

Сыртқы факторлар:

Тұрмыстық бөлмелердің ингаляционды аллергендері:

Жылықанды жануарлардың ( зәр, сілекей, жун және бөлініп тұрған терінің бөлшектерінің іздері) тіршілік әрекеті өнімдері

Шаң кенелерінің колониясының тіршілік әрекеті өнімдері

Тарақандардың тіршілік әрекеті өнімдері

Көгерткіш саңырауқұлақтардың тіршілік әрекеті өнімдері

Тұрмыстық химия мен сырбояғыш бұйымдары

Темекі түтіні

Гүл тозаңының ингаляционды аллергендері

---------------------------------------------------------------

1.Сөздердің байланысу тәсілдері. Қиысу. 2. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз Бас. 3. Лексикалық тақырып: Диолог. Тыныс алу ағзаларының аурулары.

 

Бас.

Жаңа туған нәрестенің бас көлемі дене ұзындығының 1/4 бөлігін құраса, ал ересек адамдарда 1/8 бөлігін құрайды. Негізгі сезім мүшелері баста жинақталған: көз, құлақ, иіс сезу жүйкелері, дәм сезу және тіл рецепторлары. Сезім мүшелерінен келіп түскен ақпараттар бүкіл ағзалардың қозғалыс орталығына миға келіп түседі, ол бас сүйекпен қорғалған. Бастың шаш қабаты жылуды сақтайды. Беттегі қалың түктер тек ересек еркектерге ғана шығады. Бетте орналасқан мұрын және ауыз қуысы мынандай үрдістерге қатысады: дем алу, қоректену, сөйлеу. Барлық адамдардың бастарының құрлысы толығымен ұқсас болғанымен бет әлпеттерінің көлемдері мен формалары, шаштары мен көздерінің түстері адамның сырт көрінісіне көптеген өзгешеліктер енгізеді.

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1. Сөздердің байланысу тәсілдері. Қабысу. 2. Мәтіннің мазмұның айтып бер Адамның қаңқасы 3. Лексикалық тақырып: Жедел жәрдем шақыру.

Адамның қаңқасы

Қаңқа тірек қимыл жүйесі. Ол 206 сүйектен тұрады. Оның тең жартысын аяқ және қол сүйектері құрайды. Әрбір сүйек жеке- жеке бүгілмеседе, бүкіл қаңқа керемет қозғалғыш және адамға көптеген әртүрлі қозғалыстар жасауға мүмкіндік береді. Тірек қимыл жүйесі денеге таяныш болып, оны қимыл қозғалысқа келтіреді және ішкі мүшелерді қорғайды. Сүйекке бұлшықеттер бекіген. Әйел адамдардың қаңқа сүйектері еркек адамдарға қарағанда жіңішке және жеңіл, әйел адамның жамбасы жалпақ және сыйымды болып келеді.

---------------------------------------------------------------------------------------

1.Шартты рай. 2. Мәтіннің мазмұнын айтып бер Омыртқа жотасы 3. Лексикалық тақырып: Медицина атасы.

Омыртқа (омыртқа жотасы) екі басты қызмет атқарады:

қаңқаның негізін құрайды және жұлынның сезім тіндерін сақтайды. Омыртқа жотасы әртүрлі конфигурациялы 24 сүйектен және төменгі жағында иілген үшбұрышты сүйек сегізкөзден құралған. Омыртқа жотасының әр бөлігіндегі

омыртқалар бір-бірінен формасы арқылы ерекшеленеді. Төменде снгізкөз 4-5 қосыла өскен омыртқалардан тұратын құйымшақпен жалғасады. Омыртқа арасындағы шеміршектер қозғалысты жеңілдетеді. Жоғары жақта орналасқан екі омыртқаның басқа ыртқалардан сырт көріністеріне байланысты айрмашылықтары бар, бірақ олар бірге қызмет жасайды. Омыртқа жотасының бірінші омыртқасы ауыз омыртқа (атлант) мықты екінші омыртқаның аксистің айналасында айналады. Ол бас сүйектің жоғары, төмен, бір жақтан екінші жаққа еркін қозғалуына мүмкіндік береді.

