Дәптерден қараймын

Әдіс мақсатқа қол жеткізудің тәсілдері. Сонымен қатар адам әлемді танып, шынайы объектіні меңгеріп, қайта құруына, қандай да бір заттармен әрекет жасаудың негізгі принциптер мен нақты қолдану амалдарын кірістіретін тәсілдердің жүйесі.

Тренингтің негізі әдістері топтық дискуссия және ойын болып табылады. Топтық дискуссия туралы айтқан кезде топ қатысушыларының бұлайша өзара әрекеттесуі бұл жай ғана әңгімелесу емес, мұнда ерекше тәсілдермен ұйымдастырылған тілдесу, қатысушылар бір бірін мұқият тыңдайда, осы өзара сөйлесу және тыңдау нәтижесінде әлемді өзгеше әрі қызықты түрінде қабылдауына мүмкіндік туады.

Мұндай диалогтар қатысушылардың өзіндік ашылуларына мүмкіндік беріп, өзіндік ұстанымының және өзгелерді қабылдауына ықпалын тигізеді. Топтық дискуссия қатысуылардың бойында қалыптасқан ұстанымдарды өзгертіп қана қоймай, өзге адамдарға деген қатынасын өзгертуге де мүмкіндік туады

Тренинг адамның тұлғалық өсуі, өзіне сенімділігін, ішкі қобалжуларынан арылу бағытында жүргізіледі. Тренер клиентпен, жоғары нәтижеге жетуі үшін, олардың ішкі мазаландырушылықтарын жойып, зейіндерін жшоғырландырып, өзін жайлы сезінуіне толық жағдай туғызуы, таласты мәселенің жеткілікті түрде талданып, тиісті шешімдердің

қабылдануына кәсіби тұрғыдан үлкен шеберлік таныта білуі қажет.Тренингке қатысушы өзін мазалаған мәселесі бойынша толыққанды мәлімет немесе ақпарат алуы, сол арқылы өз әрекетін сыни тұрғыдан бағалай алу дағдысына жеткен жағдайда ғана тренер жұмысының мақсаты жүзеге асты деп есептелінеді. Психологиялық тренинг қазіргі уақытта белсенді әлеуметтік-психологиялық уйрету әдісі ретінде және психологиялық жұмыстың қарқынды дамып отырған түрі. Психологиялық тренингтер алуан түрлі бірақ оларға тән ортақ сипаттар болады.

1. Топтық жұмыстың принциптер қатарын сақтау, қатынасушылардың белсендігі, партнерлік қарым-қатынас яғни әр қатынасушының тұлғалық құндылықтарын қабылдау, топтық жұмыс процессіндегі қатынасушылардың зерттеушілік позициясы, кері байланыстың қамтамасыздандырылуы.

2. Топтық жұмыстың белсенді әдістерін қолдану- интерактивті ойындар, топтық дисскусиялар.

3. Топ мүшелерінің арасындағы өзара құатынасқа акцент қою. Топ мүшелері арасында қалыптасатын қатынастар жүйесі топтық динамика деп аталады.

4. тұрақты топтың болуы. Кездесуге қатынаспай қалу, қолдау таппайды және кездесуде айтылғанды топтан тыс талқылауға болмайды. Өйткені ол жұмыс процессінде жұмсалатын эмоциялық энергияның жойылуына әкеледі.

5. Кеңестіктің ұйымдастырылуы.

6. Топ мүшелеріне психологиялық көмек көрсетуді мақсат ету, соған бағытталу. Тренингтің нәтиежесі қатынасушыларда білім және білік жүйесін қалыптастырумен шектелмейді, психикалық күйді жақсарту және келешекте өзіндік өсуді үшін импульс алуға үлкен мән беру.

7. Еркін қарым-қатынас, ашық , жағымды атмосфера.

2. Тренингтегі кері байланыс.

Кері байланыстың орындалуы үшін екі шарт орындалуы керек.

1. Адам туралы ақпараттың түсуі.

