Ақшаның пайда болуы, мәні және теориясы

Әр халық бағалылығы жойылмайтын, әрі көпке әйгілі түрлі бағалы заттарды ақша ретінде пайдаланды. Оған жататындар: балта, пышақ, найза, қалқан, садақ және т.б. Осындай сан алуан заттардың ақша қызметтерін атқарды, кейбір экономистердің ақша дегеніміз - тауарлар мен қызмет көрсетуде айырбастауға жарайтын «түрлі заттар» деп мәлімдеуіне себеп болды. Бірақ, бұлайша, тегін зерттеу себебінен субъективтік және объективтік екі көзқарас қалыптасты.

Субъективтік көзқарастар - адамдардың бұл жөнінде өзара келісімдер жасауының нәтижесінде “ақша” пайда болған деп пайымдалды.

Объективтік көзқарастар - тауар-ақша қатынастары-ның дамуы нәтижесінде, бүкіл тауарлар арасынан дара бөлініп шыққан, әрі жалпыға бірдей баламалы рөл атқаратын ерекше тауарды “ақша” деп аталды.

Бұл теория тауар айырбасының дамуын және ақшаның пайда болуын өзара байланыстырып зерттеді. Қоғамның бастапқы даму сатыларында, бір өнімді екінші өнімге тікелей алмастыру кезінде кездейсоқ сәттерде, айырбас пайда болды.

Екі тауарды өзара алмастыру кезінде біреуінің құны екіншісінің құнына теңестірілетін болды. Өндіріс пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы салдарынан нарыққа тауарлар көптеп түсетін болды. Біреудің қолындағы артық, жалғыз тауарын басқа тауарлардың құнын кездейсоқ теңестіру, заман талабын қанағаттандыра алмады.

Уақыт озған сайын бүкіл тауарлар арасынан бір зат (мысалы, қой) дара бөлініп шықты, ол өзінен басқа тауарларға айырбасталды. Мұндай жалғыз тауар басқа тауарлардың құнын анықтайтын болды. Айырбастың тарихи ұзақ даму нәтижесінде айрықша тауар, яғни ақша пайда болды. Ақша дегеніміз - жалпылама балама рөлін атқаратын ерекше тауар.

Түрлі елдерде бірнеше ғасырлар бойы ақшаның рөлін әртүрлі заттар атқарып келді.

Жылдар өткен сайын жалпылама баламалық рөлді алтын атқаратын болды. Оған себепші оның төменде аталған қасиеттері, яғни алтынның: :

сапасының біртектілігі;

бөлінгіштігі;

икемділігі (портативтілігі);

сақталғыштығы.

Алтын - сирек кездесетін және еңбек шығындарын көп қажет ететін металл. Алтынның басқа тауар сияқты тұтыну құны және өзіндікқұны болады. Алтынның тұтыну құны әсемдік заттарды жасау, әшекейлеу мен безендіру үшін қажет, сонымен бірге оны өнеркесіпте және т.б. пайдаланады. Алтынның құнын, құнның еңбек теориясы, оны өндіруге жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек арқылы анықтайды.

Алтынның жалпылама баламалық қызметі, оған ғана тән ерекше қасиеттерге, яғни айрықша тұтыну құны мен құнының болуына байланысты.Алтынның айрықша тұтыну құны оның басқа тауарларды өзіне бағындырып, олардың құн мөлшерін белгілеуіне байланысты пайда болады. Алтынның құны оның ақша ретінде жалпыға ортақ өтімді затқа айналуына байланысты қалыптасады.

Қазіргі кездегі ақша тұжырымдамалары ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. өмірге келген теориялармен өзара сабақтас. Оларға жататындар ақшаның металдық, номиналды және мөлшерлік теориялары.

Бұрынғы теориялар өзгерістерге ұшырап, олардң жаңа түрлері пайда болды. Бұрынғы теориялар ақшаның шығу тегі, мәні, ақша құнының қалыптасу проблемаларына баса назар аударған еді, ал қазіргі кездегі ақша теориялары нарық экономикасының дамуына ақшаның әсер етуі жөніндегі мәселелерді зерттейді.

Ақшаның металдық және номиналды теориялары - осы теориялар авторларының ақшаның қандай қызметтеріне баса мән беруіне байланысты бір-бірінен өзгешіліктеріне байланысты.

Ақшаның металдық теориясы капиталдың алғашқы қорлануы кезеңінде пайда болды. Оның өкілдері У.Стаффорд. Т.Манн, Д.Норс және басқа да меркантилистер болды. Олар ақшаның қазына құралы және дүниежүзілік ақша қызметтерін шектен тыс бағалап, соның салдарынан ақшаны асыл металдармен шатастырды. Мемлекеттің монеталарды көздің қарашығындай сақтауын талап етті. Ақшаны әлеуметтік қатынастар ретінде емес, оны зат ретінде қарастырды.

