Медитация жаттығуын жүргізу әдістемесі

Медитацияның бастапқы түсінігі – бұл өзіндік Меннің орталығына жақындауға мүмкіндік беретін және осыған орай өз ойларының мазмұнына жауапкершілік алуға мүмкіндік беретін рухани тәжірибелер жүйесі. Шри Бхагаван Раджнеш өзінің «Оранжевая книга» атты кітабында былай деп жазады: «Медитация – бұл іс-ірекет емес, бұл еркінен тыс жағдай. Бұл босаңсу... Медитацияда ешқандай логикалық операциялар мен қорытындылар талап етілмейді, сіз ерекше ештеңе де істемейсіз – сіз тек қана барсыз... Шөпті жерден тартқылап қажеті жоқ – көктем келген соң, шөп өзі-ақ өсіп шығады. Медитация – бұл өмірді бақыламай, өз тәртіптеріңізді орнатпай, өмірдің өз қарапайым жолымен жүруіне мүмкіндік беруіңіз. Игерусіз қарапайым жағдай дегеніміз, осы медитация.

Медитация арқылы әрбір адам өзінің ішкі әлеміне қалтқысыз үңіліп, барлық рухани назарын жан дүниесіне бағыттап, санасын өзіндік мазмұнға терең батыра алады. Сөйтіп, адамдар медитацияға түскенінде санасының күйі өзгереді, оған жайшылықта көрінбейтін әртүрлі аяндар беріледі, олар көріпкелдік тәрізді таңғажайып бір сезімдерді бастан кешіреді

Медитация ілімін зерттеуші Ошоның «Медитацияның қызғылт кітабы» деп аталатын еңбегі бар. Сондағы қарапайым тәсілдердің өздері адам өмірін жақсы жағына қарай өзгерте алатын күш-қуатқа, әсерге толы. Біз соның ішінде «Күлкі медитациясы» мен «Алтын жарық» медитациясына ғана тоқталсақ.

Күлкі медитациясы

1. Таңертең төсектен тұрарда барынша керіліп, денені бір қалыпқа келтіру қажет.

2. Дененің әрбір жасушасы қозғалысқа түсетіндей қимыл жасау керек.

3. Сосын көзді жұмып, барынша шын пейілмен күледі.

4. Осы тәсілдерді күнделікті өмір салтына айналдырған жөн.

5. Риясыз жарқылдап күле алмайтындар Ошоның ақыл-кеңесі бойынша, таңертеңгілік ештеңе жемей тұрып бір құты қайнатылған суға тұз қосып ішуге тиіс. Және де ол суды әрі тез, әрі тегіс ішіп қоюы қажет.

6. Тұзды суды ішкен соң барынша еңкейіп, жөтеледі. Сонда тамаққа тіреліп тұрған су қайтадан ақтарылып, сыртқа шығады.

7. Осылайша құсу арқылы кеңірдекте тұрған кедергілерден арылып, шынайы күлкінің иесі болады. Тұзды сумен тазаланған көмекей де біразға дейін сыңғырлап тұрады.

8. Иогамен айналысатындар үшін бұл міндетті түрде орындалуға тиісті шара. Ол күні бойы кең тыныстауға мүмкіндік туғызады.

9. Күлкі мен жылау ағзаның тереңінен тамыр алатындықтан, бұл процедураны он күн сайын міндетті түрде жасап тұрған жөн.

«Алтын жарық медитациясы»

Ол адамның ағзасындағы күш-қуатын арттырып, оны қажетті жақтарға бағыттауға мүмкіндік беретін жаттығулардан тұрады. Бұл жаттығуларды күніне кем дегенде екі рет жасап отыру қажет.

1. Ұйқыдан оянғанда адамның миы ойдан бос болатындықтан, төсектен тұрмай-ақ, көзіңізді жұмған қалпы 20 минуттай медитацияға беріліңіз. Күннің шығуымен тіршілік көзі де оянатындықтан, көзіңізді ашысымен-ақ төсекте қалай жатсаңыз да күнмен бірге жүзіп бара жатқандай қимылдар жасаңыз, өзіңізді ширата түсіңіз.

2. Көзіңізді жұмып, терең тыныстаңыз. Оны жасаған сайын көз алдыңызға арайланып атқан күннің алтын сәулелерін елестетіңіз.

3. Осы сәулелер басыңыздан сипап, бар шуағын Сіздің бойыңызға төгіп тұрғандай әсерге бөленіңіз. Сонда бұл сәулелер тұп-тұнық санаңызға нәрін төгіп, басыңыздан бақайыңызға дейін қуат беріп тұрғандай сезінетін боласыз. Ол Сіздің денеңізді әртүрлі ауыртпалықтардан жеңілдететін шипалы ем.

4. Дәл солай «Алтын жарық» медитациясына беріліп, әрбір тыныс алған сайын осы әсер туралы ойда болыңыз. Тек деміңізді сыртқа шығарғанда ойыңызды басқа көріністермен айшықтаңыз. Яғни, деміңізбен бірге саусақтарыңыздан көлеңкелердің шығып бара жатқаны, табаныңыздан өткен суық, сұрғылт күштің басыңызға жетіп, одан сыртқа шығып бара жатқаны елестесін.

5. Бұл көріністерді күшейту үшін тыныс алуды, демді сыртқа шығаруды баяулатып, тереңдетеді.

6. Медитация үшін қолайлы уақыт төсекке жатып, ұйқыға кететін шақ болғандықтан, бойыңызға күш-қуат жинап, басыңыз жастыққа тиісімен бірнеше минут денеңізді босаңсытуға тырысыңыз. Сонда ұйқы мен сергектік арасындағы ортаға кезігесіз. Соны қалай сезесіз, солай медитацияға берілесіз.

7. 20 минут медитация жаттығуын жасайсың. Ұйықтап кетсеңіз, өте жақсы. Тыныштықта, жақсы көріністе ұйқыға бату – жан мен тәнді ерекше сергітеді.

8. «Алтын жарық» медитациясын үш ай бойы жасайды. Сонда барлық жаман әдеттерден арыласың, бойыңызды айрықша күш-қуат кернейді.

Медитацияның пайдасы

Медитация адамның ерік күшін дамытып, нығайтады.

Жан мен тән саулығын жақсартады.

Медитация арқылы қан қысымын үнемі бақылай аласыз.

Көру қабілетіңіз күшейеді.

Шығармашылық талантыңыз дамиды.

Жүрек жұмысы жақсарады.

Есту қабілетіңіз артады.

Адам бойының иммунитеті күшейеді.

Эмоционалдық күйзелістерді жеңу мүмкіндігіңіз көбейеді.

Мазасызданудан арыласың.

Қанның қызыл түйіршіктері көбейеді.

Ерік күшіңмен бірге ұтымды шешімдер қабылдау қабілетің дамиды.

Ұйқысыздық жойылып, ұйқы жақсара түседі.

Батылдық пен ержүректілік қалыптасады.

Қызғаншақтық тәрізді теріс эмоциялардан арыласың.