2. Сол адамның ақпараттарды қабылдауға дайындығы.

Кері байланыс келесі талаптар қатарына жауап беруі керек.

1. Бағалаушы сипатта емес , сипаттама беруші ретінде болуы керек.

2. «Осында және қазір » принципі бойынша жұмыс жасау керек.

3. Спецификалық болуы яғни қатынасушының тұлғасына емес нақты бір әрекетіне қатысты болуы.

Егер психодрама сахналық драмадан көрінсе, ал би терапиясында өзінің пайда болуын шығармашылық биден алады. Бидің ең алғашқы кезеңдерінде ешқандай сөзбен жеткізе алмайтын ойлар мен сезімдердің күші болады. Мың жылдың ішінде ауруларды емдеу үшін ритуалды билер тудырды. Әр халықта өзінің билері арқылы мінез- құлқын, тілін, тұрмыс- салтын ұлтқа тән өзіндік ерекшеліктерін сипаттайды. Би терапиясы адам денесін комуникативті жүріс- тұрысын зерттеулер болды. Психоаналитикалық теорияда оны Карл Юнг, Райх құрастырған. Жалпы мақсаты: би терапиясы топпен жұмыс жасауда 5 мақсат қояды.

топ мүшелерінің өзінің денесін тану. Оны қалай пайдалануды және мүмкіншіліктерін физикалық, эмоциональды жақсы әсер алуын қарастырады. Би кезінде терапевт репертуарында күшті және әлсіз жақтарын бақылап, баға беру, қандай құрылымын өзгерту, қандай қимылдарыд қалай жасау, керектігін анықтайды. Егер есі кем балаларға жасалса қарқынды көмек ету керек.

дене қимылдарының өзін- өзі бағалау жолында дамуы көп тұлғалар өз денесін обьекті ретінде ажырата алуға қабілетсіз. Би терапевтісі солар үшін қауіпсіз дене образын жасау керек.

Би терапиясын топтың тәжірибе жинақтау арқылы кейбір пациенттерідің әлеуметтік іскерлігін жетілдіруді қолданады.

Топ мүшелерінің қозғалыстарын сезімдерімен байланысқа келтіру. Шығармашылық би манері кейбір жаншылған сезімдерін босатуға, жасырын конфликтілерін шешуге мүмкіндік береді.

Магикалық дөңгелек би терапиясы топтың қызметімен бірлесіп жұмыс ойынын атқару және ырғақтық іс-қимылдарында тәжірибе жинақтау.

 

 

30Қарым-қатынас: адамдардың отбасымен, өскен, араласқан ортасымен, елімен, жерімен етене әрі жанды байланысы, тілдесу,пікірлесу, әңгімелесу , сөйлесу адамдардың бір-бірімен араласуы. Студенттер жаңа сабақта меңгеруге, белсенді қатысуға дайындалады.

Студенттер 4 топқа бөлінеді.

Студенттер үлестірмелі материалдарды қарай отырып, 1 топ- қарым-қатынас туралы түсінік, аспектілерімен жақтары

2 топ- қарым-қатынас типтері, 3 топ қарым-қатынас формалары, 4 топ қарым-қатынас стилдері туралы ақпараттармен танысып, топ ішінде талқылап, алдарына берілген ватманға презентациялайды.

Тұлғаның қалыптасуының ең маңызды факторларының бірі қарым - қатынас болып табылады.

Қарым-қатынас -адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуы, ортақ іс-әрекет қажеттілігі мен ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін күрделі көп жақты процесс.

Қарым-қатынастың негізгі аспектілері1.Қарым-қатынастың мазмұны дегеніміз ол адамның ішкі мотивациялық немесе эмоционалдық күйі туралы мәліметтер болу мүмкіндігі.

2. Қарым – қатынастың мақсаты дегеніміз ол - адамда белгілі нәрсеге байланысты белсенділік түрінің пайда болуы.