Ақшаның номиналды теориясын Римнің және орта ғасырдың заңгерлері жасады. Кейінірек оны Дж.Беркли мен Стюарт одан әрі дамытты. Олар ақшаның металдық теориясын сынады, ал өздері ақшаның айналыс құралы және төлем құралы сияқты қызметтерін шамадан тыс бағалады.

"Номиналистер" - ақшаны - тауарлар айырбасына - қызмет ететін шартты белгілер, есеп айырысу өлшемдері деп жариялап, оны мемлекет үкімінің жемісі ретінде түсіндірді.

Ақшаның мөлшерлік теориясының іргетасын қалағандар Дж.Локк, Ш.Монтескье, Д.Юм, Д.Рикардо болды. Олар ақшаның құн мөлшері қызметін жоғары бағалады. Бүл теорияны жақтаушылар құнның ақшалай құнның ақшалай өлшемі мен тауарлар бағаларының деңгейін - айналыстағы ақша массасы анықтайды деген пікірді қуаттайды. Ақшаның мөлшерлік теориясын осы заманға лайықты жетілдіруге үлес қосқандар И.Фишер мен А. Пигу болды. Олардың көзқарастарына алдағы тақырыптарда тоқталамыз.

Ақшаның қызметтері

Ақша бірнеше қызметтер атқарады. Классикалық саяси экономияда - ақшаның құн мөлшері, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша сияқты бес қызметтері зерттелген. Қазіргі кездегі экономикалық ғылым өз зерттеулерін ақшаның құн мөлшері және айналыс құралы сияқты ең басты түбегейлі қызметтеріне арнайды.

Ақшаның атқаратын қызметтері.

1. Құн өлшемі – бұл ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабылетінен тұрады. Кез келген тауардың түрін ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымға байланысты құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да сұраныс пен ұсынысқа да тәуелді.

2. Айналым құралы – осы қызметті ақша қолма- қол түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды. Тауарды ешкім сатқысы келмейді егер оның, айырбасталуына нақты ақша ұсынылмаса. Бұл қызметті айналымдағы алтынды алмастыра отырып, ақша белгілері атқарады. Егер айналым шығындары өсіп кетсе және есептеулер баяуласа және де алтынның қоры шашыраса алтын айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша, резервтік қор ретінде қажет

3. Төлем құралы – бұл қызметті тауарды ақшаға (несиеге төлемді ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақылы, деведендті, пәтер төлемін және т.б. төлегенде атқарады. Несие қатынастарының дамуына байланысты жаңа айналым құралы пайда болды: вексель, банкнот, төлем тапсырмасы, чек, пластикалық карточка, электрондық ақша. Несие ақшалардың болуы қолма-қол ақшаларды қатыстырмай-ақ қарызды жабудың өзара есептеу мүмкіндігін қарастырады.

4. Қорлану несиеге қазына жинау құралы. Ақша айналысын тоқтатады және жиналады. Сөйтіп станок, машина, жабдықтарды немесе ұзақ мерзімге пайдаланылатын (теледидар, тоңазытқыш т.б.) тауарларды сатып алу үшін қорланады. Ақшаның қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өндірушілердің белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, өзін нарық кездейсоқтығынан сақтандырады. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін маңызды.

5. Әлемдік ақша – бұл ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады.

Әлемдік нарықта ақшаның айналым құралы емес, төлем құралының рөлі бірінші орында болады.

35 Ақша жүйесі– бұл әр мемлекетте тарихи қалыптасқан және мемлекет заңды түрде бекіткен ақша айналымының нысаны.

Ақша жүйесінің элементтері: ақша бірлігі; баға ауқымы; эмиссиялық жүйе; ақша түрлері; аша жүйесінің институттары. Ақша бірлігі – елдегі бірлік ретінде қабылданған ақша мөлшері.

Баға ауқымы — елде ақша бірлігі және оның құрылымдық бөлігі болып саналатын ақша металының салмақ мөлшері.

Эмиссиялық жүйе – ақша мен бағалы қағаздарды шығаратын мекеме.

Ақша түрлері – тауарлы(алтын), қағаз, несие ақша,тиын.

Ақша жүйесінің институттары – ақша айналымын реттейтін мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.

Ақша жиыны – ақша айналымы мен жинақ ақшаның функциясын атқаратын, қолда бар және ақшасыз нысандағы барлық ақшалай қаражаттың жиынтығы.

36 Ақша массасы — жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.

Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әртүрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агрегаттары деп атайды.

Өнеркәсібі жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау барысында төмендегідей ақша агрегаттары қолданылады:

Ml агрегаты, яғни ол айналыстағы нақты ақшаларды (банкноттар мен монеталарды) және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды камтиды;

М2 агрегаты, ол Ml агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдарынан (төрт жылға дейінгі) тұрады;

МЗ агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі жинақсалымдарын кұрайды;

M4 агрегаты, ол МЗ агрегаты қосылған ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттардан тұрады.