--------------------------------------------------------------------

1.Бұйрық рай.

2. Мәтіннің мазмұнын айтып бер Сүйектер мен буындар

3. Лексикалық тақырып: Менің отбасым

Сүйектер мен буындар

Қаңқа сүйектері дененің мыңты бөлігі болып табылады Сыртынан қатты және майда сүйектердің іші сүйек тіндеріне тұрады. Аяқтың ұзын сүйектері, мысалы жілік көп дәнекерлі ұлпа жілік майынан тұрады. Сүйектің құрамында кальций, фосфор және фиброзды заттар коллагендер көп. Сүйектер бір бірімен әртүрлі буындар арқылы жалғасады. Мысалы, жамбас ұршық буыны жаңғақ тәрізді болғандықтан санға көп бағытты қозғалыс жасауға мүмкіидік береді. Саусақтар шарлы буындармен жалғасқандықтан саусақтардың бүгіліп және жазылуына ғана мүмкіндік береді. Буындар дәнекер тінінің талшықтары сіңірмен қатаяды. Сүйектердің аяқ жағын жауып тұратын жұмсақ гиалинді шеміршектер және буын аралық сұйықтың шығаратын синовиалды мембрана буын қозғалысын жеңілдетеді, буын сүйектерін қажалудан сақтап, қозғалысын оңайлатады.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------

1. Қалдау рай. 2. Мәтіннің мазмұнын айтып бер Бұлшықеттер 3. Лексикалық тақырып: Терапевтің қабылдауында

Бұлшықеттер

Бұлшықеттердің негізгі үш түрі бар: қаңқа бұлшықеттері, басқаша ерікті бұлшықеттер санамызбен реттеледі: тегіс бұлшықеттер немесе еріксіз, олар біздің санамызға бағынбайды және жүректің арнайы бұлшықетті тінінен тұрады. Көлеміне, формасына және қызметіне байланысты 600 қаңқалы бұлшықеттер бар. Қаңқа бұлшықеттері сүйекке тікелей немесе сіңірлер арқылы жалғасады да бірге жұмыс істейді. Біреуі жиырылса, екіншісі босаңсиды. Осының нәтижесінде адам көптеген күрделі қозғалыстар жасай алады: жүреді, инеге жіп сабақтайды, күледіг домбырада ойнайды. Тегіс бұлшықеттер ішкі ағзалар қабырғасының құрамына кіреді және олардың жұмысына қатысады. Тамақты ішек бойымен жылжытады, бала туу кезінде жатырдың жиырылуна мүмкіндік береді.

---------------------------------------------------------------------

1. Көсемшенің жасалуы. 2. Мәтіннің мазмұнын айтып бер Әл –Фараби. 3. Лексикалық тақырып:

Қазақстанның астаналары.

Орта ғасырда қазақстанның Отырар маңында (қазіргі Шымкент облысы) аты дүние жүзіне әйгілі, ұлы ғалым,энциклопедияшы Әбу Насыр әл-Фараби дүниеге келді. Оның балалық шағы Арыс, Сырдария бойында өтті. Отырар медресесінде дәріс алып, ондағы аса бай кітапханадағы қолжазбаларды оқып меңгерді.Әбу насыр білімін жетілдіру,ғылымды тереңдету үшін аса ірі мәдени орталық саналатын Бағдад қаласына келді. Мұнда ол Аристотель,Эвклид, Прометей еңбектерін оқып үйренді.