Қарым-қатынастың әдіс – құралдарына мыналар жатады: тіл, суреттер, сызбалар, бейне таспалар, механикалық, магниттік, лазерлік жазба құралдар.

Қарым-қатынастың типтері:

Манипулятивті қарым-қатынас- партнеріне өзінің іштей мақсаттарын жасырын түрде жүзеге асыру үшін жасалынатын қарым-қатынас түрі.

Диалогты қарым-қатынас-біріккен таным мен партнер арасындағы өзіндік танымды мақсат еткен бірдей құқықты субъекті өзара әрекет.

Монологты қарым-қатынас-

Императивті қарым-қатынас авторитарлы (әміршіл) форма, партнердің мінез – құлқын, ойын, пікірін бақылау, қатынастағы оны белгі әрекет пен шешімге күштеу мақсатымен жүзеге асырады.

Іскерлік қарым-қатынас- тұлға ерекшелігі, мінезі, жасы, көңіл - күйі ескеріледі, бірақ ең бастысы істің орындалуы.

Рухани-жеке тұлғааралық-бұл достардың, туыстардың қарым-қатынасы. Әр түрлі тақырып қозғалады.


Студенттер тақырыпты ашып, қойылған сұрақтарға жауап бере отырып талқыланады. Қарым-қатынастың формаларымен жеке-жеке танысады. Соның ішінде вербальды және вербальды емес (мимика, жест, пантомимика) , таксика, проксемика талдап, ой електерінен өткізеді.

Вербальды қарым – қатынас

сөздің дыбыстық көрінісі

дауыстың ырғақтылығы

Вербальды емес қарым – қатынас

кинесика (жест, мимика, пантомимика)

таксика

проксемика

 

 

Тренинг заңдары

1. «УК» заңы. Тренингтің барлық қатысушылары тренинг басталуына және үзілістен кейін белгіленген уақытта жиналады. «Балық басынан шіриді» деген орыс мақалын басшылыққа ала отырып, тренингтің жүргізушісі бұл қатынаста үлгі болатынын есте сақтау керек. Егер тренер кешігетін болса, онда топ мүшелері де міндетті түрде ұзақ уақытқа кешігетін болады. Тренингтің жүргізушісі талдауда топпен бірге оқытып, басқарып немесе қатысып қана қоймай, сонымен қатар зінің жеке үлгісімен мінез-құлық пен қарым-қатынастың қалаулы стилін көрсетеді.

2. Микрофон заңы. Қолында микрофоны бар адам сөйлейді. Мұндағы микрофон сіз жаттығуды талдауда немесе жүргізу барысында шеңбер бойынша жіберетін ойыншық немесе қарапайым түрлі түсті маркер болуы мүмкін. Тренердің жұмысқа дайындалуға жеткілікті уақыты болмағанда микрофон ретінде қарапайым қаламды қолдануға болады.

Микрофонның рөлінде ең тиімді құралдар кішкентай жұмсақ ойыншгықтар болып табылады. Ең бастысы – кез келген тренингте қолданылатын құрал топтың эмоционалды ынтасына әсер етеді. Сондықтан да қолданылатын ойыншық пен «келбеті» немесе оның түрі агрессивті сипатта болмауы керек (мысалы, тістері бар қасқыр ойыншығын қолдануға болмайды).

Сонымен қатар микрофон ретінде кішкене допты қолдануға болады. Мұндай жағдайда бір ерекшелік бар: топта, әсіресе жасөспірімдік топта үздіксіз доппен ойнағысы келетін қозғалғыш қатысуыш әрдайым табылады. Сондықтан да тренингтің тең жартысын доппен ойын ретінде өтпес үшін микрофон ретінде басқа да материалды немесе объектілерді қолданған жөн.

Егер микрофон ретінде маркер қолданса, оның ашық және өзіне назар аудартатындай болуын қадағалаңыз.

