Сурак Ф.А.Месмердің «жануар магнетизмі» теориясы

Сурак,Тұлғалық өсу тренингіпсихотерапевтік топтарға жақын. Онда түрлі техникалардың көмегімен қатысушылар, олардың өмірлік және кәсіби міндеттерін шешуге кедергі келтіретін өзінің психологиялық мәселелерін ұғынуға және жеңуге ұмтылады. Тренингтің әрбірқатысушысы басқа қатысушылардың және тренердің көмегімен өзінің саналанбайтын қорқыныштарын түсінуге, ішкі барьерлерді жеңе алады, басқа адамдар оны қалай қабылдайтынын жақсы түсіне алады. Бұл одан кейін де өзінің жағымды қасиеттерін неғұрлым эффективті қолдануға, қабілеттердің неғұрлым шынайы бағалауын қалыптастыруға, өзіндік қателіктер және кемшіліктерін көруге мүмкіндік береді«Суреттегі мен» тренингі

Мақсаты:Жеке тұлғаның өзін-өзі тани білуін, өзін-өзі бағалай білуіне бағыттау.

Мазмұны:Жүргізуші қатысушыларға парақ беріп, әрқайсысы өз еріктерімен өз қалауы бойынша «мен шындығында», «мен болашақта» суретін салуды өтінеді. Қағаздың бір жартысына қазіргі кездегі, ал екінші жартысына болашақтағысын салу керек.

Сыйлық» тренингі

Мақсаты:Жеке тұлғаға жақсы эмоциялық қуанышты көңіл-күй туғызу. Сөздік емес қарым-қатынас орната білуге жаттықтыру.

Мазмұны:Топтағы қатысушылар екі-екіден бөлініп, біреуі сыйлықты ұсынады. Екіншісі сыйлықты алушы. Сыйлық алушы мен ұсынушы мимика арқылы қандай сыйлық ұсынғанын, екіншісі қандай сыйлық алғанын тауып айтып, әрі ілтипатты да ризашылықты ым-ишара мимикасымен түсіндіру керек.

Сиқырлы көл» тренингі

Мақсаты: Жеке тұлға өзін-өзі құрметтеуге, сыйлауға үйрету, өзін-өзі бағалауға үйрету.

Мазмұны:Қатысушылар дөңгелене отырып, көздерін жұмады. «Қазір мына қорапты бір-біріңе кезекпен жалғастыру керек. Қорапты алған адам көзін ашып, қораптың ішін қарайды, оның ішінде әлдебір керемет көл бар, сол көлдің ішінде жер бетінде , ең тамаша адамды көресіздер. Оған күлімсіреп қарау қажет.

Құрал –жабдықтар:қорап, айна.

3. Би метафорасы.Қатынасушылар шеңберге тұрады. Әрбір қатын-

асушы бір ұлт өкілі бекітіледі; Француз, Ағылшын, Грузин, Орыс, қазақ, Үнді, Испан, Неміс, Украин т.б.Бұл ойын қатынасушыларды жандандырып, күлкіге әкеледі. Рольдер қабыоланғаннан кейін, әрқайсысы зейінін шоғырландырып, өз ұлт өкіліне еніп, сол ұлттың биін билеп, өлеңін айтуы тиіс. Бастапқыда бәрі айтып және тыңдайды, содан кейін қосылып бірге өлең айтып билейді. Біріккен қимыл қозғалыс, жалпы би, бір-біріне жақындасып топтың бірігуіне қажетті фактордың бірі. Сонымен қатар бұл белсенді қозғалыс жаттығуы. Ең маңыздысы – дәстүрден тыс, сериотиптен тыс әрекет ету.

сурак Ф.А.Месмердің «жануар магнетизмі» теориясы

Магнетизм құбылысына ХVІ ғасырда Парацельс (1493 – 1541) көңіл аударды. Магнит темірдің кесегін өзіне тартқандай, ауруды өзіне тартып, организмді аурудан босатады. Парацельс дифтериядан тынысы тарылған емшектегі балалар мен миына қан құйылған, өлім қаліндегі шалдарды емдеуге магнитті қолданды. Парацельстің тәжірибесінде магнитті қолдану сіңірдің түйілуі мен құрысып қалуды тоқтатты, адамдарға көмектесті. Парацельс өлген соң магнетизм қайтадан астрологтар мен пәлсапашылардың қолына ауысты. Екі ғасырдан соң, 1766 жылы веналық дәрігер Франц Месмер «Планеталардың адамға әсері» деген тақырыпта медицина ғылымы докторының дәрежеін алуға диссертация қорғады. Мұнда ол әлем магнетизмі жайында және планеталар мен алыс жұлдыздардың адамға ететін әсері туралы жазды. Месмер медицинада ғана емес, заң мен пәлсапа саласында да танымал, әмбебап ғалым еді. Месмер де магнитпен емдеудің тәсілін байқап көруге шешім жасады. Парацельс сияқты ол да жасына қарамай, аурулардың бәрін қабылдады. 15 – 20 адамның 2 – 3 уі жеңілденіп, 1 – 2 уі мүлде жазылды. Осыдан соң Месмердің даңқы елге жайылып, жан – жақты адамдар ағыл – тегіл келе бастады. Екі ғасыр ішінде Франц Месмердің есіміне байланысты түсініксіз, ғажап күші бар магниттің флюид ілімі тарады. Месмердің түсінігі бойынша біздің айналадағы ортада флюид сұйық ретінде тараған. Оны табуға, өлшеуге, сезінуге болмайды. Әлем осы сұйыққа толы. Ол планеталарға және Жердегі адамдар тағдырына ғажайып әсер етеді. Ол сезілмейтін сәуле ретінде де таралады, адамдардың қарым – қатынасын осы сәуле билейді. Месмер магнитпен емдеу кезінде магниттік теорияға қайшы болатын нәрселерді байқады. Кейбір ауру адамдардың айтуы я айықпауы магниттің жанасуы мен жанаспауына байланысты емес екені анықталды. Месмер ғылыми тәжірибе жүзінде анықталған теорияны емес, өзінің ойдан шығарған теориясын іс жүзінде қолдануға тырысады. «Магнит болмаса да, барлық тірі клеткалардың бөлінетің құдіретті флюид бар» дейді Месмер. Сөйтіп ол жануарлар магнитизмді туралы ілімді жасады. Месмер емдеуге шөлмекті, бақты пайдаланады, оларға «өзінің флюидін беріп», «әлемнен қайтадан флюдті жинайды». Барлық емдеу жағдайы құпия сақталады. Месмердің кейін оның жолын қуушы, әуезқой магнетезер Пюнсегюр мүлде күтпеген жерден гипноз ілімінің ең маңызды мәселесі ретінде жасанды сомнамбулизм (ұйқы ауруы) құбылысын ашты. Ол дененің қатты дірілі, истериялық бұлығу кезінде магнит қолданған. Бұл орайда ауырған адамның ерекше ұйқыға кеткені байқалады. Оны ояту мүмкін емес, бірақ ол берілген нұсқауларды орындайды («лунатиктердегі» сияқты орнынан тұрады, сөйлейді).