Әл-Фараби 25-30 жас шамасында бүкіл дүниежүзілік ғылым – білімді терең де жан-жақты меңгеріп, енді өзі де құнды-құнды еңбектер жазды. Ол ғылым мен өнердің барлық саласы бойынша 150-ден астам еңбек жазған. Олардың ішінде “Музыканың ұлы кітабы”, “Ғылымдар тізбесі”,”Оргонон”, ”Алмагеске түсініктеме” т.б. еңбектері болашақ ғылымға жол ашты. Замандастары және шәкірттері оны “екінші Аристотель”,”екінші ұстаз” деп атаған.

Әл-Фараби математика мәселелерімен де көп айналысқан ғалым. Математиканы архитектура, жер өлшеу,астрономия және музыкаға шебер пайдаланудың үлгісін көрсеткен.

Әл-Фараби аса үлкен музыкант,тамаша орындаушы және ақын болған. Ол домбыра,қобыз секілді аспап түрлерін жасап, бірнеше музыкалық шығармалар жазған. Ұлы ғулама көп жыл шет жерлерде жүрсе де, өзінің туған Отанын бір сәт те ұмытпаған. Оған оның мына сағыныш өлеңі дәлел бола алады:

Қашықтасаң туған жер-қалың елім,

Қамығамын сағынып алау денем.

Шаршадым мен, қанатым талды менің,

Шаңғыт жолға сарылып қарауменен.

1. Тұрақты сөз тіркестері 2. Мәтіннің мазмұнын айтып бер. Алақан саусақтары 3. Лексикалық тақырып:

Алақан саусақтары

 

Адам қолының саусақтары керемет құрал, ол әртүрлі әрекеттер жасауға мүмкіндік береді. Алақан сүйектері әртүрлі өте ұсақ 27 сүйектен, қозғалысқа келтіретін 37 қаңқа бүлшықеттен және сүйекке бекіген шеміршектен құралған. Олар жоғарғы және төменгі екі қатардан тұрады. Алақан және саусақ сүйектерінің буындар арқылы жалғасуы қолдың ауыр және күрделі жұмыстар атқаруына мүмкіндік туғызады. Көптеген жүйке жүйелерімеі қамтылған саусақтың ұшын өте сезімтал саусақтың басымен бір-біріне жинау қабілеті саусақтың мүмкіншілігін арттырады.

---------------------------------------------------------

1. Көптік жалғау. 2. Мәтіннің мазмұнын айтып бер. Табан және аяқ сүйектері 3. Лексикалық тақырып: Хирургтың қабылдауында

Табан және аяқ сүйектері Табан және аяқ сүйектері дененің қозғалыс аппаратының негізгі бөлігі болып табылады. Адам тік тұрғанда салмақ өкше мен башпай сүйектеріне түседі. Өкше мен башпай аралығының көтеріңкі болуы адамның жүргенде, секіргенде серпімділік беріп, жүрісін жеңілдетіп отырады. Аяқтың басында 25 сүйек, 100 астам сіңір және 33 бұлшықет бар.

1. Септік жалғауы 2. Мәтіннің мазмұнын айтып бер. Мамандық 3. Лексикалық тақырып: Біздің колледж.

Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек. Инженер, дәрігер, мұғалім, ғалым, жазушы, тілші,жорналшы, мүсінші, суретші,сәулетші, экономист, есепші, ұшқыш, ғарышкер болу үшін оқу керек. Жақсы жұмысшы, кенші, металлург, жүргізуші, балташы, құрылысшы, тоқымашы, тігінші болу үшін өндірісте істеу керек. Бақташы, егінші, мал дәрігері, бағбан, сауыншы, мақташы болу үшін ауылда жұмыс істеу керек. Ал, аяқ киім жөндеуші, сатушы, шаштараз,сағат шебері, зергер болу үшін тұрмыстық қызмет көрсететін салада істеу керек. Өнер саласына жататын мамандықтар: әнші, биші, музыкант, композитор, режиссер т.б.

Сіздің мамандығыңыз қандай ? Мамандығыңыз қай салада?

Өзіңіздің салаңызда жақсы маман болу үшін не істеуіңіз керек?