Дебиторлық борыштардың есебі

 

Дебиторлық берешек – кәсіпорындар мен ұйымдардың заңды не жеке тұлғаларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, алдын-ала төлеген төлемдері үшін алашақтары, яғни заңды не жеке тұлғалардың берешектері. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Төленетін уақытына қарай дебиторлық берешектер ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді дебиторлық берешектер болып 2-ге бөлінеді.

Дебиторлық берешек шот-фактурамен, «Алынған вексельдер» ресми борыштық міндеттемелермен расталады.

Дебиторлық берешек пайда болу сипатына қарай қалыпты және ақталмайтын болып бөлінеді. Ұйымның жұмыс жасау барысында, сондай-ақ есеп айырысудың қолданыстағы нысандарымен пайда болғандары қалыптыға жатады.

Егер сатып алушының дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз ретінде есептен шығарылып және ол осы есептен шығарылып және ол осы есеп беретін кезеңде өтелсе, бухгалтерлік есепте келесідей жазу жазылады (есептен шығару осы есеп беру кезеңінде жүргізілсе):

Дт: 1290 Күмәнді қарыздар бойынша резевтер шоты

Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты

Бұрын есептен шығарылған дебиторлық қарыз сомасы есеп берудің келесі кезеңінде өтелсе, онда ол сома негізгі емес қызметкен түскен табыс есебінде танылады. Бұл жағдайда бухгалтерлік есепте :

Дт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»

Кт: 6010 Негізгі емес қызметтен алынатын басқадай кірістер шоты түрінде жазу жазылады.

«Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» есебі №10 журнал-ордер жүргізіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің күдікті деп есептеген борыштары үшін 100000 (жүз мың) теңге көлемінде резерв құрғанда мынадай корреспонденциялар жазылады:

Күдікті қарыздар бойынша құрылған резерв сомасына;

Дт:7210 Жалпы әкімшілік шығындар шоты 100000 тг

Кт: 1290 Күмәнді қарыздар бойынша резервтер шоты 100000 тг

- Күдікті қарыздар бойынша құрылған резервтің есебінен 80000 ( сексен мың) теңге дебиторлық борыш есептен шығарылғанда;

- Дт: 1290 Күмәнді қарыздар бойынша резервтер шоты 80000 тг

Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар 80000 тг

Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы дебиторлық борыштары сомасынан күдікті қарыз бойынша құрылған резерв сомасы алынып тасталып, қалған айыпма қалдығының соамсы ғана көрсетіледі.

Мысалы: «ҚКК» фирмасының дебиторлық қарызы 200000 (екі жүз мың) теңге, ал күдікті қарыздары бойынша резерв сомасы 50000 (елу мың) теңгені құрайды деп есептейік. Сонда қаржылық есеп беру кезінде күдікті қарыздары бойынша резерв сомасы 50000 (елу мың) теңге кезе шығындары ретінде танылады да, «ҚКК» фирмасының бухгалтерлік балансында дебиторлық қарыз соамсы 50000 (елу мың) теңгеге азайтылып 150000 (бір жүз елу мың) теңгеге (200000-50000) тең болады.

Кез келген кәсіпорындар мен ұйымдары алып қарасақ та олардың барлығы да қай шоттардың төленбейтіндігін алдын ала болжап білу мүмкін емесе. Дегенмен де қаржылық есеп беру кезінде жыл бойы жұмсалған шығындры жабатын сомаларды анықтау қажет. Бұл уақыттағы бағалудың салдарынан елеулі айырмащшылықтардың да пайда болуы ықтимал. Жалпы халықаралық тәжірибеде күмәнді қарыздарды бағалау үшін мынадай екі әдісі қолданылады:

· Несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз әдісі (қаржы-шаруашылық қызмет ітуралы беруде);

· Дебиторылқ қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі (бухгалтерлік баланста)

Бұндағы бірінші аталған әдістің мақсаты күмәнді дебиторлық борыштар нәтижесінде туындаған шығындарды дұрыс есептеу болса, екінші әдістің мақсаты дебиторлық борыштың таза өзідік құнын дұрыс есептеу болып табылады. Көпетеген кәсіпоырндар мен ұйымдар да бұл әдістердің екеуі де кеңінен қолданылады.

Жоғарыда аталған несиеге сатудан алынатын таза табыстан еспетелегн пайыз әдісіне тоқталатын болсақ, бұл әдіс сәйкестік принципіне бағытталған. Бұнда күмәнді борыштардан шеккен нақты шығындар мен несиеге стаудан алынатын таза табыстан есептелінген арасындағы қатынастардың орташа пайызы тәжірибеге сүйене отырып есептеледі. Содан кейін бұл пайыз күмәнді қарыздар көлемін анықтау үшін есеп беру кезіндегі сатылған нақты өнімге қолданылады.

 

Кесте 7 - Басқадай дебиторлық борыш шоты бойынша жүргізілетін операциялар

 

Операциялар мазмұны Дебиттелетін шот Кредиттелетін шот
Жұмысшылар мен қызметкерлерге қызметтегі іссапары және басқа да мақсаттар үшін кассадан берілген сомаларға
Жұмысшылар мен қызметкерлерге берілген банк несиелері
Жұмысшылар мен қызметкерлердің ұйымның кассасына бұрын аванс ретінде алған сомаларының жұмсалғаннан қалған артық сомасын төлегеніне
Жұмысшылар мен қызметкерлерге аванс ретінде берліген соманың жұмсалғаннан қалған бөлігі оларға есептелген еңбекақы сомасынан ұсталды