АҚШ-та, ақша массасын анықтауда төрт ақша агрегатын, Жапония мен Германияда — үш, Англия мен Францияда — екеу, Ресейде — үш ақша агрегаттары пайдаланылады.

Қазақстанда ақша массасына Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банкілердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізіңде анықталады және оның құрамына айналыстағы қолма-қол ақша және резидент занды тұлғалар мен үй шаруашылығы (жеке тұлғалардың) депозиттері жатады.

37 Ақша мен ақша айналымының эволюциясыАқша жүйесі деп елде белгілі бір тарихи жағдайда қалыптасқан және қабылданған заңдарға сәйкес, мемлекет-тің ақша айналысын ұйымдастыру формасын айтады.

Ақша айналысы дегеніміз - айналыс құралы мен төлем құралы қызметтерін атқаратын ақшаның үздіксіз қозғалысы болып табылады.

Ақша жүйесінің элементтеріне жататындар:

ақша бірлігі, яғни елде қабылданған ақша өлшемі (теңге, сом, доллар және т.б.);

баға масштабы, яғни елде қабылданған ақша бірлігі мен оның құрамындағы ақша металының салмақ мөлшері (мысалы, бір сом 100 тиыннан құралады, ал 1960-80 жылдары бір руб. 0,987672 г. алтынға теңестірілді);

эмиссиялық жүйе, яғни ақша мен бағалы қағаздарды жасап шығаратын мекемелер (мысалы, Қазақстан Республикасында - Ұлттық банк, Ресейде - Орталық банк және т.б,);

ақша рәміздерінің түрлері, яғни айналымда заңды төлем құралы болып саналатын - несие қағаз ақшалар, айырбас монеталар жүйесі;

ақша жүйесінің ұйымдары, яғни ақша айналысын реттейтін мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.

Металл ақшалардың айналыс жүйесі өзінің тарихи дамуында биметализм және монометализм дәуірін бастан өткерді.

Биметализм ақша ретінде екі металды - алтын мен күмісті (ХҮІ-ХІХ ғ.) пайдалануға негізделді. Монометализм ақша ретінде тек қана алтынды пайдаланды және несие ақшалар оған еркін айырбасталатын болды.

Монометализмнің - үш түрі қалыптасты:1) алтын монеталық стандарт (1821 жылдан бірінші дүниежузілік согысқа дейін) айналыста алтын монеталардың жүруімен сипатталады, қағаз және несие ақшалар алтынға еркін айырбасталды.

құйма алтын стандарты (бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары Англия мен Францияда қалыптасты) алтын стандарты құймасына сәйкес келетін, құн рәміздерін алтынға айырбастауды жүзеге асырды (мысалы, егер картинаның бағасы бір грамм құйма алтынның бағасына сәйкес болса, онда картина 1 грамм құйма алтынға айырбасталатын болды).алтын таңбалы (алтын девизі) стандарт (XX ғ. 20-30 жж.) алтынға алмастырылатын шетелдік валюталарды (девиздерге) банкноттарды айырбастауды жүзеге асырды.

1929-1933 жж. дағдарыстан соң банкнотты алтынға айырбастау тоқтатылды, осылайша монометализм дәуірі келмеске кетті.

1930 ж. бастап алмастырылмайтын несие ақша жүйесі қалыптасты. Оның белгілері: алтынның айналыстан шеттетілуі (алтынды демонетизациялау); банкноттарға алтынды айырбастаудан бас тарту және олардың алтын құрамын жою несие ақшалардың беделін күшейтіп, айналымдарда қолма-қол емес есеп айырысуды кеңейту; ақша массасын көбейту мемлекеттің қағаз ақшаларды шығаруы мүмкіншілік берді.

Ақша айналысы мен ақшалардың эволюциясы - тауар өндірісінің тарихи объективтік даму процесі болып табылады.

Айналыстағы ақшалардың міндеті - алмастырылатын тауарлар құндарының өзара баламалы болуын қамтамасыз ету болды, бірақ олардың өздерінің құны болуды қамтамасыз ете алмады.

Алтынның несие ақшаларды алмастыруы ақша қызметтерін атқаратын несие карточкалардың (банкнот, вексель, чек) одан әрі күшейтіп жіберді.

Несие карточкалардың төлем құралы ретінде ақша қызметін атқаратын түрлері:

1. Қайта жаңартылатын карточкалар. Бұлар дүкен-дерде, мейрамханаларда және т.б. жерде қолданылады. Қарызды өтеген соң, бұл карточкалар қайта жаңартылады.

