Зертханалық зерттеулер

Тақырып. Мерез. Гонококты инфекция. Несеп-жыныс жолдарының хламидиялық инфекциясы. Несеп-жыныс жолдарының трихомониазы.

2. Мақсаты: Мерез, соз, хламидия, трихомонадалы инфекциялардың этиологиясы, эпидемиологиясы, заманауи зертханалық диагностикалау әдістері.

3. Білім беру міндеттері:

Білу керек:

1. Қоздырғыштың морфологиялық және биологиялық қасиеттерін

2. Заманауй зертханалық диагностикалау әдістерін.

3. Алдын алу негіздерін.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қоздырғыштың морфологиялық және биологиялық қасиеттерін.

2. Зертттеу әдістерін

3. Алдын алу әдістерін

5. Білім беру мен оқыту әдістері:тәжірибелік жұмыстарды орындау және талқылау, кіші-гірім топтарда жұмыс жасау, жұп-жұппен жұмыс, кейс-кезең, дискуссия, ситуациялық есеп.

6. Әдебиеттер:

1.Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология.- М.: МИА, 2005. - 734 с.

2.Медицинская микробиология, вирусология, иммунология (под ред. Воробьёв А.А).- МИА, Москва, 2004.- 690с.

3.Коротяев А.И, Бабичев С.Л. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология. - СПб.: Спец. лит, 2000. - 591 с.

4.Медицинская микробиология /Гл.ред В.И. Покровский, O.K. Поздеев. - М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 2006. — 1200 с.

5.Тец В.В. Руководство к практическим занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии – М.:Медицина, 2002. - 352 с.

6.Компьютерная программа "Диаморф" - "Медицинская микробиология" - атлас-руководство по бактериологии, микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад.проф. Воробьева А.А.

7. Дмитриев Г.А., Глазко И.И. Диагностика инфекций, передаваемых половым путем. М.: Изд-во «БИНОМ», 2007. – 320с.

8.Хандсфилд Х. Заболевания, передающиеся половым путем. - М.: Изд-во «БИНОМ», 2006. – 296с.

9.Прозоровский С.В. Медицинская микоплазмология. – 1995.

10. Адаскевич В.П. Инфекции, передаваемые половым путем. – 2004.

11.Клименко Б.В. Трихомониаз мужчин, женщин и детей. - 2001.

7. Бақылау (сұрақтар,тесттер, есептер және басқ.):

Сұрақтар:

1. Мерез. Аурудың анықтамасы.

2. Мерез қоздырғышының жіктелуі, оныңморфологиялық қасиеттері.

3. Мерезбен ауыру жиілігін арттыратын факторлар.

4. Мерездің жұғу жолдары.

5.Мерезді диагностикалау әдістері.

6. Серологиялық реакциялардың нәтижесінің жалған оң және жалған теріс болу себебі.

7. Туа біткен ерте мерезді диагностикалауды жүргізу.

8. Соз. Ауруды анықтау.

9. Соз қоздырғышының жіктелуі, оның морфологиялық қасиеттері.

10. Создың жұғу жолдары.

11. Создың зертханалық диагностикасы.

12. Соз кезіндегі зерттеуге алынатын материал.

13. Несеп-жыныс жолдарыныңхламидиялық инфекциясы. Анықтамасы.

14. Қоздырғыштың жіктелуі және морфологиялық қасиеттері

15. Несеп-жыныс жолдарыныңхламидиялық инфекциялары кезіндегі зерттеуге алынатын материал және зертханалық диагностикасы.

16. Несеп-жыныс жолдарыныңтрихомониазы. Анықтамасы.

17. Қоздырғыштың жіктелуі және морфологиялық қасиеттері.

18. Несеп-жыныс жолдарыныңтрихомониазы, зерттеу материалдары және зертханалық диагностикасы.

 

Оқытушыға арналған материал

Сұраққа.

Мерезбен ауруға ықпал ететін факторлары:

- промискуитет (жыныстық партнерды жиі ауыстыру),

- алкоголизм,

- наркомания,

- коммерциялықжыныстық қатынаспен айналысу және жыныстық қатынастағы шектеудің болмауы,

- жыныстық жолмен жұғатын қоздырғыштардан біріншілік алдын алудың жүйесінің дамымауы,

-өзіндік емделу.

 

Сұраққа.

Жұғу жолдары

• Жыныстық — жиі және әдеттегі жұғу жолы.

• Трансплацентарлы — анасынан баласына инфекцияның бала жолдасы арқылы беріліп, туа біткен мерездің дамуына әкеледі. Инфекция ұрыққа жүктіліктің ерте кезеңінде қоздырғышты жұтырған, емделмеген анасынан беріледі. Жүктіліктің аяғында жұқтырсабала мерездің көріністерінсіз туылуы мүмкін және өмірінің бірінші айында ауыруы мүмкін.

• Трансфузионды — мерездің кез - келген кезеңінде, тіпті жасырын кезеңде де донор науқастан қан құю кезінде.

• Тұрмыстық-қатынас (сирек жағдайда) —мерездің жұғу ошақтары айқын болғанда,науқаспен тығыз тұрмыстық-қатынас кезінде.

• Кәсіби — тәжірибелік жұқтырылған жануармен жұмыс жасайтын зертхана қызметкерлері,акушер-гинекологтар, хирургтар, стоматологтар, патологоанатомдаркәсіби жұмыстары барысында санитарлық-гигиеналық ережелерді бұзған кезде.

 

Және 6- сұраққа.

Зертханалық зерттеулер

Мерездің дәлелдеуі зақымданған аймақтан бозғылт трепонеманы табылады түнек айдынды микроскоптау және басқа да әдістер арқылыанықтау: төте иммундыфлюоресценция (ПИФ), полимеразды тізбекті реакция.