Лабораториялық зерттеулер

• Везикулалар мен жаралардың ішіндегі затын зертеу үшін МАНК қолданылады. МАНК әдісінің бұл ауруды анықтауда сезімталдығы мен арнайылылығы шамамаен 100%-ды құрайды.

• Біріншілік инфекция кезінде алғашында IgM анықталады, ал соңында — IgG анықталады. IgM титрі – қалыпты жағдайда бірнеше айдан кейін төмендейді, сондықтан олардың зерттеуде анықталуы ауруды жақын арада жұқтырғанын көрсетеді. Біріншілік инфекцияны аурудың өршу кезеңінде қарапайым герпес вирусына қарсы антиденелердің түзілмегендігін анықтау арқылы және олардың аурудың айығу кезеңінде(сероконверсия) пайда болуымен диагностикалайды. Науқастардың көп бөлігі 3- 6 апта аралығында серопозитивті бола бастайды. Ауру басталғаннан бастап 12 апта өткеннен кейін сероконверсия (айығу) 70% жағдайында байқалады.

• Арнайы типтік антиденелерді анықтауды тәжірибеге енгізу қарапайым герепс вирусы кезінде біріншілік инфекцияны диагностикалауға мүмкіндік береді және осы ауру тудырушы қарапайым герпес вирусының типін анықтауға мүмкіндік береді. Осы ақпарат жыныс мүшелерінің герпес ауруымен ауыратын науқастарды және олардың жыныстық серіктесіне кеңес беру кезінде пайдалы мәлімет беруге көмектеседі. Иммуноблоттинг— арнайы типтік антиденелерді анықтауқағы өте жақсы әдіс. Сонымен қатар, жоғарғы сезімталдыққа ие және арнайылылығы- ИФТ көмегімен жедел-диагностика жүргізуге арналған дайын жиынтықтар (наборлар) болуымен ерекшеленеді. ИФТ нәтижелерін иммуноблоттинг көмегімен растаудың қажеті жоқ.

Сұраққа

Кеңес беру

Дер кезінде берілген дұрыс дәрігерлік кеңес науқастың физикалық жағдайын ған емес, сонымен қатар психологиялық жағдайын жақсартуы мүмкін. Барлық аногенитальды герпеспен ауырған науқастарға және олардың жыныстық серіктестеріне аурудың жедел симптомдарынан айыққаннан кейінбұл аурудың өту ағымының ерекшеліктері туралы, аурудың қайталануы мүмкін екенін, вирус науқастан қоршаған ортаға ешқандай симптомдарсыз бөліне беретінін және жанасу жолдарымен де жұғуы мүмкі екені туралы ақпаратпен таныстырылуы қажет. Науқастарға вирусқа қарсы ем жолдары аурудың қайтадан көрініс беруінің жалғасуын тежейтінін, ал алдын-алу мақсатында препараттарды қабылдау,аурудың қайталануының (рецидивін) жиілеуін және ауырлығын төмендетуге көмектесетіні туралы түсінік беру керек

Кеңінен таралған сақтанулар:

• айналадағы басқа адамдарды жұқтыру;

• жыныстық серігі тарапынан бас тарту және қарсы үкім есту;

• жалғыздық, күйзеліске түсу, өзін-өзі төмен бағалау;

• ауру ағзаның репродуктивті қызметіне теріс әсерін тигізеді, деген қорқынышы;

Науқастар міндетті түрде жыныстық партнерларына өзінде аногенитальды герпес бар екені туралы хабар беруі қажет. Және өздері тексерілу барысында портнерлары да бірге дәрігердің кеңесін алғаны дұрысырақ болады, және олардың ҚГВ-1 және ҚГВ – 2 типіне тексерілгені жөн. Айта кететін жайт, жынысмүшелерінің герпес вирусын жұқтыру көп жағдайда вирустың симптомсыз жағдайда бөлінуі кезінде орын алады. Науқастарға жыныстық қатынас кезінде мүшеқап қолдануға кеңес беріледі және инфекцияның берілу қаупін төмендету мақсатында алдын – алу үшін вирустарға қарсы препараттарды қолдануға кеңес беріледі.

Жыныс мүшелерінің герпес вирусының берілу қаупін азайту тәсілдері

• Вирустың сыртқа белсенді бөліну кезеңінде денедегі зақымдалған аймақтармен жанасуды тежеу (мазасыздану (продормальды) кезеңнен бастап сеппелердің жазылу кезеңіне дейін).

• Жыныс мүше қабын қолдану.

• Вирустың симптомсыз жағдайда бөлінуі инфекцияның берілу қаупі болуы мүмкін болғандықтан, алдын – алу үшін вирустарға қарсы препараттарды қолдану;

• Басқа да ЖЖБИ жою.

• Науқастарға(сонымен қатар ерлерді) жаңа туылған нәрестелеріне жұқтыру қаупі бар екенін ескертеді. Аяғы ауыр әйелдер өзінде аногенитальды герпестіңбар екенін дәрігеріне хабардар етіп айтуы қажет.

• Жыныс мүшелерінің герпес ауруымен ауыратын науқастарда АИВ-инфекциясымен ауыру қаупі екі есе жоғары болады;

Бақылау

Вирусологиялық зерттеулерден қайта өту көрсетілмеген

Қорытынды:

1) аурудық рецидиві кезінде ерекше симптомдардың байқалуы

2) егер дәріге тұрақтылық күмәні байқалса вирустың препараттарға сезімталдығын анықтауды жүргізу қажет;

Аногенитальды герпеспен ауыратын науқастарға дәрігерлік кеңес беруді қайта жүргізу өте маңызды бөлімі болып табылады.

Сұраққа

Жүкті әйелдерде жүктіліктің соңғы мерзімінде жұқпаның анадан балаға жұғу қаупі жоғарырақ болады. Көп жағдайда анасы туу уақытына жақындағанда ҚГВ-2 типімен біріншілік жұқтыруы болғанда нәрестеге жұқтыру мүмкіндігі жоғарыболады, себебі бұл кезеңде нәрестеде иммундық жауап толық қалыптаспаған, қарапайым герпес вирусына қарсы түзілген типтік антиденелер плацента арқылы нәрестенің ағзасына өте алмайды. Осындай жағдайлардың 9 дан 4 жағдайында жаңа туылған нәрестенің герпеспен ауыруына алып келеді.

 

Нәрестенің жұқтыру мүкіндігіне алып келетін жағдайлар:

• Анасында босану кезеңінде аурудың біріншілік көріністері – сеппелер немесе бөртпелер болса нәрестеге жұғу қаупі - 50% құрайды.

• Жыныс мүшелерінің герпес ауруы қайталану (рецидиві) кезеңінде немесе вирустың симптомсыз жағдайда бөлінуі кезеңінде табиғи жолдармен туу кезінде нәрестеге герпестің жұғу қаупі 2—8% құрайды.

• Туу кезінде әйелдің денесінде бөртпелер болса –әйелге кесар тілігін жасау арқылы тудыру адамның қарапайым герпесінің нәрестеге жұғу қаупінің алдын – алады.

 

 

Сұраққа