Негізгі құралдар және материалдық емес активтердің келіп түсу,есептен шығарылу есебі және құжатпен рәсімделуі

 

Негізгі құралдар дегеніміз ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер.

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің «Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы» 2007 жылғы 23 мамырдағы №185 бұйрығына сәйкес негізгі құралдардың жай-күйі мен қозғалысының жинақтамалы есебі 2400 «Негізгі құралдар» кіші бөлімінің 2410 «Негізгі құралдар» шотында жүргізіледі, онда негізгі құралдардың жекеленген нысандары бойынша бөлшектеуге байланысты оларды есепке алу үшін қоымша жинақтамалы мүліктік шоттар ашылады. Негізгі құралдардың түрлері бойынша бөлшектеуге байланысты синтетикалық шоттар(субшоттар) ашылады:

-2410 Негізгі құралдар

-2411 Жер

-2412 Ғимарат

-2413 Машина мен жабдықтар

-2414 Көлік құралдары

-2415 Компьютерлер,прифериялық қондырғылар және деректі өңдеу жөніндегі жабық

-2416 Кеңсе жиһазы

-2417 Өндірістік құрал-саймандар мен керек-жабдықтар

 

*НҚ-ң келіп түсуі.

Негізгі құралдар мекемеге мынадай жағдайда түседі: күрделі қаржы; жабдықтарды сатып алу және орнату; заңды және жеке тұлғалардан, сондай-ақ аукциондарда жаңа немесе ұсталған негізгі құралдар нысандарын сатып алу; негізгі құралдар нысандарын тауарлық-материалдық құндылықтарға айырбастау; заңды және жеке тұлғалардан жаңа және ұсталған негізгі құралдар нысандардың өтеусіз түсуі; жарғылық капиталға акционерлік кәсіпорындардың жарнасы ретінде түсуі; түгендеу кезінде анықталған есепте жоқ нысандарды кіріске енгізу; ұзақ мерзімді жалға беру шартымен негізгі құралдардың түсуі.

НҚ-ң келіп түсуі НҚ-ды қабылдау-өткізу нысандағы актімен рәсімделеді. Акт рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттармен бірге бухгалтерияға беріледі. Оған бас бухгалтер қол қояды және субъект басшысы немесе уәкілетті адам бекітеді. НҚ ішкі қозғалысын рәсімдегенде акт 2 данада жасалады. НҚ басқа объектілерге сатылғанда акт 3 дана жасалады, оның екеуі өткізуші субъектіде қалады.

* НҚ-ң шығарылуының есебі.

НҚ объектілері субъектінің бухгалтерлік балансынан:

1. физикалық және моральды тозғанда;

2. шаруашылық қызметте пайдаланылмаған объектілер сатылғанда;

3. жарғылық капиталға салым ретінде басқа субъектілерге берілгенде;

4. басқа заңды немесе жеке тұлғаларға өтеусіз берілгенде;

5. қалдықтарды ұзақ мерзімді жалға бергенде;

6. кемшіліктерге, табиғи апаттарға және басқа себептерге байланысты есептен шығарылады.

Кесте 2. .«ҰҚ«Қазақстан Темір жолы» АҚ филиалы Луговой РДК негізгі құралдар құрамы.

Көрсеткіштер Жыл бас.құны Енгізілді Шықты Жыл соң.құн
Ғимарат 120 789 000     120 789 000
Құрылыс 43 809 300     43 809 300
Беріліс құрылғылары 1 489 200     1 489 200
Машиналар мен жабдықтыр 2 018 855 831   2 030 102 661
Көлік құралдары 320 937 549   328 656 844
Құрал саймандар 200 700     200 700
Өндіріс құралдары мен керек-жарақтары 7 979 065     7 979 065
Тұрмыстық жабдықтар 1 133 861     1 133 861
  Барлығы: 2515194 506   2 534 160 631

 

2014 жылдың есеп беру мәліметтері бойынша «ҰҚ«Қазақстан Темір жолы» АҚ филиалы Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнының НҚ 18966125 теңгеге жаңартылған.Бұл жылы кісәпорыннан негізгі құралдар істен шығарылмай,жыл соңындағы НҚ құны біршама өскен.

 

Материалдық емес активтер — өндірісте ұзақ мерзім пайдалануға болатын ( 1 жылдан астам), физикалық негізі жоқ ақшаға жатпайтын активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, кәсіпорын тарапынан бақылауда болып, оны пайдаланудан кәсіпорын болашақ экономикалық тиімділік күтеді.

Материалдық емес активтердің нақты барлығы мен қозғалысын есепке алу үшін Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарында 2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің келесідей шоттары қарастырылған:

-2710 Гудвилл

-2720 Гудвиллдің құнсыздануы

-2730 Өзге материалдық емес активтер

-2740 Өзге материалдық емес активтердің құнсыздануы

Дт 2730 Кт 3310, 1030, 5410, 6160, 5100 Төленген кірістелген материалдық емес активтер; ұйым жағынан қайтарымсыз берілген материалдық емес активтер кірістелуі, жарғылық капиталға салым ретінде материалдық емес активтер кірістелді

 

 

Материалдық емес активтерге (МЕА): лицензиялық келісім; компьютерлік бағдарламамен қамсыздандыру; патенттер; авторлық құқық; басқа жақтардан алынған тауарлар белгісі; фирмалық атаулар; ноу-хау; табиғи ресурстарды пайдалану құқығы және тағы басқалар жатады.

МЕА-ді бағалау:

1. Басқа банктер мен адамдардан ақыға сатып алынған МЕА есепте оларды сатып алуға жұмсалған нақты шығындардың сомасымен көрсетіледі;

2. Банкке өтеусіз келіп түскен МЕА сараптау жолымен бағаланады;

3. Жарғылық капиталға салым ретінде құрылтайшыдан келіп түскен активтер есепте тараптардың келісімімен белгіленген құн бойынша көрсетіледі.

МЕА басқа банкке табыс етілгенде ( сатылғанда, өтеусіз берілгенде) акт екі данада жасалады: өткізуші және қабылдаушы кәсіпорындарға.10-бөлімшенің шоттары бойынша талдамалы есеп материалдық емес активтерді есепке алудың №2 МЕА нысанындағы инвентарлық карточкасында жүргізіледі.

 

«ҰК«Қазақстан темір жол»АҚ филиалы Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнынында материалдық емес активтер жоқ.МЕА бойынша ешқандай деректер көрсетілмеген.