3. Белсенділік заңы. Белсенділік заңы бойынша «сіз қандай да бір жаттығуға қатыспауыңызға құқығыңыз бар. Бұл тапсырманы орындағысы келмейді деген емес, жай ғана сыртынан адам сыртынан бақылағысы келеді дегенді білдіреді. Өз ниетіңізді топқа алдын ала ескертіңіз. Егер топтың жұмысынан бір қатысушы шығып қалса, бұл барлық топтың жұмысына әсер ететінін ескеруіңіз керек».

4. «Мен - айтамын» заңы. Бұл заң өз көзқарасын тек бірінші жақтан айтуды талап етеді: «Мен ойлаймын, мен сеземін, менің ойымша...». Бұл ереже әрбір қатысушы топтағы әрбір қатысушының ойын білмейді, барлық топ үшін жауап бермейді дегенге негізделген. Сондықтан да «Біз...» деп басталатын ойларға жол берілмейді.

5. Топтың барлық қатысушыларына деген тактикалық және мейірімділік қатынас заңы келесідей түрде беріледі. «Біздің барлығымызда жетістіктеріміз бен кемшіліктеріміз бар. Тренинг барысында басқалардың ерекшелігіне шыдамдылықпен қарау керек. Егер сізді бір нәрсе қанағаттандырмаса, бұл туралы тренинг жүргізушісіне басқаны ренжітпейтіндей және басқа қатысушыға әсер етпейтіндей корректілі формада айтыңыз». Бұл заң жасөспірімдік топпен жұмыста ерекше маңызды. Тренингте жиі бір-бірін фамилия немесе лақап аты бойынша айтуға болмайтынын алдын ала ескерткен жөн. Тренингке қатысушының өзінің жеке қалауымен фамилиясы немесе лақап аты айтылса бұл жағдайда рұқсат етіледі.

6. Есім заңы. Егер тренингке қатысушы тренерге бейтаныс немесе топ бір-бірін аз танитын адамдар қатарынан жинақталған болса, келесі үлгіде құрылған заң қолданылады: әр ой айтылар алдында өзінің есімін айту.

7. Сыпайылық заңы. Топта атысушыларды тренинг барысында әр қатысушы өз қалауы бойынша атаған есімімен атау ұсынылады.

8. Сол уақытта және сол жерде айтылған және болған жағдайлар, сезімдер, эмоция мен қатысушылар арасындағы қарым-қатынас тек тренинг шеңберінде ғана қарастырылып, сыртқы ортаға шығарылмауы тиіс.

Бұл заң бір жағынан жүргізуші үшін маңызды болып табылады, өйткені кейбір қатысушылардың өткені ол жөнінде әңгімесімен басқа қатысушыларды елікетіруіне жол бермейді.

Мұндай мінез-құлық негізінен сол адамның тренинг барысындағы болып жатқан процеске деген ішкі қарсылығын өткен жағдайға ауыстыруының дәлелі болып табылады.

Ал екінші жағынан бұл заң топтың әрбір қатысушысына сол сәттегі жағдайды сезініп, ұғынуға, өмірдің әр сәтінің құндылығын анықтауға мүмкіндік береді.

9. Құпиялылық заңы келесідей үлгіде құрылады: «Тренинг барысында болған жағдайдың барлығы осында қалып, тренингке қатыспаған өзге адамдармен талқыланбайды».

Бұл заң топ мүшелеріне өздерін қауіпсіз сезінуіне мүмкіндік бере отырып, әр қайсысының толықтай ашылуына жағдай жасайды.

10. Көбіне кейбір қатысушылар қандай да бір жаттығуға өзі қатысуға жүрексініп, өзге біреуді ұсынады, ал ол бас тарта бастайды. Бұл тізбек бойы жалғаса береді де, қатысушылардың соңына дейін жетеді. Нәтижесінде ешқайсысы да бұл жаттығуға қатысқысы келмейтіні анықталады, ал бұндай жағдай тренингте болмаған жөн. Сондықтан да ең басынан-ақ барлық қатысушыларды ескертіп, жағдайда қалыптасатын заңдылықты ескере отырып, алдын алған жөн.