Йымдағы оперативті экономикалық қызметі

 

Шот ашу үшін банке тізбелердің біріне сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсыну керек.

• Қазақстан Республикасының резиденттері-заңды тұлғалар мен олардың оқшауланған бөлімшелері үшін (филиалдар мен өкілдіктер)

• Қазақстан Республикасының резиденттері емес-заңды тұлғалар мен олардың оқшауланған бөлімшелері үшін (филиалдары мен өкілдіктері)

• жеке кәсіпкерлер үшін

• шаруа (фермерлік) қожалықтары үшін

- ағымдағы

Банк ашылған ағымдағы шоттар бойынша мынадай операцияларды іске асырып, клиенттерге қызмет көрсетеді:

• теңгедегі және шетелдік валютадағы аударма операциялары

• шетел валютасын қолма-қолсыз ақшасыз айырбастау

• кассалық операциялар: қабылдау, қайта есептеу, беру

• клиенттің сұратуы бойынша анықтама беру

• валюталық бақылау

 

Банкте ашылған ағымдағы шоттар бойынша операциялар өткізудің артықшылықтары:

• мерзімді қызмет көрсету

• банктің кең тарамдала жайылған филиалдық жүйесі

• операцияның барлық түрлері бойынша консультациялық қолдау көрсету

- транзиттік

Бұл филиалдары мен өкілдіктерінің жүйесі кеңінен тарамдала жайылған клиенттер үшін ыңғайлы. Ақшаны шоғырландыруға және әрі қарай ағымдағы банктік шотқа Халық Банкінің төлем жүйесі арқылы аударуға арналған. Транзиттік шоттар жұмысы режимінің иекемділігі ақша ағынының көлемі мен бағытын оңтайлы режимде реттеуге мүмкіндік береді. Клиенттің Халық Банкінде ашылған ағымдағы негізгі шотына клиент шартта белгіленген мерзімділікпен-күн сайын, апта сайын, тоқсан сайын және т.б. ақша аударып отыруға болады.

 

Транзиттік шотқа есепке алу мынадай жолмен жүргізіледі:

• Клиент контрагентінің, Клиенттің құрылымдық бөлімшесінің қолма-қол ақшасыз аударымдары арқылы

• Клиент банктің кассасына тапсырған қолма-қол ақша арқылы немесе инкассация қызметі арқылы.

- жинақтаушы

ағымдағы шоты жоқ филиалдары мен өкілдіктерінің жүйесі кеңінен тарамдала жайылған клиенттер үшін ыңғайлы. Ақшаны шоғырландыруға және әрі қарай Шартта анықталған деректемелерге, сондай-ақ белгіленген мерзімділікпен; күн сайын, апта сайын, тоқсан сайын және т.б. ақша аударып отыруға арналған.

- лимиттендірілген

Қазақстан Республикасы аумағында филиалдары мен өкілдіктері бар клиенттер үшін ыңғайлы. Банк клиент белгілеген смета бойынша оның бөлімшелерінің ағымдағы шоттарының жәй-күйін бақылау және мониторинг жүргізу бойынша агенттік қызметтерді ұсынады. Филиал шотынан төлемдер Клиент ерекше бөліп көрсеткен және бекіткен айлық бюджетке сәйкес лимиттенген тәртіппен іске асырылады. Айлық бюджетті клиент банкке факсимильді байланыс және «Заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» жүйесі бар болған жағдайда электронды байланыс арнасы арқылы жібереді. Клиент Айлық бюджетке қосымша Банк ұсынған қызмет ақысы үшін комиссиялық сыйақы сомасын есепке алады.

- жинақ

Бос ақша қаражатын орналастыруға арналған. Банктік салым валютасы, сомасының түрі және сақтау мерзіміне байланысты депозиттер бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің икемді жүйесі орнатылған.

-эскроу –шоттар

Бұл шот Шартта айтылған кейбір талаптарды орындағаннан кейін ғана берілетін ақша сомасын басқа заңды тұлға атына банк шотында депозиттеуге арналған. Банк қажетті талаптардың орындалуын бақылау функциясын ұсынады.

Мысалы. «Сатып алушы» «Сатушыдан» бидай сатып алған кезде келесі қадамдарды іске асырады:

1 «Сатушы» Банкте эскроу-шот ашады. «Сатып алушы» эскроу-шотқа ақша аударады (Банк эскроу-шотты ақша түскеннен кейін оқшаулайды).

2 «Сатушы» бидайды тиегеннен кейін Банкке тауардың «Сатып алушының» пайдасына тиелу фактін растайтын құжаттарды ұсынады.

3 Банк шотты оқшаулаудан шығарады және «Сатушы» өз қаражаттарына өкімдік ете алады.

Артықшылықтары:

• Мұндай қызмет Сіздің тауар мен қызмет ақысын төлейтін кездегі тәуекеліңізді азайтады

• Бұл қызметті Қазақстан бойынша Банктің кез келген филиалы арқылы пайдалануға болады

• Мұндай қызмет бойынша шығыстар аккредитивтер бойынша шығатын шығыстармен салыстырғанда төменірек болады.

 

 

Блок 1.3. Инвестициялық қызмет. Негізгі қорлар мен айналымнан тыс активтер.