2. Бір айлық карточкалар, олар туристік фирмалармен есеп айырысу үшін пайдаланылады. Фирмалық карточ-калар әр айдың қарыздарын міндетті түрде төлеуі тиіс.

3. Фирмалық карточкаларды байланыстың әр-түрлі шығындарын төлеу үшін түрлі фирмалар шығарады.

4. Сыйға тарту, немесе «алтын», несие карточкаларын тек қана жылдық табыстары жоғары клиенттер үшін арнайы шығарады. Қазіргі таңда ақша эволюциясына электрондық ақша жүйесі тән, олардың көмегімен - банк шотынан ақшаны алу, салымдарды, төлемдерді қабыл-дау, чек кітапшаларын, дебет-карточкларын беру және т.б. сияқты ақша операциялары жүзеге асырылады

38 Қазақстандағы ақша жүйесінің қалыптасуы және дамуы Ресейдегі ақша реформасы ескі үлдегі ақшаларды ТМД елдеріне , оның ішінде Қазақстанға қарай жаппай ығысуына жол берді.1992 ж. 1 жартысында-ақ ҚР-ның жетекшілері ендігі жерде рублден күтер үзіп, өз валютасын шығаруға бет жасаған болатын. Жаңа ақшаларды шығаруға ағылшынның «Харисон» фирмасымен шарт жасалды. Сөтіп, 1993 ж. 1,3,5,10,20,50 100 теңгелік ақшалар ҚР жеткізілді. Оларды қолдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесі бар.1993 ж. 12 қарашада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «ҚР Ұлттық валютаны еңгізу туралы » Жарғыға қол қойды. Осы Жарғымен 1993 ж. 15 қарашада сағат 8.00 ден бастап ұлттық валюта – теңге еңгізілді.КСРО Мембанкінің және 1992-1993 жж. Ресей үлгісіндегі қазыналық және банктік билеттерді айырбастау 20 қарашада сағат 18.00 де аяқталды.Қома-қол ақшалардың, рубльдік шоттардың, салымдар мен міндеттемелердің теңгеге айырбасы 1 теңге үшін 500 руб. айырбас бағамы бойынша жүргізілді.Кәсіпорындардың баланстарындаға рубльмен берілген активтермен пассивтер екі күн ішінде (15-16 қарашада) қайта есептеленді. Қолма-қол ақшаны айырбастау және активтермен пассивтерді қайта есептеу кезеңде банктер клиенттермен операциялар жүргізбеді.ҚР Ұлттық Банкі теңгенің валюталық бағамын : 1 доллар тең 4,70 тийын шамасында белгіледі. Келесі жылдары ол бірден өсіп кетті. Соған сәйкес бағамен жалақы да өсті.

Ақша реформасы деп мемлекеттік ақша жүйесіне өзгерістер енгізуді айтады. Ақша реформасы жүргізілгенде бір ақша жүйесін екінші ақша жүйесімен ауыстырады, я болмаса сол ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгертеді. Сонымен ақша жүйесi – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекiтiлген ақша айналысын ұйымдастыру формасы. Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша реформасының негізі болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы ұлттық ақша жүйесінің толық қанды қызмет етуі ұлттық ақша бірлігін теңгені 1993 жылы 15 қарашада айналысқа енгізгеннен бастап қызмет ете бастады. Осынау Қазақстан Республикасының егемендігін алғаннан кейінгі тұнғыш жүргізген ақша реформасы негізінде елдің ұлттық банк жүйесі мен несие жүйесі қалыптаса бастады. Сонымен қатар Ұлттық банк елдегі қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалардың түрлерін белгілеп отырады және елдегі ақша эмиссиясын монополиялы түрде жүзеге асырады.

Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы деп алдым.

Бұл тақырыптың өзектiлiгi 1993 жылғы ақша реформасының жүргізілуінің негізгі себебі Қазақстан Республикасының толық егемендігін қамтамасыз ету, ұлттық қаржы жүйесін қалыптастыру, экономикалық тәуелсіздігін қалыптастыру және барлық шаруашылқ басқаруды өз қолына алу болып табылатын.Бұл жұмысты орындаудағы негізгі мақсатым мен міндеттеріме: ақша реформасын ақша жүйесін қайта құрылымдаудың негізі ретінде оның экономикалық мәнін ашу, 1993 жылғы ақша реформасын жүргізудің алғышарттары мен жүргізілу барысын талдау және жүргізілген ақша реформасының бүгінгі таңдағы өзінің жалғасын табуын, экономикаға қосқан үлесін, ақша реформасын жүргізу аясында экономикада және қаржы саласында жеткен жетістіктер мен жүргізіліп жатқан қаржы-несиелік саясаттарға тоқталу болып табылады. Сонымен қатар биылғы қарашаның 15 жұлдызында айналымға жаңа теңгелердің шығу барысын атап кетуді көзделді.