Шығындар мен табыстың есебі

 

Өндіріс шығындары ұдайы өндірістің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынатын құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.

Шығындар деп қандай да бір өндіріс көлемін өндіруге жұмсалған өндіріс факторларының ақшалай құнын алуға болады. Өндіріс шығындарына байланысты өндіріс тиімділігі анықталады.

 

Кесте 15 - Қаржылық табыстары мен шығындарын талдау, тенге

 

Көрсеткіштер 2014ж 2015ж Өзгерісі
+,- %
Банк депозиттері бойынша пайыздық табыстар 131,84
Қаржылық табыстар -барлығы 131,84
Қарыздар бойынша пайыздық шығындар 202,07
Қарыздар бойынша курс айырмашылықтары бойынша зиян -10283 81,59
Қаржылық шығындар-барлығы 177,44

 

15 кесте деректерінен көріп отырғанымыздай, соңғы екі жыл ішінде компанияның банк депозиттері бойынша пайыздық табыстары көлемі 88560 мың тенгеге немесе 31,84%ға өскен.

Қарыздар бойынша пайыздық шығындар 221911 мың тенгеге немесе 102,07%-ға өскен. Қарыздар бойынша курс айырмашылықтары бойынша зиян мөлшері -10283 мың тенгеге немесе 18,41%ға төмендеген. Нәтижесінде қаржылық шығындар көлемі 211628 мың тенгеге немесе 77,44%ға өскен.

Табыс кәсіпорын қызметіндегі атқаратын ролі үлкен, ол кәсіпорынның мүлкінің ұлғаюының, қарыз қаражаттар тартудың, жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарты болып табылады. Табыс таппай кәсіпорын кредиторлар мен инвесторлар тарапынан қосымша қаражаттар тарту мүмкіндігіне үміт арта алмайды. Сонымен қатар, табыс кәсіпорынның ішкі қаржылық мұқтаждықтарының негізгі көзі болып қоюмен шектеліп қана қоймайды, ол қоғам өмірінде, мемлекеттік бюджет ресурстарының, бюджеттен тыс қорлардың және қайырымдылық қорларының қаражаттарының қалыптасуында да үлкен роль атқарады.

 

Кесте 16 – Табыстар мен шығындарға байланысты шоттар корреспондециясы

 

Операциялар мазмұны Дт Кт
Өткізілген өнім мен көрсетілген қызмет өзіндік құнын есептен шығару кезде
Қызмет көрсету мен өнім өткізу бойынша шығындар анықталғанда -өткізу бөлімінің жұмыскерлеріне еңбек ақы шығыны -әлеуметтік салық есептелді -тиеу-түсіру жұмыстарына шығын        
Жалпы және әкімшілік шығындар анықталғанда -ӘБП еңбек ақы шығыны -әлеуметтік салық есептелгенде -қызметтік көлікті ұстау шығындары -ғимарат, құрылғыларды жөндеу шығындары -банк қызметін өтеу -ӘБП іс-сапар шығындары -кеңсе, коммуналдық, қошаған ортаны қорғау, өртке қарсы шараларға жұмсалған шығындар -салықтар бойынша шығындар         1310,2420   1250,3390   3180,3160,3170,3190
Шот-фактуралар және накладной негізінде ТМҚ босатылғанда -келісім құнына ҚҚС сомасына    
Материалдық емес активтер өткізілді -өткізілген құнына -ҚҚС сомасына -қалдық сомасына -тозу сомасына     2710,2730 2710,2730
Негізгі құралдар өткізілді -өткізілген құнына -ҚҚС сомасына -қалдық сомасына -тозу сомасына    
Дебиторлар, кредиторлармен есеп айырысу негізінде пайда болған оң курстық айырма сомасына -сатып алушылар мен тапсырыс берушілер бойынша -берілген аванстар бойынша -алынған аванстар бойынша -ақша қаражаттары есебінен -жабдықтаушылар мен мердігерлер бойынша     1050,1040        

 

Табыс құрылымында меншікті салмақты қызмет көрсетуден табыс алуда.

Өнімді өткізуден және қызметтер көрсетуден болған пайда сомасының 2013-2015 жылдар аралығындағы өзгерісі келесі суретте берілген.

 

 

Сурет 1. 2013-2015 жылдар аралығындағы табыс сомасының динамикасы

 

Рентабельділік деңгейі мен динамикасына мынадай өндірістік-шаруашылық жағдайлар әсер етеді.

1. Өндірісті ұйымдастыру және басқару деңгейі;

2. Капитал және оның көздерінің құрылымы;

3. Өндірістік ресурстарды қолдану деңгейі;

4. Өнімнің көлемі, сапасы және құрылымы;

5. Өндірістік шығындар;

6. Өндірістен түскен табыс.